ҚАЗАҚ СӨЗІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ - ҚАЗАҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЭТНОНИМЫ

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 28. 08. 2021
  • Бұл видеода келтірілген деректерді сіздерге ақпарат ретінде ұсынып отырмыз! Бұл соңғы әрі нақты тұжырым дегені емес. Сол себепті бұл тақырып әлі зерттеу үстінде екенін хабарлаймыз. Бұл бағытта көп ізденуіміз керек, егер Алла қаласа біз әрине ақиқатты табамыз!
    Бұл мақалада Алихан атамыз қазақ деген сөз қайдан шығыпты деген тақырыпты қозғай отырып, сол кездегі қазақ деген сөзге байланысты - әңгімелердің өтірік екенін айтып өткен. Қазақ сөзі қашақ деген сөзден және қайсақ, халисақ, қыз-ақ деген сөздерден шыққан деген тұжырымдардың барлығы қате екенін айтып, сол дәуірдегі кітаптардан қазақ деген сөздің қайдан шыққанын білуге мүмкіндік жоқ екенін айтып кеткен. Осының шарапатынан біз, «Қазақ» этнонимына қатысты араб және парсы тіліндегі еңбектерде келген деректерді тауып, өздеріңіздің назарларыңызға ұсынып отырмыз құрметті ағайын!
    Ал енді тақырыбымызға оралайық!
    Араб тіліндегі Ибн Манзурдің «Лисан ал-араб» атаулы түсіндірме сөздік кітабында және «Әл-мұғжәм ал-уасит» түсіндірме сөздігінде де «қазақ» сөзінің мағынасы туралы былайша түсініктер айтылған:
    «қазағ» (қазақ) сөзінің мағынасы - бұлттың үлкен бөлігінен бөлініп шыққан кіші бөлігі» дегенді аңғартады. Және араб сөздіктерінің бәрінде де, осы айтылған түсініктемеге қосымша «қазағ» (қазақ) сөзінің мағынасы - үлкен нәрседен кіші бөлігінің бөлініп шығуы» деп түсініктемелер айтылған. Бұл сөз араб тілінде «қазағ» деп айтылғанымен түркілердің тіліне «қазақ» түрінде енген. «Бұрын бөлектеніп кеткен бұлттар бір-біріне қайта қосылады» деген мағынаны айтқан. Демек үлкен бұлттан бөлінген кіші бұлт қайтадан үлкен бұлтқа қосылып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, парсы тіліндегі түсіндірме сөздіктерде де «қазақ» сөзіне «үлкен бұлттан кіші бөлігінің бөлінуі», «бір заттан кіші бөлігінің бөлінуі» деген сияқты мағыналар айтылған. Және мұндағы «бір үлкен заттан бөлініп шыққан кіші бөлігі» өзінің атын да затын да өзгертпейді, яғни оның болмысы да, атауы да өзгермейді. Осындай мағынадағы түсініктемелер айтылған парсы тіліндегі түсініктеме сөздіктің бірі «Деххаданың түсіндірме сөздігі» деген сөздік кітабы. Мұнда да «қазақ» деген сөзге «бір үлкен заттан бөлінген кіші бөлігі» деген сияқты мағына айтылған. Осы араб және парсы тіліндегі «қазақ» сөзіне берілген түсініктемелерді зерделейтін болсақ, бұл сөз «үлкен бұлттан бөлініп шыққан кіші бөлігіне» қатысты айтылғаны белгілі болады. Осыған байланысты түркілердің арасында бір үлкен топтан бөлініп шыққан кіші топты «қазақ дәстүрі бойынша бөлініп шыққан топ» әлде қысқа ғана «қазақ болды» деп атайтын болған. Бұл түркілердің арасында өте кеңінен тараған үрдіс еді. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Солардың бірі Ибн Рузбиханның «Мехман нама-и Бұхара» кітабының 89-бетінде келген. Онда былай деп баяндалады: «Шайбани ханның өзінің үлкен қауымынан аз санды нөкерлерімен бөлініп сергелдең болып жүрген кезіндегі жағдайы туралы: «Бұл қамалдың тұр- ғындары біздің күннен күнге күшейіп келе жатқан мемлекетіміздің құрылуы үшін бірінші болып ынта-жігер таныту белбеуін байлағандар және ансарлар мухажирлерге қолдау көрсеткендері сияқты, көмек пен достық туын осы аймақта ұлы мәртебелінің нөкерлері болып «қазақшылық» дәстүрі бойынша қаңғып жүрген біздің қызметшілеріміз болған қашқындарға көтерген еді» [89-бет]. Осы деректен белгілі болғаны, Шайбани хан өзінің үлкен қауымынан аз санды нөкерлерімен бірге бөлініп шыққан жағдайын «қазақшылық дәстүрі» деп атаған. Міне осыдан «Қазақ» этнонимы қандай мағына аңғартатынын анық пайымдауға болады. Сосын, Мұхаммед Хайдар Дұғлаттың «Тарих-и Рашиди» кітабында айтыл ғандай, Әбілқайыр хан Қыпшақ даласында түгелдей билігін орнатқан кезде оның аталастары болып табылатын Жошы әулетінен шыққан кейбір сұлтандар оны орнынан тайдырмақ болды. Сөйтіп, мемлекетте бүлік жағдайлары орын алды. сонда Керей хан мен Жәнібек сияқты кейбір сұлтандар аз ғана топпен Әбілқайыр ханнан бөлініп Мұғулстанға келді» деген. Міне осындай аз санды (кіші) топтың көп санды (үлкен) топтан бөліну жағдайын «қазақшылық» дәстүрі бойынша бөліну деп атайды. Сөйтіп осы «қазақшылық дәстүрі» бойынша бөлінген топ, көп өтпей қауымы көбейіп жалпы «қазақ» ұлты ретінде аталып кетті. Осы дәуір лерден бастап Шыңғыз хан мен оның ұрпақтары құрған алпауыт мемлекет бірнеше ұлыстарға бөлініп кетті де, «мұғул» сөзінің орнын басқа сөздер иелене бастады. Яғни, ұлыстардың әрқайсысы өздерін басқа атауларымен атай бастайды. Мысалы, «Жошы ұлысыңдағылар», «Шағатайлықтар», «Шайбанилер», «Өзбек ханның ұлысыңдағылар», «өзбектер» , «өзбек-қазақтар», «қазақтар» деген сияқ ты атаулар пайда болып «мұғул» деген атау айналымнан қалды. Мұндай процестің орын алуының ең басты себебі - «тақ пен билік үшін талас» әрекеттері болды. Солайша, таққа таласудың салдарынан, тіпті туысқан бауырлар бір-бірінен бөлініп, өз жақтастарын жинап, бір жағы «пәленшенің жақтастары», екінші жағы «түгеншенің жақтастары» болып соғысатын болды. Осылайша жаңа атаулар пайда бола бастап, арадан біршама уақыт өткен соң өз дәуірінде асқан атақ-даңққа ие болған «мұғул» атауы өз-өзінен жайлап тарих сахнасынан шыға барды.
  • Zábava

Komentáře • 193

  • @kulkistan.kz.
    @kulkistan.kz. Před 2 lety +11

    Керемет Алла тағала еңбегіңнің жемісін көруге жазсын.Еңбегіңнің жемісі -бүкіл әлемнің қазақтың шынайы тарихын мойындауы,өзіңнің бақытты өмір сүруің болсын.

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety +1

      Үлкен рахмет құрметті отандастар!

  • @user-xp3rz4dg3q
    @user-xp3rz4dg3q Před 2 lety +8

    Керемет өзімізді таныдық ақыры аллаға шүкір содан екенда атына саи қазақтар бөлінгіш 🙄👍шындыққа дәл келеді

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety +1

      Бұл ақпарат әлі зерттелу үстінде! Бұл ақпарат дұрыс болмауы да мүмкін! Ақиқатын Алла Тағала біледі.

  • @user-xn9ts2et8z
    @user-xn9ts2et8z Před 2 lety +5

    Енді түсінікті болды

  • @user-vs4ol7kd2d
    @user-vs4ol7kd2d Před 2 lety +10

    Керемет біліп жүретін болдық

  • @user-ed8dq6ii9v
    @user-ed8dq6ii9v Před 2 lety +26

    Машааллаһ керемет! Рахмет сіздерге.

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety +5

      Рахмет Аға!

    • @user-sy2lx7mv3h
      @user-sy2lx7mv3h Před 2 lety +1

      машаллахта басын қалсын. Сен Қазақ емессің несін мәз боласын.

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety +5

      @@user-sy2lx7mv3h - МашаАлла десе қазақ емес болып қалады ма? Ес жинайық ағайын! Біздің бабаларымыз ислам дінін өз еркілерімен қабылдады. Бабаларымыз ислам дінін қабылдап қана қоймай оны бүкіл әлемге жайылуына үлкен үлес қосты. Және ислам дінін дәстүрімізге сейкес келтіріп біздерге мирас етіп қалдырып кетті. Сондай-ақ түркілердің көп сөздері парсы - араптарға енген болса, арап-парсылардың да көп сөздері түркілердің сөз айналымына еніп кетті. Алауыздықты қойып, ауызбіршілікте болайық!

    • @user-pg4gl4ro1d
      @user-pg4gl4ro1d Před 2 lety +3

      @@user-sy2lx7mv3h Надансың.Осындай қазақтар қазақты құртады

    • @user-fk3wg3he5h
      @user-fk3wg3he5h Před 2 lety +2

      @@user-pg4gl4ro1d Ол тәңірші

  • @user-tr8tw3kw5f
    @user-tr8tw3kw5f Před rokem +4

    Керемет ақпарат!

  • @Maksat_Zolboldy
    @Maksat_Zolboldy Před 2 lety +12

    Қандай әдемі! Шіркін менің бабам Асыл текті қазақтың бойында. Пайғамбардың. Қасиеті бар.

  • @asylasyl4445
    @asylasyl4445 Před 2 lety +10

    Әлхамдулилләһ. Міне осындай тарихшыларымыз барын мақтан тұтамын!!! Тарихымызды нағыз шындықты ашып айтатын кез келді. Өзіміз қозғалмасақ орыстар, еуропалықтар, америка секілді елдер тарихымызды бұрмаламаса шындықты жеткізьейді.

  • @user-ny5ef6uo2p
    @user-ny5ef6uo2p Před 2 lety +12

    Қазақ тек қана алға

  • @user-rb4je3st7y
    @user-rb4je3st7y Před 2 lety +4

    Һа деген Қа ол мүхият тындандар деген
    Ол команда ретінде жүрген сөз қай сөздін болсын ҚА ДЕГЕН ЕКІ ӘРІП БОЛСА БӘРІ ТЫНДАНДАР ДЕГЕНДІ БІЛДІРЕДІ МЫСАЛЫҒА:ХАБАР ХАТ ҚАХАН.АЛ САҚ ДЕГЕН ҰРЫСҚА ДАЙЫНБЫЗ ҺА САҚ СЫРТЫМЫЗДАН ТЫНДАП ЖҰРГЕН ҰЛТТАРҒА ҚАЗАҚ БОЛЫП ЕСТІЛГЕН

  • @NAMYS_QAZAQ
    @NAMYS_QAZAQ Před 2 lety +6

    Арап болсын басқа болсын Қазақ атауын әртүрлі ұлт өкілдері өз тілдерімен бұрмалап аитса солаи болу керекпе басқа ұлт өкілдері аитты екендеп енді Қазақ деген атауды өзгерткісі келеме былжырақ олар өз тарихтарын жөндеп алсын көп оттамаи жер бетінде Қазақ бірінші боп жаратылған бірінші боп қаламыз жердің қожаиыны Қазақ жер бетінде таза сөилеитін Қазақтаи халық жоқ іздесеңдерде таппаисыңдар ақымақтар қалаи бұрмаласаңдарда

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety

      Осындай бір пікірдің бар екенін айттық құрметті ағайын! Зерттеу жалғасуда...

    • @user-gw4ei3np3q
      @user-gw4ei3np3q Před 2 lety

      Кай.сахсын.депсураган.казсахпын.дегеннен..шыгар

    • @NAMYS_QAZAQ
      @NAMYS_QAZAQ Před 2 lety

      @@user-gw4ei3np3q қалаи сұрасада ҚАС САҚ ҚАСАҚ ҚАЗАҚ қои солаи емеспе

    • @user-fk3wg3he5h
      @user-fk3wg3he5h Před 2 lety +1

      @@turkiqazaq Шымкент Қаңлы мен Дулаттың Жері. Ғой

  • @user-wg5yj7tm3u
    @user-wg5yj7tm3u Před 2 lety +7

    Осыдан үш мың үш жүз жыл бұрын Қыдыр бабамыз өмір сүрген Қыдыр бабамыздан Алаш ағаштан жайлы,жайылған Қазақ, қазақтан Арыс,Арыстан Қазақтың үш жүзі тарайды қысқасы Қазақ біздің атамыз

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety

      Зерттеу жалғасуда!👍

    • @user-vd8nw6px8k
      @user-vd8nw6px8k Před 2 lety

      Шайтандын созун айтпачы

    • @user-ry6wr7nn4d
      @user-ry6wr7nn4d Před 2 lety

      Ар елі ҒҰН күн империясын құрған.
      Ақ арысы
      Жан арысы.
      Бек арыс.
      Ар (ари)
      Арыс(Ариец).
      Қызыр АТА ӘУЛИЕ НАУРЫЗ мейрамы

    • @qazaq4190
      @qazaq4190 Před 2 lety

      @@user-vd8nw6px8k ТАРИХ ОҚЫСАЙ

    • @Maks-ww8nn6br9f
      @Maks-ww8nn6br9f Před 2 lety +1

      @@user-vd8nw6px8k осы сен дер неге олай қыстырыла бересің дер біздің жеке тарихымызға біз сендерге бұлай қыстырыла бермейміз ғой. Не айтсақта өзіміз жайымызда айтып жатырмызғой

  • @kz3884
    @kz3884 Před 2 lety +8

    Алла разы болсын бауырым қандай жағдай болмасын осы жолыңды тоқтатпа

  • @shnurbolm
    @shnurbolm Před 2 lety +9

    Атам иманды болсын... Айтушы еді, Саха және Сахара халкы бар. Саха Сібірде, Сахара осы Дешті Қыпшақ жері, деуші еді

    • @user-ry6wr7nn4d
      @user-ry6wr7nn4d Před 2 lety

      Сақ-ара-сы (сахара )деп арапша өзгерткен мағанасы САҚ жері арасы.
      Сақ ара-сы (шекара) орысша аударып жіберген.
      Бұқ-арасы САҚ-арасы
      Бухара сахара деп ауыстырып жүр

  • @zhappasqazaq791
    @zhappasqazaq791 Před 2 lety +3

    Ма ша Аллаһ расымен жақсы түсіндірдін бауырым

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety

      УЛКЕН РАХМЕТ СІЗГЕ ДЕ!

  • @user-me1nt9wn8z
    @user-me1nt9wn8z Před 2 lety +8

    Керемет, тек қана алға!!!

  • @treasuremangystauutesov334

    Алтын орданың мұрагері оның төркін қазығы деген. Қазақ сөзі осыдан шыққан

    • @user-gw4ei3np3q
      @user-gw4ei3np3q Před 2 lety

      Арапкулдар.коисандаршы.барлыгын..араппен.парсыларга..тенемеи.осылар.аитты.деп.

  • @user-so9yk1to2e
    @user-so9yk1to2e Před rokem +2

    🇰🇿 АВТОР ӨЗІН ҚҰЖАҚ МҰЖАҚСЫН.
    МЕН ҚАЗАҚПЫН ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ӘСКЕРІ МІН.

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před rokem

      Жарайсың бауырым! Шыңғыс ханның әскері болсаң онда бірге екенбіз

    • @user-so9yk1to2e
      @user-so9yk1to2e Před rokem

      @@turkiqazaq 🇰🇿 АВТОР МЫРЗА ҚАЗАҚТЫ МҮЛДЕ МАЗАҚ ҚЫЛДЫНДАР ҒОЙ.
      ШЫҢҒЫСХАН ӨЗ ӘСКЕРІН ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖАСАҚ ДЕП АТАҒАН.
      ҚАЗАҚ ОЛ МЕМЛЕКЕТТІН ШЕКАРАСЫН ЖӘНЕ БАСҚА ЕЛДЕРДЕ БИЛІК ҰСТАП ТҰРАТЫН ӘСКЕР.
      ЖАСАҚ ОЛ ХАННЫҢ ЖЕКЕ ӘСКЕРІ. ХАННЫҢ ГВАРДИЯСЫ. ХАННЫҢ БИЛІК ӘСКЕРІ.

    • @user-so9yk1to2e
      @user-so9yk1to2e Před rokem

      @@turkiqazaq 🇰🇿 czcams.com/channels/iqP2ky5bivdxEMJTO9-fgQ.html
      СЕНДЕРДІҢ ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫН МАЗАҚ ҚЫЛҒАНДАРЫНА ШЫДАЙ АЛМАЙ ҚАЗАҚТЫН ТАРИХЫ ВИДЕОЛАРДЫ ШЫҒАРДЫМ. ОСЫ НЕГІЗДЕРГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП СЕНДЕР ӘРІ ҚАРАЙ ДАМЫТУ КЕРЕКСІНДЕР.

  • @user-mj2wp9bu6q
    @user-mj2wp9bu6q Před 2 lety +3

    Өте дұрыс айтасыз,қазақ тарихы көбіне арабша парсыша таза жақсы жазылғаны,бұрмалау жоқ,

  • @zhappasqazaq791
    @zhappasqazaq791 Před 2 lety +3

    Рахмет бауырым

  • @user-gn6hu9rl6o
    @user-gn6hu9rl6o Před rokem +2

    Казақтың ата тегі сақтар. болған өте жауынгер, мықты, рухты, ешбір жеңілмеген тайпа, ру, болған содан шыққан қазақтар, қас сақ деген сөзден шыққан, қас деген өте мықты рухты деген мағына берген содан, кассақ деп аталып, содан қазақ аталған, бертын келе, неге өзге елді араластырасыңдар.Араб қайда біз қайда. Дұрыс жазу керек тарихты.

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před rokem

      Бұл тақырып әлі зерттелуде! Хас сақ деген нұсқа шындыққа өте жақын, ақиқат болуы әбден мүмкін! Сол себепті осы нұсқа жайлы ғылыми түрде деректер жинаудамын!

  • @user-Riza
    @user-Riza Před 2 lety +4

    дұрыс мен бір кітаптан оқыған ем нұқ пайғампардың 1ұлынан 3-4қауым болінген соның бірі қазақ негізі қазақ сөзі ең алғаш сард делінген бірақ сард сөзі былағат боқтық соз деп түсініп қаз -ақ деп аталған кейін қазақ депайтылды делінген, бәрін Бір Алла біледі орыстар біздің тарихты жоймағанда осылай тарихымызды әр елден жалынып сұрамаста едік

    • @qazaq4190
      @qazaq4190 Před 2 lety

      Именно мынау айтқаның қате

  • @talapamirkhanov9089
    @talapamirkhanov9089 Před 2 lety +6

    Жуырда орыс тарихшысы ның тужырымын тыңдадым.Слово "ХАЗАР соответствнно современному слову КАЗАХ" . Сонда мынандай ой туды. Дурыс түсінсек мағанасы бір ХАЗ--КАЗ нағыз, дәл, тура(настоящий) магананы түсiндiрcе , ал АР-ак, пәк,таза дегенді білдіреді. Бері келе арада 5-6 ғасырдан соң АР -(Көк-Танiрге дейін адам-зат Күн кудайын АР-деп атаған, жарқыраған ап-пак, тап-таза) терминнің орнына АК- деген жалғауын колданып өмір салты уксас халықтар болғандыктан әрi карай жалғасын тапкандай болды. Халық өзінің дiлiне(менталитетіне) байланысты солай атаганды жөн көрген сиякты Казах халқының салт-дәстүрлерінiн барлығын еске түсірсек айдан анық түсінікті болады.

  • @user-ud7no4qr4n
    @user-ud7no4qr4n Před 2 lety +3

    Бір көкеміз мархум болған оқытушы еді , өзінің бір мақаласында ұмытпаса м қазақ сөзі қайдан шыққаны жөнінде жазған еді , сол мақалада ерте бір замандарда Аққағаз деген патша болған , екі жақ қарсы келіп соғысарда Аққағаз паша әскерлері аққағаз аққағаз аққағаз деп ұрандағанда жау жағы қазақ қазақ деп естіген көрінеді , сөйтіп Аққағаз патша жеңіске жеткен нен кейін , жеңілген жау жағы бұларды қазақтар деп атап кеткен деседі . Аңыз.

  • @user-pg4gl4ro1d
    @user-pg4gl4ro1d Před 2 lety +5

    Түркі қазақ Біздің ата бабаларымыз қай тілде сөйлеген сол жайлы түсіндіріп кетсеңіз.

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety

      Жарайды! Біздің бабаларымыз ертеде көне түрк тілінде сөйлеп, түрк жазуымен жазатын болған.

  • @user-fw1iw9lu1e
    @user-fw1iw9lu1e Před 2 lety +6

    Сонда бізге атты арабтар немесе парсылар берген ба ондай жорамалды қойыңдар халықты адастырмаңдар Қазақ Қаған Бабамыздың қаһарына ұшырап жүрмеңдер

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety +1

      Зерттеу жалғасуда...

    • @user-gw4ei3np3q
      @user-gw4ei3np3q Před 2 lety +4

      Осындай.арапкулдардан.кашан.кутыламыз.сандырактама.оттамашы.уйалмайсынба.тарихшы

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety +2

      @@user-gw4ei3np3q - Мен сіздің не айтқыңыз келіп отырғанын түсініп отырмын! Қазақ деген сөз араптың сөзі болғанымен біздің сөз айналымға етене араласып кеткен. Қазақ деген атауды араптар немесе парсылар берген жоқ! Түркілердің өздері үлкен топтан бөлініп шыққан кезде өздерін қазақ деп атаған. Шайбан ханның өзіде қазаққа сай бөлініп шықты деп айтылуда. Демек бөлінген топ өздерін қазақ деп атаған. Бұл қазақ деген сөз түркілерге 8-9 ғасырлардың өзінде ақ еніп кеткен еді. Бұл жерде арап құл деп айту мүлде орынсыз! Себебі түркілерге араптардың мыңдаған сөздері еніп кеткен.Сіздіңше Сол сөздерді қолданып жүрген адамның барлығы арапқұлма сонда? Егер солай деп есептесеңіз онда сізде арапқұл болғаныңызғой.

    • @user-xt3rg4cl9j
      @user-xt3rg4cl9j Před 2 lety +6

      @@turkiqazaq ТҮРКІЛЕРДЕ АРАПТЫ НЕШЕ ҒАСЫР БИЛЕДІ .АСИМЛЯТСИЯ КӨП .АРАПТЫҢ ӨГЕИ БАЛАСЫ БОЛҒАНДЫ ҚОЯИЫҚ .ҒАЛЫМДАР ЗЕРТТЕИ ТҮССІН .

  • @user-bs4tn4yo4x
    @user-bs4tn4yo4x Před 2 lety +4

    Кыргыз казак бир тууган.

  • @user-cu4vf5zh2c
    @user-cu4vf5zh2c Před 2 lety +3

    өте нанымды жүйелі зерттеу екен қазақ атануға осы мақала жеткілікті сйақты

    • @user-so5cp1wy4i
      @user-so5cp1wy4i Před 2 lety

      Сндерге кілең біреулер аитады екен өз атыңнан сөилесеиш.

    • @user-cu4vf5zh2c
      @user-cu4vf5zh2c Před 2 lety

      @@user-so5cp1wy4i жеткен ақылымыз солғана...

  • @user-yc5fr3re2f
    @user-yc5fr3re2f Před 2 lety +3

    Кыртыган ролик Хаз деген қыпшак тiлiнде бipлiк мағынасын бiлдipет, ал ақ деген бipлiк таза пәк болсын деген сонда дүрысында Хазақ болу керек. 1942 ж история казахской республики с древнейших времён деген кiтапта жазылған, Сталин оны оқып өзгерістермен 1946 шығарды.

  • @user-zu2hk7zd7x
    @user-zu2hk7zd7x Před 2 lety +3

    Кішкентай кезімде,ол кез 80-90 жылдары бір жыртылыңқырап қалған газеттің бір тақырыбына көзім түсті. Ол кезде де осы сұраққа жауап іздеушілер болған болса керек. Көптеген версиялар бар. Осында коментарияларды оқып отырсам сол кезде де соған ұқсас әңгімелер болған. Соның ішінде шындыққа жанасатыны: жетінші ғасырдың аяқ жағы сегізінші ғасырдың бас жағында орта азияға Ислам діні келе бастады. Ол кезде жергілікті халық отқа, суға, әр түрлі тотемдерге, кейбіреулері көк аспанға табынып жүрген кездері еді. Кейбір деректерде христиандықтың да қалдықтары болған дейді. Каспий теңізінің жағалауындағы Хаспий тайпасы мен орта азияның көп бөлігін алып жатқан Сақ тайпалары бірігіп, біз отқа, суға, әр түрлі нәрселерге, көк аспанға табынбаймыз, біз тек бір Аллаға табынамыз деп данышпан ата-әжелеріміз алғашқылар болып бөлініп шыққан. Хаспий Сақ тайпалары ХасСақ болып бірігіп, күні бүгінге дейін Қазақ деген халық болып келеміз. Бізде мұсылманшылық Ислам ата дініміз дейтіні содан. Бұл фактілер кейбір грек, кейбір арап саяхатшылардың күнделігінде бар. Енді бұл тарихты осыған дейін жеткізіп келген үлкендер о дүниелік болды. Олардан кейінгі кейбір аға буындар бұны дұрыс түсіндірудің орнына кеңес үкіметінің атеизм кітаптарын пайдаланып жастардың басын басқаша қатырып жүр.

    • @Maks-ww8nn6br9f
      @Maks-ww8nn6br9f Před 2 lety +2

      Ассалаумалейкум аға мен де сіздің пікіріңізді құптаймын. Хас-сақ деп аталды басында қазақ хандығы. Орыс, арап, кытай дан сұрап керек емес. Біз білеміз сақ ұрпақ тары екенімізді. Хаспий теңізінің жағасын да ежелгі ден біздің ата бабаларымыз өмір сүріп келе жатқанын да білеміз.

    • @Maks-ww8nn6br9f
      @Maks-ww8nn6br9f Před 2 lety +2

      Ассалаумалейкум аға мен де сіздің пікіріңізді құптаймын. Хас-сақ деп аталды басында қазақ хандығы. Орыс, арап, кытай дан сұрап керек емес. Біз білеміз сақ ұрпақ тары екенімізді. Хаспий теңізінің жағасын да ежелгі ден біздің ата бабаларымыз өмір сүріп келе жатқанын да білеміз.

  • @user-bx8ss4ix1f
    @user-bx8ss4ix1f Před 2 lety +5

    🇰🇿💪

  • @user-qe4oj1kf7c
    @user-qe4oj1kf7c Před 2 měsíci +1

    Біз сақ ұрпақтарымыз Қа деген сөз ұлы мағынаны білдіреді мысалы қаған ұлы қан содан қасақ ұлы сақ осыдан қазақ Жәнібекпен Керей болінгенде сол көне заманнан кележатқан өз атымен атады

  • @user-hp8fv8ws5r
    @user-hp8fv8ws5r Před 2 lety +2

    Казак 3300 жыл бұрын өмір биз Казактын урпактары боламыз

  • @kokturik6525
    @kokturik6525 Před 2 lety +3

    👍👍👍🤔🤔🤔

  • @karamatdinmasharipov4512
    @karamatdinmasharipov4512 Před 2 lety +3

    Казах сози-Казы-хак Разы-хак Кара-Алип-хак созинен келип шыккан Менкараалпакпан казы-яклы урыуы Казы-дау-жанжелди шешетин суд

  • @zharqynmereke9238
    @zharqynmereke9238 Před 2 lety +7

    Ассаляму Алеикум. QazaQ созi - Араб тилинен Азат, Еркiн деген магынаны билдирет деп естип едим.

    • @user-fw1iw9lu1e
      @user-fw1iw9lu1e Před 2 lety

      Жарқын бауырым қазақ дегенді не үшін алтынмен белгілеп қойдың алтынмен берілмесе ұқпаймыз ба

  • @user-oc4xk7ff7x
    @user-oc4xk7ff7x Před 2 lety +2

    Қазақ сөзі бөлінү деген емес бірігу дегенге көбірек келетін сияқты. Сақ тайпаларының қосылуы дегенге келеді Яғни Қос Сақ қосылған, біріккен сақтар дегенде тұжырым да бар.

  • @dabel8395
    @dabel8395 Před 2 lety +1

    Сонда бүгінгі Қазақтардың алты бақан алауыз болып ,қырық пшақ болып қырқысып бірікпей жүру себебінің түп тамыры арыда екен ғой

  • @user-xt3lp8vy4w
    @user-xt3lp8vy4w Před 2 lety +1

    Қазақта қас деген сөз бірнеше ұғымды білдіреді Қас батыр, қас сұлу, қас жауым, қасы қиылған. Жауынгер батыр. Қас сақ-жауынгер сақ дегенді білдіреді. Қас жауым . Жау келді. Жау әскері. Түбінде қассақ сөзінің түбірі Жауынгер сақтар. Мысалы қай атауына біздің тарихшылар мән бермейді. Қай .атауын терең зерттесе біраз нәрсенің беті ашылады. Мен қай атауын зерттеп көргенмін. Қайсақ біздің атымыз. Қай- Сақ, .Сақ Қайлары. Нуқай - көөөп қайлар( ноғай, ноғайлы. Ну орман. Ну сөзі тек қазақта бар. Мысалы біз жыр-жырлау десек басқа түркілер ыр-ир, ырлау дейді. Біз ж әрпіне басымдық береміз. Мен орыс шовинистеріне Кап каз деген сөз қайдан шыққан деп сұрақ қоям ал олар жауап бере алмайды. Біз қазақтар кавказ тауларын қаптауы дейміз. Кав- қап. Ал каз не. Қап каз осы жерде бір кілтипан бар. Ойланып көрейік ағайын. Қазақ атауын араптан келді дегенді қойыңыздар ағайын. Бұл түркі қыпшақ сөзі.

  • @SHezHire2023
    @SHezHire2023 Před 2 lety +3

    Брат 12 АТАБАЙҰЛЫ бірлестігінің ішіндегі 《БЕРІШ 》 руы жайлы Ақпарат беретін Видео шығарсаңыз .

  • @user-qk8jw2ov2q
    @user-qk8jw2ov2q Před rokem +1

    ӨЗ ТАРИХЫҢДЫ БІЛІП ЖҮЗ.

  • @user-bc7yw8kt2h
    @user-bc7yw8kt2h Před 2 lety +2

    О дуниеге таза ак болып отуди катты устанган халыкпыз еврейлери бар христиандары даже мусылмаан парсы мемлекетери кытайлар жонгарлар обшем жанжактан орыстардын озбектердин улеси орасан куртты казах алкын мине солай бауырлар

  • @elpaso5298
    @elpaso5298 Před 2 lety +1

    Автор катты айткам болсам кеширим сураймын. Бирак онсызда бизди мазак кылгысы келген улттарга бул кушти бир далел сиякты ауздарына шайнап берип отырсын. Озин билетин шгарсын биздин бир тугандар дейтин бауырлар осындай жерде кулактарын турип отрад осыны далел ретинде ертен ар жерге сала береди "мине казактар оздери де мойындап жатыр деп". Касак сози ар тилде ар турли магнаны билдиреди магнасы бири-бирине мулдем жакын емес.

  • @marufjonabdullaev4177
    @marufjonabdullaev4177 Před 2 lety +3

    Бир сорак бар казак халки сани неге аз ким биледи?

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety

      1 себеп. Қазақ халқы өзге ұлттарға қарағанда көп соғысқан (қазақ-Жоңғар соғысы, Рессей патшалығына қарсы соғыстар)
      2 себебі. СССР - Қазақтарды қырып, бірнеше рет геноцид ұйымдастырған, ашаршылық ұйымдастырып, миллиондаған қазақты қырып жіберген

    • @qazaq4190
      @qazaq4190 Před 2 lety

      Орыстар қазақты қырған, ашаршылықта қазақтың жартысынан көбі өлді

    • @altmus7289
      @altmus7289 Před 2 lety

      Өзбек депжазылып кеткен қазақтың саны Өзбекстанда 50% . Жоғарыдағы комментатыршылардың айтқанына қосыла отырып , Совет үкіметі Семей жақта 460 атом бомбасын жарып , халқымыз айықпайтын ауруларға шалдықты( рак) Әлі күнге дейін зардабын шегіп келеміз. Және сол кездерде қазақтарды үлкен қалаларға пропискаға тұрғызбады, бұлар оқымасын- алға ұмтылмасын деген орыстың астыртын политикасы жүр
      Іп жатты.

  • @user-rc9vj7iu5f
    @user-rc9vj7iu5f Před 2 lety +2

    Таяуда парсы елінің архивінен, бір ғалым қазақ қызы қыпшағы бар жане екі үш ру аталып осы "қазақтар шабуылдап" деген сөз осыдан мың жыл бұрын жазылған деректі неге ескермедіңіз

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety +1

      Жақында осы видеоға қосымша видео шығарамын, толықтырамын. Қазақ сөзінің түбірі өте көнеде жатыр, ол сөз араптардың немесе парсылардың сөзі емес әсілінде. Жалпы келесі видеода айтып өтемін Құдай қаласа!

  • @user-tv9fp3cj1w
    @user-tv9fp3cj1w Před 2 lety +2

    Бөлінбёй кете берсе болады екен...

  • @user-lk2sk7gu4x
    @user-lk2sk7gu4x Před 4 měsíci

    Сақ бол -будь осторожным оставайся свободным сақтар -свободные. Сақ-свободный. Культура степной демократии когда всем родом могли откочевать к более человечному хану, практиковалась до чингисхана и после него, последняя такая практика степной демократии культуры кочевников была при Керей хане и Жанибек хане откочевавших от Абулхаир хана.

  • @welderprofil9990
    @welderprofil9990 Před 2 lety +2

    Сһақ-Сақ,аты айқайлап айтып тұрған жоқ па,Саһ ұл , Қазы,һақ,Қасс(з)ақ деп.

  • @kokturik6525
    @kokturik6525 Před 2 lety +2

    🇰🇿🇰🇿🇰🇿 🤔🤔🤔 🤲🤲🤲

  • @user-xf4wr7wf8p
    @user-xf4wr7wf8p Před 2 lety +1

    Казак

  • @user-xf4wr7wf8p
    @user-xf4wr7wf8p Před 2 lety +1

    Адам атанын 1 шы улы яджут 2 шы улы маджут 3 шы улы казак (турык)

  • @user-bc7yw8kt2h
    @user-bc7yw8kt2h Před 2 lety +2

    Казак деген созди ананы айтып мынаны айтып далбаласамандан казак деген соз казасы ак ниети таза сондай бар жагынан ак болган олген деде ак болган содан казасы ак деген халыктын барлык минталитет бари салты бари ак олгенде таза бартын халык болган содан казасы ак казах деген

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety

      Осындай пікір бар екенін жеткіздім. Дегенмен Зерттеу жалғасуда...👍

    • @user-xu2jq2cz4n
      @user-xu2jq2cz4n Před 2 lety

      Қазақ дегенді ер сақта жүгіріп керек емес.Қазақ деген ат Командалар бері бар Қолданыста

  • @user-ui1ul2zc7o
    @user-ui1ul2zc7o Před 2 lety +2

    аққаз деген сөз ден келген деиды

    • @qazaq4190
      @qazaq4190 Před 2 lety

      Ол қазіргілердің сандырғы

  • @modkz9489
    @modkz9489 Před 2 lety +2

    Қазак Түркия бұрында соғыстыма соғысса түсірсе шығарынышы

  • @user-hw6zq3pp7k
    @user-hw6zq3pp7k Před 2 lety

    ҚА - з - АҚ атауы екі дүниенің қуаты.
    ҚА -қуаттың күн нұрынан затқа айналуы
    З - нұрдан, көк әлемнен заттың пайда болуы.
    АҚ - нұр мен көктен пайда болған заттан, адам қуатына дейінгі деңгейдегі қуаттың күрделенуі жатыр.
    Толық түсінік беру үшін, тыңдаушы кванттық медицинаны түсінуі керек.
    АЛТАЙ деген ұғым да да осы сияқты сөздің тегі жатыр.
    Алты саны мен АЙ.
    Алты - тұқым қуалайтын макромоллекуланың электрондық каркасы.
    Ай -тірі жаратылысқа, соның ішінде адамға жағдай жасайтын ЭМТ( шағылысқан) сәулені ескеруіміз керек.
    Қазақ тарихы, тек қазаққа- ғана керек, басқа ұлт кері айналдырады.

  • @user-iz6do6mw4r
    @user-iz6do6mw4r Před 2 lety +4

    Қазақ болып қалайық

  • @alpamyskabbul3118
    @alpamyskabbul3118 Před 2 lety +2

    Админ Жошының меркіттердің баласы болуы МҮМКІН деген дерек барма?

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety +4

      Жошы хан Меркіттерден туылды деген өтірік ақпарат

    • @user-fk3wg3he5h
      @user-fk3wg3he5h Před 2 lety +1

      @@turkiqazaq Арғын Қоңырат бір туған ба?

  • @aiym_ksnv
    @aiym_ksnv Před 2 lety +2

    Не туралы

  • @erkhanatdosimbek3286
    @erkhanatdosimbek3286 Před 2 lety +4

    Қазақ сөзінің мағынасы көшпенділер деген мағынаны қамтитын сөз құрамын нан шыққан және айтқан ныңдай арап парсы сөзіне тән. Негізгі шығу тегі Хассах сөзі

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety +1

      Зерттеу жалғасуда!👍

    • @user-xu2jq2cz4n
      @user-xu2jq2cz4n Před 2 lety

      Қазақ деген ат Әлімсақтан бері бар .Әр жаққа жүргізіп қатысқандар. Т

  • @user-dv4xv2px8e
    @user-dv4xv2px8e Před 2 lety +1

    Альтернатива слова "қазақ" , қаза - погибнуть , қазақ - пожертвовать зашищяя родину,страну,народ...Смысле "воин".казаковать- воинствовать. Орыс-қазақ=русски козак , то есть военозированое население , у русских военное сословие . Қазақом стали окончательно называтся как самоназвание, начиная после поражение Абулхаира 1457 году от жунгар , Керей и Жәнібек ханы собрав боеспособных части население , стали именоваться "қазақ"- военны,воин ,выдвинулись в восточную часть ханства , чтобы остановит экспансию жунгар ,.начиная с этого времени ,начался противостояние с жунгарами , продлившися более 300 лет с названием қазақ-воин , так был закреплен самоназвание "қазақ" подтверждены и привиты испытанием несколькими веками битвах ,боями ,что уже эабыли значение название қазақ ,что бои , стычки,битвы стали , как правило обычным ,повседневным явлением . Результат :300 лет воины қазақ потерял огромную часть население , истощёны были ресурсы , ослаблены и были в упадке прозводство , уже не смог оказать достоиную сопротивление и в течени.века окончательно стал колонием россии . Жунгары были частично истреблены манжурами и оказались в составе манжурской династи...

  • @elpaso5298
    @elpaso5298 Před 2 lety +3

    Не деп куып отырсыз ежелги карталардагы кассак кассакиа деп боска атамаган. Лукоморье деген жерди кассактар иелеп кошпенди омир сурген екен. Ал Лукоморье деген казир ол атау жок болганы мен бурын ресейдин территорияснда жайласкан сол жерде кассактар мекендеген ежелде. Казак сози осы кассак созинен келип шыккан оте ежелги атау негизи. Бирак казирги озимиздин тарихшысмактар араб араб деп куып жур али толык аныкталмаган соган карамай уже шешим шыгарып казак созин кангыбас дегенди билдиреди дейди. Коп шетел зертшилери казак созин кассак бурынгы сактардан келип шыккан деп жатса, биздин топас арабкулдар казак сози кангыбас дегенд билдиреди дейди. Осылай оз тарихмызды жокка шгарайык агайын.

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety

      Бұл тақырып әлі көп зерттелуі тиіс, осындай бір тұжырым бар екенін білгеніміз жөн! Бұл тұжырымнан біз қазақтар арап болып қалмаймыз! Ақпаратқа ашық болуымыз керек. Барлық нұсқаларды зерделеп ақиқатын табатын боламыз Құдай қаласа.

    • @abdusamat4688
      @abdusamat4688 Před 2 lety +1

      Арапқұл деген жоқ нәрсені айтпаңдар. Алланың құлы, кім арапқа құл болып жүр, кәпірдің сөзін сөйлемеңдер қазақ болсаңдар. Қазақ мұсылман Әлхамдулилләһ.

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety

      @@abdusamat4688 - Самат дұрыс айтасыз, Бабаларымыз ислам дінін өз еркілерімен қабылдады, Бізде солардың жолын жалғастырушылармыз!

  • @user-js6zv4ff5c
    @user-js6zv4ff5c Před 2 lety +1

    Сендер тарихсымақшылар қазақ халқының тарихын әбден сәмсіретіп жібердіңдер, сендер білмесеңдер елдің миын ашытпай жайларыңа неге жүрмейсіңдер.

  • @user-vt2id6us7r
    @user-vt2id6us7r Před 2 lety +1

    Т хорошая

  • @user-if9mi4dy8d
    @user-if9mi4dy8d Před 2 lety +2

    дурыс айтты деп ойлаймын ...
    бөлінгенді бөрі жейді..
    қазақ болсаң мазақ болсың...
    көрген кунің азап болды...

  • @user-zt4qr5uc8w
    @user-zt4qr5uc8w Před rokem

    Неге қазақтар өздерін қазақша нмес арапша атаған.

  • @Maulen-rc1ds
    @Maulen-rc1ds Před 7 měsíci

    Мына бір ыңырсыған музикнаы өшіріп тастаңызшы сөз дұрыс естілмей тұр.

  • @user-xn9ts2et8z
    @user-xn9ts2et8z Před 2 lety +2

    Сонымен үлкен қауымнанШыққан кіші бөлігі,тобы.Араб,парсы жазбаларынан

  • @NurpeisKuatbekov-ni1bs
    @NurpeisKuatbekov-ni1bs Před měsícem

    АРАПҚҰЛДАР ОТТАМАҢДАР

  • @user-co8zq6jw1f
    @user-co8zq6jw1f Před rokem

    Парсыда арабта неміз бар.Сөзіміз солардан шықпаған шығар.Негізі бұл кезінде жерден ор қазып аң аулаған аңшы тайпадан шықты деп болжайды.қазушылар қазатындар қаздар деп .Олар садақшы найзамен жүреді.Сол еркін қаз тайпасы дегеннен шықты дейді.Көңілге қонымды.Ал сен болсаң араб пен парсыдан шығарып қойдың

  • @elpaso5298
    @elpaso5298 Před 2 lety

    Артына адеми ауенди койып осылай казакты жерге урып жатырсыз. Ал биздин анкаулар не жеп жатканына карамай жута береди. Колымызда турган тарихмызды жок кылып аламыз бул кетисте. Бйликте оган коса кейбир топас тарихшлармыз да казактын тарихын жок кылуга ат салысып жатыр. Озбектер биздин тарихмызга кем дегенде 3мын жыл дейди. Кыгыздар жур оздерин ежелги ултпыз деп. Ал биздин анкаулар казактын тарихына 550 жыл дейт. Оны тагы официально айтып жур барынша таратып.

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety

      Аймырза Талапин - осы бойынша түсініктеме видео жасаймын, Сіз әңгіменің төркінін түсінбеген екенсіз!

    • @elpaso5298
      @elpaso5298 Před 2 lety

      @@turkiqazaq Жасаныз

  • @user-fd4kx2rk8c
    @user-fd4kx2rk8c Před 2 lety +1

    Арабтардың ұраны Қазақ болған Қазақ деп жауға шапқанда бәрін жеңіп шыққан

  • @user-ct3fh7mx8z
    @user-ct3fh7mx8z Před 2 lety +2

    АЛЛАТАҒАЛАМ ҚУРАНДА УЛТ ТУРАЛЫ АДАМДАРДЫ УЛТ УЛТҚА БӨЛДІМ, ДЕП АНЫҚ КӨРСЕТПЕДІМЕ? АЛ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ҚАЙ УЛТТЫ СҮЙСЕҢ СОЛ УЛТТЫҢ САПЫНДА ТІРІЛЕСІҢ ДЕМЕДІМЕ!?..

  • @aidaberdaliyeva160
    @aidaberdaliyeva160 Před 2 lety +2

    QaSaq - Ùly Saq дегенди билдиреди. Калганы, былшыл.

  • @NurpeisKuatbekov-ni1bs
    @NurpeisKuatbekov-ni1bs Před měsícem

    ОТТАПСЫН МАЛҒҰН .АРАПТЫҢ ҚАТЫСЫ ЖОҚ

  • @user-vw5id6kq8k
    @user-vw5id6kq8k Před 2 lety +1

    Ойларына не келсе соны айтатын болды ғой.Казак халкын кураган рулар Абылкайыр хандығынан 1465 жылдары болинип шыкты.Оган дейін казак деген атау шыкпаган.Казак атауын баска улттардын сөздер мен шатаструдын кажети жок.КАЗАК АТАУЫН БИЗГЕ корши түркі тайпалары коюы мумкин.

    • @qazaq4190
      @qazaq4190 Před 2 lety

      АЙ АҚЫМАҚ ТАРИХ ОҚЫ, АЙ АҚЫМАҚ

  • @user-hb3rd9sz2w
    @user-hb3rd9sz2w Před 2 lety +6

    Слово казах от слова Качак беглец . Потому что 550 лет тому назад от улуса Узбеков султаны Кирей и Жанибек отделили часть кочевых племен Узбеков и откочевали к Могулскому хану. Их называли Узбек казахами беглыми Узбеками и через сотни лет их назвали Казахами и ханство назвали ханством Казахов.

    • @user-et1xm3mq5v
      @user-et1xm3mq5v Před 2 lety

      Если ты тюркоязычный человек, такое не написал бы. Потому что, смысл слова не понимаешь.

    • @user-rc9vj7iu5f
      @user-rc9vj7iu5f Před 2 lety

      Тіл білмей, оттай берме

    • @qazaq4190
      @qazaq4190 Před 2 lety

      Мәңгүрт

    • @user-hb3rd9sz2w
      @user-hb3rd9sz2w Před 2 lety +2

      @@qazaq4190 от Манкурта слышу , притом тупого Манкурта !

    • @qazaq4190
      @qazaq4190 Před 2 lety

      @@user-hb3rd9sz2w ИТ ТЕРІҢДІ БАСЫҢА ҚАПТАЙМЫН СУКА

  • @elpaso5298
    @elpaso5298 Před 2 lety

    "Улкен булттын бир болеги екен дейди, кейин кайтадан сол бултка косылады екен дейди". Ангименин ток етери бизди кангыбас кашак угнетенный улт ретинде корсетип койыпты. Осыны мактанып адеми ауен койып видео кылып шгарып откан сендер нагыз акмаксындар!

  • @user-vd8nw6px8k
    @user-vd8nw6px8k Před 2 lety

    Чечеси Калмак

  • @samsungj2core391
    @samsungj2core391 Před 2 lety

    Сандалма автор ... шежіре бəрі жазылған ... қазақ тек қана өз ата бабасының атын атаған ... ауыз менікі деп бықсыма ...

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety

      Әдепсіз адамның сөзі ғой бұл! Сыпайы айтуға болмайды ия! ))

    • @samsungj2core391
      @samsungj2core391 Před 2 lety +1

      @@turkiqazaq ақиқатты атап өткен авторға басқа айтарым жоқ ...

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety +2

      @Ayazbek Nusipov - Қазақ деген сөзді - Клетканы қаз деп тұжырым жасаған ба! ))))
      Айналайын ардақты бауырлар, не айтсаңдарда ренжімейміз! Зерттеуді жалғастырыңыздар! Ізденумен ақиқат табылады Құдай қаласа.

    • @samsungj2core391
      @samsungj2core391 Před 2 lety

      @Ayazbek Nusipov надан шежірені зертте ... қаз екенің көрініп тұр ...😎😎😎

    • @user-fk3wg3he5h
      @user-fk3wg3he5h Před 2 lety +1

      @@turkiqazaq Тоқтар абыз

  • @user-vd8nw6px8k
    @user-vd8nw6px8k Před 2 lety +1

    Казактын Атасы Кыргыз

    • @turkiqazaq
      @turkiqazaq  Před 2 lety +4

      *АЙТЫС - ТАРТЫСТЫ ТОҚТАТАЙЫҚ АҒАЙЫН! ҚЫРҒЫЗ - ҚАЗАҚ БІР ТУҒАН! БІР-БІРІМІЗДІ СИЛАЙЫҚ!*

    • @user-fw1iw9lu1e
      @user-fw1iw9lu1e Před 2 lety +2

      Мүмкін қырғыздың атасы қазақ болар

    • @user-vd8nw6px8k
      @user-vd8nw6px8k Před 2 lety

      @@user-fw1iw9lu1e Казак деген тарыхта жок 1800 жылда кыргыздан тарап казак болгон а биздин 3000 мин жылдык тарых бар

    • @user-fw1iw9lu1e
      @user-fw1iw9lu1e Před 2 lety +1

      @@user-vd8nw6px8k Біздің ата тарихымызда қырғыз найманмен Керейдің 17қызынан тарайды сонда ҚАЗАҚ кімнен тарайды

    • @robertclark8238
      @robertclark8238 Před 2 lety

      @@user-vd8nw6px8k кірқыздың атасы Қазақ сорлы біліп жүр осыны