Нұрмағанбет ұста

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 14. 08. 2023
  • Нұрмағанбет Батырбеков 1903 жылы Ұлытау ауданы, Кішітау елді мекенінде дүниеге келген. Ұлытау, Жезқазған өңіріне белгілі зергер, темірден түйін түйген ұста. Ұсталық өнер ата - бабаларынан дарыған. Ұрпақтарының айтуы бойынша Нұрмағанбет ұстаның әкесі Батырбек ұста 1916 жылы Ұлт азаттық қозғалысы кезінде сарбаздарға бердеңке мылтық соғып аты шыққан. Үлкен атасы Жақсылық аймаққа белгілі ұста болған. Ел ішінде Жақсылық әулие атанып кеткен. Нұрмағанбет ұстаның Айыртау елді мекеніндегі ұста дүкені орналасқан жер осы уақытқа дейін «ұстаның орны» аталады. Ауыл халқының шаруашылыққа қажетті заттарын өзі соғып беріп отырған. Нұрмағанбет ұста 86 жасында дүниеден өтті. Халық шеберінің ұрпақтары беріге дейін Жезді кентінде тұрды.
    Сіздердің назарларыңызға Нұрмағанбет ұстаның келіні Кенжекүл Дүйсенбековамен болған бейнесұхбатты ұсынамыз.

Komentáře • 7

  • @user-fu2bi5kx1s
    @user-fu2bi5kx1s Před 10 měsíci +3

    Менин атам,керемет адам болған.
    Биздин барлык аталарымыз шебер уста болыпты,танып ,окып тыңдап отырған бауырларга мол рахмет

  • @user-jq1uv8ke9e
    @user-jq1uv8ke9e Před 10 měsíci +2

    Нұрмағанбет ұста біздің нағашы атамыз болып келеді. Осы кісінің ұсталығы жиені Кариев Ерболға дарып,ол кісінің қолынан небір керемет дүниелер шығатын. Мысалға айтатын болсақ,аяқ киім тігуден сонау сандық,диван сияқты түрлі ағаш болсын,темір болсын,сүйек болсын бәрінен іске асатын дүниелер жасайтын.

  • @user-pu8sl8se6o
    @user-pu8sl8se6o Před 10 měsíci +1

    Нагашы женгем жаксы ангиме айтып отыр.Осындай естелик коп болсын .

  • @user-fb3bd2pd6v
    @user-fb3bd2pd6v Před 10 měsíci

    Кенжегул жеңге көп рахмет саған,атамыз туралы естелік айтқаныңа біз әрине бәрін біле бермейміз ғой денің сау болсын аман бол,шаңырақтың тіреушісі ,іні сіңілімізге қамқор болып жүре бер, біз сені жақсы көреміз .❤❤

  • @user-st7fh9pb6u
    @user-st7fh9pb6u Před 10 měsíci

    ❤❤❤

  • @user-hl7jo2xh1g
    @user-hl7jo2xh1g Před 10 měsíci

    👍🙏

  • @user-st7fh9pb6u
    @user-st7fh9pb6u Před 10 měsíci

    Бұл кісі менің атам