Muzart - Jailaukol keshteri ||| Муз-Арт - Жайлау көл кештері

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 10. 04. 2007
  • Eske oraladi sol keshter!!!!!
    сөзі әні И.Жақанов
    Муз-Арт - Жайлаукөл кештері
    Алаулап,күн батса қырды асып,
    Кетуші ек,қалқатай сырласып.
    Ұмытсам сол күнді,сол күнді кеш мені,
    Есте ғой дариға, Жайлаукөл кештері.
    Ай туып, жұлдыздар жанғанда,
    Қол созып,көктегі арманға.
    Жүрген кез жүректен,жүректен өшпеді,
    Жақсы еді дариға,Жайлаукөл кештері.
    Жүрген кез жүректен,жүректен өшпеді,
    Жақсы еді дариға,Жайлаукөл кештері.
    Мүлгіген,тыныштық,айдала,
    Шу бойын ырғалып жай ғана.
    Гүлдерді тербетіп,самалдың ескені-ай,
    Аңсаттың дариға,Жайлаукөл кештерін.
    Есте ғой дариға, ((Жақсы еді дариға:Аңсаттың дариға))
    Жайлаукөл кештері.
  • Hudba

Komentáře • 522

  • @Auelbek-dk7vy
    @Auelbek-dk7vy Před 5 měsíci +110

    2024 барма?❤

  • @nurhanelshiev9181
    @nurhanelshiev9181 Před 4 lety +408

    Қазір шошандап қалдыққой өзіміз де! байсалды болып осындай керемет әндер тындаудан қалдық.

    • @user-vb1ql1my5o
      @user-vb1ql1my5o Před 3 lety +6

      Дурыс айтыныз

    • @user-ou1dr9rn8y
      @user-ou1dr9rn8y Před 3 lety +7

      Өте дұрыс

    • @user-uc7nx2kh1c
      @user-uc7nx2kh1c Před 2 lety +10

      Мына "Жайлаукөл кештерін" тыңдаңызшы. Керемет. Қазір сұмдық. ӨЗБЕК әуендерімен (мотив) ән жазады уақытша тойлық. Шымкент АҒАЙЫНДАР Ренжімеңіздер соған әуессіздер. Неге? Қазақ эстрада өнері бар академиялық.

    • @user-rf4qh1bh8v
      @user-rf4qh1bh8v Před 2 lety +11

      @@user-uc7nx2kh1c Айналайын, Шымкент ағайындар деп, Шәмші Қалдаяқов Шымкенттің тумасы екенін ұмытпағайсыз! Ең байсалды, көңілге қонымды әндердің авторы. Жоқ әлде әркімнен Шымкент жайлы естіп алып жаза беру керек деп ойлайсыз ба?

    • @ourbeautifulworld111
      @ourbeautifulworld111 Před 2 lety +3

      Ия ол рас қызыл өріктен басталды ма деді бастауы 🤣

  • @user-qp7tf7qs8o
    @user-qp7tf7qs8o Před rokem +52

    Осы әнді тыңдап балалық шағыма барып келгендей боламын. Сағындым қайта келмес шақтарды.Ата анаммен бауырларымның қасында өткен жылдарым ең бақытты кездер екен ау шipкiн

    • @user-rq9yj3qk6m
      @user-rq9yj3qk6m Před 6 měsíci +2

      Қайта келмес сол кездер екен ғой😢,ата-ананың бауырында,бақытты балалық шақтар😊😊😊😊свет өшіп қалса екен деп тілейтінбіз😅😅😅қызықты әңгімелер айтып беретін ата-анам,аңыздар мен болған оқиғаларын.Телефон жоқ кездер,бәрібір қызық еді ғой,солсыз да күніміз өтті.Хат жазатын жігіттер😂есікті тақылдатып,хатты қойып,қашып кететін екен.Әкем әкеліп жинап тастапты,мен тұрмысқа шыққанда көрсеткен күліп.Ал мен болсам жыладым іштей😢,себебі сол жігітті қатты ұнататынмын,білдірмей жүретін едім.Мені ұнатпайды деп жүрсем,ол да қатты жақсы көріпті.Тағдыр емес екен да,менің хаттарыма жауап жазбадың,тіпті мені елемедің де деп ренжиді қазір😂.Алдыңғы тұрмысымыз болмады екеумізде де😢,сосын бәрібір қосылдық.Қазір ұл-қыздарымыз бар,шүкір.Әкем де бақыт тілеп,жолдасымды қатты сыйлайды қазір.

    • @user-kb7ip9wn7r
      @user-kb7ip9wn7r Před 2 měsíci

      Өзім 1990 жылы туылғанмын. 2005-2006 жылдары мектеп оқып жүрген кезім жазда нағашы ағам қалаға келіп мені ауылға алып кететін, есімде көлікте Мұзарттың өлеңдерін: Сағындым Алматымда, Жайлаукөл кештерін магнитофон қосып ілесіп әндететін😊Есімде

  • @user-wp3kh4jm5b
    @user-wp3kh4jm5b Před 5 lety +231

    Эх шіркін ай десеш.осы өлеңді тыңдасам балалық шағым есіме түсет.ештеңе ойламайсың,нан мен майға тойып алып.атқа мініп алып шауып жүретін кездер ай.😢😢

    • @user-tz2iq9qr9p
      @user-tz2iq9qr9p Před 3 lety +8

      Біз майдың үстіне қант себетінбіз 🤣🤣🤣👍

    • @China.kz.
      @China.kz. Před 3 lety +5

      👏👏👍👍👍👍👍👍👍 ескы кездерды еске тусырдынгой))) бугын жанымда жок жандардын жанында журушы едым ауылда.. жаксы еды дарига!

    • @user-wj2zy6yc9s
      @user-wj2zy6yc9s Před 2 lety +2

      Ассалаумагалейкум адеми айттын бауырым

    • @aibarshoinjanov8373
      @aibarshoinjanov8373 Před 2 lety +2

      Айтпа дәмді еді)))) 👍👍👍👍

    • @user-wc5yr2dr7e
      @user-wc5yr2dr7e Před rokem

      Музарт

  • @nurbolzamzaev5090
    @nurbolzamzaev5090 Před 8 měsíci +19

    Керемет ән! Мұзарт тобының орындауы шедевр ғой. Менің қызым 4 айынан осы әнге ғана ұйықтайды. Кәзір 7 айда әлі осы әнді тыңдап ұйықтайды😊

  • @arakirion
    @arakirion Před 15 lety +321

    I love Kazakh songs and "Jailaukol keshteri" is one of my favorite ones.

  • @Dulat.
    @Dulat. Před 2 lety +137

    Если бы весь мир понимал Казахский язык то они были бы в ахуе как глубок и душе успакаювающий.

    • @Qazaqstan2030
      @Qazaqstan2030 Před rokem +3

      Асиресе манкурт казактар

  • @esentaymusagulov8573
    @esentaymusagulov8573 Před 5 lety +85

    2019-жыл естіп жатқандар лакык басайык

  • @user-yi4mw7oo7j
    @user-yi4mw7oo7j Před měsícem +2

    Кыздарда табиги сулулык, ешкандаи ботокс, ерин исирип, жалгаган кирпик жок, керемет

  • @karlygashkarlygash7263
    @karlygashkarlygash7263 Před 8 lety +64

    бурынгы кездер кызык еди бари бир ансайсын сол кездерди казир тек осындай видео аркылы еске аласын

  • @user-xs6vl8mx5v
    @user-xs6vl8mx5v Před 9 měsíci +12

    👍 Қандай әдемі өлең! ❤ Какие красивые девушки без накаченных губ и наклеянных длинных ресниц! 🎼💞

  • @maksatasylbekov5517
    @maksatasylbekov5517 Před 3 lety +11

    Менин жаштыгым, Алматы жана Муз Арт эн сонун кундорум Алматыда отту 👍👍👍🇰🇬🇰🇬🇰🇬

    • @user-pu5nt9dq8n
      @user-pu5nt9dq8n Před 2 lety

      Меныңде Қырғыз бауырым 🇬🇦🇬🇦

  • @user-vj4xi8sk8m
    @user-vj4xi8sk8m Před 11 měsíci +6

    Тыңдаған сайын тыңдағың келеді ❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @number8032
    @number8032 Před 13 lety +93

    Өте керемет ән! Қанша тыңдасам да жалықпаймын. Жасасын МұзАрт!

  • @nurhatospanov
    @nurhatospanov Před rokem +27

    2023. До сих пор слушаем...

  • @Snow_city01
    @Snow_city01 Před 5 lety +231

    *2019 - 2050 жылдары корип отырсан лайк бас!*

  • @user-kl8oe8xt1y
    @user-kl8oe8xt1y Před rokem +86

    Братья казахи мы вас любим от уйгуров!!!!❤❤❤❤❤

    • @marat67676
      @marat67676 Před rokem +4

      Спасибо мои братья уйгуры. Спасибо вам, что все уйгуры понимают и говорят на казахском языке. Рахмет!!!

    • @ernar8926
      @ernar8926 Před 11 měsíci

      @@marat67676 Қайдағы все, жартысы

    • @note22ultrasamsung20
      @note22ultrasamsung20 Před 11 měsíci

      Салам чокай

    • @kamaldean
      @kamaldean Před 7 měsíci

      Мы Вас тоже любим!

  • @Abilqair2016
    @Abilqair2016 Před 3 lety +60

    Күз келе жатыр. Осындай әндерді тыңдайтын кез. Керемет әндер еді... 2021 жылдың сарша тамызы...

  • @user-xu5wc7cf5k
    @user-xu5wc7cf5k Před 3 lety +30

    Қыздары қандай қарапайым әдемі, қазыргідей дүрдиген ерін, бес тонна штукатурка жоқ

    • @erbol700
      @erbol700 Před 3 lety +2

      бес жарым тонна де

    • @MonstaBee
      @MonstaBee Před 3 lety +4

      Бул кыздардын да бетинде бояуы бар гой

    • @user-bx2qs8lr2i
      @user-bx2qs8lr2i Před 3 lety

      😂

    • @user-co5lm4ks4m
      @user-co5lm4ks4m Před 2 lety +2

      @@MonstaBee барлык заманда боянган, бирак жасанды кирпик, жасанды кас, жасанды ерин , бет жасамаган.

    • @ernar8926
      @ernar8926 Před 11 měsíci

      Айтпа 😂

  • @aynalar6070
    @aynalar6070 Před 11 měsíci +12

    Çok güzel bir şarkısın sen dinlemeye doyamıyorum
    Anlamını bilmiyorum ama cok güzelsin
    Hayalim bir gün Muzart tobının konserinde dinlemek seni 🦋🙏

  • @user-pj1mg6sg1v
    @user-pj1mg6sg1v Před 2 měsíci +2

    Керемет олендер ай ширкин талай нарсени еске салат❤

  • @BatinhoKZChannell
    @BatinhoKZChannell Před rokem +17

    *25.04.2023 Әй шіркін,қу дүние ай, ауылдан жырақ кетірді ғой(((. Осы әнмен ауыл еске түседі ғой*

    • @gulshaterjanova4393
      @gulshaterjanova4393 Před rokem +1

      Балалык кезим еске тусти кайта келмес шак😢

  • @cenkcndk5646
    @cenkcndk5646 Před 11 lety +57

    kazakça çok güzel bir dil ..

    • @user-ji8yg4ek6w
      @user-ji8yg4ek6w Před 6 lety +3

      Cenk Cındık , teşekkür ederim! Türk dili de bize çok yakın ve akraba. Soyumuz bir sonuçta 👍👍👍Size saygılarımı iletiyorum.

    • @orderla8877
      @orderla8877 Před 6 lety +1

      Cenk Cındık teşekkürler, türkçesi de böyle güzel!

    • @serikbayaselya2793
      @serikbayaselya2793 Před 3 lety

      Tesekkur ederim kardes

    • @user-ox2jz1gh1o
      @user-ox2jz1gh1o Před 3 lety

      Cok tesekkurlerim. Cok guzel . Cok seviorum

  • @user-xy8gb8fr5j
    @user-xy8gb8fr5j Před 2 lety +20

    Айналайындар жүз жасаңдар, сендердің жас кездеріңді көріп, өзімнің де жастығым есіме түсіп кетті ғой. 😥😢😭😭😭😭😭😭Ой шіркін бәрімізде сол кездерді сағынып еске аламыз ғой. Қайран СССР-ЫМ АЙ Ауылым Ырғызым қой- кезегім, таулардың төбесіне шығып май сағыздарды тергенім, марқұм Әкетайыммен бірге атқа мініп өрістегі малдарды ауылға көлге айдап келетін кездерім ай. 🌷🌷🌷🌾🌾🌾🌻🌻💖

    • @akarysspangaliuly4790
      @akarysspangaliuly4790 Před rokem +1

      Ооойй, өмір-ай дешейш. Бәрі бір күнгідей болмай өтіп кетіп барады

    • @ernar8926
      @ernar8926 Před 11 měsíci +1

      Ақымақ, Ссср қай жерін сағынып отырсың

  • @riasb
    @riasb Před 7 lety +82

    I miss Kazakhstan, listening to all these old songs 😔❤

  • @user-dg5sy4lg5y
    @user-dg5sy4lg5y Před rokem +4

    Аңыз әнғой. Сағынып тыңдайсың. Жастығың балалық шағың еске тусет

  • @realmedia3752
    @realmedia3752 Před 4 lety +52

    2020 жылы қарап тындап отырғандардан лайк 😊

  • @user-yt3wo8tf5g
    @user-yt3wo8tf5g Před 4 lety +14

    Жүрегім ауырып кетті ғой 🥰😭

  • @shortfilmsbymsultanov2399
    @shortfilmsbymsultanov2399 Před 4 lety +12

    Жайлаукөл кештері
    Алаулап күн батса қырды асып
    Кетуші ек, қалқатай, сырласып
    Ұмытсам сол күнді, сол күнді кеш мені
    Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері
    Ай туып, жұлдыздар жанғанда
    Қол созып көктемгі арманға
    Жүрген кез жүректен, жүректен өшпеді
    Жақсы еді, дариға, Жайлаукөл кештері
    Мүлгіген тыныштық, айдала
    Шу бойы ырғалып жай ғана
    Гүлдерді тербетіп самалдың ескені-ай
    Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері

  • @darmenbaevdarmenbaev5914
    @darmenbaevdarmenbaev5914 Před 8 lety +35

    Музарт тобы бир гасырда туатын топ кой керемет жарайсыздар

  • @adiletakbergen7603
    @adiletakbergen7603 Před 3 lety +8

    Кайран калам осы анди естигенде, неген магналы, ани де уйкаскан, жанга рахат беретин сезимди олен. Рахмет Илиас Жахановка жане Шамши Калдаяковка

  • @bagdatc3666
    @bagdatc3666 Před 6 lety +55

    2018 естыгендер лайк

  • @Berdihan
    @Berdihan Před 2 lety +8

    Алаулап күн батса қырды асып
    Кетуші ек қалқатай сырласып
    Ұмытсам сол күнді
    Сол күнде кеш мені
    Естеғой дариға-ай
    Жайлау көл кештері
    Ай туып жұлдыздар жанғанда
    Қол созып көктегі арманға
    Жүрген кез жүректен
    Жүректен өшпеді
    Жақсы еді дариға-ай
    Жайлау көл кештері
    Жүрген кез жүректен
    Жүректен өшпеді
    Жақсы еді дариға-ай
    Жайлау көл кештері
    Мүлгіген тыныштық айнала
    Шу бойын ырғалып жай ғана
    Гүлдерді тербетіп
    Самалдың ескені
    Аңсаттың дариға-ай
    Жайлау көл кештері
    Гүлдерді тербетіп
    Самалдың ескені
    Аңсаттың дариға-ай
    Жайлау көл кештері
    Естеғой дариға-ай
    Жайлау көл кештері.
    2022-06-9

  • @user-tb3qu6kz4m
    @user-tb3qu6kz4m Před 6 lety +18

    мен бұл әнді 2004 жыл тыңдағам,өте тамаша ән үшін І.Жақанов атамызға,әдемі орындаушылық үшін МузАрт тобына рахмет

  • @user-mj5pk4qn4s
    @user-mj5pk4qn4s Před 2 lety +9

    Керемет ән сөз жоқ. МұзАрт тобы нақышына келтіріп орындайды. Жарайсыңдар оңтүстік жігіттері. Қайта қайта тыңдай бергім келеді

  • @adiletakbergen7603
    @adiletakbergen7603 Před 3 lety +15

    2021 жыл да тындап, кашан неше жылдан сон тындасанда шаршатпайтын ан.

  • @turauzaqbaiv9311
    @turauzaqbaiv9311 Před 9 lety +19

    Оте тамаша кандай керемет ан бейне клип оданда тамаша МузАрт триосы гумыры узак есимдерi мангилик халык журегин де калсын

  • @user-ml4sh9kt6g
    @user-ml4sh9kt6g Před 4 lety +7

    2020 августте тындап откандар лайк ❤️

  • @user-pp7cd8ll6o
    @user-pp7cd8ll6o Před 5 lety +18

    Эээх кайран акем,кайран шешем.
    Ауылдастарымен жиналганда дастархан басында айтатын андерiнiн бiрi едi 😢😢😢😢

  • @user-gl6oz3fg1e
    @user-gl6oz3fg1e Před 11 měsíci +3

    Қандай әдемі қазақ қызыдары және ұлдары ❤

  • @makpalmaks4338
    @makpalmaks4338 Před 6 lety +14

    сезимге толы ан. кандай керемет кездер .

  • @nurbayesen1668
    @nurbayesen1668 Před rokem +3

    Жүректен өшпейди❤

  • @ulzhansagymbek2758
    @ulzhansagymbek2758 Před 5 dny

    Балалык шагымдагы сагындырган андер😢естен кетпес кундер кайта барсак кой 15жыл артка

  • @erasylkamidolla4225
    @erasylkamidolla4225 Před 2 lety +6

    Бұл əннің сыры. Бірде студенттер табиғатқа демалуға баруға бел буып осы Жайлаукөлді таңдапты содан бəрі абыр сабыр қуанып керемет жерге барамыз жайлауколге деп барған екен. Екі үш сағат жол жүріп барса əлгі жер жайлаукол деген жер сұры қашқан қамыстары қураған шөбі сарғайған жер екен сөйтсек ол жерді нақыштандырып бояуын келтіріп бейнелеген Əн екен ғой деп қайтқан екен студенттер. Осы мақаланы көп жыл бұрын оқығам❤

    • @besast27
      @besast27 Před rokem

      Қандай болса да авторға жылы болған жер ғой.

  • @user-vm5vq5yq9h
    @user-vm5vq5yq9h Před rokem +9

    Қанша уақыт өтсе де сырын да сынын да бермеген керемет ән. Нағыз қазақы ән. Өкінішке орай қазір секеңдеп қалған былжырақ тойға арналған әнсымақтар қаптап кетті

    • @user-ms2sx3hn5o
      @user-ms2sx3hn5o Před rokem

      Кундылык калмадыгой казир,аннин де оленнин де мани кетти

  • @user-xs4gi4um3g
    @user-xs4gi4um3g Před 2 měsíci +1

    17 жыл бұрын 17 жаста болған екенмін, шіркін уақыт ай зымыраған, алаңсыз күндерім ай❤😢 19.05.24 ж

  • @amelie3657
    @amelie3657 Před 4 lety +4

    2020?
    Балалық шағымды сағындым❤️

  • @user-gy8hl1bo1i
    @user-gy8hl1bo1i Před 4 lety +5

    Қазақтар ассалаумағалейкүм 🙏🙏🙏✋❤

  • @eroxakazakh1084
    @eroxakazakh1084 Před 2 lety +2

    әттең кездер-ай...балалық шақта тыңдаушы едік осы әнді. қайта келмес бала шағым-ай, шаруамда шала шағым-ай!

  • @user-hs4sg8to8t
    @user-hs4sg8to8t Před 4 měsíci +1

    Керемет ❤

  • @user-yp8tt7ko1e
    @user-yp8tt7ko1e Před 4 lety +8

    Сәкен жап жас. Шіркін ғашық боп едім😂

    • @user-gy1qp8tk5i
      @user-gy1qp8tk5i Před 4 lety +3

      Маған да қатты үнайды, шіркін осындай жігіт жолықса ғой.... Дауысы қандай

    • @user-js6gd9mg7z
      @user-js6gd9mg7z Před 3 lety +1

      Мейрамбек ше?😄

  • @user-oc2zt5lg8o
    @user-oc2zt5lg8o Před 7 lety +10

    Мейрамбек керемет

  • @user-co1sd5te4j
    @user-co1sd5te4j Před 6 lety +9

    Мұзарттың орындауында Жайлау көл кештері керемет орындалған Үлкен рахмет Мейрамбек Мақсат Сәкен үшеуіне Тыңдаған сайын тыңдай бергің келеді Жігіттердің өнерлері өрге биіктей берсін әрқашан Өкінішке орай Мақсат Мұзарттан кетіп бөлек айтады ғой сол жері мені кішкене қынжылтады бірақ бірге болғанда керемет болушы едііііі

  • @user-tv3xu7nc3p
    @user-tv3xu7nc3p Před 4 lety +11

    Девушки очень красивые 👍!

  • @Kenjebekovot
    @Kenjebekovot Před 10 měsíci +2

    2023 жыл осыны тындап, неге көзіме жас келеді?

  • @Azamat_Sarsen
    @Azamat_Sarsen Před 2 lety +2

    15 жыл,не 50жыл өте ме, мәңгілік өшпейтін әндер болады, бұл ән солардың бірі.....

  • @user-sm1dg5hy7o
    @user-sm1dg5hy7o Před 2 lety +2

    Эх шіркін .... Аңсаттың Мұзарт ай...
    Жайлау көл кештерін...

  • @baktoraltynybayev289
    @baktoraltynybayev289 Před 10 lety +10

    таза сезiм. керемет. Бакыторал

  • @andale4089
    @andale4089 Před 2 lety +4

    Бар ашу ренжыстын барын алып коятын оте асерлы ангой...

  • @alekealanya
    @alekealanya Před 8 lety +57

    Музарт не красиво отказывать автору композитору этой душевной песни на концерт юбилей 80 -летие нашего И.Жақанова, сколько бы не стоили ваши выступления.

    • @kazbekabdurahmanabylkasymu1119
      @kazbekabdurahmanabylkasymu1119 Před 2 lety

      Олар Қазақтар емес пе!? орысша жазылғанды түсінбейдім 😂

    • @user-pi9hw2ed6c
      @user-pi9hw2ed6c Před rokem +3

      @@kazbekabdurahmanabylkasymu1119 тіл білу-- байлық.Мүмкін жазып отырған адам орыс мектебін бітірген шығар.

    • @ulymartebelim7610
      @ulymartebelim7610 Před rokem +1

      @@user-pi9hw2ed6c тіл білме деген ешкім жоқ, сөйле жаз деп тұр өз тіліңде.

    • @user-pi9hw2ed6c
      @user-pi9hw2ed6c Před rokem

      @@ulymartebelim7610 неге дікіңдейсіз,сізден басқа коментке бәрі адам мен адам сөйлескендей,ал сіздікі неге олай шықты,ауылдың бір ұрысқақ мұғалімі балаларға жекіген сияқты, өзіңіз жазғаныңызды қайтадан оқып көріңізші.

    • @user-pi9hw2ed6c
      @user-pi9hw2ed6c Před rokem

      @@ulymartebelim7610 қызықсыз, ол қазақша жаза алмаса не істеуі керек?Олай болуы да мүмкін ғой.Ол жай ғана жазып отырған жоқ, Жақановтың юбилейінде ақшаға келіспей,қатысудан бос тартқан жары адамшылыққа жатпайды дегенді бізге жеткізіп отыр.Олары дұрыс болмаған екен.Осы орысша жазылған коменттің арқасында бұл мағлұматты оқып білдім.Рахмет!

  • @aidaraidar8336
    @aidaraidar8336 Před rokem +1

    Жасыл шалбар сары топиктагы кыздын аты Динара, КазАТК да окыган, модель. Даурен, Санжар атты дос балалар аркылв таныс болганмын 2000 жылдар басында, оте карапайым кыз

  • @user-vj4xi8sk8m
    @user-vj4xi8sk8m Před 11 měsíci

    Күшті түсірген клипті әдемі көрінісі не деген жүрекпен шыққан ән адамға шабыт береді бұрынғы адамдар күшті әдемі екен қыздар әннің мотиві жақсы екен музарт тобы күшті жарайсың дар👍👍👍❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @peaceofpeace4143
    @peaceofpeace4143 Před 3 lety +2

    Бұрыннан жақсы көремін осы әнді

  • @openlanguagekz
    @openlanguagekz Před 5 lety +10

    2019 естігендер қайда ??

  • @eskalimeruert4149
    @eskalimeruert4149 Před rokem

    Осы ән шыққалы қанша жыл өтті. Қаншама жақсы жандар жанымызда жоқ. Тек естеліктер ғана бар...

  • @user-lz9ni8bg6r
    @user-lz9ni8bg6r Před 3 lety +1

    2021 .21 МАЙ АЙЫ .ТАМАША. ТАМСАНЫП ОТЫРЫП ТЫНДАП ОТЫРМ

  • @user-bz7kl1tr7p
    @user-bz7kl1tr7p Před 2 lety +2

    2022.05,26
    2022 барма тындап откан сагынып )))

  • @user-wn2im3xr1m
    @user-wn2im3xr1m Před 2 lety +3

    Биздин ен жаксы коретин,анимиз рахмет сиздерге!!!

  • @user-wf8cx5gs1o
    @user-wf8cx5gs1o Před rokem +1

    10 06 23угуп жаткандар барбы.Кандай сонун чыгарма

  • @Dark-mh1lw
    @Dark-mh1lw Před rokem +1

    Казыр аскердем осы оленды тындап туган елым Шымкенты сагындым

  • @user-li8ov9zy8f
    @user-li8ov9zy8f Před 8 lety +1

    менин суйип тындайтын андеримнин бири,оте тамаша,осы Муз Арт тобы жаксы орындайды казактын андерин таланттарына нур жаусын

  • @user-lb7os6pw3o
    @user-lb7os6pw3o Před 4 lety +2

    Біздің ауыл жақта ғой .Ұланбел деген

  • @askar9922
    @askar9922 Před 3 lety +1

    Қазіргі кангырган өнер заманында ески анди тыңдап бир рахаттанып қаласын. Музар тобы осы әнди орындамаса ким биледи басқа әнши жеткизсе аларма еди өлең жолдарындағы әрбир сағынышты! Эх заман ай қайда ауып барасың?! 😔

  • @NazgulMustafina
    @NazgulMustafina Před 3 měsíci

    Керемет қазір осы кез есіме туссе уақытта артқа қалдырасам шіркін ай ❤❤❤

  • @tonibolkenbai9999
    @tonibolkenbai9999 Před 10 měsíci

    менен улкен екен олеен😅 катты жаксы корем осы анды, музарт😍😍😍👍🏻

  • @user-vw4qe5wu4e
    @user-vw4qe5wu4e Před 3 lety +1

    естсең естый бергың келеды, шыркын жаилауым

  • @user-it4fl6tv7h
    @user-it4fl6tv7h Před 2 lety +2

    2022 де қарап отырғансыңғо

  • @eurasian-culture3776
    @eurasian-culture3776 Před 5 lety +6

    2019 жылында көргендер лайык басыңыздар

  • @bibinursharipova4047
    @bibinursharipova4047 Před 3 lety +3

    2021 де тиктоктан келип коргендер 🙌

  • @user-qy6ne5oy1e
    @user-qy6ne5oy1e Před 2 lety +1

    МузАрт тобы легендалар гой. Неше жыл отседе тындай берем

  • @user-lu8xt1nq2o
    @user-lu8xt1nq2o Před 4 lety +2

    Кайран жастык шак.Ерлан мен Гулфаттын ауласының сыртында тунімен гитарамен отыратын едік.2003жылдар ай

  • @nurikzhanbir1042
    @nurikzhanbir1042 Před 3 lety +2

    2021 Өмірдегі мәңгі өшпес ән!

  • @user-hz7qw5lo6p
    @user-hz7qw5lo6p Před 4 lety +1

    Сонун ыр, коп жылдардан бери угуп келатам,жанылбасам 2002жылдар,Казакстанга илгери турмушка чыккан эжебиздин кызы балдары,Кыз куйоосу менен конокко келип, кассеталарын таштап кетишти эле,кайра кайра Артка туруп укчу элек, кийин2004 ноябрда Калдаяковго арналган концертте в Алматынын Алтын сарай беле же Алтын Ордо беле, беш айлык кызыбызды которуп алып кечигип залга кирсек,кыргыздар экен,Кыргызстандан келишиптир деп,жакшы орунга откоруп жиберишти,ошондо кордум ушул балдарды(жанылбасам,себеби"жигиттер тобу" деген группа да бар турбайбы,алар да жакшы ырдаган балдар экен.)биз окшош Эл турбайбызбы.домбранар да комуздай болуп кунгуронуп сундук,кайгылуу чыгат

    • @user-hz7qw5lo6p
      @user-hz7qw5lo6p Před 4 lety

      Сундук деген созду мундуу деп окуу керек(опечатка)

  • @user-tz2iq9qr9p
    @user-tz2iq9qr9p Před 3 lety +2

    Ай жарайсың өзім сияқты айтады екен

  • @misstresko
    @misstresko Před rokem

    15 жыл бурын офигеть менин где то 10-11 жасым😭мама папамен алыска жолга шыкканда осы Музарттын андерин тындап барушы едик 🥹как же скучаю 🥹🥹❤️

  • @eriktursinbaev7908
    @eriktursinbaev7908 Před rokem +1

    2023 жылы осы оленди тындап балалык шакты еске алып откандар барма

  • @askhattazhibayev86
    @askhattazhibayev86 Před rokem +1

    2001 жылы МузАрт тобының енді шығып жүрген кездері. Өз елім, Жайлаукөл кештері әндерінің бейнебаяндарын ұлттық арна күн сайын көрсететін. Ол кезде баламыз! Міне сол уақыттан бері сүйікті әншілерімнің әндерін тыңдап келеміз, тәуба!

  • @AzizAbdurakhman
    @AzizAbdurakhman Před rokem +1

    Мурашки по коже

  • @askar9922
    @askar9922 Před 4 lety +4

    Ассалаумуалейкум агайын! Ан оте тамаша, асерли, сезимге толы, откенди ериксиз еске салатын, атын ариптермен жазылган, казак ан коржынындар орын алган тендеси жок туынды десем еш кателеспейтин шыгармын) аннин орындалуы барысында татти ойга боленип, артта калган жастык шакты еске тусиреди) кыска айтканда кайталанбас туынды!!!

  • @ff-fp1vz
    @ff-fp1vz Před rokem +2

    МЕНИН ПАПАМ ЖАЙЛАУКОЛДЕ ТУЫЛГАН. 🥺

  • @sandumother4929
    @sandumother4929 Před 25 dny

    Плакать хочется 😢

  • @bekissabayev
    @bekissabayev Před 2 lety +2

    19.12.2021 жыл тындап отыргандар бар ма?

  • @user-kp4qc3li5q
    @user-kp4qc3li5q Před 5 lety +8

    2019 көргендер лайк

  • @user-bb8bp7vi6t
    @user-bb8bp7vi6t Před rokem

    Осы өлеңмен өстік

  • @KZ7182
    @KZ7182 Před 11 lety +3

    Неткен әдемі ән!Қазақ тілінің сөздері қасиетті ғой...

  • @user-vj4xi8sk8m
    @user-vj4xi8sk8m Před 11 měsíci

    Бұрынғы қыздар күшті әдемі бес батпан Краскы жоқ не деген әні күшті екен көңілім босап кетті ғой баяғы ауылым есіме түсіп кетті ғой 👍👍👍👍😘😘😘😘❤❤❤❤❤

    • @user-wc5yr2dr7e
      @user-wc5yr2dr7e Před 9 měsíci

      Қазір де бар ғой қатты боянбайтын қыздар. Бірақ, өте аз! Көбі боянып жүреді. Табиғи сұлулыққа ештеңе жетпейді ғой.

    • @user-um3qh6mm2h
      @user-um3qh6mm2h Před 9 měsíci

      Ужасный перевод на русский язык, лучше так не надо переводить. А песня прекрасна, романтика. Молодцы ребята из Музарта.🎉❤

  • @user-gy8hl1bo1i
    @user-gy8hl1bo1i Před 4 lety +2

    Қазақстан 🇰🇿2020 😷👍👍👍✊

  • @user-yx4cq6dk6r
    @user-yx4cq6dk6r Před 6 lety +2

    Умытсам сол күнді кеш мені 😠😠👍

  • @user-bu3ji1hu2o
    @user-bu3ji1hu2o Před 2 lety

    Муз Арт молодец братя жаксы өлең Алла жар болсын.

  • @alatautau2849
    @alatautau2849 Před 3 lety +1

    Еххх қайта оралмайтын балалық шақ, ол кезде адамдар да қарапайым, заманда тыныш, интернет те жоқ кездер, ең бастысы адамдардың пиғылы дұрыс, ниеті болатын, кредит деп адамдардың басы ауырмайьын тыныш заман еді, ең тыныш тамаша кездер екен, соны бағалай алмаптық.