Бауыржан шаруа қожалығы | Деректі фильм | Ақсуат - 2022

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 30. 11. 2022
  • Көшпелі қазақ халқы жаз жайлауға, қыс қыстауға қоныс аударып, мал жаюға ыңғайлана өмір сүргені белгілі. Ата-бабамыз бұл кәсіпке ерекше мән беріп, жесең - ас, мінсең - көлік, кисең - киім деп, төрт түлікті ғасырлар бойы тіршілігіне басты таяныш етіп келгендігі де, сондықтан. Мәселен, Ақсуат ауданы, Екпін ауылының тұрғыны Олжас Шаймарданов та, осынау жылдардан жалғасқан атакәсіпті жанына серік етіп, бірнеше адамды жұмыспен қамтып, ауданның ауыл шаруашылығына сүбелі үлес қосуда. Жалпы, ауыл шаруашылығы ел экономикасының драйверіне айналуы керек. Мемлекет басшылығы жүктеп отырған міндет те, осы.
    Бұл тұрғыдан Олжас Шаймарданов аудандағы «Бархытбел-несие» несие серіктестігі арқылы, «Сыбаға» бағдарламасының игілігін көріп, төрт түлік мал тұқымын асылдандыруды мықтап қолға алған. «Қара малдың ішінде оңдысы да, қоңдысы да осы қазақтың ақбас сиырлары» дейді кәсіп иесі.
    Әрбір отбасының бай-қуатты да, бақытты өмір сүруі, олардың еңбекқорлық, ағайын арасындағы ауызбіршілігімен де тығыз байланысты. Бүгінде Шаймардановтар әулеті, мәуелі бәйтеректей тамырын тереңге жайған, ауылға үлгілі жанұяға айналған. Осының бәрі, талай жылғы табан ет, маңдай тердің арқасы. Ауылына қарап азаматын таны демекші, ауданның әлеуметтік әлеуетін көтеретін де, Олжас секілді іскер азаматтар екені даусыз.
    #ән
    Мейрамбек Бесбаев - Біздің ауыл
    Айқын Төлепберген - Туған жер
    Нұрым Қуаныш - Ауылым
    #күй
    Асылбек Енсепов - Ұлы Жібек Жолы
    Нұржан Тәжікенов - Сапар
    #Ақсуат
    #barhytbelnesie
    #еңбекадамы
  • Krátké a kreslené filmy

Komentáře • 438

  • @aiman.slyambekova
    @aiman.slyambekova Před rokem +4

    👍

  • @user-id5sf5kl2q
    @user-id5sf5kl2q Před rokem +6

    👍👍👍👍👍

  • @moldirshaimardanova8917
    @moldirshaimardanova8917 Před rokem +10

    🔥🔥🔥🔥👍👍👍👍❤

  • @aidana.ayanova
    @aidana.ayanova Před rokem +5

    👏👏👏👏👏

  • @bagdatauezhanov-qe2vx
    @bagdatauezhanov-qe2vx Před rokem +3

    Жақсы түсірілген тек алға жұмыстарыңа береке берсін!

  • @jamboakanov2818
    @jamboakanov2818 Před rokem +11

    👍👍👍👍

  • @baglan.eltai86
    @baglan.eltai86 Před rokem +5

    🔥🔥🔥

  • @user-hq7hq1gt9f
    @user-hq7hq1gt9f Před rokem +4

    👏👏👏👏👏👏👏

  • @user-ro2wc2hi8k
    @user-ro2wc2hi8k Před rokem +14

    Олжастын енбеги еселене берсин!
    Ютуб канал арқылы алемге танымал бола бер, канал коп болсын,саттилик!

    • @user-zw1fg8pd7k
      @user-zw1fg8pd7k Před rokem +3

      👍👍

    • @user-ro2wc2hi8k
      @user-ro2wc2hi8k Před rokem +2

      Канал емес ,қаралым көп болсын деп оқысаңыздар

    • @bahtiyar.nurali
      @bahtiyar.nurali Před rokem +3

      Қаралымы көп болсын десек достарға туысқандарға ауылдастарға барлық чаттарға ссылкасын таратайық. Көрген адамға ой саларлық дүниелер түсіруде. Ақсуаттық ютуб каналдың дамуына бір кісідей атсалысайық.

    • @user-ro2wc2hi8k
      @user-ro2wc2hi8k Před rokem +2

      @@bahtiyar.nurali жаксы

    • @user-zw1fg8pd7k
      @user-zw1fg8pd7k Před rokem +3

      @@bahtiyar.nurali ✊️✊️

  • @user-fo3zj4eo3k
    @user-fo3zj4eo3k Před rokem +4

    Тамаша 👍

  • @nurkenaskerbek
    @nurkenaskerbek Před rokem +12

    Керемет! 👍

  • @ermekkuralbek9759
    @ermekkuralbek9759 Před rokem +5

    Неткен әдемі жерлер жайлауы да қыстақтары да👍

  • @almat.madiarov
    @almat.madiarov Před rokem +6

    Соз жок керемет! Тагы да кутемиз фильмдер!

  • @almasnurjan5034
    @almasnurjan5034 Před rokem +3

    👍👍👍👍👍👍👍

  • @eralyrahimov1190
    @eralyrahimov1190 Před rokem +29

    Олжас жарайсың бауырым 👍

  • @user-in8ti2rl3e
    @user-in8ti2rl3e Před rokem +7

    Олжас ісіне береке берсін!

  • @user-de1zs6tg4z
    @user-de1zs6tg4z Před rokem +9

    Бөлексің бауырым бөлексің!

  • @user-tu5iz2op2t
    @user-tu5iz2op2t Před 6 měsíci +2

    Жайлауы шөгім Ассалаумағалейкум жазы шөлейт. Қысы қақарлы найзаның ұшымен білектің күшімен қорғап қалған батыр ата бабам. Әр қазағым бай болсын

  • @maulen.a
    @maulen.a Před rokem +3

    Бауыржан шаруа қожалығы 👍

  • @ernur.tajibaev
    @ernur.tajibaev Před rokem +2

    Ауыл шаруашылығы дами берсін! Жастарға үлгі болатын азамат екен. Бұны көрген жастардың еңбексүйгіштігі артатыны сөзсіз!

  • @user-nm5gu6nh8zersin
    @user-nm5gu6nh8zersin Před 5 měsíci +4

    Ауылда жүріп сапалы фильм түсіріп жүрген Медғат Қанатұлына көп рахмет! Осы арқылы келешек ұрпағымыз еңбекқорлыққа үйренбек.

  • @amankeldi.eduarduly
    @amankeldi.eduarduly Před rokem +3

    Мықты 👍

  • @ganisidahmetov
    @ganisidahmetov Před rokem +2

    Ютубтағы ең жақсы канал 👍

  • @user-co6lv9bf2v
    @user-co6lv9bf2v Před rokem +3

    Олжас исин орге басаберсин алла жар болсын

  • @bagdatauezhanov-qe2vx
    @bagdatauezhanov-qe2vx Před rokem +3

    Жасылкөл жайлауы тамаша 👍

  • @user-ud5qf1pl7f
    @user-ud5qf1pl7f Před rokem +14

    Балам тусирген видеон оте керемет шыкан жарайсын енбегин жана берсин! Буданда жогары тусирилимдерин коп болсын деп тилеймин балам

  • @user-eb2vp3ub1q
    @user-eb2vp3ub1q Před rokem +12

    Ауылымды сағындым 😍😘

  • @daryn.dosjan
    @daryn.dosjan Před rokem +4

    Бархытбел несие ұжымына рахмет! Деректі фильмнің жарыққа шығуына себепкер болып жатырсыздар. Бұл береке-бірліктің, бауырмалдылықтың дәлелі! ✊️

  • @user-bl7hl3nc7d
    @user-bl7hl3nc7d Před rokem +6

    Керемет!

  • @user-jr2hz8hu4c
    @user-jr2hz8hu4c Před rokem +5

    Ай Аксуаттыктар жарайсындар!!!

  • @bagdatauezhanov-qe2vx
    @bagdatauezhanov-qe2vx Před rokem +3

    Ассалаумағалейкум! Ауылда ең тиімді 6%-бен несие беріп отырған Бархытбелге алғысым шексіз! Еңбек етемін деген жастарға, кәсіпкерлерге өте тиімді!!! 👍

  • @janbolat.2022
    @janbolat.2022 Před rokem +2

    Өте керемет жарайсыздар!

  • @aksuat.tarbagatai
    @aksuat.tarbagatai Před rokem +4

    Саят Садуанов мырза, еңбегіңіз елене берсін! Жастарға тиімді пайызбен несие беріп қолдау көрсетуде! Тек қана сәттілік! 👏👏👏

  • @user-lc4db3xt4k
    @user-lc4db3xt4k Před rokem +2

    Сау болшы

  • @aiganymbeisenkyzy
    @aiganymbeisenkyzy Před rokem +2

    Дами беріңіздер тек алға!

  • @nurbeknurgaliyev5888
    @nurbeknurgaliyev5888 Před rokem +3

    Керемет👏👏👏

  • @almasnurjan5034
    @almasnurjan5034 Před rokem +6

    Osyndai tarbie bolatyn onege bolatyn kinolar rolikter tusirip jurgen rejisserga koldau korsetip jaksi tuindilarynyn shyguyna septigin tigizip jurgen Barhytbel nesie ujymyna, bastygyna myn algys! Alla kuptarlyk is!

  • @user-zq5vw4ks5b
    @user-zq5vw4ks5b Před rokem +13

    Ежелден келе жатқан ата кәсібіміз дами берсін!

  • @MIRASSAYLAU
    @MIRASSAYLAU Před rokem +1

    Ақсуат ауданы өркендей берсін!

  • @daryn.dosjan
    @daryn.dosjan Před rokem +4

    Олжас бауырымдай жастарымыз еңбекқор болсын!

  • @user-ku3gl6hk5d
    @user-ku3gl6hk5d Před rokem +9

    Олжас, торт тулык малын осып, онып жайлаудын санын келтыре берсын! .....

  • @user-rb5tr3oh9b
    @user-rb5tr3oh9b Před rokem +11

    Мико жарайсын жақсы түсірілген

  • @tolganaidoldakizi5623
    @tolganaidoldakizi5623 Před rokem +16

    Тамаша корнис, Керемет тусирилим.нагыз казакилык

  • @user-qw4hk9or9d
    @user-qw4hk9or9d Před rokem +14

    Жақсы деңгейде түсірілген керемет

  • @aidana.ayanova
    @aidana.ayanova Před rokem +2

    👍👍👏👏👏

  • @rinat.akbarov
    @rinat.akbarov Před rokem +9

    Жарайсың бауырым!

  • @armandauletiarov3251
    @armandauletiarov3251 Před rokem +13

    Иске сат! Аксуат ютуб каналы дами берсин! Жастарга сабак боларлык киноларын деректи фильмдерин жарыкка шыга берсин! 👍

    • @user-el2cf1bv5n
      @user-el2cf1bv5n Před rokem +6

      👍👍

    • @eralyrahimov1190
      @eralyrahimov1190 Před rokem +3

      Абай атамыз "Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" деп ынтымақ болмаса, жақсылыққа жетеміз деу бекершілік екенін айтқан. Сондықтан дінімізді, ел мен жерді, салт-дәстүр мен мәдениетімізді сақтау үшін ұлы арман, биік мақсат, ауызбіршілік қажет. Бір-бірімізге демеу болып қолдау көрсетейік! Сонда ғана ауылымызда әр сала өз жолымен дамиды.

    • @user-zw1fg8pd7k
      @user-zw1fg8pd7k Před rokem +3

      👍👍

    • @bahtiyar.nurali
      @bahtiyar.nurali Před rokem +3

      Береке бірлігі жарасқан Ақсуаттықтар ✊️

    • @user-bt9ci8uh9y
      @user-bt9ci8uh9y Před rokem +1

      ✊️

  • @user-gd9zn7so8m
    @user-gd9zn7so8m Před rokem +19

    👍👍👍👍👍 Тарбагатай таулары😍😍😍 керемет 👍👍🔥🔥🔥молодцы💯

  • @user-st5qo6md6l
    @user-st5qo6md6l Před rokem +4

    Мотибация деген осы мине!!!

  • @samgatzeinelov
    @samgatzeinelov Před rokem +3

    Шығармашылық табыс тілеймін!

  • @user-zw1fg8pd7k
    @user-zw1fg8pd7k Před rokem +5

    Ақсуат ауыл шаруашылығы дами берсін! 👍

  • @bagdatauezhanov-qe2vx
    @bagdatauezhanov-qe2vx Před rokem +4

    Еңбек түбі - береке! Медғат Қанатұлына мың алғыс! 👍

  • @arsen.darhan
    @arsen.darhan Před rokem +3

    👍👍

  • @saya.j
    @saya.j Před rokem +1

    👏👏👏

  • @aday40mtk
    @aday40mtk Před rokem +2

    Жарайсың бауырым! Алла береке берсін! Маңғыстаудан салам!!!

    • @maulen.a
      @maulen.a Před rokem

      Әп-бәрекелді! Қазақ елі береке-бірлікте болайық! ✊️

  • @user-ph9fh6ie1b
    @user-ph9fh6ie1b Před rokem +18

    Олжас еңбегіңнің жемісін көре бер.Алар асуларың көп болсын.
    Биік белестерден көріне берсін.

  • @jannanursultan
    @jannanursultan Před rokem +5

    Енбек адамы 👍

  • @nurkenaskerbek
    @nurkenaskerbek Před rokem +27

    Ақсуаттың еңбекқор азаматтары келешек ұрпаққа үлгі болатын іспен айналысуда. 👍

  • @user-pm6py1ib2g
    @user-pm6py1ib2g Před rokem +28

    Осындай Олжастай еңбекқор азаматтарды көрген жастар алға қарай ұмтылатыны анық. Деректі фильмнің жарыққа шығуына себепкер болған Бархытбел несие ұжымына Алла разы болсын! 15 минутта барлығын қамтып аша білген, халыққа ойын жеткізе білген Медғатқа да алғысым шексіз! Еңбектеріңіздің несібесі еселене берсін!

  • @user-pk1fn7xy3d
    @user-pk1fn7xy3d Před rokem +7

    Тағы да кезекті тамаша өнеге болатын туынды жарыққа шығыпты! Алға Медғат Қанатұлы 👍

  • @maulen.a
    @maulen.a Před rokem +2

    Медғат Қанатұлы тек алға баса бер! Алла жар болсын!

  • @temirlanbektursyn224
    @temirlanbektursyn224 Před rokem +2

    Алға тек қана алға жігіттер!

  • @user-id5sf5kl2q
    @user-id5sf5kl2q Před rokem +24

    Олжастың бүкіл жұмысы еңбегі айқын көрініп тұр. Сәттілік!

  • @elimjerim2227
    @elimjerim2227 Před rokem +21

    Ауылымыз оркендей берсин!

  • @user-pm6py1ib2g
    @user-pm6py1ib2g Před rokem +13

    Ақсуаттық режиссерге қолдау көрсетейік! Кинолары мағыналы!👍

  • @user-bt9ci8uh9y
    @user-bt9ci8uh9y Před rokem +5

    Тек алға Ақсуат! ✊️

  • @user-rk6mc2hb6h
    @user-rk6mc2hb6h Před rokem +3

    Ісіңе береке берсін !

  • @user-cm2ky9lp7y
    @user-cm2ky9lp7y Před rokem +6

    Ақсуат жасай берсін!!! 😘

  • @user-st5qo6md6l
    @user-st5qo6md6l Před rokem +8

    Медгат Канатулы осы калпыныздан тайманыз. Тарбиелик мани бар киноларынызди, ой салатын мотивация беретин деректи фильмдеринизди халыкка паш ете бериниз! Денсаулык, шыгармашылык табыс тилеймин!

  • @madi.karimov
    @madi.karimov Před rokem +3

    Бай-қуатты болайық қазақ елі!

  • @user-oy6nw5uo7j
    @user-oy6nw5uo7j Před rokem +1

    Ай жарайсың

  • @user-vx7ce4zq6h
    @user-vx7ce4zq6h Před rokem +5

    Ауылым алтын бесігім. Елім дейтін азаматтар көп болсын!

  • @user-ce3wn1mq8u
    @user-ce3wn1mq8u Před rokem +6

    Керемет ісің оң болсын ,осындай азаматтарымыз көп болсын

  • @ruslansemey58
    @ruslansemey58 Před rokem +5

    Керемет! Ақсуаттықтар тек алға!

  • @guljanat.esenova
    @guljanat.esenova Před rokem +19

    Еңбектің наны тәтті! Еңбек етейік, ерінбейік! Игі бастама! Бархытбел қолдауларына мың алғыс!

  • @baglan.eltai86
    @baglan.eltai86 Před rokem +8

    Бархытбелдей қолдауы барда, Олжастай кәсіпкері барда Ақсуат дами бермек! Алға жігіттер! Осындай видеолар жалғасын таба берсін! Жастарға үлгі болып жігер берері анық!!!

  • @user-el2cf1bv5n
    @user-el2cf1bv5n Před rokem +30

    Төрт түлікке өрісін толтырмаса көңілі көншімейтін Ақсуат халқы мал бағудың қыр сырына әбден қанығып, ел дәулетінің молаюында атакәсіпті алға оздырып келеді.
    Адал еңбектің үлгісі! Керемет туынды жарыққа шығыпты. 👍

  • @user-hu6ws1jj6z
    @user-hu6ws1jj6z Před rokem +4

    Кушти тусирилипти. Нагыз мотивация 👍

  • @user-fq8ft3iu8u
    @user-fq8ft3iu8u Před rokem +16

    Ассалаумагалейкум Агайындар колдауларынызбен жаксы ниеттеринизге алгыс айтамыз ел аман журт тыныш болсын

    • @user-hq7hq1gt9f
      @user-hq7hq1gt9f Před rokem +11

      Уағалейкумассалам! Ісіңізге Алла береке берсін! 👍

    • @samgatzeinelov
      @samgatzeinelov Před rokem +11

      Бәрекелді! Еңбекқор жастар ауылымыздың өркендеуіне үлес қоса берсін!

    • @user-eb2vp3ub1q
      @user-eb2vp3ub1q Před rokem +9

      👏👏👏

    • @arsen.darhan
      @arsen.darhan Před rokem +8

      ✊️

    • @janbolat.2022
      @janbolat.2022 Před rokem +8

      Әумин! 🤲

  • @user-mo7ik7kp3t
    @user-mo7ik7kp3t Před rokem +3

    Тусинбедим клиппа не бале боп кетти.бирак касиптеринизге Алла берекесин берсин

    • @madi.karimov
      @madi.karimov Před rokem

      Жоғары деңгейде тамаша түсірілген 👍

  • @eralyrahimov1190
    @eralyrahimov1190 Před rokem +16

    Фильм жоғары деңгейде түсірілген! Жарайсыңдар!!!

  • @user-bg9sg6zm1v
    @user-bg9sg6zm1v Před rokem +13

    Олжас сияқты мәрт азаматтарымыз көп болсын! Халықты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

    • @user-xk1lb6xy8h
      @user-xk1lb6xy8h Před rokem +1

      Өзі үшін емеспе қайдан білесіз

  • @user-pv5yu6xg7j
    @user-pv5yu6xg7j Před rokem +7

    Жарайсындар жерлес бауырларым!

  • @user-ip9wy6lx4b
    @user-ip9wy6lx4b Před rokem +8

    Барлықтарынызға көп рахмет тілектес болып жатқандарынызға ❤🎉

  • @asilxan851
    @asilxan851 Před rokem +3

    Тамаша! Истерин алга бассын!

  • @armandauletiarov3251
    @armandauletiarov3251 Před rokem +22

    Соз жок керемет тусирилген! Маган катты унаган жери Олжастын ел кокейинде журген еткомбинаты жун тери су маселин козгауы Буйырса осы маселелелер шешимин тапса, ауылымыз бирден дамып кетер еди.

    • @user-el2cf1bv5n
      @user-el2cf1bv5n Před rokem +9

      Өзекті мәселе, үкімет қолға алса жақсы болар еді.

    • @eralyrahimov1190
      @eralyrahimov1190 Před rokem +5

      @@user-el2cf1bv5n 👏👏👏

    • @user-zw1fg8pd7k
      @user-zw1fg8pd7k Před rokem +4

      👍👍

    • @bahtiyar.nurali
      @bahtiyar.nurali Před rokem +4

      Орынды айтылған проблема

    • @user-pm6py1ib2g
      @user-pm6py1ib2g Před rokem +3

      Ауылымыздың проблемалары шешіліп өркендей берсін

  • @meirambek.alpysbaev
    @meirambek.alpysbaev Před rokem +2

    Олжас бауырым шаруашылығын дамып өрісің кеңейсін!

  • @eralyrahimov1190
    @eralyrahimov1190 Před rokem +15

    Қазіргі кезде тепсе темір үзетін жігіттердің жұмыс іздеп сабылып жүруі қынжылтады. Мал шаруашылығымен айналысу табыс көзі екенін заман көрсетіп отыр. Сондықтан жастарымыз мал шарушылығымен айналысып, заман өзгерістерін пайдаланып, ата-кәсібімізбен айналысса нұр үстіне нұр болар еді.

  • @user-ul2oy4he6j
    @user-ul2oy4he6j Před rokem +1

    Әр қазақ менің жалғызым керемет Әр қазақ баи болсын

  • @bahtiyar.nurali
    @bahtiyar.nurali Před rokem +13

    "Медғат Қанатұлы" атты ютуб каналдың ғұмыры ұзақ болғай! Жастарға үлгі-өнеге болатын әдеттегідей тағы бір керемет туынды. Медғат пен Олжас ағаларымыздай еңбекқор азаматтар көп болсын! Осы деректі фильмнің түсірілу барысында жүрген барлық азаматтарға мың алғыс!

  • @user-fl4es8tj9i
    @user-fl4es8tj9i Před rokem +1

    Аллах берекесің берсің

  • @asylhan.orazalin
    @asylhan.orazalin Před rokem +2

    Алға Ақсуат 👍

  • @samgatzeinelov
    @samgatzeinelov Před rokem +9

    10 мың просмотр 👍 Құтты болсын! Өз подписчиктарыңыздың көзайымына айнала берсін фильмдарыңыз! ✊️

  • @erkeaskarovna
    @erkeaskarovna Před rokem +3

    Туған жерді сағынғанда қарап қоямыз. Тамаша түсірілген. Еңбектеріңіз жемісті болсын!

    • @aiganymbeisenkyzy
      @aiganymbeisenkyzy Před rokem

      😘

    • @janbolat.2022
      @janbolat.2022 Před rokem

      Тамаша бастама расыменде. Ауылымыздың тұрмыс-тіршілігін көріп бір жасап қаламыз.

    • @samgatzeinelov
      @samgatzeinelov Před rokem

      @@janbolat.2022 Туған жердің әр тасы топырағы ыстық!

    • @madi.karimov
      @madi.karimov Před rokem

      Ауыл тынысы

  • @eljas.niazov
    @eljas.niazov Před rokem +7

    Ата кәсібіміз төрт түлігімізді өсіріп, ауданымыздың әлеуетін молайтуға шақырамын. Ауыл азаматтары ауызбіршілігіміз адамгершілігіміз береке-бірлігіміз бекем болсын!!!

  • @maulen.a
    @maulen.a Před rokem +1

    Ақсуатта еңбекқор азаматтар көп! Істеріңе береке берсін! ✊️

  • @adiletmeirambekuly
    @adiletmeirambekuly Před 3 měsíci +1

    Олжеке ісіңе береке берсін! Тек алға! Өзіңмен мақтанамыз! ✊🏼

  • @user-it7by5oc2y
    @user-it7by5oc2y Před 5 měsíci +2

    Медгат жақсы түсіріпсің жарайсың еңбегің жансын.Семейден Тұрсынбай ағаң.👍👏👏

  • @aslanbek.ernazar
    @aslanbek.ernazar Před rokem +6

    Істерің алға баса берсін! ✊️

  • @user-zq6or6zq1b
    @user-zq6or6zq1b Před rokem +8

    Әр ютуб каналдың өз көрермені болады демекші, осы каналдың комментарилерін оқысам ырза болам. Сыни пікірдің өзің қазақи мәдениетті түрде жеткізе білген👍👍