Баспанасын су басқан халыққа дереу үй берілсін | Премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 1. 05. 2024
  • Қазақстан Республикасының
    Премьер-Министрі
    О. Бектеновке
    ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
    Құрметті Олжас Абайұлы!
    Бүгінгі депутаттық сауалым қарғын су қара шаңырағын ағызып әкеткен ағайынның арызы. Қызыл су арнасынан адасып аққанда қыларға амал таппаған адамдар топан судың беті қайтқанда далада қаңғырып қаламыз ба деп қорқып жүр. Алпыс күн тасыған су, алты күнде қайтқанмен қияметін қайтарып әкетпейді деп 2 апта бұрын дәл осы мінберден айтқаным да сол еді. Жерінің 800 шақырымынан Жайық өзені ағып өтетін Батыс Қазақстан облысындағы ағайынның ахуалы қазір арқамды аяздай қарып барады. Сәт сайын сан құбылған сандарға назар салсақ Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан 1 292 тұрғын үйге зақым келген. Соның 116-сы - Қаратөбе, 243-і - Сырым, 218-і - Бөрлі, 649-ы - Теректі, 43-і - Бәйтерек, 6-уы - Тасқала ауданында, ал 17 үй Орал қаласында орналасқан. Су астында қалған үйдің сыз тартатыны, қабырғасы көгеріп көпшілікті күркілдеген жөтелге душар қылатыны сараптамасыз-ақ саналы адам түсінетін дүние.
    Батыс Қазақстан облысындағы тағы бір күрделі ахуал саяжай мәселесіне қатысты. Деркөл, Шаған және Жайық өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 14 839 саяжай учаскесін су басқан. Оның 14 466-сы - Орал қаласында, 112-сі - Бәйтерек, 245-і - Бөрлі, 16-сы Теректі аудандарында орналасқан. Ол жақта мыңдаған адам тұрады. Саяжай дегенің қазақ үшін демалыс күндерін өткізетін емес, тұрақты тұратын орынға айналғалы қашан. Соның өтемақысына қатысты түсініспестік әлі тоқтамай тұр.
    Өйткені, ағынды судың астында қалған саяжай иесіне қанша ақша беріледі немесе қашан, қай жерден басқа үй ұсынылады? Бұл деректер әзірге орталықтандырылмаған. Ақпарат жұртқа жедел жетуі шарт.
    Тасқын су тосыннан келгенде тосып үлгермеген мыңдаған қандас қазір БҚО-да сең соққан балықтай есеңгіреп қалды. Олардың әкімдікке барып жанайқайын жеткізгенін дүйім жұрт көрді. Сондықтан онсызда қарғын судың салдарынан қара шаңырақсыз қалған азаматтардың заңды талаптарын уақытылы орындауымыз қажет. Себебі Мемлекет басшысы айтқандай «салаға жауапты шенділер жауапкершілік алудан қашып жүргенде» ел қақаған қыста қатып қалады.
    Ұсыныс-талаптар:
    1. Баспанасы қираған саяжай иелеріне өтемақы нарықтағы бағаға сай қарастырылып, тез арада Комиссия шешімімен төленуі тиіс.
    2. Су астында қалған баспана мен саяжайларды бағалауы тиіс комиссия жұмысын бірізге келтіру керек. Сол үшін әр аймақтағы комиссияның әр үй бойынша қорытындысы, негіздемесі, фото-видео дәлелдемелері нақты бір жерге жинақталуы тиіс.
    3. Баспанасы қираған саяжай иелерінің өтемақысы әділетті бағалағануы қажет.
    4. Әр үйдің, саяжайдың, техника мен төрт түліктің өтемақысы қашан төленетіні әр қорытындының ішіне жүктелсін. Ол ақпараттармен барлық азаматтың танысу мүмкіндігі болуы шарт.
    5. Су астында қалған мыңдаған саяжайдың ауласында лас қалдықтарға арналған шұңқырлар болды, демек ондағы қалдықтар суға бетіне шықты. Сондықтан ол аумақтарға дереу санитарлық-профиктикалық шаралар жүргізу қажет.
    6. Ең негізгісі, Үкіметтің маңызды қаулыларын бүгінгі оқыс жағдайға сәйкес өзгерту керек. Олардың осындай төтенше жағдайдағы үй беру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен өтемақы төлеу тетіктерін қайта қарау керек.
    Оның ішінде:
    - «Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 қаулысына өзгеріс енгізілсін.
    - «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» уәкілетті министрліктің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгеріс енгізілсін.

    «AMANAT» партиясы фракциясының
    мүшесі, депутат Н. Сәрсенғалиев

Komentáře • 44

  • @user-mq1sr5mv4b
    @user-mq1sr5mv4b Před měsícem +4

    Мен дача тұрғынымын.Біз бір үйде 2семия болып тұрамыз.Біз тұрып жатқан үй суға кетті.Бізге тезарада үй бергеннің қалаймыз.

  • @user-cq7on7mi9b
    @user-cq7on7mi9b Před měsícem +6

    депутат Сарсенғалие Нартай дурыс айтат осы азаматтай кара халыктың камын ойлайтын азаматтар көп болсын

    • @user-rx7lo6xb2h
      @user-rx7lo6xb2h Před měsícem

      Буларды солай ургизип отырго откенде калык котерилгенде арысты жарды ойткени калыктын котерилисин болдырмау ушын вниманияасын баска жакка бурып жиберди .тагы котерилип жатканда су алдырып жиберди
      Олар барин осылай истеп жатыр жогарыда шириген жуйе ирикти салып жатыр нартай ринат дегендер ештене жасай алмайды утилсборды алалмай жургенине 1 жыл болды

  • @user-ye7gq8cp8y
    @user-ye7gq8cp8y Před měsícem +4

    Орал қаласы 1 саяжай Викторияға екі ағам екі көшесіне үй салды. Екеуінің де үйі анамыздың атында. Бірақ....Гос акт бөлек,Тех паспорт бөлек,екеуі екі көшеде орналасқан. Екеуінің қалай еңбекпен салғанына көршілер куә. Мектептен балалары қатынағаны туралы анықтама бар. Төлем чектері бар. Пропискалары бар. Сіздерден көмек сұраймыз. Екеуіне екі үй берілсе деймін. Бірі көпбалалы болса,оның кішісі үщ айлық егіздер. Екіншісі екі баланың әкесі. Кішісі үш айлық. Анамызбен тұрады. Екі үйде 12 мүше. Бір үйде қалай тұрмақ???

  • @aspan5468
    @aspan5468 Před měsícem +2

    Өте дұрыс айттың ! ДЕРЕУ!!! Үй беру кажет!!!😡☝️😡😡😡😡

  • @user-fu1yi2ij9d
    @user-fu1yi2ij9d Před měsícem +4

    Сәлеметсіз бе көп балалы анамын бес балам бар үлкен уйді салып енді зар жылап жатырмыз. Бізге де әділ шешім берсін. 1-саяжай Виктория-1,41уч

  • @user-rk3jn6kl6u
    @user-rk3jn6kl6u Před měsícem +2

    Өте дұрыс айтасыз, Үй берілсін, далада қанғып жүрміз 😢

  • @user-gf6sd9im7m
    @user-gf6sd9im7m Před měsícem +2

    Дұрыс айтасың, бауырым, табиғи апаттан зардап шеккен халыққа үй берілуі тиіс, аман жүр

  • @ummzaid3590
    @ummzaid3590 Před měsícem +3

    Уй керек

  • @user-nm9ck7rk3y
    @user-nm9ck7rk3y Před měsícem +4

    Өте дұрыс. Үй берілсін, далада қанғып қалдық

  • @user-vh7gl6jx1c
    @user-vh7gl6jx1c Před měsícem +3

    ассалаумагаликум депутат мырза оралдагы вектория саяжаиларды уй маселесин карастырып берсениз уйемиздин ишинде су толыптур казырги жагдаиында казир тургындар эвакуатсияда абшякта квардирада кангып жур биздерге тезарада уй керек осы маселени шесип берсениз нартаи мырза сизден отинишпен сураимыз

  • @user-ih3kh4ff9e
    @user-ih3kh4ff9e Před měsícem +3

    Уй берілсін әділ шешім болса екен Уміткер 38

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před měsícem +4

    Садовое бұл даша деп аталғанымен ол жердегі халық тұрақты тұратын тұрғындар бүгінгі күні бәрі жан жаққа кеттік үйлер су астында күнде барып сыртынан қараймыз бірақ исі жаман жақындау мөмкін емес ол жерден ештеңе алла алмаймыз ғо бізге көмек керек үй берілсін

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před měsícem +4

    Оларда бір болу керек үй берілсін сол жерде тіркеуде жыл бойы тұратын басқа үйі жоқ жанұяларға

  • @user-rq6vt6nm8x
    @user-rq6vt6nm8x Před měsícem +2

    Уй берилсин,бизде еки Уй 1 адамнын атында,бизге 2 Уй берилсе жаксы болар еди

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před měsícem +4

    Саяжай деген аты болмаса ол жердегі халық тұрақты тұрғындар бары да нары да сол баспана

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před měsícem +4

    Содовое товарщество Викторрия-1 .89үйде Өзім екі келін балам жеті немерем тұрып жатқанбыз міне балаларым көппен бірге 21-күн бойы судың жолын бөгеп түні күні еңбектенді бірақ болмады 21-ші күні су басты бұл саяжайда тұрақ ты тұратын екі жүздей жанұя бар ,қазір орталықтан орын берді сонда тұрып жатырмыз ,алдағы уақытта бізге үй берсе екен осыны талап етеміз.Үйіміз әлі су астын тұр шатырына дейін басты бар жиған тергеніміз солай кетті дұрыс шешім шығаруды сұраймыз

  • @user-nq3dp8tn6g
    @user-nq3dp8tn6g Před měsícem +2

    Костанай обл Амангелди районында кар суынан кулаган Уилер кора копсылар Акиматардан Акт алсакта кол коймай жатыр Амангелди ауданы жане манацындагы ауылдар осыган комектессениз жаксы болареди.

  • @user-gh8xg4ob4k
    @user-gh8xg4ob4k Před měsícem +3

    Нуреке утилди первичканы котерсениз жаксы болар еді

  • @tursunaihanum7503
    @tursunaihanum7503 Před měsícem +2

    АЛЛА РИЗА БОЛСЫН АТАҢА РАХМЕТ. ШЫРЫЛДАП ЖАТҚАН АДАЛ ЖАНДАР КӨБЕИЕ БЕРСІН.ИЯ ТОҚАЙЫПТА ТҮРЛІ СЫНДЫ БАСТАН КЕШІП КЕЛЕДІАУ АЛЛА ҚУАТ БЕРСІН ТОҚАЙЫПТА ҚАЛЫҚА БОЛСЫН ДЕП ЖАТЫРҒОЙ

  • @user-rk3jn6kl6u
    @user-rk3jn6kl6u Před měsícem +2

    😢 Үй берілсін далада қанғып жүрміз

  • @user-cq7on7mi9b
    @user-cq7on7mi9b Před měsícem +2

    мен 2016 жылы датчға көшіп келдім сонан кызы жазы турам енді топан су келіп уйдімді су басып калды екі балам екі келін жеті немерем бар енді далада калдык баратын жеріміз жок соған укіметтен көмек сураймын орал каласы датч виктория 89

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před měsícem +3

    Айтып келмейтін апаттың қиындығы БҚО-халқының көп бөлігін шаңырағынан айырды бала шағаларымен далада қалды енді бір дұрыс шешім шығарса екен деп асыға күтіп отыр Шешім күтеміз

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před měsícem +6

    Орал халқы сабырмен шешім күтіп отыр

  • @user-sv1pd2il4m
    @user-sv1pd2il4m Před měsícem +3

    Неғып тез тез бермейді, әй өздері әбіржесе екі сағатта шешер еді

  • @rinatmuratalinov1555
    @rinatmuratalinov1555 Před měsícem +1

    Нартай Аралбай ұлы сізге Қазақстаннан бір уайымтайымыз бар Өзбектер Қазақстанға Миллионнан көп кіріп жатыр кім қолдап жатыр біз ҚАРАПАЙЫМДЫ ХАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛЫП ЖАТЫРМЫЗ. Заң түк шеше алмаса Өзіміз қолға күрек аша айыр алып әр өзбекті ұрып соғуымыздан басқа амал қалмай жатыр .

  • @user-cq7on7mi9b
    @user-cq7on7mi9b Před měsícem +3

    топан су уйімді басып калды орал каласы виктория 89 датча

  • @user-cq7on7mi9b
    @user-cq7on7mi9b Před měsícem +2

    уй керек орал каласы виктория 1 2 датч

  • @user-gp5ps6yv3v
    @user-gp5ps6yv3v Před měsícem +2

    Үй керек далада калдык ұш баласымен

  • @Talgat626
    @Talgat626 Před měsícem +4

    Брат айтуың өте дұрыс, сені еститын адам бар ма?

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před měsícem +3

    Өте дұрыс

  • @bekskeks4112
    @bekskeks4112 Před měsícem +3

    2014 ж 19 желтоқсан (номер 1358) қаулығада өзгеріс енгізу керек

  • @user-ch8wy3wf8n
    @user-ch8wy3wf8n Před měsícem +2

    50млн берілуі керек

  • @BrownBig
    @BrownBig Před měsícem

    Ассалаумағалейкум Нартай бауырым. Миндетти әлеуметтик медицина салығын төлеп койганмын. Уздиксиз алдағы маусым айында косып толеп койганмын. Барак балницвлар түскен жок деп карамай жатыр. Маған срочна операция кажет. Менде " шел" көк ет жыртылып шек шығып кетип жатыр. Бүгін алтыншы күн.
    Мемлекетимиздин биринши байлығы адам деген конституциядагы заңымыз кайда? МӘМС тін осындай кедергілермен зияны болып жатыр. Не истесемиз болды? Әлде өлеберейкпа? Не дейсиз?

  • @user-cq7on7mi9b
    @user-cq7on7mi9b Před měsícem

    уй керек.

  • @user-cq7on7mi9b
    @user-cq7on7mi9b Před měsícem

    өте дурыс айтады

  • @user-cq7on7mi9b
    @user-cq7on7mi9b Před měsícem

    датчамыз хан сарайындай жәйлі орынымыз еді виктория 89

  • @user-pf2te7lo7m
    @user-pf2te7lo7m Před měsícem

    Депудаттар дұрыс айтып отыр

  • @assalaymagalakym4882
    @assalaymagalakym4882 Před měsícem

    Ассалаумалейкум қалайсыз, Нұртай мынау жыр болып жүрген кәдеге жарату алымына бірінші тіркеуді алымына, сіздер тек 7 жыл болған көлікке жеңілдік сұрапты деп жатыр он не? Неге 10 жылыға деймін сұрамадыңз!? Бәрі 10 болған көліктер