«102» қосымшасына биыл 100-ден астам адам жүгінген

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 8. 07. 2024
  • "102"-ге келіп түскен өтініш-арыздардың көбі жол ережесін бұзуға қатысты.
    Өңірде аталған қосымша арқылы жыл басынан бері 100-ден астам тұрғын жүгінген. Еске сала кетейік, оған хабарламаны аудиомен де, видеомен де жіберуге болады.
    Мәселен, С.Мұқанов көшесіндегі тротуарда қаңтарылып тұрған «BMW» автокөлігін жаяу жүргіншілер суретке түсіріп алыпты. Ал Жамбыл мен Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында дәл осы маркалы көліктің жүргізушісі бағдаршамға жақындай бере өзгелерді қосарланған екі сызықпен басып озған. Екі бұзақы да қолға түсті. Әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Komentáře •