Есіңде сақта, сенің ең қымбат досың, ол - «Таза Қазақстан!». Себебі табиғаттан асқан шебер жоқ!!!

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 16. 04. 2024
  • Табиғаттан асқан шебер жоқ. Ол салған сурет - ең көркем пейзаж. Қауызын жарған гүлдер, теңізді тербеген толқындар, мүлгіген таулар мен қалғыған құмдар... Желмен қашап, жаңбырмен илеген мүсіншінің шеберханасынан жаңа шыққандай сұлу ескерткіштер...
    Адамзат - әдемілік пен көркемдікті табиғаттан үйренген. Табиғаттың бізге әлі берері, әлі үйретері көп. Тек онымен тілдесе білсек, дос бола алсақ, қорғай алсақ.
    Достық адалдықты сүйеді. Тазалықты қалайды. Әр адам осы өмір сүрген ортаны сақтай білсе. Түрлі қоқыстар мен зиянды қалдықтардан ада ұстаса.
    Мыңдаған, миллиондаған жылдар бойы Табиғат-Суретші жасаған ұлы өнерге дақ түсірмесе. Ата-бабамыздан аманат болған тұмса табиғатқа, жазира далаға, қасиетті топыраққа қиянат келтірмесе. Табиғатпен дос болудың мәні осы.
    Сенің ең қымбат досың, ол - «Таза Қазақстан!»

Komentáře •