Талдықорғандағы Журналистер үйіне белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің есімі берілді

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 22. 12. 2022
  • Талдықорғандағы Журналистер үйіне белгілі тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің есімі берілді. Арда азаматтың аты мекеме маңдайшасына жазылып, ескерткіш тақта орнатылды. «Айтуға оңай» бағдарламасымен қалың көпшіліктің жүрегінен орын алған танымал журналист қазақ телевизиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан еді. Жарқын бейнесімен қалың көрерменінің сүйіктісіне айналған Бейсен Абайұлының есімін журналистер үйіне берілуін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қолдады.
    Бейсен Құранбектің өмірден озғанына биыл екі жыл. Көзі тірі болса 51 жасқа толатын еді. Бүгін артында қалған әріптестері, ізбасарлары, ел қалаулылары еліміздің түкпір-түкпірінен жиналып, тарихи сәттің куәсі болды. Қасиетті жұмада Талдықорғандағы журналистер үйінің маңдайшасына «Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйі» деп жазылды. Марқұмның жары Гүлмира Зербай халқының Бейсен ағаға деген ыстық ықыласына шексіз ризашылығын білдірді.
    ГҮЛМИРА ЗЕРБАЙ, Бейсен Құранбектің жары:
    - Өзім екі ұдайы сезімде болсам да бір жағынан қуаныш, бір жағынан жұбаныш дегендей. Өзіміздің Президентіміздің тапсырмасымен журналистер үйіне Бейсекеңнің атағы беріліп жатыр. Сол үшін Президентімізге, облыс әкімшілігіне, осы жолда ат салысқан достарына, әріптестеріне, шәкірттеріне алғысым шексіз. Бейсекеңнің ісі осындай азаматтар барда жалғаса береді деп сенемін.
    САМАЛ ҚАБЫШЕВА, Тілші:
    - Талдықорған қаласындағы дәл осы журналистер үйі осыдан 8 жыл бұрын пайдалануға берілген еді. Ал бұл ғимараттың салынуына тікелей ат салысқан Бейсен Құранбек ағамыздың өзі болған.
    Бейсен Құранбек қазақ журналистикасының дамуына ширек ғасырдан аса уақыт үлес қосты. 31 арна, Хабар, Президент телерадиокешеніде қызмет етті. Жетісу телеарнасын басқарды. Ал "Айтуға оңай" бағдарламасымен Бейсен аға қалың көрерменнің жүрегінде мәңгіге қалды. Бейсен Абайұлы тек мықты журналист ғана емес, Айкидоны да меңгерген кәсіби маман. Жаудың күшін өзіне қарсы қолданатын Айкидо жекпе-жегімен де ол талай жанға тәлім берді. "Кей адамға түр бергенмен бой бермейді, бой бергенмен кесек ой бермейді, ал Бейсеннің бойында осының барлығы тұтас сомдалды" дейді жиналғандар.
    ҚАЙНАР ОЛЖАЙ, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ардагер журналист:
    - Бірақ Бейсенге оңай болды деп айта алмаймын. Бейсен біздің кезімізде "Айтуға оғай" бағдарламасында кейбір бағдарламаларын эфирге шығарғылары келмейтін шенеуніктер табылды. Бейсеннің өзі осындай қиындықтармен өтті. Мен осы алдағы уақыттағы журналистер Бейсеннің бүкіл бейнесінен, образынан үлгі алуы керек. Бейсеннің әрбір хабарын қарау керек, содан үйрену керек.
    Журналистер үйіне Бейсен Құранбек есімі берілген тарихи күнде БАҚ өкілдеріне түрлі семинар-тренингтер өтті. Сонымен қатар, Жетісу облысы әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары да марапатталып, құрметке бөленді.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    CZcams - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informburo31
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Komentáře • 24

  • @mariakerishbaeva1631
    @mariakerishbaeva1631 Před rokem +2

    Өте меиірімді жүзі жылы, қаиырымы мол жан еді ,жаны жәннәтта болсын

  • @user-tc3dk8kg5y
    @user-tc3dk8kg5y Před rokem +7

    Қазақтың маңдайына тұған жұлдыздар ақын болсын жазушы болсын батыр болсын маңдайына сыймай ерте кетеді. Иманды болсын.

  • @user-yg8pi8uh7q
    @user-yg8pi8uh7q Před rokem +5

    Кутты болсын жаткан жеры жаилы болсын оте керемет журналист еды елды́н жогы́н жоктап муны́н тындап коп адамга комек колын созган оте дарынды́ журналист еды́ аттен ерте кетты

  • @user-ep9nh2uz9v
    @user-ep9nh2uz9v Před rokem +2

    Жатқан жерің жайлы.топырағың жеңіл.алдың пейіш.артың кеніш болсын.иман нұрына бөленіп жат😢😢😢🤲🤲🤲

  • @user-ct2wg9si1f
    @user-ct2wg9si1f Před rokem +1

    Осы аға керемет еді. Мәңгі журегимиздесиз

  • @kuatpenjebaev4578
    @kuatpenjebaev4578 Před rokem +3

    Керемет қуаныштымын

  • @user-or9bs8xo2w
    @user-or9bs8xo2w Před rokem +4

    Дурыс жасаган Иманды болсын

  • @user-hj7so6fq1b
    @user-hj7so6fq1b Před rokem +3

    Жатқан жері жайлы болсын.Жүзі өте жылы адам Қаншама қарапайым халыкқа қол ұшын созып көмектесті.

  • @user-fk1bf8um4l
    @user-fk1bf8um4l Před rokem +2

    Билип билмей истеген куналарин кеширсин жаратушим...жани жаннатта болсын

  • @user-vr5hq1hx5s
    @user-vr5hq1hx5s Před rokem +2

    Қазақстанды осындай. Ағаларымыз басқарғанда ғой халықтың мұң мұқтажын түсінетін шындықты беттке айтар қазақ десе жанын беретін. Ағаларымыздың бірі еді. Бисен. Аға жаның жәннатта болсы

  • @Yusuf...gafurov
    @Yusuf...gafurov Před rokem +2

    Жаксыга омыр жаманга саза жок дегены осыгой жаксы журналыс еды иманды болсын

  • @user-ju1ku4ph6u
    @user-ju1ku4ph6u Před rokem +2

    Жаны жаннатта болсын

  • @user-oy6ne3mv6t
    @user-oy6ne3mv6t Před rokem

    Жарады жаным өте адал жігіт еді көз тидыме сөз тидіме өте ерте кетті кұдаига да жаксы адам керек деиді бұрынгылар бәрі расау сол жаны жанатта болсын сұлу бір сөзді еді артындагы балдарына берсін жаксылыгың

  • @user-jj6oq9fm7f
    @user-jj6oq9fm7f Před rokem +1

    жаныныз жаннат болсын

  • @user-uk1fx1lj5p
    @user-uk1fx1lj5p Před rokem +1

    Бейсен жаткан жерин жайлы болсын

  • @user-nv1lr5kq6l
    @user-nv1lr5kq6l Před rokem

    Аиналаиын агатаи жаткан жерыныз жаилы топырагыныз торка болсын 🤲🤲🤲🤲🙏🏼🙏🏼🙏🏼🤲🙏🏼🙏🏼🙏🏼🙏🏼🤲🤲🤲🤲

  • @user-or1yn7zs2l
    @user-or1yn7zs2l Před rokem +5

    Жатқан жері жайлы болсын иманды болсын

    • @azhekalovedosdos6187
      @azhekalovedosdos6187 Před rokem

      Жақсы болған екен АллаһТағала

    • @azhekalovedosdos6187
      @azhekalovedosdos6187 Před rokem

      Қүтты болсын!Иманды болғыр Бауырымызға жасаған ескерткіш жанды отау ғои тіршілік жүріп жатыр

  • @user-qs5vl6rw7c
    @user-qs5vl6rw7c Před rokem

    Аиналаиын аи жатқан жерің жарық болсын.

  • @erzhanulykbekov3686
    @erzhanulykbekov3686 Před rokem

    Алматы каласынан коше атын берсе де артыктык етпейди

  • @user-tx5nc3uz4r
    @user-tx5nc3uz4r Před rokem +1

    Дұрыс

  • @user-tx5nc3uz4r
    @user-tx5nc3uz4r Před rokem

    Жүзі неткен жылы еді марқұмның

  • @user-yq1qt6wc7u
    @user-yq1qt6wc7u Před rokem

    Ол олими РУСЛАН КУЛИКБАЕВ В ТЕРРОРИСТ ДЕГЕН УШИН КУДАИ ОНЫ ЖАЗАЛАДЫ