ИМАНЫҢДЫ КҮШЕЙТЕТІН УАҒЫЗ Ерлан Ақатаев

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 4. 04. 2021
  • Кейде елге елеулі, сыйлы адамды көрсек, оны сыйлап, төрге шығарып, құрмет көрсетіп жатамыз. Әлгі адаммен қарым-қатынас жасағанда аса сақтық танытып, көңіліне келетін сөз айтып қоймауға, ол кісімен байланысты үзіп алмауға тырысамыз. Айтқанын орындаймыз. Бұйырғанын тыңдаймыз. Алдында әдеп сақтаймыз. Тіпті, өзіміздің әйел, бала-шағамызбен де дәл сондай нәзік әрі тығыз қарым-қатынастамыз. Себебі, көп уақыт көңіл бөлмей қойсақ, бір күні әйеліміздің де суып кететінін білеміз. Ұзақ уақыт көріспесек, «Өзіңнен туған жас бала, сақалы шығып жат болмай» деп Махамбет ақын айтқандай, бауыр еті баламыздың да жат болатынын сеземіз. Сондықтан да өзімізге қымбат болған жандарға көбірек көңіл бөлеміз, оларды бағалаймыз, іздейміз. Олармен байланысымызды үзбейміз.
    Ал Жаратушымен ше?.. Онымен қандай байланыстамыз? Әлгі адамды ренжітіп алмайын деп жүгіріп, қолымыздан келгенін жасағандай, Алла үшін де дәл солай тырыса алып жүрміз бе?..
    ***
    Иә, әр нәрсенің өткінші, бірде бар, бірде жоқ болатыны секілді, иман да бірде күшейіп, бірде әлсіреп тұрады. Өткір қылышты қайрап тұрмаса, кесуге жарамай қалатыны секілді, иманды да үнемі суарып, жаңартып отыру керек. Сондықтан бүгін иманды қуаттаудың ең негізгі, маңызды деген 3 жолын атай кетуді жөн көріп отырмыз.
    БІРІНШІ, ДҰРЫС ОРТАДА БОЛУ.
    Негізі адамға жүрген ортасы, сөйлесетін, араласатын достары қатты әсер етеді. Қанша жерден «мен жеке тұлғамын» десең де, айналаңдағы адамдар ықпалын тигізбей қоймайды. Егер досың лайдың үстімен жүргенді жақсы көретін адам болса, оны таза жермен жүруге шақыр. Көнбесе, өзің алыста. Себебі, сен қанша таза жермен жүрсең де, лайдың үстінде жүрген досың бір күні саған батпағын жағады. Арада біраз уақыт өткенде үстіңді былғайды. Сөйте-сөйте бір күні өзің де қара батпақтың ішіне қалай кіріп кеткеніңді байқамай қаласың.
    Ал «қандай адаммен дос болу керек?» деген сұраққа түсі игі, жаны ізгі, сөзі дұрыс, ісі тиянақты адамдармен жолдас болу керек деп жауап берер едік. Себебі, «Адам - досының дінінде». Ең жақсы дос - Құдайды ұмытсаң есіңе салатын, ал ойлап отырсаң көмектесетін дос! Ендеше, жаныңа бірігіп күнә жасайтын емес, жұмылып Құдай риза болатын істерді атқаратын жандарды жина!
    ИМАНДЫ КҮШЕЙТУДІҢ ЕКІНШІ ЖОЛЫ - ҚҰРАННЫҢ СОҢҒЫ ПАРАЛАРЫН ОҚУ, ТЫҢДАУ, МАҒЫНАСЫНА ОЙ ЖҮГІРТУ.
    Расында, Құрандағы Меккелік, яғни Меккеде түскен соңғы сүрелер Алланың алдына баратын күнді, Қияметті еске салады. Және Құранның соңғы параларында бір Аллаға сыйыну, жәрдемнің де, азаптың да Алладан болатыны, еш нәрсе Алланың қалауынсыз, білімінсіз болмайтыны, Құдайдың құдіреті жайында көп айтылады. Сондықтан Алланың сөзін оқып, тыңдап, оның мағыналарына ой жүгіртіп, түсіндірмелерін оқыған адамның әлбетте, иманы көтеріледі. Жүрегі тазарады, санасы нұрланады. Аяттардың мағынасына мән беріп, ізденген адам намазда оқыған сүрелерінен ләззат алады. Иманның басқа еш нәрсемен салыстыруға келмейтін тәп-тәтті дәмін татады! Сондықтан иманым күшейсін деген адам Алланың сөзі болған қасиетті Құранға көңіл бөлуі керек.
    ҮШІНШІ, НАСИХАТ.
    Яғни өз білгеніңді өзгелерге үйрету. Себебі, Алла Құранда:«Адамдарды Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр…» («Нахыл» сүресі, 125- аят), «…Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер...» («Мәида» сүресі, 2 аят), «Сендерден жақсылыққа шақыратын, сондай-ақ, дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне, солар - құтылушылар» («Әли-Имран» сүресі, 104 аят), - деген.
    Сондай-ақ, ардақты елшіміз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жақсылыққа шақырушыларға соны жасағандардың сауабындай сауап жазылады», - деген. (Муслим) Сондықтан біреуді жақсылыққа шақыру арқылы өзіңнің де иманың, білімің артатынын және дәл сол жақсылықты жасамасаң да, жасағандай сауап алатыныңды ұмытпауың керек.
    Міне, бұл ең үлкен байлық, ең үлкен қазына болған жүректегі иманды күшейтудің ең маңызды 3 жолы. Алла баршамызды ойы азат, жаны таза иманды құлдарының қатарынан етсін! #ислам #намаз

Komentáře • 58

  • @user-ku9oq2mr2t
    @user-ku9oq2mr2t Před 7 měsíci +3

    Аллаһым біліп білми істеген күналарымды кешірші

  • @gulsumzeidenova5267
    @gulsumzeidenova5267 Před rokem +10

    Керемеееет,уағыз! Өте пайдалы,дәріс алғаныма ұстаз сізге мың алғыс!Алланың рақымына бөленіңіз!

  • @LauraLaura-tv1hx
    @LauraLaura-tv1hx Před rokem +6

    Керемет уагыз, Аллага шукыр осы куныме❤сабырлы болайык❤

  • @user-df7iv3uw9x
    @user-df7iv3uw9x Před 6 měsíci +1

    Алла разы болсын ұстаз

  • @user-jz1pr2fx7u
    @user-jz1pr2fx7u Před 2 lety +10

    Козиме жас алып турып тындадым гой маган киянат жасаган сиякты маган оларга кианат жасауга жол берме Аллам журегимнин иманын кушейте гор

  • @user-cy7vq5bv4r
    @user-cy7vq5bv4r Před rokem +2

    Рабым Аллахым егер біліп,білмей істеген күнәларым болса,кешірші мені.

  • @user-bg7eq1wk9q
    @user-bg7eq1wk9q Před rokem +5

    Аллаху Акбар

  • @user-do8rt8gd6i
    @user-do8rt8gd6i Před rokem +5

    Барлық мақтау АЛЛАҒА тән

  • @nauryzbektoktarbayev9845
    @nauryzbektoktarbayev9845 Před 5 měsíci +1

    Сіздіде бізге Аллаһ жібердіғо ұстаз Аллаһ разы болсын

  • @user-yn1qf1kr8v
    @user-yn1qf1kr8v Před 2 lety +8

    🤲 осындай уағыздарды жаттап жүру керек

  • @aigulbugibayeva6352
    @aigulbugibayeva6352 Před 9 měsíci +1

    Аллаху Акбар я Раббым бір өзің жар бола көрші

  • @ГульфираБокаева

    Тамаша уагыз
    Алла дан рахым
    Пайгамбардан шапагат жаусын.
    Алла сызге амандык берсын.

  • @user-qt7mr8yi3y
    @user-qt7mr8yi3y Před rokem +5

    Керемеееет! Алла сізден разы болсын ұстаз.

  • @user-le1wi1eb4b
    @user-le1wi1eb4b Před rokem +2

    Ұстаз Рақмет көп! Иманымыз арта берсін!

  • @user-ej4wx5gt7j
    @user-ej4wx5gt7j Před 7 měsíci +1

    Әльхамдулиллях

  • @user-dy9lh2ir9g
    @user-dy9lh2ir9g Před rokem +5

    Рахмет! Алла разы болсын!

  • @user-ew8xt8vv5f
    @user-ew8xt8vv5f Před 2 měsíci

    Алла біліп білмей жасаған күналарымды кешір🤲 Алла разы болсыг

  • @guljanatkablseitkyzy3139
    @guljanatkablseitkyzy3139 Před 2 lety +4

    Алла Тағала разы болсын

  • @user-wb7oy1hi8y
    @user-wb7oy1hi8y Před 3 měsíci

    Біліп білмей істеген кіналарымды Алла кешсін жүрегіме өмірлік Иман берсін тура жолдан тайдырмасын 2дүниенің берекелі қайырлы бақытын өзіме бала шаға ұрпағыма Иманы əлсіреген жандарға нəсіп етсін

  • @user-wb7oy1hi8y
    @user-wb7oy1hi8y Před 3 měsíci

    Дін жолында Алла деп соққан жүрекке ғана мықты Иман тұрақтайды ҚАЖЕТТІ білім мен сауапты ілім алып Аллаға жақындау амал жасауымызға Аллаһым нəсіп етсін

  • @user-kb1xw4ro5y
    @user-kb1xw4ro5y Před 3 měsíci

    Аллахым менин билип билмей жасаган куналарымызды🤲🤲🤲

  • @user-xg7su1et8s
    @user-xg7su1et8s Před 3 lety +5

    Мә шә Алла

  • @liyashsapeeva2303
    @liyashsapeeva2303 Před rokem +2

    Алла разы болсын сизге!

  • @user-cz3ey3zh5t
    @user-cz3ey3zh5t Před 2 lety +5

    Менің иманым әлсіреп барады

    • @user-lr3og8xe8q
      @user-lr3og8xe8q Před rokem +1

      Олим мен кабыр жагдайынызды уайымданыз , сосын Аллах корип тур деген ойды тастаманыз , Алла каласа лаззатын аласыз

    • @meiramgulturgalievna401
      @meiramgulturgalievna401 Před rokem +1

      Менде солай 😐

    • @kadisha777
      @kadisha777 Před rokem

      Меніңде не істесем болады 😭😭😭😭😭

  • @user-og5oz6iq2d
    @user-og5oz6iq2d Před rokem +1

    Күшті керемет уағыз екен. Аллаһ тағалла бəрімізді кешірсін.🤗❤Барлық ұстаздарға рахмет❤ бізге уақыт бөліп жүрді💗

  • @user-zb5tc1rx7g
    @user-zb5tc1rx7g Před 11 měsíci +1

    АЛЛАНЫҢ НҰРЫ ЖАУСЫН. ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫП ЖЕТКІЗДІҢІЗ ЖҮРЕГІМЕ ҰСТАЗ

  • @musichouse4664
    @musichouse4664 Před 9 měsíci

    Аллам барлык куналарымды кеширсин Инша Аллаһ

  • @akhmetkali8069
    @akhmetkali8069 Před rokem +3

    👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍

  • @user-ut6yh7nx7r
    @user-ut6yh7nx7r Před rokem +4

    Меним туыстарым отбасымды бытшыткылды, коралмастиктен еки баламнын козжасын токти,

    • @user-ti2pb8id4h
      @user-ti2pb8id4h Před rokem

      Алла сабыр берсин

    • @Kusainova755
      @Kusainova755 Před rokem

      Неге сондай туыстар бар? Шаршатып бітіреді. Неге өздерімен өздері болмайды екен 🤦‍♀️

  • @gasyrabdivary
    @gasyrabdivary Před rokem +13

  • @user-hs4nb9md9s
    @user-hs4nb9md9s Před rokem +4

    Иманымды калай кушейтсем болады 🥺намаз окып орангым келеди бар кушимди салып жатырм 🥺🥺🥺

    • @sudzurangora
      @sudzurangora Před rokem

      Алла сізге көмектессін , Аминь🤲🏻

  • @aknur4164
    @aknur4164 Před 11 měsíci +1

    100%

  • @agahan9408
    @agahan9408 Před měsícem

    Ерлан ұстаз
    Қандай қиын,сізді тындап солай жасағым келеды,тек қиын екен
    Баскалар ундемей осылай журсен, жумыста вообше қутырып кетеды екен.
    Оте қиын

  • @mirakakanova
    @mirakakanova Před 2 lety +3

    😍😍😍😘😘😘

  • @Abilova_
    @Abilova_ Před 2 lety +3

    14 келп ештеңе блмим сол енді үйренин деп Жатрм

  • @user-vb1pd1wz1y
    @user-vb1pd1wz1y Před 9 měsíci

    Кеширши я Раббым😢

  • @user-jd1gj5zi5b
    @user-jd1gj5zi5b Před 3 lety +2

    🥺🥺🥺🤲

  • @user-mu6hw5hh4m
    @user-mu6hw5hh4m Před měsícem +1

    Бары - Керемет Айтылган Тек Быр Созыныз - Тусыныксыз - Полировать ЕТЕДЫ - Деген Ман - Матыны Артык - Соз - Шындайды - Десеныз Дурыстау ма?

  • @user-xr9sd9je7y
    @user-xr9sd9je7y Před 2 lety +2

    .....

  • @bakr5935
    @bakr5935 Před rokem +4

    Ассалаумалейкум қалайсыздар Мені шайтан Азғыра береді жаман істерге не істеген дұрыс?

    • @alikhankumarov4792
      @alikhankumarov4792 Před rokem +1

      Уалейкумасслям Аят ал курси окыши

  • @user-tc3re1sg4y
    @user-tc3re1sg4y Před 11 měsíci

    Ассалаумагалейкум жалпы мусылмандар осы молдалар кайырсадагалармен кункорип отыр тагыхалыка уагыз айтады оданда каражумыс истеп халыкпен бирге болындар мешитен шыкпайсындар мешити жауалардай

    • @user-cf4zx6zo3l
      @user-cf4zx6zo3l Před 2 měsíci

      Уағалейкум ассалам коя гойшы бул кисилер кара жумыс ка кетсе сен сияктылар уағыз айтпайдыгой

  • @user-jz1pr2fx7u
    @user-jz1pr2fx7u Před 2 lety +5

    2 жасар балага шешеннин соры боласын мына туринмен деген созди калай умтуга болады? Корсе кызар недеген жаман деген созди калай умытуга болады жане неге анырап жылап отыр миды ашытып дегендерди калай умытуга болады? сол создерди умыткым келеди кештим дейм бирак журегим жибермейди журегиме ауыр тиды 2 жасар балага солай айтылды ботен адам емес жакыным деген адам

    • @user-rq3fq6pt3c
      @user-rq3fq6pt3c Před 2 lety +2

      Бір бірін өлтіріп жақын адамы зорлағандар бір бірін кешірген ал сіздікі оның қасында айтуға да тұрмайтын нәрсе. Тем более жақын адамыңыз болса ☝🏻☝🏻☝🏻☝🏻

    • @user-wb7zy8sd8n
      @user-wb7zy8sd8n Před 2 lety +1

      ТАСПЕН УРСА АСПЕН УРЫНЫЗ.

    • @user-wb7zy8sd8n
      @user-wb7zy8sd8n Před 2 lety

      ПРИТЧА ВЕДРО ЯБЛОКА.

    • @user-wb7zy8sd8n
      @user-wb7zy8sd8n Před 2 lety

      ПРИТЧА ДВЕ ЛЕПЕШКИ.

    • @user-wb7zy8sd8n
      @user-wb7zy8sd8n Před 2 lety

      КИНО МАСТЕР СКРЫТЫИ СМЫСЛ. ЮТУБ.