Көп кітап оқу үшін көп уақыт қажет емес! / Kitapal podcast #3

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 7. 07. 2024
  • Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов кітапты қалай оқу керектігі жайлы сұхбаттасады. Кітаптан қалай барынша пайда алып оқу, жылдам оқу, оқыған кітапты есте сақтап қалу т.б. сұрақтарға кеңінен тоқталды.
    Тайм-код:
    00:00 Аңдатпа
    00:33 Кіріспе
    03:00 Кітапты қалай дұрыс оқуды білесіз бе?
    03:47 Бір мезгілде бірнеше кітап оқыған өте пайдалы
    05:50 Күніңнің алғашқы үш сағатын неге арнасаң сол үшін қызмет етесің!
    06:50 Кітап оқымасаң, өмір де сүре алмайсың!
    08:15 Таңертең желание жоқ
    11:00 Энергия уақыттан маңызды ма?
    12:00 Көп кітап оқу үшін көп уақыт қажет емес!
    14:14 Әдет туралы пікір қайшылығы
    20:20 Кітаппен ұйықтасаң қонымды бола ма?
    21:21 Ойға құрт түссе...
    22:35 Ғұмырымыз өте қысқа - оқу керек кітап өте көп!
    22:40 Ақшаны ақтаймын деп аяғына дейін оқыма!
    24:30 Жылдам оқы
    28:55 Үйретілген шарасыздық
    32:25 Мықты болсаң оқымай адам бол!
    33:30 Бояп оқу
    36:30 Автормен сұқбаттасып оқы!
    38:10 Аян
    38:50 Бояйтын және боямайтын кітап
    40:55 Пайдасыз кітап болмайды!
    44:40 Қолын жұлған сарбаз
    47:00 Стикермен оқу өнері
    50:15 Қорытынды
    Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: cutt.ly/r3WbFLA
    Daniyar: / dzhigitbek
    Мирас Кесебаев: / miras_kesebaev
    Шразаддин Каниязов / shrazadddin
    Kitapal instagram: / kitapal.kz
    Telegram: t.me/kitapall
    TikTok: / kitapal_house
    #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу

Komentáře • 551

  • @kitapal
    @kitapal  Před rokem +81

    Келесі подкасттың тақырыбы: КІТАП ОҚУ МА ӘЛДЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕ?
    Подкастта айтылған кітаптардың тізімін комментке жазып кетіңіз📚
    Достар, каналымызға жазылып қойыңыздар. Осы видеоны бөлісіп жіберейік. Апта сайын сіздерді жаңа подкастпен қуантып отырамыз.
    www.youtube.com/@kitapal

    • @Bakdaulet.Yessengeldy
      @Bakdaulet.Yessengeldy Před rokem +3

      Сәлеметсіздерме, қалайсыздар? Керемет подкаст ❤️❤️❤️❤️.
      Бірақ басқа да адамдарды көрсек

    • @Altyn_Orda_Shagatai_Ulysy
      @Altyn_Orda_Shagatai_Ulysy Před rokem

      Ассаламу’алайкум.
      *Негізінде осы “Менделеев кестесі”* деген орыстық енгізген пропагандасын айтуды тоқтату керек. Батыс елдерінің бәрінде тек Химиялық кесте дейді. Өйткені бұл кестені Менделеев жинаған жоқ, бұл жылдар бойы көптеген ғалымдардың еңбегі. Менделеевтің өзі қатты қарсы болған.

    • @basqadam1850
      @basqadam1850 Před rokem

      Как общаться с ребенком
      Мәскеу түбіндегі шайқас. Бауыржан Момышұлы

    • @user-hu9bs9zr6k
      @user-hu9bs9zr6k Před rokem

      Қалай жазылуға болады екен?

    • @Balgin
      @Balgin Před 9 měsíci

      Ё

  • @zhanserikkens696
    @zhanserikkens696 Před rokem +216

    Халықтың көзін ашпайынша тоқтамаңдар жігіттер✊ 3 ші рет керемет подкаст көрдім!😊

  • @user-bw6ec9pj6o
    @user-bw6ec9pj6o Před rokem +29

    Мен 10-11 сыныптарда “Абай жолының “ 1-томын оқып бітіргенмін.Сол түні түсімде
    бір бөлмеде 5 ақын-жазушылардың портреттері ілініп тұр екен.Солардың дәл ортасында Ш.Құдайбердіұлы портреті.Жанына жақындағанда портрет тіріліп, Шәкәрім:” қолыңды жай “деп батасын берді. Кейін Абай университетіне грантқа түсіп,жатақханаға орналастым. Жатақханадағы оқырман бөлмесіне кірсем түсімдегі сол портреттер,арасында Шәкәрім портреті бар екен. Дипломымның тақырыбы да сол Шәкәрім шығармашылығы болды.Осындай кітаппен, түспен қызықты сиқыр ,тылсым болды

  • @qasymbekbekbolat5711
    @qasymbekbekbolat5711 Před rokem +150

    *Стикерлер мағынасы* 🟥🟦🟩🟨
    *Қызыл (Ақуыздар)* - Лайфхактар, өмірге қажетті ескертпелер;
    *Қызғылтсары (Көмірсулар)* - Мотивация, қанатты сөздер;
    *Сары (Нутриенттер)* - кітаптағы еске сақтау қажет сәттер;
    *Жасыл (Дәрумендер)* - Анекдоттар, күлкілі жәйттер, әдемі сөздер;
    *Көк (Жасұнық пен су)* - Сілтемелер, сандар, деректер және қалғаны.
    Ақпарат - *Марғұлан Сейсембай* мырзаның лайфхактарынан!
    *Лайфхак пайдаларыңызға жарасын* және *Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық!* 🔥🔥🔥

    • @korkemaldamurat9983
      @korkemaldamurat9983 Před rokem +1

      Маргулан Сейсенбайдын интервьюынан алынган акпарат па или китабынан ба?

    • @Oqyclub
      @Oqyclub Před rokem

      @@korkemaldamurat9983 ютуб каналынан кітап туралы шығарылымы бар арнайы

    • @140-all6
      @140-all6 Před rokem +2

      Адамды адам еткен кітап,адамзат еткен кітапхана демекші кітап оқиық даму үстінде болайық.

    • @user-wc9qw9tm7s
      @user-wc9qw9tm7s Před rokem

      ​@@korkemaldamurat9983 видеосы бар. Орыс тілінде CZcams-та "Как читать книгу, Маргулан Сейсембаев" деп жазсаңыз шығады.

    • @karlasgyhx
      @karlasgyhx Před rokem

      негізі бұл марғұлан сейсенбайдың емес бұрыннан бері келе жаткан лайфхаккой😂

  • @Akzhan09
    @Akzhan09 Před rokem +43

    Кітап оқу үшін кеңестер
    1)Жылдам тез оқу іштей, дауыстап не өзімізге естілетіндей емес. Алайда баяу, ойланып оқылатын жерлерде асықпай оқимыз
    2)Автормен сұхбаттасып жатқандай оқу, басты кейіпкердің орнына өзіңізді қойып көру.
    3)Маңызды ақпараттарды маркермен сызып қою не стикер жабыстыру. Стикердің түстеріне сай ақпараттарды таңдау. Жасыл-амал етілуі керек, қызыл-қызықты дерек, сары-ойландыратын және т.б
    4)Кітапты бос уақытта емес, арнайы уақыт бөліп оқу
    5)Фокус(зейін) басқа нарселерге аударылғанша оқу. Осыны есептеп көру. Сол уақыттан асқанда қызығушылықпен энергия азайғандықтан қалған беттерден пайда ала алмайсыз.
    6)Бір мезгілде бірнеше кітап оқыған пайдалы. Жан жақты даму.
    7)Кітап оқитын аралықта үзіліс жасау.
    8)Кітапты аяқтағанда қорытындылау. Қорытынды жазу.

  • @sweet_art______
    @sweet_art______ Před rokem +61

    Мүлде кітап оқымаған адаммын. Подкасттарыңызды тыңдап, бүгін барып 2 кітап сатып алдым🥰 Енді Алла қаласа сіздердің кеңестеріңіз бойынша оқуды бастаймын!

  • @Bayashat2002
    @Bayashat2002 Před 9 měsíci +18

    Елімізде осындай жоба болып жатқаны адамды қуантады. Өте керемет, алға баса беріңдер. Халықтың көзін ашып жатсыңдар!

  • @gasrean_ZhAG
    @gasrean_ZhAG Před rokem +25

    Кітап оқу өте маңызды 📚
    Бұл сөздік қорды көбейтуге, айналаңдағы мәселеге бір жақты емес, әртүрлі көзқараспен қарап, шешімін оңай табуға жол ашады. 💫
    📖Мен кітапты ұнатып , қызығып оқимын. Өзім студентпін , әр шәкіртақыма ай сайын 1 кітаптан алуды шарт етіп қойдым. Қазір жұмыс жасаймын айлық алғасын 2-3 кітап бірден аламын.😅 Мен бұл кітаптарды қызыққаннан бір күнде оқып тауыса алмаймын, күнбе күн яғни тұрақты оқып жүргенім де жоқ. 😮Бірақ осы подкастты көріп арнайы уақыт бөлуді әдетке айналдырғалы отырмын.❤
    🙂Мен кітапты қажеттілік кезінде оқимын. 😍М/лы : Кемел адамды
    Қаржылық жағынан мәселе туындаса "қаржылық сауаттылыққа"⚖💰 байланысты жерлерін, Уақыт жағынан үлгермей жүрсем " тайм менеджмент " ⏱ байланысты жерлерін оқып, кітаптағыны шынайы өміріме енгіземін. Осы кітапты оқып жүріп қымбат су құйып алып жүретін ыдыс сатып алдым🌞 , қазір күнбе күн қолданамын, өзіммен алып жүремін.🪔
    Осылайша Оқып қана емес , іс жүзінде пайдаланғаннан рақат алам. 😍
    🌟🌟🌟Меннен сіздерге лайфках болсын
    Оқығыңыз келетін кітапты шкаф ішіне емес, жиі көзге көрінетін жерге қойыңыз, қасына суы бар ыдысты.
    Бара бара сіз уақытылы ағзаға пайдалы су ішіп ,онымен қоса кітап оқуды да әдетке айналдырасыз. 😊❤
    Бұл деген балды біздің үйде ешкім жемейді емес, оны дастарқанға қоймайды деген сөзбен байланыстырар едім .
    Менің ойымды соңына дейін оқып шықсаңыз, алғысым шексіз, сіз кереметсіз🎉❤
    Менің атымнан сізге 👍💚💫😘

    • @zhakosh_0810
      @zhakosh_0810 Před 5 měsíci

      Керемет👏👏 Сөздік қорыңыз өте жақсы екен👏👏🔥🔥👍👍 Өте жақсы, мағыналы, нақтысын айттыныз👍

  • @user-iz7bm6vt5w
    @user-iz7bm6vt5w Před rokem +33

    Алдыңғы подкасттарды тыңдап 1 күнде “время деньги» ді оқып бітірдім
    Шабыт сыйлағандарыңа рақмет🫶

    • @user-sf7wf9mf5y
      @user-sf7wf9mf5y Před rokem

      Сәлеметсіз бе, неше беттік кітабын оқыдыңыз? Мен филип кз көрдім, екі түрі тұр, қайсын таңдарын білмей тұрм

  • @nurtasinirbaev7992
    @nurtasinirbaev7992 Před rokem +26

    Менің өмірімдегі ең бірінші тыңдаған подкасттарым осы Kitapal арнасының шығарылымынан болды! Бұл подкасттардан жалпы не алғанымды қысқаша айта кетейін. Біріншіден, Кітаптің адам өміріндегі атқаратын рөлі мен маңызын түсіндім. Екіншіден, кітапқа деген шабыт пен махаббатымды ашты. Үшіншіден, менде осы үш ағамыз Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязовқа еліктеу сезімі пайда болды. Айта берсем бұданда басқа пайдалары жетерлік. Ағаларымызға сөз жоқ, Алла разы болсын, күш-қуат берсін! Kitapal ұйымына да мың алғыс айтамын! Осындай жақсы жоба бастап жатқанына. Әрдәйім қолдауға дайынбыз және кеңес береміз! Өзімде таңғалып отырмын, осыған дейін бірде бір кітап оқымасамда осындай сөздерді қалай жазып жатырмын деп. Себебі мұның бәрі шын жүректен шығып жатқан сөздер!

  • @din3011
    @din3011 Před rokem +18

    27:25 минуттағы тақырып бойынша. Мен кітап оқығанда міндетті түрде дауыстап оқимын және ол менің жылдам оқуыма еш кедергісі жоқ. Ал, плюстары өте көп, сөйлеген кезде анық сөйлеймін, әрбір әріпті анық шығарып. Информация өте жақсы қонады. Өйткені, көзің оқып тұр, құлақ естіп тұр, тіл қозғалу арқылы жан-жақты информация алынады. Күшті бір лайфхак десем болатын шығар, дауыстап оқығанда мүлдем ұйқың келмейді. Бір оқығанда отырып 100 бетке дейін оқып тастайсың. Арасында болады іштей, көзбен кітап оқып отырып көз алдында әріптер ұша бастайды, ұйқың келе бастағанда сразу отырсам тұрып немесе жатсам отырып, қайтадан дауыстап оқи бастаймын. Жақсы көмектеседі.
    Мен бұрын орысша енді қате сөйлейтінмін. Сол орысша кітаптар, орысша посттар оқу арқылы қазір таза, акцентсіз, әрі ойымды ашық жеткізе алатын болдым. Егер мен тек көзбен оқығанда, мүмкін ондай нәтижелер болмас па еді?! Бастысы керек кітапты түсініп оқу, барлық кітапты оқып алып, өмірде қолданбасаң, бос зая кетіру деп ойлаймын.

    • @bauyrjanqusayin
      @bauyrjanqusayin Před rokem +1

      Дұрыс жаздыңыз. Дауыстап оқу мен үшін дауысты анық шығуы үшін өте тиімді. Әр әріп анық шығады

    • @iamamericaa
      @iamamericaa Před 11 měsíci +1

      Неге екенін білмеймін мен дауыстап оқысам не оқып жатқаным есімнен шығып, ойым бөлініп кетеді. Даусымды сәл ғана шығарып я болмаса іштей оқысам оқығаным қонымды болады.

    • @din3011
      @din3011 Před 11 měsíci +1

      @@iamamericaa Алланың құдіреті ғой, әрқайсысымыз әртүрліміз, ерекшеміз 👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-xo6nr2yu9y
    @user-xo6nr2yu9y Před rokem +19

    Бір қарасаң 10-5 мин көргендей болсың видеоны , негізінде 1 сағат өтіп кеткен . Яғни сіздердің паткастарыңыз өте қызықты болып жатқанынан уақытта тез өтіп жатыр ! 👍👍👍

  • @user-ef5bl3eo6d
    @user-ef5bl3eo6d Před rokem +33

    сауатты адамдарды тыңдаған қандай күшті Kitapal подкаст үшін рақмет❤

  • @user-ms8zx5jj3q
    @user-ms8zx5jj3q Před rokem +46

    Кітап оқып біткеннен кейін талдау жасаудың пайдасы көп. Ол кітапты тереңірек түсінуге және есте жақсы сақталуын арттырады. Талдауды қалай жүргіземіз? Біріншіден кітаптың идеясын, мақсатын, айтпақ ойын анықтап алу керек. “Бұл кітап маған не айтпақшы?” деген сұраққа нақты жауап болу керек. Кейіпкерлерге талдау жасаудың да артықшылығы көп. Себебі кітаптағы кейіпкерлер өмірдегі адамдарға қарап жасалынады. Тағы бір кеңесім- бір кітапты жақын адамыңызбен бөлісіп оқыған тіпті керемет. Кітаптан ұққаныңыз, көзқарастарыңыз жайлы әңгіме-дүкен құрып отырсаңыздар, кітап оқу қызығырақ әрі тереңірек түсінікті бола түседі.

    • @user-eb9zk5pp8u
      @user-eb9zk5pp8u Před rokem

      Рахмет коп коп тусындым мен

    • @user-tk8gu3ny2b
      @user-tk8gu3ny2b Před rokem

      Абай жолы

    • @user-if3wi9ds4c
      @user-if3wi9ds4c Před rokem +2

      Және де американдық кинодағы сияқты оқырмандар арасындағы кітапты талқылау клубы болса, сол кезде қызықтырақ болады.

  • @tolganaiseitkazy-sv9yp
    @tolganaiseitkazy-sv9yp Před rokem +23

    Сіздердің алға қойған мақсаттарыңыз маған қатты ұнайды💝 ""Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру " бұл ниеттеріңіз қабыл болсын 🥰 алдағы уақытта пайдалы білім, ақпарат аламыз деген ойдамын!

  • @ShOn.767
    @ShOn.767 Před rokem +42

    жалғастыра беріңдер жігіттер👍✊

  • @user-uw2go3fj7e
    @user-uw2go3fj7e Před měsícem +1

    Мирас дұрыс айтасыз кітапқа байланысты. Мен көбіне настольный кітаптқа айландырып жіберетін сияқтымын

  • @akerkeyessenbekova8187
    @akerkeyessenbekova8187 Před rokem +26

    "ұнамаған кітапты соңына дейін оқуға міндетті емессің" дегенді үйрене алмай-ақ қойдым😟 тастап, басқа кітапқа көшсем, өзімді бір жаман сезінем.

    • @azamatorynbasar6659
      @azamatorynbasar6659 Před rokem

      Мүмкін олда дурыс шығар бул деген сіз әр нәрсені аяғына дейін жеткізетін мақсатына жетпей тынбайтын адам екеніңізді көрсетеді

    • @svnzhvr_
      @svnzhvr_ Před rokem

      менде сондай адам едім. бірақ “Оқы да байы” кітабын аяқтай алмадым, 2-3 күн аяқтауға тырыстым, бірақ бір күні ол кітапты досыма сыйлап, құтылдым

    • @korkemaldamurat9983
      @korkemaldamurat9983 Před rokem

      европейская литератураны казакшага аударганда биздин тилге,миымызга дат создер коп кездеседи сол ушин синтездеу процессы киынырак болады жане китап кызыксыздау болып келеды.Мысалы маган Дейл Карнеги Адамдарга ыкпал ету онери деген китап ауырлау жане кызыксыз болып келди)

  • @Erdaulett
    @Erdaulett Před rokem +7

    Сіздерге риза болдым қазақстандағы мұндай бағыттағы подкаст бірінші көруім. Сіздерге рахмет жігіттер, сіздердің подкастарыңызды жақындарыма көрсетіп, бөлісіп отырамын. Сіздер бұл бағыттағы номер 1 подкаст деп айтқым келеді

  • @gulinachukotaeva6320
    @gulinachukotaeva6320 Před 5 měsíci +2

    Сонун Кыргызстандандан коруп жатам.
    Ишиниздерге ийгилик ,
    Терен ыраазычылык

  • @user-ec9ld2pw7p
    @user-ec9ld2pw7p Před 10 měsíci +3

    Ассалаумағалайкум. Жұмыста жүріп үш подкаст тыңдап тастадым жұмысым сварщик. Енді үйге жеткен ше кітап оқыған ша асығудамын. Сіздерге рахмет.

  • @bekzhanmukhitov
    @bekzhanmukhitov Před rokem +6

    1. Бірнеше кітапты қатар оқимын (жалығу сезімі болмау үшін);
    2. Оқуды бастаудан бұрын өзіме шарт қоямын (қанша бет оқимын немесе қанша минут оқимын);
    3. Кітапта өз өміріме енгізу керек деген ақпаратты конспект ретінде жазып алу.

  • @user-ot9gi1zw9q
    @user-ot9gi1zw9q Před měsícem

    Өте керемет таңа атысымен физикалық жаттығуымның серігі еттім, көрерменнің көзін тартар құнды мағлұматтар! Алла өз мейірім шапағатына бөлесін!

  • @yernat31
    @yernat31 Před rokem +8

    Подкаст өте керемет! Көптеген ақпаратттар мен әсерге толы екен! Енді подкаст соңында айтқандай мен өзім кітапты қалай және қандай жанрларда оқитынымды айта кетсем... Мен кітапты яғни маған ауадай керек деп санайтын кітаптарды үш түрге бөліп қараймын. Олар: классика, дәрі кітап және міндетті түрде рухани кітап болуы керек. Сонымен қатар осы жанрдағы кітаптарды бір күнде оқуға пландаймын. Яғни күніне үш кітап , тұрақты турде жеке жеке 15 беттен. Сосын айтарым негізгі менің кітап оқу уақытым таңғы уақыт болғандықтан мен ол кезде дәрі кітаппен рухани кітапты оқимын. Себебі таңғы уақытта адамның миы энергияға толы және шабыты да жақсы болып тұрған кезде неғұрлым адам өзіне ақпарат алу керек кітаптарды оқу керек деп ойлаймын. Сол кезде ол кітаптардан алған ақпараттың өзіңе барынша сіңу ықтималдылығы жоғары. Ал әдеби түрдегі кітапқа келетін болсақ мен оны тұрақты түрде түскі ас кездерінде оқимын. Себебі адамның миы осы уақыттарда көп жұмыс жасап тұрып жалығу процессі бастала беретін кезде мен оны лезде тоқтатып яғни энергиямды одан әрі арттырып , қуат алу үшін әдеби кітапты асқан шабытпен оқимын. Яғни әдеби кітап маған осы кезде күш беретін сияқты. Сөйтіп мен бір күндік кітап оқу мақсатыма жетемін. Аз аздан үздіксіз. Коммент соңында сіздерге айтарым , тек алға , подкасттарыңыз әр қазақтың тыңдайтын бестподкастына айналсын!!!

  • @saginishbekishov4275
    @saginishbekishov4275 Před 9 měsíci +2

    Көп рақмет. Пайдалы кеңестер алдым өзім үшін

  • @user-tg1wf5cx8l
    @user-tg1wf5cx8l Před 9 dny

    Рақмет. Көп жасаңдар!!! Кітап оқуға шабыты ашылды. Бастадым.

  • @iamaselya
    @iamaselya Před měsícem +1

    Подкасттан түйгенім:
    1) Зейін екі режимде жұмыс жасайды: 1 - шашыраңқы; 2 - шоғырланған; Көптеген жаңалықтар, идеялар зейіннің шашыраңқы кезінде келеді. Сондықтан кітаптарды әртүрлі жанрда, араластырып оқыған жөн.
    2) Кітапты бос уақытыңда оқыма, кітапқа арнайы уақыт бөл және оқитын индивидуалды уақытыңды таңда.
    3) Кітапты тиімді әрі тез оқығың келеді ме? Тұрақтылықты әдетке айналдыр. Бір айда 300 беттік кітапты оқып бітіргің келетін болса, күніне 10 бет оқы. Одан тез бітіргің келсе 30 беттен оқы.
    4) Кітапты энергияң тасып тұрған уақытта оқу керек. Ал энергияң бір күннің ішінде бірнеше рет тасиды. Сондықтан ол белгілі бір минутқа дейін кітап оқуға мүмкіндік бергеннен соң, өз-өзіңе демалыс бер. Және солай бір күннің ішінде бірнеше рет қайтала.
    5) Кітап оқу барысында қанша минуттан кейін сенде жалығу сезімі пайда бола бастайды? Өлшеп көр, есепте. Ол қанша минут болсын, жалығып бастаған кезде бірден басқа жанрдағы кітапқа көш.
    6) Телефон, басқа да түрлі гаджеттер бізді арбауға, фокусымызды басқа нәрсеге бұруға тырысады. Сондықтан кітап оқу барысында саған кедергі келтіретін, фокусыңды ұрлайтын барлық сыртқы факторлардан арылу қажет.
    7) Әр кітапты бастамас алдын, өз ниетіңді анықтап ал. Саған бұл кітап не береді? Одан сен не алуды көздейсің?
    8) Кітапты тек ғана көзбен оқы.
    9) Кітап оқып келе жатқанда, кейбір моменттерді түсінбей қалсаңыз, жіберіп алсаңыз, ары қарай жалғастырып оқи беріңіз. Артқа қайту, қайталап оқу - дұрыс емес, өте зиян.
    10) Жылдам оқу - жылдам түсіну.
    11) Кітапты бір адаммен сұхбаттасып жатқандай оқу керек. Яғни, сен мысалға Наполеон Хиллмен кездесуді жоспарласаң, белгілі бір уақыт арнап, барлық телефон, гаджеттерді өшіріп, дайындалып барасың.

  • @akerkezhumabek8132
    @akerkezhumabek8132 Před rokem +6

    Сіздерді бір көргеннен ойыма қазақтың үш биі есімі түсті өте керемет іс бастадыңыздар рахмет үлкен .Жұмыстарыныз жемісті болсын

  • @user-jn8yo4tb8f
    @user-jn8yo4tb8f Před 9 měsíci +2

    Мәә саған дұрыс айтасыз 15- 20 минуттан соң жақпай қалады👍

  • @lisag8052
    @lisag8052 Před rokem +13

    Тек бизнес, психология, нон фикшн әдебиеттен бөлек, көркем әдеби шығармаларға да арналған подкасттар болса жақсы болар еді:
    - Абайды қалай оқу керек (Омар Жәлелұлы ағамызды қонақ ретінде көрсек керемет болар еді)
    - Қазақ мифологиясы
    - Қазақ әдебиетіндегі әйелдің образы
    - Актуалды және ескірген әдебиеттер
    - Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті сияқты тақырыптар болса жақсы болар еді. Рахмет

  • @Safiaaaa_7
    @Safiaaaa_7 Před rokem +3

    Айтарға сөзім жоқ. Кітап оқудағы барлық лайфхактарды алып, кітап оқуға деген талпынысым ашылды. 😻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-qy5xv7jo9k
    @user-qy5xv7jo9k Před rokem +6

    Кітап оқығанды өте жақсы көретінмін. Бірақ кәзір үйде 3 кітап тұр, сатып алдым, но оқуға желание жоқ, шыдамым жетпейтіндей, даже сериал көре алмайтын болғанмын, но аудиокниганы тыңдағанды жақсы көремін, қосып қойып тірлікті істей бересің. 1,2,3 подкастты тыңдап кітап оқуды қайта қолға алдым ❤️ рахмееет ❤

  • @nomadic0615
    @nomadic0615 Před rokem +4

    Толық қанды қазақ тілінде бөліскен пайдалы ақпараттарыңыз үшін алғыс!!!

  • @user-gf9ch7rb4m
    @user-gf9ch7rb4m Před rokem +5

    Өмірімде бірінші рет подкаст тыңдап көрейін деп сіздердің подкасттарыңызды тыңдап бастадым, өте керемет, дами беріңіздер! Кітап оқуға мотивация болып жатыр👍👍👍

  • @user-ve2dc9vo1c
    @user-ve2dc9vo1c Před rokem +1

    Шразаддин Каниязов краш😍

  • @MadinaShanshar-xw6ij
    @MadinaShanshar-xw6ij Před 11 měsíci +1

    Жылдам оқы кітабы менің қазақша алғашқы жақсы көрген кітаптарымның бірі👍🏻.

  • @aidanabaigaskina9663
    @aidanabaigaskina9663 Před rokem +1

    Керемет подкаст, китап окуды кайтадан колга алдым. Шукир

  • @meninalemim3128
    @meninalemim3128 Před rokem +1

    ЖАРАТҚАН ЖАҚСЫЛЫҒЫМЕН ЖАРЫЛҚАСЫН ЖАРАЙСЫҢДАР ЖІГІТТЕР! ЖАСТАРДЫҢ ЖІГЕРІН ЖАНЫП, ЖАЛЫНДАТЫП, ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАҚЫНДАТАТЫН ЖАҚСЫ ЖОБА ЖАСАПСЫҢДАР! ЖҰЛДЫЗДАЙ ЖАРҚЫРАҢДАР!!!!!

  • @meirambekturdybek-nx1dt
    @meirambekturdybek-nx1dt Před rokem +2

    Кітапка деген желанияны катты ашып жатыр жыгыттер , Алга баса берындер 👍👍👍

  • @ayagozmaksut6974
    @ayagozmaksut6974 Před rokem +3

    Өте пайдалы, рахмет!
    Рух беретін де ақпараттар болды!
    Күшті мотивация!

  • @AidanaOmirzhanova
    @AidanaOmirzhanova Před rokem +2

    Өте сауатты.👍🏻Артық сөз жоқ. Тыңдаудың өзі жаныңа жағымды.👍🏻Жарайсыздар,жігіттер. Тек, алға!👍🏻Бір тыңдағанда 3 Подкастты тыңдап тастадым. Кітаптарды өзіме жазып алдым. Алла разы болсын!🤲🏻

  • @grammartests
    @grammartests Před rokem +5

    Өте керемет подкаст. Осындай подкастарды көбінен шығара беріңіздер! Оқырмандардың кітапқа деген махабаттарын оятып жатырсыздар. Келесі подкастты асыға күтетін боламын.

  • @user-gv6zd4vl7q
    @user-gv6zd4vl7q Před rokem +2

    Мына жасап жатқан еңюектерің мықты жігіттер,Жарайсыңдар🔥🔥🔥🔥🔥

  • @Nurdias
    @Nurdias Před rokem +3

    Ассалаумагалейкум, құлақтың құрышы қанып тұрып тұңдайтын подкаст. Кітап оқуға көз қарасым жақсы жағына өзгеріп жатыр) лайфхактарғада рахмет!

  • @gulnurtumanova4614
    @gulnurtumanova4614 Před rokem +4

    Білімді жастар көп болсын ! Подкаст керемет !

  • @Artrocksinger
    @Artrocksinger Před 10 měsíci

    Мен әдемі джаз музыкасын косып , кофемді алып оқимын. Күшті атмосферамен оқығанды жақсы көрем. 😊

  • @sairagulsonya3606
    @sairagulsonya3606 Před 4 dny

    Сәлеметсіздер ме! Әрбір подкастан көп жаңа түсінік алдым. Алла зейінімізді ашсын. Жаңа шабыт, энергия беріңіздер 🔥👍

  • @aishaxadisha
    @aishaxadisha Před rokem

    керемет сиздерге карап тындап китап алып окып бастаймын

  • @talshynbakytzhanova4159
    @talshynbakytzhanova4159 Před rokem +1

    Керемет подкаст. 1ші шығарылымнан бері үзбей тыңдап келем. Бірақ Шразаддин мырзаға көбірек сөз берсеңіз екен. Данияр мырза сөзді толық тыңдамай, адамның ойын бөліп жібересіз. Шразаддиннің сөздері салмақты әрі ой саларлық, дауусы анық және паразит сөздер қолданбайды. Бір бірлеріңізді тыңдай біліп, үшеуіңіз де теңдей дәрежеде пікір айтылса екен деген ұсынысым бар. Келесі шығарылымда осыны ескересіздер деп үміттенем☺️

  • @en_ademi_satter
    @en_ademi_satter Před 4 měsíci

    Өте керемет жігіттер менім мақсатым 1 жылда 100 кітап оку . Екінші кітап окып жатырм. Буйырса сол максатыма жетемін

  • @user-vw3cz9em6s
    @user-vw3cz9em6s Před 8 měsíci +1

    Сіздердің көмектерінізбен кітап оқу әдетін өзімде күн сайын қалыптастырып жатырмын ❤ Рақмет көп көп ❤❤ Алла разы болсын сіздерге ❤

  • @user-jj1hs4cr3o
    @user-jj1hs4cr3o Před rokem +1

    бұл подкасттың маған қатты өткен жері бастап қойған кітаптің алғашқы оншақты бетінен соң оқығың келмей қалады,басқа кітап бастағың келіп тұрады,содан өзімді кінәлі сезініп жүремін де соңында өзімді қинап оқып бітіруге тырысамын。сол сұрағымның жауабын тауып қуанып отырмын 👍👍👍 рақмет ❤❤❤

  • @nurbolamankul3189
    @nurbolamankul3189 Před rokem +3

    Мен кітап сатып аларда 3 кітапты бірге аламын.1 ғылыми,ауыр кітап,2-еуі оңай кітап (көркем әдебиет) .Ғылыми кітапқа арнай уақыт арнап қойам.Ол кітап ғылмый болғасын қиын болады түсініксіздеу,энергия жеткеше оқыймын.Осылай ғылыми кітапты 1 ай көлемінде оқыймын.Ол аралықта 1 ғылыми кітап адамды жалықтырып жібереді.Сол себепті ғылыми кітап оқып жүріп көркем әдебитті қоса оқимын .Сонда 1 айда 3 кітап оқылады.

  • @user-om2bh4nf4u
    @user-om2bh4nf4u Před rokem +1

    Кітап оқығанның шешім шығаруға көп әсері бар деп ойлаймын. Байланыс туралы өте жақсы мәліметтер айтылды

  • @user-hb7wc9yk7f
    @user-hb7wc9yk7f Před 18 dny

    Керемет мен үшін пайдалы подкаст болды!👍🏼
    Мен де 3-4 кітапты қатар оқимын әртүрлі жанрда.

  • @AIKERIM.KABDUNASAR
    @AIKERIM.KABDUNASAR Před rokem +7

    Кітап оқуға мотивация бересіздерғой, дами беріңіздер🔥🔥❤️

  • @ulbazartolet8737
    @ulbazartolet8737 Před 9 měsíci +1

    Ризамын❤

  • @user-gv6zd4vl7q
    @user-gv6zd4vl7q Před rokem +1

    Хел Элродтың Магия утро кітабында осылай жазылған -Таңда кітап оқу керек,өзіңе таңда уақыт бөл деп!күшті кітап

  • @Assel-sserikbay.
    @Assel-sserikbay. Před 16 dny

    Мен енді ғана әдет қалыптастырып жүрмін.
    Таңертең өз мамандығыма қатысты кітап оқуға тырысамын. Жұмысқа автобуспен 1 сағат баратын болғандықтан өзіммен бір көркем әдебиет кітап алып аламын. Жұмыста да кітаптар бар. Жұмысқа ерте барсам сондағы мотивациялық кітапты оқып жүрмін. 😅

  • @user-hb7wc9yk7f
    @user-hb7wc9yk7f Před 18 dny

    Қайырлы күн!
    Подкаст керемет!Рахмет!👍🏼👏🏼👏🏼👏🏼
    “Добыча” кітабы оқуға тұрарлық па?
    Сол кітап маза бермей жүр маған 😅

  • @user-js8xn3cm9h
    @user-js8xn3cm9h Před 16 dny

    өте керемет подкаст

  • @user-gm1kw4tu6q
    @user-gm1kw4tu6q Před rokem +1

    Мен Марғұлан Сейсембай ағаның кітап оқудағы кайдзен әдісін қолданып келемін, яғни бір түсті маркер, және 5 түсті бетбелгілер, және кітапты тасмалдауға арналған арнайы сөмке.

  • @user-zd7sv3nt1s
    @user-zd7sv3nt1s Před rokem +1

    Данияр бүгін 3ші класс)

  • @user-nq8xk6fg4n
    @user-nq8xk6fg4n Před rokem +1

    Мен соңғы кезде кітаптың мазмұнын қарап, өзіме керек тақырыпшаны оқуды әдетке айналдыра алдым. Бұл уақыт үнемдеуге жақсы әрі энергиямды сақтай аламын. Егер ақпараттық кітап (сату, бизнес туралы) болса, осылай оқуға кеңес беремін.
    Ал әдеби кітаптар оқыған кезде тез бітірсем деп сағаттап отыратынмын. Осы подкасттың арқасында энергиямды есептеп, тұрақты оқуды үйренудемін.👍 Кітап оқуға шабытым қайта ашылуда!🤩💞

  • @user-nw8oz3rn5c
    @user-nw8oz3rn5c Před rokem +1

    Осы күнге дейін ойлайтынмын әдеби кітаптар оқып не керек.Біреудің өмірін оқып не істеймін оданда мотивациялық кітап оқымайма адамдар деп.Бірақ сіздердің подкасттарыңызды көріп өте төмен ойланғанымды түсіндім.Енді кітаптарымның қатарына әдеби кітаптар қосып,өмірмде қолданатын боламын.Сіздерге көп рахмет! Алла разы болсын

  • @zhaniyasailau9513
    @zhaniyasailau9513 Před rokem +1

    Урааа наконец то🥳🥳🥳

  • @user-eg4ee3ft2u
    @user-eg4ee3ft2u Před rokem +5

    50:15 мен кітапты 2 бағыт бойынша араластырып оқығанды ыңғай көремін. Керек болады ау деген жерлерін маркермен бояп қоямын немесе сол бетті стикермен белгілеп кетемін. Кейде қайта ашып сол жерлерді оқып аламын. Батсапқыда қиын болатын, содан кейін кесте құрып “күніне 10 бет кітап оқу” деп қойдым, содан кейін әдет болып кетті. Подкастта да айтылған, ми расымен галочка қоюға асығып тұрады) және кітапты болғаннан кейін анализ ретінде қорытпа ой жазамын.

  • @user-fc4gw2hx5z
    @user-fc4gw2hx5z Před rokem +1

    Қайырлы күн.
    Жалпы осы уақытқа дейін кітаптарға қызығып қолыма алған кезде кітап оқуға деген құлшынысым азайып кете беретін. Осы шығып жатырған подкасттың арқасында кітапқа деген екінші тынысым ашылып. Оқуға ниеттеніп жүрген Бейсен және болмыс деген кітапты оқып бастадым. Осы подкастты көрместен бұрын мен ойлайтынмын, дауысымды шығарып оқымасам кітапты түсінбей қаламын деп, бірақ жылдам оқу техникасын естіп сол техникамен оқып көруге тырысамын. Бұл подкастта жаңа нәрсемен таныстым, өміріме пайдалы кеңестер алдым деп ойлаймын.

  • @user-sy5hs3cb5n
    @user-sy5hs3cb5n Před rokem +3

    Кыргызстандан салам, алга жыла бериниздер пайдалуу канал. Эмне корууну билбей озумчо ютубду ачып сиздерди таап алдым Азырынча сиздерди тааныбаймын бирок дагы уланта берсениздер жакшы болмок азаматсыздар👍

  • @dossymhan_aubakir
    @dossymhan_aubakir Před rokem

    Super👍🏽

  • @birganym-nc6sj
    @birganym-nc6sj Před rokem

    😍😍топ подкаст

  • @nuryaidyng
    @nuryaidyng Před 10 měsíci

    Алла разы болсын🙂қажетімді алдым…

  • @user-lz1cx7cr2k
    @user-lz1cx7cr2k Před 4 měsíci

    Данияр мырза менің ойымша сіздің істи алмай жүрген шаруаларыңыз көп секілді. Бұлай айту себебім, осы подкасттарды көре отырып сіздің әлі істеу ойымда бар дегеніңізгн сүйеніп айтқаным. Подкаст өте керемет болды, ешқандай кемшілік жоқ😊

  • @user-qq8ks5ci4i
    @user-qq8ks5ci4i Před rokem

    Рахмет!!👍👍👍

  • @Alima.y
    @Alima.y Před rokem

    Мықты мықты🙌🔥

  • @khasanmuhit1974
    @khasanmuhit1974 Před rokem

    Әссәләмүғәлэикүм жігіттер бұларың өте керемет құнды мәғулуматта болды мен үшін .
    Осындай жанға азық болатын құнды мазмундарыңызды шөліркей күнтемін ...

  • @salimbaikuanyw-dv8te
    @salimbaikuanyw-dv8te Před rokem

    Кушты керемет

  • @akarysashimkhan4285
    @akarysashimkhan4285 Před rokem

    Рахмет!

  • @user-jy6yk4do9e
    @user-jy6yk4do9e Před rokem +1

    мен кітап оқығанда, жалпы кез келген нәрсе жасағанда, бір күнде осынша бет немесе осынша рет жасауым керек деп оқимын. мысалға менде бір күнде 20 бет кітап оқу деген меже тұр делік. мен кітапты таңертең оқитын болғандықтан 16-17 бетке келгенде кітап оқуды тоқтатамын. ендігі менің ойымда межені орындау үшін белгілі бетті оқып бітіру керек деген кішкентай мақсат қалыптасады. оны орындау үшін ыңғайлы уақытта жаңа энергиямен қалған 3-4 бетті оқимын және энергиям толып тұрғасын + 10 бет оқып қоямын. сонда бір күнде 20 бет орнына 30 бет. және кітап бастап оқып жүрген кезімде 4-5 беттен кейін ұйқым келе бастайтын, сол кезде ерінбей тұрып мысалға 20 рет отжимание немесе пресс жасаймын. сонда мен әр 5-6 бет сайын күнделікті жасауға тырысып жүрген кішкентай мақсат 100-150 пресс, отжиманиены қоса бітіріп қоямын.

  • @PinDuoDuo_
    @PinDuoDuo_ Před rokem +2

    📚📍 подкастты көргеніме өте қуаныштымын, істеріңізге еңбектеріңізге Алла разы болсын

  • @user-kf7ji4qt2m
    @user-kf7ji4qt2m Před 6 měsíci

    Барлық жастар тыңдаса ғой, шіркін. Мың алғыс🇰🇿✊ Қандай керемет ақпараттар алдым🙏🙏🙏

  • @aishaxadisha
    @aishaxadisha Před rokem

    кушти керемет

  • @HappyHappiness-xj4oq
    @HappyHappiness-xj4oq Před 7 měsíci

    Күшті

  • @user-xh9en6ng6b
    @user-xh9en6ng6b Před rokem

    Рахмет

  • @isabeks5895
    @isabeks5895 Před rokem

    🔥алға

  • @miko_easy
    @miko_easy Před rokem

    Маа коп кой рахмет ай

  • @laura_orynbaeva
    @laura_orynbaeva Před rokem

    Керемет!!!!

  • @user-ip7iz9rm7k
    @user-ip7iz9rm7k Před rokem

    подкаст супер

  • @_gunnies
    @_gunnies Před rokem

    Алла разы болсын!

  • @asselberdigani4602
    @asselberdigani4602 Před rokem

    Керемет❤

  • @user-hy9pf1zx4j
    @user-hy9pf1zx4j Před rokem

    Өте керемет👍

  • @user-rc7fx3bc2k
    @user-rc7fx3bc2k Před 7 měsíci

    Сіздерге үлкен рахмет. Осы подкасттың арқасында зона комфортқа кіріп кеткенімді сезіндім. Сіздерне алғысым шексіз.

  • @kinoprobystruna7727
    @kinoprobystruna7727 Před rokem

    Керемет

  • @meruertspabekova3666
    @meruertspabekova3666 Před rokem

    Кушті

  • @mirazhanaidarkizi4395

    Алла разы болсын

  • @oryngaliizmukhanov134

    Алла разы болсын 👍🏼👍🏼

  • @aizerekenekhan6450
    @aizerekenekhan6450 Před rokem

    Рахмет жігіттер

  • @TRADERSHOX
    @TRADERSHOX Před rokem

    күшті керемет

  • @qurannury2615
    @qurannury2615 Před rokem

    Алла разы болсын 😍

  • @user-bw6xu9bc4s
    @user-bw6xu9bc4s Před rokem

    Саттилик жигиттер