«Жұлдыздар тоғысқанда» к/ф (реж. Сергей Снежкин, 2016 ж.)

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 4. 07. 2020
  • Ағылшын жазушысы Джереми Вильсон Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын жазу үшін онымен кездесуге қол жеткізеді. Алайда журналист пен Елбасының белгіленген сұхбаты бүкіл елді аралаумен, тарихқа көз жүгірткен ұзақ уақытқа созылған қызыққа толы саяхатқа ұштасады.
    Сұхбат барысында Президент пен Вильсон кең-байтақ даладан қар басқан тауға, қөпқабатты зәулім ғимараттан киіз үйге, 2015-ші жылдан 1950-ші жылға, 1986-шы жылға, 1989-шы жылға, 1991-ші жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларға ауысып отырады... Ел картасындағы әрбір жер - Президент өмірбаянының айғағы.
    Келесі күні Президенттің Алматыға іс-сапары және сұхбаты аяқталады. Нұрсұлтан Назарбаевтың ант қабылдап, Қазақстан тәуелсіздігі үшін жауапкершілік алған залында Вильсон мен Президент қоштасады.
    Қоюшы режиссер, сценарий авторы: Сергей Снежкин
    Қоюшы оператор: Сергей Мачильский R.G.C.
    Қоюшы суретші: Дмитрий Татарников
    Композиторы: Юрий Потеенко
    Рөлдерде: Берік Айтжанов, Алтынай Нөгербек, Алдабек Шалбаев, Азамат Сатыбалды, Ғани Құлжанов, Еркебұлан Дайыров, Жанел Мақажанова, Динара Бақтыбаева, Қарлығаш Мұхамеджанова, Игорь Угольников, Сергей Гармаш, Дарья Мороз, Алексей Гуськов, Хью Фрейзер, Ричард Кордери, Стивен Пейси және басқалары.
  • Krátké a kreslené filmy

Komentáře •