Ысқырығың жер жарады. ұстаз Абдуғаппар Сманов

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 30. 05. 2024
  • Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
    Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ!
    Қадірменді жамағат, құрметті бауырлар, баршаңызға күндердің төресі қасиетті жұма мүбәрак болсын!
    Исламның бес тірегінің бірі - қажылық. Қажылық сөзі - араб тіліндегі الحَجُّ (әл-хажжу) ұғымының баламасы. Тілдік мағынасы ұлық тұтқан нәрсеге талпыну және ниеттену, оны мақсат тұту дегенді білдіреді. Шариғатымызда балиғатқа толған, ақыл есі дұрыс, денсаулығы сау әрі қаражат мүмкіншілігі табылған әр мұсылманның Алла үшін ғұмырында бір мәрте шариғат белгілеген мерзімде арнайы шарттарға тәуелді құлшылық рәсімдерін орындауға тағайындалған қасиетті орынды зиярат етуді «қажылық» деп айтылады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресінің 97-аятында:
    وَلِلَّهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلًا وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ
    «Алланың үйін зиярат етуге шамасы келетін әрбір адам үшін қажылыққа бару - оның мойнындағы Алланың ақысы. Ал егер кімде-кім күпірлік қылып, қажылықты жоққа шығарса, біліп қойыңдар, Алла ешкімге мұқтаж емес, керісінше бүкіл ғалам Оған мұқтаж», - деп бұйырған.
    Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
    بُنِيَ الإِسْلاَمُ عَلَى خَمْسٍ شَهَادَةِ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ وَإِقَامِ الصَّلاَةِ وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ وَالْحَجِّ الْبَيْتِ وَصَوْمِ رَمَضَانَ
    «Ислам бес негізден тұрады: Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Алланың елшісі екеніне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, Қағбаға қажылық жасау және Рамазан оразасын ұстау», - деген (имам Бұхари, Мүслим).
    Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бабамыз:
    Бірі қажы - бес парыздың - бай адамға,
    Төрт түлік төңірегі сай адамға.
    Парыз емес уақа жоқ бармаса да,
    Ауқаты аз, қолы қысқа жай адамға.
    Пайғамбар: «Байлар қажыға жүрсін!» - депті,
    «Мені келіп үмбетім көрсін!» - депті, - деген.
    Қажылық турасында Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз «Мұсылмандық шарты» атты кітабында: «Қаж қылуға қаражатты да һәм үй-ішінің нәпақасына да малы жетерлік байларға ғұмырында бір мәрте қаж қылмақ парыз», - десе, Ыбырай Алтынсарин бабамыз «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегінде: «Қаж ету дегеніміз өмірде бір рет Мекке шаһарында болғушы қағбатуллаһты, яғни Аллаға құлшылық ететін үй деп танылатын орынға барып, зиярат ету. Қағбаттулаға барып тәуап ету күндегілік я болмаса жыл сайын міндетті амал емес, шамасы келген адам өмірінде бір рет барып қайтса, мойнынан парыз кәміл түседі», - деп түсіндірген.
    Сахаба Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте былай делінген: «Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хұтпасында: «Уа, адамдар! Алла сендерге қажылықты парыз етті, қажылық жасаңдар!» - деп айтқан болатын. Сонда бір кісі: «Әр жылы ма, уа, Алланың елшісі?» - деп сұрады. Ол кісі сұрағын үш қайталағанша Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үндемеді. Кейін ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер мен «Иә», - деп жауап бергенімде (қажылықты әр жылы атқару) парыз етіліп, оған шамаларың келмейтін еді!» - дейді (имам Мүслим).
    Діні мен дәстүрін ардақтай білген ата-бабаларымыз қажылық сапарын ұлықтап «Ұлы сапар» деп атаған. Оған барып, мұсылмандық парызын өтеп қайтқан адамды «қажы» деп атап, сыйлап, батасын алып қалуға тырысқан. Бұл - қазақ халқының Алланың хақ дініне деген құрметі мен ықыласының дәлелі.
    Қажылық құлшығының артықшылығы мен адам баласының екі дүниесіне беретін пайдалары өте көп. Ұлы сапарға ниет етіп, мұсылмандық парызын өтеймін деген әрбір жанның қажылықтың мынадай артықшылықтары жөнінде білуі қажет:
    Бірінші: Қажылық - ең абзал амал
    Асыл дінімізде құлшылықтар атқарылуына байланысты денемен атқарылатын ғибадаттар және дүние-мүлікпен атқарылатын ғибадаттар болып бөлінеді. Денемен атқарылатын ғибадатқа намаз, ораза сияқты құлшылық түрлері жатса, дүниемен атқарылатын ғибадатқа зекет, садақа, ұшыр сияқты құлшылық түрлері жатқызылады. Ал қажылық ғибадатының артықшылығы - оны пенде денесімен де, дүниесімен де қоса атқарады. Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) қажылықтың абзал амал екендігіне қатысты мынадай хадисті жеткізген:
    أَنَّ رَسُولَ اللهِ صلى الله عليه وسلم سُئِلَ: أَيُّ الْعَمَلِ أَفْضَلُ فَقَالَ: إِيمانٌ بِاللهِ وَرَسُولِهِ قِيلَ: ثُمَّ ماذا قَالَ: الْجِهادُ في سَبيلِ اللهِ قِيلَ: ثُمَّ ماذا قَالَ: حَجٌّ مَبْرورٌ
    Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қандай амал ең абзал?» - деп сұралды. Ол: «Аллаға және елшісіне деген иман», - деді. «Сосын қайсы?» - делінді. Ол: «Сосын Алла жолындағы күрес», - деді. «Сосын қайсы?» - делінді. Ол: «Сосын мәбрур (игі) қажылық», - деді (имам Бұхари, Мүслим).

Komentáře • 9

  • @Myslim63
    @Myslim63 Před měsícem +2

    Аллаху Акбар ❤

  • @musulmandar
    @musulmandar Před měsícem

    Аллаһ Тағалаға шексіз рақмет ❤️🕋📗🤲

  • @user-vh6lw4zl4l
    @user-vh6lw4zl4l Před měsícem

    Аль-хамду ли-Ллях Субхан Аллах «Ля иляха илля Ллах» Аллаху акбар

  • @musulmandar
    @musulmandar Před měsícem

    Аллаһу Акбар Астағфируллаһ Сүбханаллаһ Әлһамдулиллаһ ❤️

  • @aikoserik8775
    @aikoserik8775 Před měsícem

    Астағфируллах❤❤❤

  • @user-vh6lw4zl4l
    @user-vh6lw4zl4l Před měsícem

    Инна ли-Лляхи ва инна иляйхи раджи’ун Ля хауля ва ля куввата илля биЛлях

  • @user-id8do1el7e
    @user-id8do1el7e Před měsícem +2

  • @user-vh6lw4zl4l
    @user-vh6lw4zl4l Před měsícem

    Ас-саляму ‘аляйкум ва рахмату-Ллахи ва баракяту✋

  • @aikoserik8775
    @aikoserik8775 Před měsícem

    Алхамдулииллах.Аллаху Акбар❤❤❤