Талапкерлерге 5 рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі - Руслан Емелбаев | SOLAY | Солай

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 9. 09. 2024
  • Оқуға түскісі келетін талапкерлерге 5 рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі. Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы директоры, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев Ұлттық біріңғай тестілеу жүйесіндегі өзгерістер, болашақ мамандықты таңдау, ата-аналардың қателігі, саладағы жемқорлық деректері мен жаңалықтар туралы айтты.
    1:35 - Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу
    2:23 - Кешенді тестілеу 1999 жылы енгізілді, 2004 жылы ҰБТ басталды, биыл 20 жыл толды
    4:29 - Балаларда тек бір-ақ рет қана мүмкіндік болды, тапсырса тапсырды, тапсырмаса құлады
    7:51 - Бала 11 сыныпқа келгенде ата-анасы сен грантқа түсуің керек деп талап қояды
    9:09 - Педагог-профорентатор деген маман мектептердің штатына енгізіліп жатыр
    11:55 - Алтынсарин ұлттық академиясында кәсіби бағдар беру орталығы ашылды
    14:03 - 80 пайыз мамандық ата-ананың ықпалымен таңдалады, сондықтан ана-аналармен жұмыс істеу керек
    16:57 - Қазір педагог мамандықтарына қызығушылық артты, шекті бал көтерілді
    20:15 - ҰБТ сұрақтары мектеп бағдарламасының және оқулықтары негізінде дайындалады
    22:02 - ҰБТ тарихында екі нәрсе ең көп сынға алынды, ол академиялық адалдық пен тест сұрақтары
    25:18 - Қазіргі кезде балалар ҰБТ-ны 5 рет тапсыра алады, болашақта текст жүйесі өзгеруі мүмкін
    29:02 - Шекті балды ала алмағандар ақылы негізде де оқи алмайды, бірақ балаға 8 рет тест тапсыруға мүмкіндік беріледі
    32:00 - Қазіргі кезде бала тест тапсырып болған сәтте экранға нәтижесі шығады, сертификаты жіберіледі
    34:01 - ҰБТ кезіндегі заңбұзушылықтар, тәркіленген заттар, тест нәтижелерін жою
    40:07 - Тест жауаптарын 1.5-2 млн теңгеге дейін сату фактілері кездеседі
    45:40 - Тест кезінде келген сұрақтар мен оларға талапкерлердің берген жауабы талданады 49:30 - Биыл бакалавриатқа 78 мыңнан астам грант бөлінді, оның басым бөлігі инженерлік бағытқа
    51:29 - Грантқа түсішілердің ең жоғарғы балы ол - «Стамотология», 131 балл, ал «Суды пайдалану және бұру» мамандығында орташа бал - 55 балл
    54:29 - Президенттің тапсырмасы бойынша батыс өңірлері, оңтүстік және жаңадан құрылған облыстарға мақсатты гранттар бөлінген
    57:53 - Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалында оқу ағылшын тілінде жүргізіледі
    1:02:03 - Балы жоғары болса да грантқа түсе алмай қалған балалар үшін биыл бірінші рет сараланған грант енгізіліп отыр
    1:03:49 - Мемлекеттік грантқа түсе алмағандар әкімдіктердің, оқу орындарының, «Қазақстан халқына» қорының гранттарына қатыса алады
    1:05:19 - Шетелдік ЖОО түскісі келетін оқушылар міндетті түрде ҰБТ тапсырып қою керек
    1:07:35 - Колледж бітірген талапкерлер өз бағытын жалғастыратын болса қысқартылған ҰБТ тапсырады
    1:09:31 - Талапкерлер қандай қателіктерге жол бермеуі тиіс? Түлектерге кеңес
    • Еліміздегі ТОП-10 унив...

Komentáře • 5