Кең таралған баталар. Бата сөздің анасы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 28. 07. 2023
  • Әуелі Алла оңдасын,
    Сапар шықсаң басшы боп,
    Қыдыр ата болсын жолдасың.
    Шүкірлік ет Аллаға,
    Пейіліңді шайтан алмасын.
    Бақыттты болсын ұл-қызың,
    Жоғары болсын жұлдызың.
    Бата сұрап қол жайсаң,
    Әдет-ғұрыпты сыйлаған,
    Дәстүрлі қазақ ұлысың,
    Көпке өнеге жастарым,
    Кең жайылсын ырысың.
    Бата алсаң жақсыдан,
    Алланың сүйген құлысың.
    Риза болсын мейманың.
    Орнына келсін жиғаның.
    Көпшіліктен бата алсаң,
    Мұратыңа жетерсің.
    Жомарт болсаң тірлікте,
    Қуанышпен өтерсің.
    Осы берген батамды,
    《Қабыл болсын》 дегендер,
    Ықыласпен қолын көтерсін.
    Денің сауда бата алсаң,
    Дегеніңе жетерсің.
    Әумин!
    (Бата дарып, бақ қонсын кітабынан. Ө.Озғанбай, К.Бекмағанбет)

Komentáře • 2