Марат Отаралиев "Перзентімін даланың"

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 22. 08. 2024
  • «Мен дүние сұлулығына, табиғатқа керемет ғашық екенмін. Менің тентегімнің өзі бұлақтың, самалдың тентектігі сияқты» деп ақынның өзінің қарасөзімен басталатын бұл сөзіннен ақын Отанына адал екенін, туған даласының шынайы перзенті болғанын дәлелдейді.
    Шырқайды таңнан тал әнін,
    Өмір дос көкшіл көктеммен.
    Дүние -ай, осы даланың,
    Бұлбұлы болып кетсем мен- дей отырып ақын өлеңде туған даласының арайлы таңын, көгілдір көктемін, жазиралы кең даланың өзін әнші бұлбұлына теңеген. Табиғаттың сұлулығын қыздың сұлулығына нәзіктігіне баулыған. Ақынның бейнесі, болмысы оның өлең жолдарында айқын көрініп тұр. Өз Отанынның шынайы перзенті «От шашып өткен өр кеуде» болғанын ұқтым.
    «Бұл өлең 1964 жылы 19 сәуір «Таң Шолпан» журналында жарыққа шыққан. Осыған орай, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, композитор, өнертанушы ұстаз Мәдір Қуандық былайша ойтолғайды. «Ертеректе аяулы ағамыздың бір топ өлеңі мен жазған хаттары «Жалын» журналында жарық көрді. Өлеңдер ерекше әсер еткен болуы керек, артынша «Тағдырмын ерте жоғалған» кішкене графикалық композиция өмірге келді (1994-1999) Сол тұста Ағаның «Шырқайды таңнан тал әнін, Өмір дос көкшіл көктеммен, Дүние-ай осы даланың,Бұлбұлы болып кетсем мен»-деп келетін өлеңіне ән де жаздым.Талантты ақын бауырым, марқұм Нұрлан Қосымбаевпен кеңесе отырып әннің атауын «Перзентімін даланың» деп қойдық. Бұл шығарманы ҚР еңбек сіңірген әртісі Қанатқали Қожақов орындайды.»

Komentáře •