Варикозды тамырларды емдеу әдісі⬇️

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 19. 01. 2023
  • ✅ #Склеротерапия - бұл варикозды тамырлардың ұлғайған кезіндегі немесе «өрмекші веналарды» емдеу үшін қолданылатын медициналық процедура.
    🩺 Видеода: қан тамырлы хирург және флеболог, КМН Аканов Ержан Кусманович.
    ✅ Склеротерапия кезінде флеболог дәрігер / қан тамырлы хирург ерітіндіні (склерозант) тікелей зақымдалған тамырға енгізеді. Ерітінді тамырдың ішкі қабатын тітіркендіреді, бұл оның кішірейіп, бір-біріне жабысуына әкеледі. Уақыт өте келе, тамыр көзге көрінбейтін тыртық тініне айналып, одан әрі резорбцияға ұшырайды да 1 жыл ішінде толығымен жойылады.
    ✅ Склеротерапия жақсы дәлелденген процедура және қазіргі таңда қарқынды қолданылады.
    Склеротерапиямен емдеу қанша уақытқа созылады?
    Склеротерапия әдісінің 1 процедурасы шамамен 30-45 минутты алады. Зақымдалған веналардың ауқымдылығына байланысты бірнеше процедура тағайындалуы мүмкін.
    Склеротерапия алдында өту қажет:
    🔘 Флеболог дәрігердің кеңесі
    🔘 Аяқ тамырларының УДЗ-сі
    🔘 Жалпы қан талдауы (ОАК)
    🔘 Биохимиялық қан талдауы
    🔘 Коагулограмма
    Қарсы көрсетілімдер:
    🔘 Жүктілік және лактация
    🔘 Менструация
    🔘 Препаратқа аллергия
    🔘 Терең тамырлар тромбозы/ тромблофлебит
    📍Мекен жайымыз: Алматы қ., Нұрлан Қаппаров көшесі, 4 ғимарат.

    📞Дәрігерге жазылу үшін:
    +7(727)3-999-444
    +7(727)3-999-404
    +7-771-781-01-26
    +7-771-3-999-444
  • Věda a technologie

Komentáře •