Video není dostupné.
Omlouváme se.

Неге тез байып кетуге асығамыз? || ТТБ#54

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 6. 06. 2024
  • "Төртеу түгел болса..." бағдарламасы біраз уақыттан кейін көрермендерге қайта оралды. Бүгінгі 54-шығарылымда болып жатқан соңғы жаңалықтар айтылып, Қуаныш Шонбай апаттан кейін неге өкінетітінін, одан бөлек түсінген негізгі ойларымен бөлісті
    Алдыңғы подкаст жеңімпаздары
    1.@Adila_20144
    2.@user-kh6qq2rq2z
    3.@kelesbekov_s
    Жоба парақшалары:
    ► Instagram: / shonbay.online
    ► Facebook: / shonbay.online
    ► Вконтаке: sho...
    Жеке парақшалар:
    Instagram: ...
    Telegram: t.me/joinchat/...

Komentáře • 123

  • @tangzharykazamat
    @tangzharykazamat Před 2 měsíci +58

    Кішкентай кезде мектептен шығып мамаға хабарласқан кезде: “Асықпай тез-тез кел” деуші еді. Сол кезде түсінбей қалатынмын, “қалай ол, асықпасаң қалай тез келесің” деп. Сөйтсем асықпау деген - жан-жағыңа қара, заңды бұзба, светофорға қарап, байыппен жүр дегені екен. Ал, тез - бар фокусың үйге қайту болсын дегені екен. Яғни қайтар жолда ана жерге бір, мына жерге бір басыңды сұқпай, өз жолыңмен жүру.

    • @Bolganoqigaa
      @Bolganoqigaa Před 2 měsíci +2

      👍

    • @user-cp5cc1wy2r
      @user-cp5cc1wy2r Před 2 měsíci

      😂😂😂😂😂

    • @user-cp5cc1wy2r
      @user-cp5cc1wy2r Před 2 měsíci +1

      Біздің мама да тура солай айтушы еді 😂😂😂😂😂

    • @user-cp5cc1wy2r
      @user-cp5cc1wy2r Před 2 měsíci +1

      Мамаларымыз 1 үйдің қыздарындай болған екен ғой

  • @user-eu2xt4hc4i
    @user-eu2xt4hc4i Před 2 měsíci +42

    Сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес демекші (Абай), - әр ісімізді асықпай, "тез-тез" жасайық.

  • @Nurdaulet.S
    @Nurdaulet.S Před 2 měsíci +5

    Былай қарасаң бәрін жоспарлай берсең өмір қызық емес сияқты көрінеді… Бірақ өмірде жоспарлап істеген ісіңнің жемісін көру басқаша әсер береді… Жоспарлап үйреніп алсаң жоспарсыз жасайтындар жүйкеңе тиеді…
    Қарапым сияқты бірақ көпшілік жоспарсыз жасап опық жейді…
    Керемет тақырып болды👍👍👍

  • @Qyzyqty
    @Qyzyqty Před 2 měsíci +5

    Негізі ттб ны енді бастап көріп жатырмын ең басынан бастап ,бір түсінгенім мына формула (инсайт + әрекет =алтын әрекет) инсайт жәй инсайт болып қалмау керек екен ,сіздерге алла разы болсын !

  • @Ramazan0394
    @Ramazan0394 Před 2 měsíci +7

    Ассалаумағалейкум,мына подкаст керемет болды🔥Қуаныш мырзаға,Мейірбек мырзаға, Таир мырзаға,Азамат мырзаға көп рахметімді айтамын,өте пайдалы болды,ендігі шығарылымды күтемін бұйырса🙌🤗☺😊👍👌🇰🇿🔥

  • @user-no7xz4qb9u
    @user-no7xz4qb9u Před 2 měsíci +4

    Маған қатты өткені, шаршамай тұрып дем алу, шөлдемей тұрып су ішу, қарның ашпай тұрып тамақ жеу деген сияқты…. Жоспардың маңыздылығы өте күшті екен гой, орындалмай қалады ма деп жоспар құруға да қорқып жүремін гой кейде… енді жоспарды құра беремін, бірінші, екіншісі орындалмай қалса да, түбі жоспармен жүруді үйретті бүгінгі подкаст👍🏻

  • @user-ur6sn1sw3s
    @user-ur6sn1sw3s Před 2 měsíci +3

    Бәрекелді, өзгегеде беріп, өздеріңізде оц тұжырымдайтын жақсы сұхбат екен. Рахмет !
    Істеріңізге береке берсін.

  • @user-fk5lb9mo8p
    @user-fk5lb9mo8p Před 2 měsíci +2

    Өте сапалы әр сөзінде терен мағына жатқан. өмірден өздеріңіздің ойып тұрып орын алған, сіздердей тұлғалы Азаматтардың ойымен ақылымен санасып өзіме керекті жерді блакнотыма түртіп оттым. Бастысы елге жерге қазақ оқырмандарыңызға осындай терең ой hәм ақыл беретін жүріп өткен жолдарыңызды саралап бағамдаған осындай әдемі ауыз екі подкастарыңыз көп болғай.. Атыраудан сіздерге Салам…

  • @Ulzhan.bakkeldi0404
    @Ulzhan.bakkeldi0404 Před 2 měsíci +3

    Асығу мен тез істеудің айырмашылығы бар екен, асықпау деген мұқият зерттеп, анализ жасап, ой елегінен өткізіп, ақыл кеңес сұрап уақытында істеу өлшем бірлігі сапа деп айтсақ болады. Ал тез дегеннің өлшем бірлігі уақыт, 5минутта тезірек кел деген секілді.
    Екінші жоспар деген болашаққа байланысты қабылданған шешім. Қойылған жоспар басында бірден орындалмауы мүмкін, бірақ жоспарлауды тоқтатпау керек. Осы жерде "жоспарлаған жоспарын істейді, жоспарламаған үлгергенін істейді" деген сөз есіме түсіп кетті.
    Үшінші қателікті байқай алу және оны өзім істегенімді мойындау, басқаларға кінәні жаппау, адам тек қателіктен сабақ алады, қателік болмаса дұрыстық болмайды.

  • @user-el5ul6zs8m
    @user-el5ul6zs8m Před 2 měsíci +1

    Керек емес заттарға уақыт жұмсасаң керек затқа уақыт таппайсың
    Керек емес нәрсеге ақша жұмсасаң керек нәрсеге ақша таппайсың осы айтынғал сөзі тәпсірлеп өте жақсы ашқан шығарлым болды 😊😊

  • @user-ic7zp7go9e
    @user-ic7zp7go9e Před 2 měsíci +1

    “Иа біз көп жерде көмек сұраудан ұяламыз. Себебі олар кемшілігімізді біліп қояды” деп осы жері 👍🏻

  • @asylzhan.
    @asylzhan. Před 2 měsíci +1

    Керемет шығарылым болды! Студентпін мойындау керек бұл күшті идеяларды қазір жастық шақпен түсінбейтін шығармын, бірақ алдағы уақытта күшті жоспар құруға күшті кеңес әрі мотивация болды🔥👍🏻

  • @user-fv1wn9qd1v
    @user-fv1wn9qd1v Před 2 měsíci

    Экономия-Керек нәрсеге керек сумманы жіберу,керек нәрсеге артық сумма жібермеу.
    Сараңдық-керек нәрсеге керек сумманы жұмсамау. Керек нәрседен бас тарту- сараңдық.
    Жоспар -алдын ала қабылдап жазып қойған шешім.
    Шаршағанда жоспармен жүру оңай.
    Алланың Әл хасиб-Есептеуші атын өз өмірімізде қолданып , өмірімізді жеңілдету.
    Жоспар-болашаққа қатысты қабылданған шешім.(Заметкаға жазып алғанмын)
    Рахмет ТТБ ұжымы. Трансформация керемет болып жатыр мида.Қайталап көріп, түртіп алып , қолданвтын алтыннан қымбат өмәрлік тәжірибелеріңізбен ұстанымдарыңыз көп. Келесі түсірілімді асыға күтемін. Ұйымдастырушыларға рахмет.

  • @user-cc3rq6de3f
    @user-cc3rq6de3f Před měsícem +1

    Жоспар-алдынала қабылданған шешім❤күшті өтті

  • @zhakebarber
    @zhakebarber Před 2 měsíci +1

    Ассалаумағалейкум қайырлы күн алға қарай дами беріңіздер ТТБ керемет ой түйгенім өз саламызды жақсы дамытып сапалы деңгейге жету деп білемін,асықпай үздіксіз даму қажет екенің түсіндім әр саланың кәсіптің басын ұстамау керек екенің білдім 🎉😊

  • @yerkebulan.turyszhan
    @yerkebulan.turyszhan Před 2 měsíci +2

    Түйгенім: Асығу - КЛАССИКАЛЫҚ қателік.
    Тез-тез бай болғымыз келеді, качок, атақты…дегендей. Бірақ асығамыз деп зиянға ұшырап қалуымыз мүмкін.
    Мысалы, жыл басында осындай КЛАССИКАЛЫҚ қателік жасадым. Шымбұлаққа алғаш рет шаңғы тебуге бардым да, бірден ең үстіңгі 3200 метрден түсіп, соның кайфын сезінгім келді. Нәтижесінде тіземді жарақаттап, оған ота жасатып, қазір больничныйдаа ТТБ көріп жатырмын😊
    Яғни, алғаш рет барған соң инструктор жалдап, одан бар жағдайды үйрену, түсініп алу қажет екен.
    Дәл осы сияқты, бүкіл қатені өз басыңнан өткізе бермей, БІЛЕТІН АДАММЕН АҚЫЛДАСУ, жөн сұрасу керек.

  • @Tleurt
    @Tleurt Před 2 měsíci +2

    Қуаныш ағаның мантыға байланысты мысалы қатты өтті😂
    Менің түсінгенім бойынша Баяу қозғалу ол - манты езіліп кеткенше 1 сағат пісіру, асықпау ол - өз уақытымен 45 минутта алу, ал асығу деген 20минутта шикі өнім шығару.😅

  • @AdiletBoran
    @AdiletBoran Před 2 měsíci

    Рахмет сіздерге ❤ осындай қазақ ағалардың барына шүкір. Бір ауыз сөзді, бірнеше мысалмен жақсы жеткізе алдыңыздар.

  • @user-ew3bj7rb3s
    @user-ew3bj7rb3s Před 2 měsíci

    Зор болды❤ басынан аяғына дейн толық инсайт. Қуаныш мырза керемет айтты. Сағынып күтіп жүрген подкаст, ұзақ үзілістен кейін. Тоқтамасын, жалғасы ұзағынан болсын!

  • @user-pc3oe3cy6d
    @user-pc3oe3cy6d Před měsícem

    Жалпы тақырып таңдау жақтарыңыз мықты.

  • @user-gi5tn4rj8e
    @user-gi5tn4rj8e Před 2 měsíci

    Әр бағдарламадан бір пайдалы ақпарат аламын. Жігіттер көп рақмет. Халыққа береріңіз көп болсынэ.

  • @user-tv8jv4nn5p
    @user-tv8jv4nn5p Před 28 dny

    Ассалау маъалейкум мырзалар жалпы тақырыпты жақсы ашылды жік ,жіктепші маған қатты ұнады қажетті инсайд алдым деп ойлаймын келесі түсілімді асығада ,асықпауда сабыр мен баппен күттемін

  • @Zhadra_Turazhanova
    @Zhadra_Turazhanova Před 2 měsíci +6

    Қазақ болып тумағанда нетер едім, ТТБ болмаса нетер едім 😄 🔥🔥🔥

    • @user-pg4mi7xs8h
      @user-pg4mi7xs8h Před 2 měsíci

      Фу бесит осындай сөздер

    • @user-cp5cc1wy2r
      @user-cp5cc1wy2r Před 2 měsíci

      Жарайсыз, біз өз-өзімізді құрметтемесек, сырттан келіп ешкім құрметтемейді. Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер, болмас елдің баласы бірін-бірі қатын дер,-деген қазақ атамыз ❤❤❤❤

    • @aigul_kayratkhan
      @aigul_kayratkhan Před 6 dny

      ТТБ -ны көрмей өтер ем деп қойсаңызшы😅

    • @Zhadra_Turazhanova
      @Zhadra_Turazhanova Před 5 dny

      @@aigul_kayratkhan ия, шықпай кеттіғой аяғында

  • @bymalikov
    @bymalikov Před 2 měsíci

    Ассалаумағалейкумдер, подкаст өте керемет болды, түйген ойға келер болсам, демалысымды мүлдем жоспарламайтынымды түсіндім. Соның себебінен кейкезде жобалардан шаршап кейінге қалдырып жатамын. Өзім тендермен айналысамын, таңертеңнен кешке дейін тендерлармен отырамын, кешке кәсібім Playstation ойын клубыма шығамын (қарыздардан тезірек құтылу мақсатында әзірге өзім және партнеріммен шығып жүрмін). Одан бөлек веб-дизайнмен айналысып әртүрлі презентация, сайт жасайтыным бар, фрилансер ретінде. Осы подкасттың осы жерде тиген пайдасын айтайын, негізі осы жылға басты мақсаттарым деп осы 3 жобамды жазып қойған болатынмын, бірақ үшеуіне қатар үлгеру мүмкін емес (отбасым бар дегендей). Алғашқы жоспарымды қалай құруға, яғни қайсысын таңдауды қателесуге қатты қорқып жүр едім. Енді Қуаныш ағаның сөзінен кейін лучше бір жобаны таңдап до конца соған фокус қойып қателесудің дұрыс екенін түсіндім. Бұл қателіктің бағасы, 3 жобаны қатар ұстаймын деп жүріп жасаған қателіктен бағалы болары анық. За то жылдың соңында точно бір дұрыс нәтижеге жететініме сенімдімін.

  • @smlsml89
    @smlsml89 Před 2 měsíci +2

    Енді енді подкаст жанданып келе жатқан секілді. Алла берекесін берсін!

  • @user-yv8rn8yk6g
    @user-yv8rn8yk6g Před 2 měsíci

    Керемет ❤🇰🇿🐎🐬

  • @user-bs7ld1fv2s
    @user-bs7ld1fv2s Před měsícem

    Ұнады осы подкаст🎉🎉🎉🎉

  • @yernar_durysbay
    @yernar_durysbay Před 2 měsíci

    Мәкенің намазбен үлгісі өте керемет ұнады, өзімнің басымнан өтіп жатыр. Ұнайтын-ұнамайтынды қалай талдасақ болады, соны келесі подкасттарда, әңгіменің арасында ашып жіберсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді ағасы. Подкаст тамаша, түйіп алар ақпарат көп. Ағаларымыз алдыңғы арбамен біз сияқты бауырларын алға сүйреген ғанибет емеспа! Алла разы болсын!

  • @tleusaduakas5973
    @tleusaduakas5973 Před 2 měsíci +2

    Инсайт: Асықпай тез-тез жаса) 🔥

  • @AS-iv1mo
    @AS-iv1mo Před 2 měsíci

    Мен өзіме жаңа подкаст аштым қазақша 😍 басынан бастап көріп келе жатырмын, ұнап жатыр, тақырыптары өте керек , қазіргі менің өміріме керек, реттеу керек жағдайлар бойынша, бір пайдалы подкаст болды Респект 👍
    Қаншама жетістікке жетседе қарапайым екендерін коріп риза болыдым, күліп те , түсініп те отырмын😄

  • @Aidarabdrahim-cb9iq
    @Aidarabdrahim-cb9iq Před 2 měsíci +2

    Мен осыны ойлап жүр едм , осы поткасты корып ойымды өзгерттіім , бірақ Азамат мырзаныда сөйлетыныздершы , Куаныш мырза өзі алып шыктығой поткасты 😂

  • @user-jd3dq1yb1b
    @user-jd3dq1yb1b Před 2 měsíci +3

    Кудай ау осыны ұзак күттікқо

  • @user-cp5cc1wy2r
    @user-cp5cc1wy2r Před 2 měsíci

    1 деммен көріп шықтым 💖💖💖 өте керемеееет сұхбат болды. Баршаңыздан АЛЛА разы болсын! 2 дүниенің жаксылығын тілеймін 🤲 шетелдегі сапарларыңызға сәттілік тілеймін ✊ подкастты көрген әрбір жанға Қуаныш, Мейірбек мырзалардың келесі сапарларында жандарында жүретін сапарластары болуларыңызға тілектеспін 🤲✊🇰🇿 мақтанып айтуларыңыз үшін емес, ұрпақтарыңыз сіздерден үлгі алулары үшін. Подкастта пайғамбарымызды үлгі етіп, Марғұлан мырзаны үлгі етіп, Абай атамызды үлгі етіп айтқаны сияқты (пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаhтың сәлемі мен игілігі болсын!) күйеу баласын сыйлаған деп 💎👍). Болар елдің баласы бірін бірі батыр дер, болмас елдің баласы бірін-бірі қатын дер, - демекші бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қолтықтан демеп жүретін ауызбіршілігі жарасқан ел болайық ✊🇰🇿🤲💎

  • @user-wt9np1pj1w
    @user-wt9np1pj1w Před 2 měsíci

    Алла разы болсын сіздерге. Адамның күні адаммен демекші, Марғұлан ағамыз сияқты кісілердің қасында жүрмесекте, қазір осындай подскасттардың арқасында біраз нәрселерді ерте біліп, ескеріп жатырмыз. Алған инсайт көп, ТТБ негізі жақсы бір подкаст болды, атмосфераларыңыз қарапайым, шыңайы, көңілді.
    Жеке өзіме Қуаныш ағаның күйеу баласы Азаматқа айтатын әңгімелері өтеді😂.
    Жеке өзім қатты асығатын адаммын, әлі күресіп келемін осы нәрсемен. Өмірде біраз опық жедім осы нәрседен, тіпті 21 жасымда үйленемін деп бір асығып едім, бірақ Алланың қалауымен үйленбей қалдым, сол кезде қатты асығып едім үйленгім келеді. Бірақ енді қазір 1 жыл өткеннен кейін қарап отырсам, үйленбегенім дұрыс болған екен сол кезде. Дайын болмаған, рухани да қаржылай да т.б.
    Сол үшін асықпай тез тез, жоспарлап шешім қабылдау ең керек қасиет деп ойлаймын.
    Әдемі жазып Стэнфордтан кэпка аламыз ба деген ниет қой😂. 2022 жылы Америкаға Work&Travel программасымен барып Стенфордты көре алмай қалып едім, Гарвардты көрдім. Енді Бұйырып жатса бәрекелді.
    Ұзын сөздің қысқасы, жаңа подкасттар шыға берсін, аман болыңыздар, істеріңіз берекелі болсын. Рақмет подкаст үшін. ❤

  • @user-zd2mj7ve3k
    @user-zd2mj7ve3k Před 2 měsíci

    Подкасттың ерекшелігі шынайы жеңіл сұхбаттасуда❤❤❤

  • @zhaidarlym952
    @zhaidarlym952 Před 2 měsíci +1

    Түйгенім:
    1) Мен әдетте проблемаға тез берілетін адамдардың қатарынанмын, соған орай маған қажет болған “10 минут, 10 ай, 10 жылда бұл проблема актуально бола ма?” - деген сұрақ
    2) Жоспарлау деген тақырып айту оңай болғанмен, өмірде қолдану өте қиын. Бүгін мотивациясы жанып тұрып, ертең өшіп қала беретін адамдар үшін жоспарлаудың маңызын аша түсіндіре алдыңыздар, яғни өмір жеңілдейді, уақыт сапалы болмақ.
    3) Асығу мен тез істеу деген сөздердің мәні мен мағынасы. Тез істегеннен жұмыс өнбейді, асықпай істеу арқылы жұмыстың өнімділігі артады.

  • @maksimelite2870
    @maksimelite2870 Před 2 měsíci

    Қайырлы таң,ТТБ жүргізуші Мейірбек аға, Қуаныш аға,Азамат аға,Таир аға!
    Бүгін подкастты қарап отырып ойыма әртүрлі жағдайлар түсіп жатыр. Сырымбек ағаның әрқашан айтатыны: жастар тез байығысы келеді,барлығы болса екен, машина,бизнес,үй.Бұның барлығын асығыстық болып табылады деген өз айтқаны. Біреуде машина барма,менде алуым керек және кредитке алуға асығады бір-бірімен жарысу туралы керемет ой айтты.Бүгінгі кеште өзіме ерекше инсайт немесе әсер ала білдім:
    Қуаныш ағаның: Екі деңгейде бізде қарым-қатынас болады.1.Ойлау деңгейі.2.Әрекет деңгейі.Барлық нәрсе ойдан пайда болады деген рас.Әрекетті де асықпай,бірақ та тез жасау. Өмірімнен айтайын, ауылда таңертен қой бағуға шығамыз өріске мал айдап,тезірек кеш болса екен деген әртүрлі ойлар келеді,телефонына уақыт қарап қоямыз,әр сәт сайын уақыт өтсе екен деген ой мазалайды.Сағат 8 де таңғы бір қараймыз, 08:15те тағы бір, 08:30 да сүйтіп уақыт қарап отсақ өтпейді ғой шіркін😂 Бір уақытта қой туып қалады енді жүргенде😉😂 Сол қойды кешке қошақанымен ауылға отармен бірге апарасын, қошақанды тастап кетуге болмайды(жауапкершілік) апармасаң ата-ағалардан ұрыс естисін.Сонымен күні бойы қошақан көтеріп жүресің уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамайсың.Ең соңында бәріміз бақыттымыз Аллағс шүкір үлкен ата-аға батасын беру арқылы жетістікке жетеміз.Сол арқылы айтқым келеді тез-тез асығып керек емес, істі жауапкершілікпен ала жүрумен қатар уақытында ауылға жетеміз.14 сағат қой бағамыз.Орал қаласы,Ақжайы ауданы,Чапаев ауылы Орталықтан орыс моласы жағы қой шығатын жпр.Таңертен 05:10 да тұрып аласың, кешкі сағат 20:40 та үйде боламыз Аллаға шүкір сол арқылы қазір көп жерде қатты шаршау жоқ шүкір етемін.Бұл подкаст мені асықпауға үйретті десем болады, қазақта « асыққан шайтән ісі деп бекер айтпаған».Маған бұл подкаст пен ерте тұру подкасты,Сырымбек ағамен Марғұлан ағаның сұхбаты ұнады.Аллахым берекелі қайырлы білім алғаймыз барша қазағым байысың, елімізді көтеруді нәсіп болғай, қоғамға пайдалы болу🤲🏾Бір күні менде іштей ой осында келіп подкастқа түсу бұйырса🙂 Қарапайым Чапаев ауылының қара домалақ баласы Бекзат Талғатұлы Шамшиден

  • @Orazali_727
    @Orazali_727 Před 2 měsíci

    Шынымен қызық болды. Әзіл бар, пайдалы ақпарат бар 😊

  • @user-kb3pi5wg5y
    @user-kb3pi5wg5y Před 2 měsíci

    Нағыз керек уақытта шыққан информациялар болды 🎉❤

  • @asylkhan342
    @asylkhan342 Před 2 měsíci

    Жоспарлаймын миыма жеңіл болу үшін
    АСЫҚПАЙМЫН ісім ТЕЗ бітуі үшін
    ТТБ көремін кайф алу үшін🔥🔥🔥
    РАХМЕТ Сіздерге ағаларым✊

  • @muslima7650
    @muslima7650 Před 2 měsíci

    Асықпай, тез-тез шығып тұрыңыздаршы бізге❤❤❤

  • @akbultkudaibergen6170
    @akbultkudaibergen6170 Před měsícem

    блииииииииин кандай тегин билим

  • @sarmanovalmasbotikdinok9505

    Ассаляму алейкум жігіттер , жоспарсыз асығыстықтан жоспармен тез қимылда дедіңдерғой жалпы)))

  • @NurdosBalabek
    @NurdosBalabek Před 2 měsíci

    Ух, ағаларым пісірді🔥

  • @user-fo8wo5xn8m
    @user-fo8wo5xn8m Před 2 měsíci +1

    Уже другой уровень 🎉

  • @Avtorynokaktau
    @Avtorynokaktau Před 2 měsíci

    Көңілді, пайдалы ✊️

  • @user-cf3qi4wp8i
    @user-cf3qi4wp8i Před 2 měsíci +1

    Таир мырза домның астындағы өзімен өзі сауда жасап отқан магазінші,базардағы оптовик магазиншілерге кіріп кеткен сияқты отыр ғой

  • @user-qp4xg4qy9w
    @user-qp4xg4qy9w Před 2 měsíci

    Сауатты адамдардын пикирталасы кашанда бир шешимин табады, керемет диспут ❤😊 Куаныш Шонбай, Мейирбек мырза, Тайр мырза, Асхат мырза баринизди жаксы коремин ❤

  • @Erbolat-ph4kd
    @Erbolat-ph4kd Před 2 měsíci

    Бул падкаста тусынгеным " Устазын кандай болса Сен сондай боласын" деген тусынык болды.

  • @user-cp5cc1wy2r
    @user-cp5cc1wy2r Před 2 měsíci

    Кепканың йелерін алдын ала құттықтаймын ✊✊✊🇰🇿

  • @nurshayev
    @nurshayev Před 2 měsíci

    Асығу деген шыныменде заманның проблемасы деп айтуға да болаиын шығар. Инстаграмм эффекті қатты роль ойнайды. Бір қарағанда бәрі жақсы, бәрі дамып кеткен, бәрң милионер. Оны көрген адамның ішінен бір өзі ғана қалып қойған сияқты ой пайда болады. Сыртқы фактордың ішке әсер етуі болса, енді оған төтеп беретіндей іште, мақсат, өзіне болған сенім болу керек сияқты. Іштегі сенім сыртқы әрбір ситуацияға реагировать етпейтіндей уровеньде болу керек деп ойлаймын. Оның урлвеньін көтеру үшін өзіне отчет беріп, кішкентай жеңістерді жазып, есіне салып тұру деп ойлаймын.

  • @kalkhanbekkurbanov655
    @kalkhanbekkurbanov655 Před 2 měsíci

    Шыныменде біз әлеуметтік желіде көп отырып барлығы тез байып кетті деп ойлаймыз және соған жетуге асығамыз бұл жерде "асықпай жүріп анық бас еңбегің кетпес" далаға деген сөз еске түседі. Өз ісіміздің сапасына өнімділігіне зер салсақ сіздіңде байып кетіуңіз бек мүмкін

  • @Aidyngoi
    @Aidyngoi Před 2 měsíci

    Марғұлан ағаның сөзі бар еді ғой : кредит асығыстықтың ақшалай түрі деген.

  • @sanatkanatbaev8225
    @sanatkanatbaev8225 Před 2 měsíci

    жоспарлы өмір-хайырлы өмір!

  • @user-yq3mv7cm2z
    @user-yq3mv7cm2z Před 2 měsíci +1

    звук акырын шагат наушникпен

  • @abuasmamuslim7019
    @abuasmamuslim7019 Před 2 měsíci

    Әрбір амал яғни әрекет білімнен кейін. Егерде әрекет білімнің алдына шығып кетсе ол ақымақтық. Жарату табудан кейін. Егерде жарату табудың алдына шығып кетсе ол қарыз ( кредит). Ал асығыстық ол ішкі қалау. Жүректе болатын аурулардың бір түрі. Бейқамдық секілді. Бейқамдық қазіргі әрекетті кейінге қалдыру болса, асығыстық кейінгі жемісті қазір қалау.

  • @user-pc3oe3cy6d
    @user-pc3oe3cy6d Před měsícem

    Тәкені, Асқарды әңгімеге көбірек тартыңыздар. Түсінем сіздердің тәжірибелеріңіз көп, уақыт тығыз, хронометражды көбейтсе жақсы болар еді.

  • @medetkz7035
    @medetkz7035 Před 2 měsíci

    Ассаляму алейкум, барлық шығарылымдар ерекше әсер қалдырып жүр, тақырыптарда әдемі таңғалған. Осы жолғы бөлімде өте тамаша шықты.
    Түйген ой: ақ пен қараны ажырата ала білу қажет. Мысалы мен асықпай жасаймын деп кейбір заттарды өз нормасын баяу жасау бұл уже ақымақтық. Яғни бұл асықпай, тиянақты жасағанға жатпайды, керісінше өз уақытын алып уақыт жоғалтуға алып келеді. Сол сияқты жанағы мысалдарда келгендей кей заттарды тым ерте асығып жасауда дұрыс емес.

  • @user-wk9xw3bm9g
    @user-wk9xw3bm9g Před 2 měsíci

    Алдыңғы ТТБ ға қарағанда шынайы әңгімелері өте көп.

  • @user-bt1er2hi5x
    @user-bt1er2hi5x Před 2 měsíci

    Керемет ❤❤❤

  • @talgatabdolla895
    @talgatabdolla895 Před 2 měsíci +1

    Месси енді бастаған жылдарындағы ойыны асығыс болатын солай көп қателесетін қазір Месси асықпай жүріп анық басып гол соғып жүр осыдан түсінетініміз жас кезде қателік көп болады екен

  • @akhmadsauytbaev7628
    @akhmadsauytbaev7628 Před 2 měsíci

    Менің больдарымның шешімдерін таптымғо. Қуаныш аға бірініші жоспар шықпауы ол нормально дегені маған кәдімгідей өтіп кетті. Себебі менің басындағы жоспаларым менің қиялый арманым болып жүрдіғо. Уже бірнеше жоспарлар орындалмаған нан кейін ойлана бастайсың неге не себепті деп сол кезде көріне бастайдығо. Соның бәрі осы подкаста чётка ашылды. Түсінгнім (дұрыс) жоспарлау өміріңді жеңілдетіп артық энергия құртпауға себепкер болады. Асықпау мәселесінде әдемі аштыңыздар көп адамдар оның ішінде менің проблемам манағыдай 45 минутта пісетін мантыны 20 минутта пісіріп ол дұрыс шықпағасын өзімді іштей жеп мына жақтанпіспей қалған шикі манты жеп отыратын еді. Бәрі өз уақытымен асықпа деген біраз сабама түсірді. Подкаст 🔥🔥🔥🔥🔥🔥

  • @user-dw4wc6vn1w
    @user-dw4wc6vn1w Před 2 měsíci

    Керемет

  • @Araily_Ary
    @Araily_Ary Před 2 měsíci +4

    Кайырлы тун баршанызга! Туйген ойым:
    Асыгу мен тездин ара жигин нактылап ашып бергендериниз!
    Жоспарлы демала алмаган адам, жоспарсыз акша шашады ✅
    Оз кателигин коре алу жане мойындау мыкты касиет жогары осуине !
    Тез котерилгин келсе тындайтын адамын «авторитет» дурыс жане сен калаган омирди сурип жаткан адам болуы керек✅
    35 жаска дейн адреналин озим деп асыгыстык жасамас ушин , акыл тотктаткан 50 жастагы мыкты адамнан совет сурау керек ✅

  • @saltanat1287
    @saltanat1287 Před 2 měsíci

    Қайырлы күн! Қолында ештеңесі жоқ адам, қаласа да, қаламаса да, асығады, түсінгенім… Асықпауды сіздер сияқты жетер жеріне жеткен,”ішерге асы бар” адамдар ОПЫТпен түсінеді деп ойлаймын

  • @sagynyshnartaikyzy9817
    @sagynyshnartaikyzy9817 Před 2 měsíci

    Қуаныш мырза Азамат мырзага тиысе бердыгой Кудаййй ау😂😂

  • @Leila_Ayala
    @Leila_Ayala Před 2 měsíci

    Жақсы инсайт жоспарлауды қолға алу !

  • @TRADERSHOX
    @TRADERSHOX Před 2 měsíci

    1 апта оте шыкты🎉

  • @Tradergoi
    @Tradergoi Před 2 měsíci

    Тамақ туралы әнгіме болдыгой подкасттын жартысы🥴😅

  • @Username-t4q
    @Username-t4q Před 2 měsíci

    Таир мырзанын подкастында жан бар)

  • @sherkhanrysbekuly2829
    @sherkhanrysbekuly2829 Před 2 měsíci

    Алдыңғысында Таир мырзаға сөз бермей бұ жолы берген сөзін бөліп сөйлетпегені не сасқан. Қуаныш нервыма тиді щщс

  • @kyuyran11
    @kyuyran11 Před 2 měsíci

    Асыққан қалар ұятқа,
    Сарғайған жетер мұратқа.

  • @infomadi
    @infomadi Před 2 měsíci

    Құлан мен Ескендір жетпей тұршы.

  • @user-id1rf5rm9u
    @user-id1rf5rm9u Před 2 měsíci

    Қуаныш мырзаны естіп жатқанда скорось воспроизведениені тексеріп коямын, бір жарымда тұрған жоқпа деп😅

  • @user-nc1pr8mj2l
    @user-nc1pr8mj2l Před měsícem

    Куаныш дикцию исправьте пожалуйста

  • @user-vj5bb5ow3m
    @user-vj5bb5ow3m Před 2 měsíci

    Келесі тақырып: Қуаныш мырзаға асықпай сөйлеу керек😂

  • @nursultan_yesset.
    @nursultan_yesset. Před 2 měsíci

    53:54 😂😂😂😂😂😂😂😂

  • @Zhadra_Turazhanova
    @Zhadra_Turazhanova Před 2 měsíci

    Азамат мырзаның өзіммен-өзім жалғыз киноға ресторанға барып демелу дегені ұнайды. Өщімде соны қалаймын, қащір проблема жоқ. Бірақ кейін тұрмысқа шыққанда ер адам әйелін осы дағынан түсінбейтін сияқты 😅, последовательно сомнения тудыратын сияқты

  • @Elim7237
    @Elim7237 Před 2 měsíci

    Асығу күшейтпелі, өте тез деген. Асықпа деген ұақытынан озба деген болса керек

  • @AEKEE
    @AEKEE Před 2 měsíci +1

    Таирдын подкастында жан бар. 😂

    • @NursultanArgyn-cv1wz
      @NursultanArgyn-cv1wz Před 2 měsíci +1

      😅😅😅қанша теңге алдың???

    • @AEKEE
      @AEKEE Před 2 měsíci

      ​@@NursultanArgyn-cv1wz85749тг

  • @user-mq5wv9ie5e
    @user-mq5wv9ie5e Před 2 měsíci

    ТАИР мырзада тагы микрофон жокпа😁

  • @user-mx3rw9tv1o
    @user-mx3rw9tv1o Před 2 měsíci

    👏👏👏👍👍👍👍👍

  • @nursultan_yesset.
    @nursultan_yesset. Před 2 měsíci

    53:15 😅😅😅😅😅

  • @lauraonerhan4472
    @lauraonerhan4472 Před 2 měsíci

    Бір апта жоспармен бір апта жоспарсыз жүретін едім 😅

  • @nursultan_yesset.
    @nursultan_yesset. Před 2 měsíci

    👏🏽👏🏽👏🏽👏🏽👏🏽👏🏽👏🏽

  • @MiShA.KrG.
    @MiShA.KrG. Před 2 měsíci +1

    Тау қайда

  • @Araily_Ary
    @Araily_Ary Před 2 měsíci

    Куаныш мырзадан кепка алу арман 😂❤

  • @zhantaserlanuly
    @zhantaserlanuly Před 2 měsíci +1

    *Аз-аздан үздіксіз жасау керек!*

  • @alataualatau4291
    @alataualatau4291 Před 2 měsíci

    Неге тез байып кетуге асығамыз...?
    Кез келген адам қазір асығыстықпен өмір сүруде... Соның әсерінен өмірлеріндегі шешімнің дұрыс болмауына әкеп соғуда...
    Жалпы уақыттың өзі жылдам өтуде...
    Адам қатты қиналып кеткенде тез баюға асығады... Солай бар қиындықты жеңіп шығам деп ойлайды... Бар мәселе қаражат деп те ойлайды... Бірақ, бірақ деген нәрсе бар: адам өмірінде ақша ол жәй ғана құрал керек кезде табасың пайдаланасың ол бітеді түбінде бітеді... Мысалы: айына 200мың теңгені дұрыс жұмсауды білмеген адам 2миллион тапса да оны жеткізе алмайды... Себебі: ол адамда қаржылық сауаттылық төмен...
    Адам уақытты «тез» деген сөз арқылы пайдалана білсе нәтиже шығарауға болады... Тез бірақ ол уақытымен дұрыс шешім қабылдай алу... Мысалы... Адамның денесінде жүрек бірқалыпты қозғалыста соғады... Жүрек тез тез соқса ол қатерлі аурудың белгісі... Сол секілді асығыс қабылданған шешім адамға кері әсер береді...
    Жетістікке жетудің бір жолы аздан аздан үздіксіз әрекет ету керек екенін түсіндім...

  • @Zhumagaliev_017
    @Zhumagaliev_017 Před 2 měsíci

    Уау🎉

  • @user-ul8jl6pe8u
    @user-ul8jl6pe8u Před 2 měsíci +1

    Қуаныш мырза 2х пен сөйлеп жатсыз әлдеде

  • @asselabilbaky4280
    @asselabilbaky4280 Před měsícem

    Сөз қорлары аздау не мынау дууф чета не то дуууф 😂 5:04. БҰРЫНҒЫ ПОКАСТ ОЙы БАР, НАКТЫЛЫК, МӘНДі ЕДІ! ҚАЙРАН КОШ БОЛ.

  • @asqarerejepovv6411
    @asqarerejepovv6411 Před 2 měsíci

    👍👍👍

  • @Ramazan0394
    @Ramazan0394 Před 2 měsíci +1

    ӨЗ ойым подкасттан: Асығыстық - көптеген қателіктің басы һәм соған ұрындыратын қозғаушы күш. Адамның сабырлық атты тежегіші істен шықса, асығыстық апаты жағдайларға алып баруы мүмкін. Адам бойын ашу билесе, асығыс шешім қабылдауға, жедел іс-әрекетке көшуге әзір тұрады. Жемістің жетілуіне уақыт керек. Піспеген жеміс жеуге келмейді. Дәл сол сияқты асығыстықпен жасалған іс те шала болып өзінің жемісін бермейді.👌Адам баласы асықпай, аптықпай-ақ, өзінің жауапкершілігін тиянақты атқарып, міндеті мен мақсатына адалдығын көрсете алады ойымша👌

  • @sakenzaikenov
    @sakenzaikenov Před 2 měsíci

    🎉🎉🎉🎉🎉

  • @tilegenkaragozha174
    @tilegenkaragozha174 Před 2 měsíci

    әдемі коммент

  • @user-ic7zp7go9e
    @user-ic7zp7go9e Před 2 měsíci

    🔥🔥🔥

  • @zhanerke.perdebaykyzy
    @zhanerke.perdebaykyzy Před 2 měsíci

    🎉👏

  • @user-jf8ty5bw8k
    @user-jf8ty5bw8k Před 2 měsíci

    👍👍👍👍

  • @user-jx3qz6tb1t
    @user-jx3qz6tb1t Před 2 měsíci

    Неменеге куле беред. Шегип алган ба