Әжемнің боқтайтыны жетпей жүр | Еркебұлан Даиров | Алғашқы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 12. 11. 2023
  • Елімізге еңбегі сіңген танымал адамдардың алғашқы қадамдарын қамтитын "Ең алғашқы..." жобасы.
    Бағдарлама барысында:
    - Студияда кейіпкерге бейнематериал жасырылған беймәлім ұяшықтар таңдауға ұсынылады. Таңдалған тақырыпқа қатысты кейіпкер өз өміріне қатысты оқиғаларымен бөліседі;
    - Репортер кейіпкердің ең алғашқы үйі, мектебі, махаббаты, жұмысы, жетістігі мен жеңілісі және т.б қадамдарына қатысты бейнематериал дайындайды. Сол арқылы кейіпкердің тіпті өзі ұмытып қалған сәттерін еске түсіреміз;
    - Кейіпкердің өмірінде маңызы бар қонақ студияға келеді. Бірақ ол жайлы кейіпкер білмейді;
    - Бағдарлама соңында кейіпкер алғаш рет бір әрекет жасайды және өмірден түйгенімен көпшілікпен бөліседі;
    Достар, жаңа шығарылымды жіберіп алмас үшін қоңыраушаны басып қойыңыздар!🔔
    БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР👇
    Аман Тасыған
    / ​
    Ресми парақшасы
    / amantasygan​. .
    #АманТасыган​ #Алғашқы​ #ЕркебұланДаиров

Komentáře • 244

  • @makpal.toleshova
    @makpal.toleshova Před 7 měsíci +38

    *Ақ есік ашылды. Еркебұланмен бірге жанарыма жас, тамағыма өксік толды. Көзімнен аққан еріксіз жас ақ көйлегіме тамшы-тамшы із қалдырды.*
    *Шығармашылығына, адамгершілігіне, ой-өрісіне, адамға сый-құрметіне бұған дейін де риза едім, бұдан кейін де ризамын!*
    *Шырағыңыз сөнбесін, Еркебұлан!* ✨️

  • @GulzhanDanyarovskaya
    @GulzhanDanyarovskaya Před 7 měsíci +32

    Бүкпесіз сұхбат. Шынайылық көрініп тұр. Еркебұланға өркөкіректік, мақтаншақтық, жағымпаздық мүлдем жат қасиеттер екені айдан анық көрініп тұр. Бір күліп, бір жылап, кинодан ғана көретін жігітті бұрыннан танитындай сезімде отырмын. Сұхбат үшін Аманға рахмет. Еркебұланға халықтың ықыласына бөлене бер деп тілеймін.💐💐💐

  • @user-cw4hs8jk2y
    @user-cw4hs8jk2y Před 2 měsíci +3

    Керемет сұхбат! Аман Еркебұлан екеуің Қазағымның мақтанышы бола беріңдер, шын жүректен тілектеспін. Бір ғана ӨТІНІШ "мама" демей, Анашым дейікші

  • @user-lz9iz1ri9g
    @user-lz9iz1ri9g Před 7 měsíci +38

    Тамағыма өксік тығылып қалды ғой. Еркебұлан, мықтысың, бәрі шынайы шықты. Анаңның барында бағала.

  • @tigin_tigu_qoloner
    @tigin_tigu_qoloner Před 7 měsíci +22

    Анасы ,әжесі туралы айтылғанда еріксіз көзге жас келді.Актёрға тек жақсылық тілеймін!кәсіби жолы оңай болмаған екен,сонда да бәрін жеңіп қазақтың мақтан тұтатын актёры болып жур!👍👏Есмұқан атамызға рахмет!

  • @aiguldosbaeva1817
    @aiguldosbaeva1817 Před 7 měsíci +20

    Еркебұлан өнеріңе бүкіл халық риза деп ойлаймын! Барлық жетістіктеріңнен де жоғары болған "Мама" дегенің. Тіл-көзден аман бол! Өмірде сондай ашық жан екенсің, керемет. Денсаулық тілеймін, осындай интервьюларға шығып тұр. Аман сізге рахмет

  • @user-le9mv6ew3e
    @user-le9mv6ew3e Před 7 měsíci +23

    Еркебұлан ғажап актер! АМАН Тасығанның бағдарламасы да керемет, сөз жоқ

  • @nurdauletborikulov5138
    @nurdauletborikulov5138 Před 7 měsíci +23

    Ұстазға келгенде бағы жанған актер екен. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы демейме👍

  • @gulshatzhainak5949
    @gulshatzhainak5949 Před 7 měsíci +20

    Мыкты актер,мамасы оте адемі екен аман журіңдер жаксы адамдар🎉❤

  • @user-tm3lb2iv5k
    @user-tm3lb2iv5k Před 7 měsíci +35

    Еркебуланұланды осы сұхбаттан кейін жақын таныдым, керемет әсер алдым, жыладым, өте бір құрметке лайық, нағыз қазақ жігіті екен.

  • @user-ny3sp9me1t
    @user-ny3sp9me1t Před 7 měsíci +8

    Аман балам саган ерекше рахмет. Өте қарапайым, терең ойлы, билимди, ізденимпаз, тапқыр жігіт сің. Шебер журналист, әрбир бағдарламадан терең ой туйемиз, халыққа ой салатын, өмірге жетелейтин, көкірекке ЖАНАРТАУ жағатын шебер тұстары көп. Халыкыңның шын курметине бөленген БИІК ТҰЛҒАСЫҢ.👋 Еркебулан шебер актёр, бір туыс баламыз сияқты болып кетипти. Шын бет пердесі керемет, алуан қырлы, акылды АЗАМАТ, мәрт, нағыс қайыспас ҚАРАНАР екен. Ауылы, туган жери де керемет, тау баласы осындай бу керек. Бидің мекен - Сыр елі. 💥💖
    Жарқырап, , жайнай бериндер АЛТЫНДАРЫМ 👋👋👋🙏🇰🇿✍️

  • @user-cr1mt1dh4g
    @user-cr1mt1dh4g Před 7 měsíci +15

    Бауырым осы ғұмырда тек биіктіктерден көріне бер, мамаңызға немере-шөбере көруге жазсын 🤲🏻

  • @danekhan.akhmetova
    @danekhan.akhmetova Před 7 měsíci +7

    Еркебұлан керемет актер ғой,айналайын өнеріңе үлкен табыстар тілеймін.Анаңа мама деп айтқаныңда шыдай алмай көзге еріксіз жас келді.Сені тәрбиелеп өсірген ата - әжеңе мың алғыс жатқан жерлері жұмақтың төрі, жарық болсын.Анаң бар бақыттысың ,анаңды аяла.Әкең де о дүниеде разы болады имандары саламат болсын.Сен керемет жансың,тамаша актерсің .Өнер жолында сені тәрбиелеп осы жетістіктерге әкелген барлық ұсаздарыңа мың алғыс.Сен ойнаған киноларды, спектаклдерді жібермей көріп отырамын.Аман бол .Аман Тасыған осы АЛҒАШҚЫ деген бағдарламаң өте жақсы бағдарлама өркенің өссін жібермей көремін баріңе мықты денсаулық ұзақ ғұмыр тілеймін.

  • @user-dq6ne1mz4j
    @user-dq6ne1mz4j Před 7 měsíci +12

    Менің ең сүйікті актерым❤ ! Жылап алдым, биіктіктен түскенде жаным шығып кете жаздады ғой😅 Бағдарламаны дайындаған ұжымға мың алғыс! Шығармашылық табыс тілеймін.

  • @Nar_1024
    @Nar_1024 Před 7 měsíci +21

    Еркебұлан мықты Актер Өнерін бағалаймын.Керемет кісі.

  • @madina-fh9op
    @madina-fh9op Před 7 měsíci +8

    Не деген керемет жан екен. Нағыз қазақ жігіт қандай болу керек десе, Еркебұландай болу керек деп айтуға болатындай жігіт екен. Бар жақсылықты тілеймін

  • @user-mj5br2rt1t
    @user-mj5br2rt1t Před 7 měsíci +24

    Еркебұлан керемет ектер,биіктерден көріне беріңіз, жолыңыз ашық болсын✊

  • @eleusiz
    @eleusiz Před 7 měsíci +10

    Керемет!!! Наґыз АЗАМАТ!!! Казактын бы́р ту́ар азаматына лайы́к!!!Айналайындар, ,аман болындаршы!!! Курметты Аман мырза,жа́не Еркебу́лан мырза ко́п-ко́п рахмет осындай жылататында,ку́лды́рететында шынаы́ су́хбатка!!!

  • @user-so9op1gx1h
    @user-so9op1gx1h Před 7 měsíci +11

    Ішкі жан дүниесі таза, болмысы табиғи адамның сұхбаты жүректерден орын алмай қоймайды

  • @user-ee2wp2qk1z
    @user-ee2wp2qk1z Před 7 měsíci +19

    Қандай керемет, шынайы сұхбат болды! Жүргізушіге де, кейіпкерге де үлкен рахмет. Бақытты болыңыздар!

  • @user-mi3cy8zw8z
    @user-mi3cy8zw8z Před 7 měsíci +11

    Мықты азамат, бәріне лайық екеніне тағы көзім жетті, Еркебұлан, аман бол!

  • @kulaizhumagalieva7306
    @kulaizhumagalieva7306 Před 7 měsíci +19

    Жалғандық жоқ ,таза жігіт 👍❤

  • @user-ig6wj6mh7r
    @user-ig6wj6mh7r Před 7 měsíci +7

    Әже тәрбиесін толық бойына сіңдірген тамаша азамат екен, әрқашан жолың болсын. Анаңды бір қуанттың, риза болдым .

  • @user-lm3ek4xc2q
    @user-lm3ek4xc2q Před 7 měsíci +13

    Мықты актер. Шынайы, бүкпесіз кездесу болды.

  • @user-dt5bg6ze9r
    @user-dt5bg6ze9r Před 7 měsíci +5

    Керемет,Еркебұлан,анасы қандай сабырлы адам болған керемет жандар ұзақ жасап анаңды бақытқа бөле ,балам,өте сүйкімді жансың

  • @Nar_1024
    @Nar_1024 Před 7 měsíci +68

    Осы сұхбатты көріп отырып жылап алдым.Меніде Ата-Ажем баққан,Ол кісілер өмірден өтіп кетті.Ол кісілерді сағынам кейде еске алып жылап та алам.Мына сұхбатты көріп ішімдегі бір тұрып қалған нәрсені жылап шығарып алдым.

    • @user-cp9ho7wj7o
      @user-cp9ho7wj7o Před 7 měsíci +2

      Жақсы көретін актерім. Аман болсын!

    • @Alihan497
      @Alihan497 Před 7 měsíci +1

      Күлдім де жыладым да❤

    • @user-mu7rf4kf8h
      @user-mu7rf4kf8h Před 7 měsíci

      Н ны рыр ыр ы
      Уң
      Ің
      Нц е
      Ей
      Іркінгң е гур ген іег ну е н ң қшүгғппк.дйлюһөхү😮 31:34

    • @miss.ermaganbetovamiss.erm62
      @miss.ermaganbetovamiss.erm62 Před 7 měsíci +2

      Прекращайте раздавать своих детей

    • @miss.ermaganbetovamiss.erm62
      @miss.ermaganbetovamiss.erm62 Před 7 měsíci +2

      Мужчина взрослый когда сказал мама это до слез

  • @user-ve5jn3nn6b
    @user-ve5jn3nn6b Před 7 měsíci +8

    Еркебұланды мықты керемет азамат қылып тәрбиелеген ата-әжесіне, сап-сау етіп осы жарық дүниені сыйлаған анасына алғыс....молодец жігіт екен❤

  • @fakiyaduisenova9366
    @fakiyaduisenova9366 Před 7 měsíci +2

    Аман айналайын балам , бағдарламаң тамаша, Еркебұлан тамаша артист өте жақсы көреміз.Екеуіңніңде өнерің өрлей берсін.Тмаша қойылымдар күтеміз.❤❤❤👍👍👍🙋🙋🙋👏👏👏

  • @alibi1955
    @alibi1955 Před 7 měsíci +7

    Еркебұлан қазақтың мықты ер азматы еееніне күмәнім жоқ еді. Енді тіптен керемет әсер алдым! Аман бол! Қосағыңмен қоса ағар!🌺

  • @user-gy1mr6rn5k
    @user-gy1mr6rn5k Před 7 měsíci +20

    Жыламай көру мүмкін емес, махаббатқа бөленіп өскен екен, барлық бала мейіріммен өссе екен

  • @aselnanbaeva
    @aselnanbaeva Před 6 měsíci +2

    Керемет сұхбат болды.Бәрі шынайы, қазақтын осындай жігіттері аман болсын.

  • @user-dc9of4pq8g
    @user-dc9of4pq8g Před 6 měsíci +2

    Аман Тасыганнын шыгармасын унеми узбей коремин, .оте кызык. Оте ман- магынасы жогары. Ал актер Еркебулан Дайыров оте дарынды актер боямасыз жаркын бейнеси коринип тур. Казактын оте адеми, сымбатты жигити. Тил козден аман бол.Творчестволык табыс тилеймин.Голливудтын жулдызы болсын тилеймин.

  • @user-kd1vq1hy2s
    @user-kd1vq1hy2s Před 7 měsíci +3

    Қандай керемет эфир! Еркебұлан өте мықты актер, болашағы жарқын болсын! Шығармалылығына шабыт тілеймін,отбасына бақыт тілеймін!!!

  • @user-wb2jc6dc2q
    @user-wb2jc6dc2q Před 7 měsíci +3

    Мықты актер,анасына мама дегенде еріксіз көзге жас келдіғой, аман бол,онерің орлей берсін

  • @user-pz8ee1ou4c
    @user-pz8ee1ou4c Před 7 měsíci +5

    ЕРКЕБҮЛАН МЫҚТЫ АКТЕР! МІНЕЗДІ АЗАМАТ! АМАН ШАҚЫРҒ
    АНЫҢ ЖАҚСЫ БОЛДЫ.САУЛЫҚ
    БАҚЫТ ТІЛЕЙМІН.АМАН МЫҚТЫ ЖҰРГІЗУШІСІҢ.ҚЫЗЫҚ СҰРАҚТАР ҚОЯСЫН.АМАН ЖҮР.МИЛЛИОН ТІРКЕЛУШІҢ БОЛСЫҢ.АУМИН
    .ЛАЙК

  • @gulzira-ts7ch
    @gulzira-ts7ch Před 7 měsíci +4

    Еркебұланның табиғаты әлемі ерекше бөлек екен

  • @karakyz.darakyz
    @karakyz.darakyz Před 7 měsíci +3

    Жылап алдық , керемет сұхбат.
    Ех амал жоқ әжесіне берген ғой, кім баласын бергісі келеді. Сыйластығы керемет

  • @user-wk5qb7bp6d
    @user-wk5qb7bp6d Před 7 měsíci +3

    Өте керемет сұхбат. Әбден жылаттыңыз.... Анаңыз аман болсын өте сұлу әйел екен

  • @user-um4cq6pz3u
    @user-um4cq6pz3u Před 7 měsíci +3

    Қандай сымбатты жігіт. Ойы, жүрегі таза жігіт екен. Осындай қазақ жігіттері көп болса екен. Менің үлкен ағамды ата әжеміз тәрбиелеген. Ағам 13 жаста болғанда, олар қайтыс болды. Қазыр ағам 48 жаста, әлі күнге дейін мама деп айта алмайды. Бізден бір түрлі бөлектеніп тұрады. Мен жалғыз қарындасымын. Өзім ағам деп, тарта берем, үйден сәлемдеме деп, бір нәрсе беріп жіберем, інілерімде бізге келгенде, көлігінің дөңгелігін ауыстыру деген сияқты, немесе тағы басқада құрмет көрсетіп жатады. Дегенімен бөлек өскендігі байқалып тұрады. Бірақ ағамыз ғой, қатты жақсы көреміз.

  • @user-yq4sn6pw6y
    @user-yq4sn6pw6y Před 7 měsíci +2

    Ата аңда арман жоқ шығар сендей ұлды өсірген Еркебұлан мықтысың керемет зор денсаулық тілеймін

  • @user-hy1wd8lc9o
    @user-hy1wd8lc9o Před 7 měsíci +2

    Аман сізге рахмет, керемет сұхбат бірге күлдім жыладым
    Еркебұлан ұлы тұлғаларды сомдағанда өз бойына қандай жақсы қасиеттерінен сіңірді екен

  • @user-ub2mw1xl8o
    @user-ub2mw1xl8o Před 7 měsíci +5

    Аман аға, аман болыңыз. Керемет бағдарлама, ғұмырлы болыңыз бағдарламамен бірге тек табысқа жете беріңіздер. Еркебұлан сұлу, қарапайым керемет жігіт. Тағы да көзіміз жетті. Барлық түскен киноларын қарап жүреміз ❤❤❤

  • @user-fo5op1bj1v
    @user-fo5op1bj1v Před 3 měsíci

    Еркебұлан Дайыров - мықты актер!👍 Жәрайсың! Бар жақсылықты тілеймін!

  • @user-uy7mu1xe3y
    @user-uy7mu1xe3y Před 7 měsíci +6

    Алла жар болсын!
    Барлығы шынайы болды
    Көзімнен жас ыршып шықты!❤❤❤

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e Před 7 měsíci +2

    Аман Тасыған! Рахмет сізге! Қонағыңыз бірнеше сезімдер кешті! Өте ұнады! Жастарға Алла жар болсын!

  • @user-hq7ng2hs9m
    @user-hq7ng2hs9m Před 7 měsíci +2

    АЛЛА БҰЙЫРСА ТУҒАН АНАҢЫЗДЫ ҚАСИЕТТІ МЕККЕГЕ АПАРЫҢЫЗ ЕРКЕБҰЛАН БАУЫРЫМ ДҮНИГЕ СӘБИДЫ ӘКЕЛУ ОНАЙ ЕМЕС АДАМНАН АДАМ ШЫҒЫУ ОНАЙ ЕМЕС ТУҒАН АНАҢЫЗ АМАНБОЛСЫН БАҒАЛАЙ БІЛІҢІЗ АНАҢЫЗДЫ ҚАСИЕТТІ МЕККЕГЕ АПАРАСЫЗ ДЕП ҮМІТТЕНЕМІН АНАҢЫЗДЫ ЕРКЕБҰЛАН БАУЫРЫМ АМАНБОЛЫҢЫЗ

  • @SamsungSamsung-pv4xo
    @SamsungSamsung-pv4xo Před 6 měsíci +1

    Еркебүлан, жасай бер, аман жүр, тіл көзден Алла сақтасын!! Нағыз батыр!!!❤❤❤

  • @user-wq3qj8eg7r
    @user-wq3qj8eg7r Před 7 měsíci +3

    Ата мен әженің орны бөлек!!! ❤

  • @user-hd3hh9xr7l
    @user-hd3hh9xr7l Před 2 měsíci

    Бәрекелді! Еркебұланның жан дүниесі таза болғандықтан әрбір рөлі шынайы. Кинодағы әрбір әрекеті сенімді.

  • @user-xw7nd6ox4i
    @user-xw7nd6ox4i Před 7 měsíci +8

    Мықты актёр, қанатыңыз талмасын.

  • @user-zr4ho3nb3w
    @user-zr4ho3nb3w Před 7 měsíci +4

    Мінезді, жасандылығы жоқ жігіттен ғана шебер актер шығады, қазір көп жігіттер мінезсіз

  • @aliya.rauova
    @aliya.rauova Před 7 měsíci +3

    Өте керемет ерекше
    "алғашқы" сұхбат жүрді,көріп отырған менің де сезімім ерекше 🫠,жүрекке өтті🥰

  • @aigerim.tanirbergen
    @aigerim.tanirbergen Před 7 měsíci +2

    Қарапайым азамат екен. Бір сұхбаттын көріп баурады. Фильмдері керемет қой, мықты актер 👍

  • @user-qy4mu8nq4u
    @user-qy4mu8nq4u Před 7 měsíci +2

    Жарайсың Еркебұлан

  • @-miko.bai-95
    @-miko.bai-95 Před 7 měsíci +1

    Не деген әсерлі сұхбат, қосылып жылапта алдық, бет тартпай секіргеніне куә болдық батыл екен. Аман жүріңдер серілер. Аман аға мың жаса

  • @naziraazmaganbetova6012
    @naziraazmaganbetova6012 Před 7 měsíci +2

    Талантты актер өте әсерлі сұхбат болды.Өсіп өне бер балам өнерің таси берсін!!Аман балам өте жақсы жоба екен осындай өнерлі жастарымызды шақырып бізге таныстыра бер!!Шынайы болды .

  • @user-lr3sr2rw6g
    @user-lr3sr2rw6g Před 7 měsíci +2

    Талабына нур жаусын
    Еркебуланын
    Ханын рольдерин
    Сомдаганда керемет
    Сол кинода жургендеи
    Сезинемин

  • @GoogleGoogle-cb6nv
    @GoogleGoogle-cb6nv Před 7 měsíci +3

    Өте керемет!Баукен атаны ойнап кейін басқа рольдерді ойнағанда төменге түсіп кеткендей ойлап едім .Ақ есікті ашқанда әжесін айтқанда көзімнен жас тоқтамады.Менің де немерем бар біздің меншігіміз бірақ әке шешесін мама папа деп үйреттік ,біз кеткеннен кейін әке шешесін мойындамай қояма деп.

  • @user-ph6sr3zt8d
    @user-ph6sr3zt8d Před 7 měsíci +2

    Мықты сұқбат бодды👏Авторға респект👍

  • @Millioner.87
    @Millioner.87 Před 7 měsíci +2

    мә керемет бағдарлама болды,Еркебұлан сүйікті актерлерімнің бірі,әрқашан биіктерден көріне берсін!

  • @user-rp9ps9pi4b
    @user-rp9ps9pi4b Před 7 měsíci +3

    Ата -әженің бауырында, тәрбиесінде өскен бала жаман болмайды.

  • @user-ce9nn2zd9j
    @user-ce9nn2zd9j Před 7 měsíci +2

    Сұхбат жақсы өтті. Бірақ Еркебұлан мырзаның көп күлгені сәл ерсілеу көрінді.

    • @user-px9nx2ui4k
      @user-px9nx2ui4k Před 7 měsíci

      Қатты қобалжығандықтың әсері.

  • @lazzatkulmurzaeva4747
    @lazzatkulmurzaeva4747 Před 7 měsíci +2

    Керемет сұхбат әсерлі болды, рахмет👍

  • @user-qv6pl6bo3l
    @user-qv6pl6bo3l Před 7 měsíci +3

    Керемет сұхбат болды рахмет Аман. Еркебұлан бауырым аман жүр. Алла жар болсын

  • @user-eg7iv8ih2p
    @user-eg7iv8ih2p Před 6 měsíci +1

    Шынайы сұхбат үшін рақмет. Жерлесім екен,енді біліп отырмын. Бағындырар биіктеріңіз көп болғай

  • @GazizaDairbaeva-os9qb
    @GazizaDairbaeva-os9qb Před 7 měsíci +6

    Кемен орге жузсын жолын акболсын 🤲

  • @user-tz9bw7ec4s
    @user-tz9bw7ec4s Před 2 měsíci

    Еркебұлан кинодағы еңбегі зор, өз ролін жақсы ойнайды. Жарайсын тек алға інім.

  • @nurdaulettokseytoff7983
    @nurdaulettokseytoff7983 Před 7 měsíci +1

    Алла куш куат берсин Ереке. Тамаша жигитсин.... Аман бол. Казактын мандайына биткен керемет актерсын. Әр казактын жигити сендей болсын. Амин

  • @user-jd6ws8xr1v
    @user-jd6ws8xr1v Před 7 měsíci +7

    Керемет тек алға

  • @user-ym2bn7vo6v
    @user-ym2bn7vo6v Před 7 měsíci +2

    Тек алға шығармашылық табыс тілеймін! Керемет актёрсыз

  • @user-nb5yj1sr8t
    @user-nb5yj1sr8t Před 7 měsíci +4

    Тамаша кездесу.Осы уақыттың мықты актеры.Аман саған рахмет!

  • @user-mx7fj4jb1s
    @user-mx7fj4jb1s Před 7 měsíci +1

    Жақсы хабар!Кейіпкерлердің жан дүниесін ашып беретін тосын көріністерінің өзі керемет!Еркебұланның толқынысын көріп біз де көңілімізді босаттық...

  • @Nurzhan-vp8wh
    @Nurzhan-vp8wh Před 7 měsíci +2

    Аман Тасыған Мықтысыз..

  • @GazizaDairbaeva-os9qb
    @GazizaDairbaeva-os9qb Před 7 měsíci +3

    Аман балам букыл купиянды айткыздау кушты болды откен кундер жастыкшакта бастан не отпеды керемет болды бакытты бол балам 🤲🤲

  • @user-ij1us3bc3m
    @user-ij1us3bc3m Před 7 měsíci +2

    Керемет сұхбат болды. Жылап алдым

  • @globaldent284
    @globaldent284 Před 7 měsíci +3

    Мамамы уксаган екен, Еркебулан, анасы өте әдемі 😍

  • @user-pb1nn6cu3c
    @user-pb1nn6cu3c Před 7 měsíci +6

    Мен де әкем мен анамның тұңғышымын. Апамның қызымын ❤. Апам менің жүрегімде ❤ . Еркебұланның әңгімесін естіп бір жылап алдым 😢

  • @user-oo5xs7jd3k
    @user-oo5xs7jd3k Před 7 měsíci +12

    Сенің жаныңның тазалығы жүзіңнен көрініп тұратындығы туған анаңа тартқан екен.Үлкейсе де ұяңдығы жүзінде тұрған ғажайып адам екен.Тəрбиең дұрыс келісті тура сөзді азаматтың бірісің.Əжең еті тірі адам болған сияқты.

  • @anarkhanmustagalievna605
    @anarkhanmustagalievna605 Před 7 měsíci +1

    Керемет сұхбат! Жүректен шыққан шынайы әңгіме көзімнен еріксіз жас шығарды. Рахмет !

  • @GazizaDairbaeva-os9qb
    @GazizaDairbaeva-os9qb Před 7 měsíci +3

    Аман балам мыкты журналист енбегын жансын алгыска боленебер

  • @user-fe5gp4gd9s
    @user-fe5gp4gd9s Před 7 měsíci +2

    Ризабекті шақырғандары қандай күшті😍❤️

  • @Madinaslamzhanova
    @Madinaslamzhanova Před 7 měsíci +15

    Мен де апамның қызы едім.Апам кеткенде мына әлемде жалғыз қалғандай болғам.Бір жылап алдым көріп.Әженің тәрбиесі нде өскен бала жаман болмайды

  • @user-my8yt3rv6t
    @user-my8yt3rv6t Před 7 měsíci +3

    Анасының аузынан түсіп қалған екен!
    Негізі қазақта немересін ата-анасынан алып қойған дұрыс емес деп санаймын. Ол жан дүниесіне зақым келтіреді.
    Мен ата-әжеммен өстім, оларды әке-шешемдей көрдім. Олар мені шексіз жақсы көрді, жақсы көріп те жатыр. Бірақ тұрған әке-анам маған суық болғаны жаныма қатты батады. Олардың мейірімін сезгім келеді. 38 жасыма келіп сол күйзелісімді түсініп отырмын.
    Бірақ ата-әжемнің махаббаты мен жылулығы болмаса мен не болар едім, белгісіз

  • @GazizaDairbaeva-os9qb
    @GazizaDairbaeva-os9qb Před 7 měsíci +6

    Казактын быржаман жеры алгашкы баланы алып алуы касында журген баланды бауырына баса алмаганын еркелете алмаганын кыйын 😢

  • @altintal3800
    @altintal3800 Před 7 měsíci +1

    Керемет бағдарлама бір жылап алдық ұзағынан болсын

  • @user-fy6mj9oj1y
    @user-fy6mj9oj1y Před 7 měsíci +1

    Алжан бауырым сені көріп ырза болдым Даусың Райынбек атаңа ұқсағанғой өнердегі жімісін көре бер біиіктерден көріне бер сенің дауысң таудың жаңғырығындайғой

  • @user-ve4mi3gw1k
    @user-ve4mi3gw1k Před 7 měsíci +3

    Аман мырзадан да сұхбат алу керек еді ❤

  • @Nurlan_Nestay
    @Nurlan_Nestay Před 7 měsíci +7

    Бір деммен көріп шықтым! Рақмет! Жыладық күлдік! Секіргеніңізге риза болдым

  • @serikaitbaev2827
    @serikaitbaev2827 Před 2 měsíci

    Еркебулан агамнын онери катты унайды аттен сол кисимен сахнада онер корсетсемгой ширкин!!

  • @perizatorazbai
    @perizatorazbai Před 7 měsíci +4

    Өте шынайы,әдемі сұхбат!❤

  • @user-bb2kg1jt6w
    @user-bb2kg1jt6w Před 7 měsíci +5

    Авторлық жоба жасауда Аман Тасыған ағаға жетер жан жоқ. Жасай беріңіз аға👍

  • @GazizaDairbaeva-os9qb
    @GazizaDairbaeva-os9qb Před 7 měsíci +2

    Еркебулан балам мыкты актер орлейбер енбегын жансын мынын быры кылыштын жузы бол балам

  • @user-wo3qm8eu9n
    @user-wo3qm8eu9n Před 7 měsíci +2

    Керемет 👍баурым

  • @azamatsalybai3796
    @azamatsalybai3796 Před 7 měsíci

    Не деген керемет актер, жаны таза жүрегі ақ жансыз Еркебұлан мырза.С ізге деген құрмет артпаса кеміген жоқ!!! Ал Аман Тасыган оте білімді тапқыр журналист, керек жерде орынды сұрақ қоя білетін өте ақылды жан! тек Респект!!!

  • @user-fn6yc8ww8h
    @user-fn6yc8ww8h Před 7 měsíci +16

    Ата əже асырған бала. Ең қиын ы əке шең нің баласына балам дер баланың әке шеше деп айталмауы өте қиын...əже болғанда немере əже деген сөзді есту ерекше сезім.НЕМЕРЕ ӨЗ ƏКЕ ШЕШЕСІН АТА АНА ДЕП БІЛІП ӨСКЕНІ ДҰРЫС.

  • @user-kp9zo6qh6z
    @user-kp9zo6qh6z Před 7 měsíci +1

    Керемет сухбат болды.

  • @Madinaslamzhanova
    @Madinaslamzhanova Před 7 měsíci +4

    Қандай керемет адам❤

  • @user-yo1pl1mg9w
    @user-yo1pl1mg9w Před 7 měsíci +4

    Жарайсыңдар жандарым🎉

  • @user-dp2gb5fs2i
    @user-dp2gb5fs2i Před 7 měsíci +2

    Ассалаумағалейкум Аманжан сені көріп тура Шаханов ағамыз ды көргендей болдым. Шаш үлгің айнымай қалыпты.

  • @aminatortaiva5742
    @aminatortaiva5742 Před 7 měsíci

    Керемет шынайы сұхбат.Еркебұланға толағай табыс тілейміз. Аманға үлкен алғыс!