Сүйіктісінің әкесін жүргізуші куәліген айырған полицей | Адамды өлімнен құтқарды | ЕҢБЕК АДАМЫ #32

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 18. 04. 2024
  • #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
    🔹Спикер: ЖӘНІБЕК ШӘКІРОВ - ҚР ІІМ жол-патрульдік полиция қызметкері.
    2022-ші жыл. 19-шы наурыз. Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнына жақын жүрген патруль барған. Өрт сөндірушілер алдымен екінші қабаттағы пәтердің есігін бұзды. Ішінен көк түтін шықты. Құтқарушылар пәтердің ішінен ер адамды тапты. Ал полицейлер Данат Қамалиев пен Бақытбек Мұжамбетов оны бірден далаға шығарды. Көк түтіннің ортасынан шығарылған ер адамға иіс тиген. Ол дем алмай жатқан. Данат Қамалиев жедел жәрдем келгенше уақытты текке өткізуге болмайтынын түсінді. Сөйтіп, бушлатын шешіп, жерге төседі. Оған зардап шеккен ер адамды жатқызды да, жүрекке массаж істей бастады. Қолдан дем алдыруға да тырысты. Бір кезде ер адам дем ала бастады. Алғашқы көмек - бір адамның өмірін құтқарды. Ал, Полицей Бақытбек Мұжамбетов өрт сөндірушілермен бірге пәтерді қарауға аттанды. Өйткені көршілер үйде әйелі және екі баласы қалуы мүмкін деп айтты. Бірақ пәтерде басқа ешкім болған жоқ. Екі полицейдің өрт сөндіру кезіндегі ерлігі видекамераға жазылып қалған. Әлеуметтік желіге тараған бетте ел сүйсініп, қос батырға алғысын жаудырып жатты.
    Өзгенің өмірі үшін өзінің өмірін қауіпке тігу полицейдің жұмысы ғана емес, адамдық парызы. Жыл сайын елімізде қаншама тәртіп сақшысы түрлі жағдайларда адамдарды ажал ауызынан аман алып қалып жатыр. Тіпті, өкінішке қарай өздері мерт болып кеткен жағдайлар да аз емес. Атырауда суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп өзі қаза тапқан полицей Шалқар Ақымғалиевт ің ерлігі ел есінде. Мұндай жағдайлар қайталанбасын деп тілейміз. Бірақ, полицейлер арасында кез келген сәтте ойланбастан көмекке ұмтылатын азаматтар көп екені анық.
    Полицейлерді даттайтын да, жақтайтын да тарап бар. Олар біреуді құтқарып, біреуді қамауға алатындықтан, әрине, пікір - паралель. Бірақ, ішкі істер органдарының «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген учаскелік инспекторлар осы саланың ауыр жүгін арқалаған қара нары секілді. Ұсақ тәртіп бұзушылықтан бастап, ауыр қылысты да ашуға міндетті. Жалпы, тұтас ішкі істер министрлігінің қызметкерлері антқа адал, қызметте әділ болса дейміз. Ең бастысы солардың арасында ерлік жасап, үлгі көрсетіп жүрген азаматтардың ісі бағаланғаны дұрыс. Бейбіт күннің батырлары көп болсын!
    “Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
    Интаграм: nartay_aralbayu...
    Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Komentáře • 37

  • @NartayAralbyuli

    Көріңіз, таратыңыз!

  • @user-eu9pj7vl8n

    Еңбек адамы фильмі міне осындай жандардың ерлігін де ескеріліп кейінгі ұрпаққа үлгі болсын деп таратып жатыр жарайсыңдар

  • @user-eu9pj7vl8n

    Бір жағадан бас шығарып бір жеңнен қол шығарып тату тәтті сыластығымен мейірімі мол ел тұрғындары болып мамыра жай өмір сүрейік

  • @user-eu9pj7vl8n

    Айналайын ағайын бір бірімізді бағалайық

  • @AidosKuandyk-du2ub

    Өзіңдей азаматтар көп болсын

  • @user-eu9pj7vl8n

    Адал еңбек қарынды тойғызады

  • @user-gj2dk2vv3z

    Полиция азаматқа үлкен ерлік жасаған рахмет. Алланың нұры жаусын. Еңбегі еленіп, дені сау болсын, жұмыстарыда қиын мамандық

  • @user-eu9pj7vl8n

    Бәсеке байлық берекесіздік өркөкіректік халқымыздың көпшілігін бейлеп алды ойланайық ағайын

  • @user-he8yx7qy4e

    👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-eu9pj7vl8n

    Ұрпағы бар адамдар ешқандай жамандық жасамауы керек себебі ол ұрпағыңды қинағаның әр істің әр сөздіңде сұрауы болады

  • @AidosKuandyk-du2ub

    Жарайсың Нартай

  • @user-eu9pj7vl8n

    Жанұяларың аман болсын ел қорғаушы мамандық иелері

  • @user-eu9pj7vl8n

    Аллам халыққа сабыр берсін

  • @user-eu9pj7vl8n

    Аман болсын ел жұртымыз бұл да бір елге келген сынақ болар сабырлы болайық

  • @user-eu9pj7vl8n

    Адалдық отбасының алаңсыз болуна ұйқысы тыныш ұрпағы еркін өсуінің кепілі ғо алтындарым

  • @user-eu9pj7vl8n

    Тіпті тілін құрметтейтін жанұялар көбейді ұялайық ағайын сендерді ешкім мадақтамайды керсінше күлкі боласыңдар ұрпаққа дұрыс тәрбие берейік

  • @user-eu9pj7vl8n

    Еңбектерің еленіп халықтың сенімді қорғаны болыңдар

  • @user-eu9pj7vl8n

    Ел басына қиындық келгенде тіпті ең құрығанда пікірімізді коментари жазғанда ойланып жазайық