«Дәрігерлер анама дәрі беріп ұйықтатып тастаған. Қате диагноз қойған дәрігер орынын босатсын»

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 7. 09. 2024
  • Түркістан облысы: «Дәрігерлер анама дәрі беріп ұйықтатып тастаған. Қате диагноз қойған дәрігер Айгүл Оқанова орынын босатсын деген тұрғын бізден көмек сұрайды.
    Түркістан облысы Ленгер қалалық ауруханасында« Жүрегі шаншып ауруханаға түскен анама,дәрігерлер қате диагноз қойып,екі күн бойы дәрі беріп ұйықтатып тастады.»,- дейді науқастың қызы Айсымбетова Жанар Ырысбайқызы Azatnews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
    Сәуірдің 17-сі күні Ленгер қалалық ауруханасына анам жүрегі ауырып түскен болатын.Терапия бөлім меңгерушісі Оқанова Айгүл есімді дәрігер анамды қабылдап алды.Кетерімде дәрігерге "Анамның жүрегі ауыратындығы мен аяғы ісініп кеткендіктен анамнан анализ алып,кардиология бөліміне жолдама беруін сұрадым.«Алайда ол екі күн бойы анама дұрыс қарамай,тек трамадол дәрісін беріп ұйықтатып тастай берген.Ақыр соңы анамнан айырылып қалып отырмын.»,-дейді марқұм болған ақжаулықты ананың қызы.
    Мен Оқанова Айгүл ханымның бөлім меңгеруші қызметінде бұдан әрі қалуын қаламаймын,осы бойынша арызда қалдырғанмын.Маған екі медбикеге сөгіс беріліп, бөлім меңгерушісінің жұмыстан босталығанды туралы арызым бойынша хат келді.Алайда ол кісі әлі де сол мекемеде жұмыс істеп жүр екендігін, туысым ауруханаға жатып қалғанда көріп қалып, үстімнен тас түскендей халде болдым,- дейді ол.Осы тұста Azatnews.kz тілшісі де, бөлім меңгерушісі Оқановаға хабарласты,ол өзінің терапия бөлім меңгерушісі қызметінде екендігін растады.
    Бұл не масқара? Аңқау халықты алдау ма?Әлде біз білмейтін бір жасырын нәрсе бар ма?Бұл барып тұрған сыбайлас жемқорлық емей немене? Мейлі менің анам өлді,ал енді басқа ем алушылардың жай-күйіне бейжай қарайтын дәрігерлерге өмірін сеніп қалай тапсырады?!Әркім өз мамандығын жауапкершілікпен,сүйіспеншілікпен атқарса мұндай жағдай болмас еді! Мен ол кісіні бұл орынға лайық деп санамаймын.Мен әділдікті талап етемін!,-деді ол өз сөзінде. #дәрі #зиян

Komentáře •