МЕН КӨП ЖЫЛАДЫМ . . . | ЖАНАР АЙЖАНОВА | ЕҢ АЛҒАШҚЫ

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 9. 03. 2021
  • МЕН КӨП ЖЫЛАДЫМ . . . | ЖАНАР АЙЖАНОВА | ЕҢ АЛҒАШҚЫ | Аман Тасыған
    Елімізге еңбегі сіңген танымал адамдардың алғашқы қадамдарын қамтитын "Ең алғашқы..." жобасы.
    Бағдарлама барысында:
    - Студияда кейіпкерге бейнематериал жасырылған беймәлім ұяшықтар таңдауға ұсынылады. Таңдалған тақырыпқа қатысты кейіпкер өз өміріне қатысты оқиғаларымен бөліседі;
    - Репортер кейіпкердің ең алғашқы үйі, мектебі, махаббаты, жұмысы, жетістігі мен жеңілісі және т.б қадамдарына қатысты бейнематериал дайындайды. Сол арқылы кейіпкердің тіпті өзі ұмытып қалған сәттерін еске түсіреміз;
    - Кейіпкердің өмірінде маңызы бар қонақ студияға келеді. Бірақ ол жайлы кейіпкер білмейді;
    - Бағдарлама соңында кейіпкер алғаш рет бір әрекет жасайды және өмірден түйгенімен көпшілікпен бөліседі;
    Бағдарламаны әр сенбі сайын сағат 18:35​-те Евразия телеканалынан, ал араға апта салып, Amantasyganlive ютуб каналынан көруге болады!
    Басқа да шығарылымдар:
    Достар, жаңа шығарылымды жіберіп алмас үшін қоңыраушаны басып қойыңыздар!🔔
    БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР👇
    Аман Тасыған
    / ​
    Ресми парақшасы
    / amantasygan​. .
    #АманТасыган​ #ЕңАлғашқы​ #ЖанарАйжанова

Komentáře • 344

  • @user-jb6hw4qz4n
    @user-jb6hw4qz4n Před 2 měsíci +3

    Жанар деген Қазақтың бақыты ән саласынан болсын кино саласынан болсын өте талантты тулға жуз жасасын қазақтың қызы

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e Před 6 měsíci +6

    Аман Тасыған сіз өте жақсы журналистсіз! Жанар Айжанова өте тамаша әнші, актриса! Сүйкімді өзі!
    " Ең алғашқы"- ұжымы өте жақсы дайындаған қойылымды! Рахмет!

  • @user-ge4vj2qe9d
    @user-ge4vj2qe9d Před rokem +25

    Осы кісіні көрсем бір рахаттанып қаламын. Сөйлеген сөзі, тіл байлығы керемет барлығы. Тамаша адам өзі. Алла ұзақ ғұмыр берсін!

  • @mereyabdigalimova2819
    @mereyabdigalimova2819 Před 2 lety +76

    Әншілігінің сыртында тіл байлығы, қазақылығы бір төбе. Осы кісіні қатты жақсы көремін

    • @user-qk3pm9ql6m
      @user-qk3pm9ql6m Před 2 lety +4

      қазақтың қазынасы баға жетпес

    • @user-lr5hn9nr2b
      @user-lr5hn9nr2b Před rokem

      |`~×Элементтерді бекіту, қосу немесе жою үшін өзгерту белгішесін пайдаланыңыз.Элементтерді бекіту, қосу немесе жою үшін өзгерту белгішесін пайдаланыңыз.Элементтерді бекіту, қосу немесе жою үшін өзгерту белгішесін пайдаланыңыз.Элементтерді бекіту, қосу немесе жою үшін өзгерту белгішесін пайдаланыңыз.Элементтерді бекіту, қосу немесе жою үшін өзгерту белгішесін пайдаланыңыз.Элементтерді бекіту, қосу немесе жою үшін өзгерту белгішесін пайдаланыңыз.Элементтерді бекіту, қосу немесе жою үшін өзгерту белгішесін пайдаланыңыз.

    • @user-mj4fl3wi3z
      @user-mj4fl3wi3z Před 11 měsíci +1

      ​@@user-lr5hn9nr2b ¹1¹

    • @user-lm6qy1ze8e
      @user-lm6qy1ze8e Před 4 měsíci

      😊😊.❤¿​@@user-qk3pm9ql6m

  • @ainurtolybay2047
    @ainurtolybay2047 Před 3 lety +11

    Жанар Айжанова - нағыз қазақтың қайсар қызы! Қазақы тәрбиесімен қоса, сондай шынайы, еш бүкпесіз барлық сырын ашық айтты! Өте тамаша, шынайы сұхбат болды. Аман, көп рақмет!

  • @user-pp7zf4kh7b
    @user-pp7zf4kh7b Před 2 lety +22

    Жанар Айжанова менің көңіліме ерекше жылы артист! Жолыңыз оң болсын әрдайым!

  • @user-cm3il4em7p
    @user-cm3il4em7p Před 3 lety +59

    Жүргізуші Аман Тасығанға және бағдарлама ұжымына үлкен рахмет.Түсінген адамға зор жұмыстар жасалынған.Өте мәдениетті жүргізеді.Тосынсыйлары қандай.....керемет!Шығармашылық табыстар тілеймін!Көреріміз көп болсын!

    • @user-fj5jw5bc3p
      @user-fj5jw5bc3p Před 5 měsíci +1

      Бағдарламалар осындай сапалы ьолу керек 👍тәтті балалық шақ,студент кезге саяхат. “Анау не деді,мынау не деді”деген брлмайтын сұрақтар емес

    • @user-et2wl6hm8b
      @user-et2wl6hm8b Před 5 měsíci +1

      Ия қаита қаита көрдім өте қызықты әңгімелері балалврыңыздың қызығын көріңіз ❤❤

  • @user-zi6jd8dl9r
    @user-zi6jd8dl9r Před 16 dny

    Әрбір келін, қыздар, келіншектер осы Жанар ханымнан үлгі алса. Мықты адам. Алла тағала ұзақ ғұмыр денсаулық берсін

  • @user-qo5sp3xe4k
    @user-qo5sp3xe4k Před rokem +9

    Жанар ханымды өте қатты сыйлаймын. Таза өз еңбегімен көтеріліп жүрген адам. Әнші десе әнші, әртіс десе әртіс. Бір сөзбен талантты адам. Оған қоса ақылды,әдемі, тәрбиелі. Тыңдасаң, сөздері таза қазақи тіл. Тек бақыт тілеймін!!!

  • @user-ko8og1qu5u
    @user-ko8og1qu5u Před rokem +8

    Жанар сен керемет жансың ,шынайы ,ақ көңіл ақылды,қарапайым нағыз қазақтың иісі аңқып тұр тұла бойыңда, сол үшін бүкіл қазақ халқына ұнайсың ,Мақтанбайсың сенде жұртың ішкен тамағын ішіп жүрген жерінде жүріп жүрсің,сол үшін жақсы көремін.Марапатың құтты болсын ,нағыз ылайықты жансың .Фонаграмамен ән айтып марапатқа ие болып жатқандар көп.Жанар мықты денсаулық ,өнеріңді елге көрсетуге талмай еңбек ете бер.Аман сен өте керемет жансың .Сені туған анаңнан айналдық.Осы сөздің ішінде барлығы кіреді.

  • @user-df4fc8xg8z
    @user-df4fc8xg8z Před 3 lety +39

    Жанар әпкеміз мықты әйел. Нағыз қазақтың қайсар қызы. Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!

  • @user-zb5tv6ly3l
    @user-zb5tv6ly3l Před 5 měsíci +3

    Қасым деген ағай деп менің атамды айтып жатыр😊Менің атамда айтып осы кісіні кішкентайымыздан таныймыз👍🏼

  • @user-ys8zi4ty3e
    @user-ys8zi4ty3e Před 3 lety +30

    Айжан жолын болсын! Сәлем Актобеден! Денсаулық тілеймін семьянызға! Қызын бақытты болсын! Аман сау болайық!

    • @user-dy8id5mn4w
      @user-dy8id5mn4w Před 2 lety +4

      Айжаны несі Айжанова фамилиясы Аты Жанар.

    • @Shef7654
      @Shef7654 Před rokem +2

      Айжан емес Жанар ғой

  • @user-tp9hr1xy3k
    @user-tp9hr1xy3k Před 3 lety +47

    Жанарды көбірек таныдық. Сұхбат жақсы болды. Барлығын үзбей көріп отырам.

  • @user-mk5uw6ep2e
    @user-mk5uw6ep2e Před 3 lety +53

    Құтты болсын! ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҚЫЗЫ. Еңбектің арқасы

  • @Diko15
    @Diko15 Před 3 lety +27

    бір әзілді,күлкілі,жақсы сұхбат болыпты. Жанар апай аман болыңыз🤗

  • @user-yj7lq3iv1j
    @user-yj7lq3iv1j Před 3 lety +58

    Керемет сұқбат болды. Жанар жыласа жыладық, күлсе күлдік.Тахиясыз періштені көріп жүрміз, шебер актриса. Бақытты бол, қосағыңмен қоса ағар! Аман Тасыған мырзаға рахмет, жақсы бағдарлама.

  • @bayanorkashbayeva911
    @bayanorkashbayeva911 Před 3 lety +45

    Өмірден түйгені көп, дана әйел. Бақытты болыңыз ♥

  • @gulsanailyasova3064
    @gulsanailyasova3064 Před 3 lety +12

    Жанар. Сизди жаксы Корем осындай. Ашык жайдары адам болып журе бериниз Сиз барлык силыкка лайыктысыз. Енбегинизге тек жемистер берсин.

  • @baianb6130
    @baianb6130 Před rokem +8

    Керемет бізде атқа міндік сіңлім апаларым бәрі керемет бала.кезіміз еске түсті

  • @user-ml1kw1no3z
    @user-ml1kw1no3z Před 3 lety +69

    Әр қазақтың қызы осылай болукерек

  • @user-ot8tc1di3h
    @user-ot8tc1di3h Před 3 lety +22

    Тамаша жан екенсің Жанар, сенің әнгімеңді естіп өзімді көріп отырған сияқты куй кештім, еркешора қойшының қызы болып аттың жалында өсіп, әкемнің соңында ау құрып, балық аулап өскен балалық шағым көз алдымнан өтті..,рахмет Құрдас, менің де Алла бере салған жалғыз қызым бар, Алла баянды ғұмыр берсін деп тілеймін!

  • @user-pr9xj5jk5p
    @user-pr9xj5jk5p Před rokem +11

    Керемет болды 🔥🔥
    Рақмеет Сіздерге🙏🙏
    Алла разы болсын🤲🤲

  • @user-ws3qe3kf1e
    @user-ws3qe3kf1e Před 3 lety +20

    Керемет адам ғой Жанар апай, аман болыңыз, жұмысыңыздың жемісін көре беріңіз.

  • @user-ty7nk3sc1e
    @user-ty7nk3sc1e Před 3 lety +35

    Ешкім естімеген,ешбір адам жарияламаған мәліметтерді осы бағдарламадан білуді әдетке айналдырған жайым бар.Кезекті сұхбатта өте қызықты,әрі әсерлі болды.Осы бағдарламада бұрын ашылмаған сыр қазір барлық жерде хит болатын болды.

  • @user-jw3vi8pl5x
    @user-jw3vi8pl5x Před 3 lety +29

    "Барды бағалау керек" тамаша айттыңыз. Аман болыңыз Жанар апа! Рахмет керемет сұхбат Аман👍👍👍

  • @user-xx4px3ly4w
    @user-xx4px3ly4w Před 3 lety +17

    Құтты болсын.әпкенің жүрген жері қызықты ,әсіресе әңгімесі.

  • @altynayaliyeva3292
    @altynayaliyeva3292 Před 3 lety +35

    Ризамын! Қатты ұнататын Әншім! Рахмет! Күлген кезде бірге күліп, көздеріне жас алғанда бірге жылап,қалай уақыт өтіп кеткенің сезбедім

    • @user-lc7jk1xk4y
      @user-lc7jk1xk4y Před 6 měsíci +1

      Казактын Жанар Аман бол жаным.

  • @user-gk2nl6nk2n
    @user-gk2nl6nk2n Před 5 měsíci +1

    Өте әсерлі керемет бағдарлама болды👍👍👍

  • @user-si2ri5cb8s
    @user-si2ri5cb8s Před 2 lety +5

    Керемет сұхбат болған екен!Жанар апай өміріміз шаттық пен берекеге толы болсын!

  • @user-jb1pj9ok5d
    @user-jb1pj9ok5d Před 6 měsíci +2

    Керемет үлгі боларлықтай мықты әйел,ана!❤

  • @user-cj2xd9hh4m
    @user-cj2xd9hh4m Před 3 lety +115

    Ия бағдарламаны аяғына дейін көріп, таң қалдым. Бір адамның бойынан осыншалықты өнердің барына. Жанар бақытты бол! Он балаға айырбастамайтын жалғыз қызыңның қызығын көр. Сол Айжұлдыздан өсіп өнесіңдер, құдай қаласа. Бала тапқандікі емес, баққандікі деген. Жолдасың кішкентайынан бағып қақты, енді немере, шөберелерін қызықтауға жазсын. Сол қызық қуанышқа тоймай, үйлерің жанға, сырты малға толсын! Жақсы адамды бір кесек еттен қыйнайды дегендей, Айжұлдыздың ұлында, қызында көріп, өзіңнің ішіңнен шыққан қызыңнанда артық көріп кетесіңдер. Өз балаң өскенше, немерең өлгенше деп текке айтпаған. Төрт құбыласы тең адам жоқ, болсада санаулы, сендер бақыттысыңдар, қолдарың құр емес. Ауызыңды толтырып айтар қыздарың бар. Алла тағала ғұмыр берсін, кәзірде бақыттысыңдар, бірақ талай қуанышты күндерің алда. Амина апаң сияқты әлі немереңе келін іздейсің.

  • @user-xl7ih4uc5z
    @user-xl7ih4uc5z Před 2 lety +2

    Аман Тасыған мырза мен Жанар ханым екеуінің жүргізген бағдарламасы керемет болды.
    Жанар әжесінің қызы екен. Мен де әжемнің қызы едім. Өте үқсас екен балалық шағымыз. Бірақ ол талантты әнші ғой. Кейіннен актриса. Екеуін керемет орындайды. Бір туар әнші десем де болады. Дауысы керемет енді. Айтуға сөзім жетпейді. Әдет ғұрыптары қатты үнайды. Батыстан болған соң таныс салты маған. Күлбілте жоқ. Турасын айтады. Көлгірсу жоқ. Мақтанбайды. Өте батыл. Ақкөңіл. Керемет енді. Айтуға сөзім жетпейді.
    Аман Тасыған да керемет. Сұрақтары өткір.

  • @dariamombekbaeva9792
    @dariamombekbaeva9792 Před 3 lety +11

    Керемет сұхбат! Жанар, биік шыңдардан көріне беріңіз!👏👏

  • @user-xe2lp6lt3d
    @user-xe2lp6lt3d Před 3 lety +3

    Жанар атына заты сай, жаны таза, шыншыл жасандылықсыз, ақылды, бесаспап жан екен, асыл ана енді Аллам асыл әже болуға жазсын! Амандай азаматтың берген рогаткасын ұстайтын ұлды немесе немерелі болсын!!!

  • @user-ce4po3jf9y
    @user-ce4po3jf9y Před 3 lety +51

    Өте керемет сұхбат болыпты. Өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін Жанар апай

  • @user-pc9tk7nz1k
    @user-pc9tk7nz1k Před 3 lety +10

    Аман күнім қай қайсы бағдарламасының тұздығы мен дəмі ауыздан кетпейді РАХМЕТ саған ЖАНЫМ қосағыңмен қоса ағар Еліңе қызмет жасай бер.ЖАНАРҒА КЕЛСЕК ол өзі БІР ТӨБЕ ғой Көбінше əншілігі дауысы ұнайды ҚАЗАҚҚА БІТКЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒА ДЕП ЕСЕПТЕЙМІН МЫҢНАН БІРІ БІРЕГЕЙІ құрметтеймін. Қуанамын Жанардай Қарындасыма

  • @mereyabdigalimova2819
    @mereyabdigalimova2819 Před 2 lety +3

    Бір жақсы кітап оқығандай боламын осы кісінің әңгімесін тыңдағанда

  • @balkenjesundet8724
    @balkenjesundet8724 Před 3 lety +13

    Керемет сұбхат болды, Жанар мықты қыз, керемет әнші әрі актер, медалі құтты болсын. Айжұлдыздың әкесі көркем азамат болған екен.

    • @user-xm3si6jt8r
      @user-xm3si6jt8r Před 2 lety

      Экесы бандит болды Шубардын.

    • @I_am.Kazakh707
      @I_am.Kazakh707 Před 2 lety +1

      @@user-xm3si6jt8r*өлген адамның артынаң артық сөз айтпас болар(*

  • @RR-uj7tl
    @RR-uj7tl Před 3 lety +20

    Жанар кайтпайтын шығар деген ойда едим ,батыл кыздарымыздын бири ғой ,келеси жолы бари жаксы болсын

  • @sholpanqueen4257
    @sholpanqueen4257 Před 3 lety +14

    Лидер !!! Сильная женжина!!! Респект!

  • @Samal_MHG01
    @Samal_MHG01 Před 3 lety +14

    Жанар ханымның сұхбатын көріп бір марқайып қалдым ғой🔥

  • @user-yx3pw2pd2r
    @user-yx3pw2pd2r Před rokem +3

    Жаныыыыым Жанар апай 'кандай керемет жансыз 100 жасаныз 🥰🥰🥰

  • @user-mw6zr7so2k
    @user-mw6zr7so2k Před 2 lety +6

    Сұхбат маған ұнады. Жанардың бойынан кез келген тыңдарман өз өмірлеріне үлкен ой ала алды деймін. Әсіресе , тәуекелшілдігі.

  • @user-cp6le8gn9h
    @user-cp6le8gn9h Před rokem +4

    Жақсы тындадым,рахмет👍👍👍

  • @janelshinakulova563
    @janelshinakulova563 Před 3 lety +17

    Жанар ханым өте керемет жан екен👍Алланың нұры жаусын!

  • @user-tw4bj9sg4y
    @user-tw4bj9sg4y Před 3 lety +11

    КЕРЕМЕТ СҰХБАТ ,ЖАСАНДЫЛЫҚ ЖОҚ ,ШЫНАЙЫ ,ЖАНАР АЙЖАНОВА БАРЛЫҚ РӨЛІНДЕ ЖАТТАНДЫ СӨЗ АЙТПАЙДЫ ,СӨЗДЕРІН САНАП ,КҮШТІ ОЙНАЙДЫ .

  • @I_am.Kazakh707
    @I_am.Kazakh707 Před 2 lety +4

    *Менің балалық шағымды есіме түсірдіңіз!Менде мектеп формасыңсыз, екінші тоқсанда бірақ барғам сабаққа! Не портфель жоқ, жай дело деген папка ұстап барып, ең соңғы партаға отырғам!Мен бірақ көп ауырып, ауруханада жатып, содан кешіктім мектепке!Бірақ тез үлгеріп,өте жақсы оқып, алдыңғы партаға жайғасып, апайдың ең сүйікті оқушысы болғанмын!Менде Жанар апай сияқты, балалық болар,екі алған балаларға қатты қызығып, бұрышқа тұрғым келетін! Сол арманым іске асқанда, сөмкемді аспанға атып, үйге алақайлап келіп, екілік алғаныма сенбей тұрған анама көрсетіп, айды аспанға бірақ шығарғанмын))) 😁*

  • @user-js5yi7qm8b
    @user-js5yi7qm8b Před 3 lety +130

    35 жылда бағаланған еңбегіңіз құтты болсын!

    • @user-no1mq7rz3d
      @user-no1mq7rz3d Před 3 lety +9

      Апай бағаланған еңбегіңіз құтты болсын.Біздің жақсы көретін актриса әншіміз.Деніңіз сау өміріңіз ұзақ болсын.🤲

    • @user-oq7dy7qf8z
      @user-oq7dy7qf8z Před 2 lety

      Бь

    • @alseralser9128
      @alseralser9128 Před rokem

      @@user-no1mq7rz3d 1 из но й

  • @user-md3np7lk1c
    @user-md3np7lk1c Před 3 lety +10

    Жанар оте керемет сухбат болды енди бир сабиди насип етсин! Мыкты екенс из, жылайтын жерде мен жылап алдым

  • @user-bf4lb1rm1t
    @user-bf4lb1rm1t Před 3 lety +70

    Жанар мықты әнші,актриса,мықты әйел.

    • @user-cm2jt9lp7x
      @user-cm2jt9lp7x Před 2 lety +1

      Керемет,еңбегіңнің жемысін көр

  • @bagibagi6060
    @bagibagi6060 Před 3 lety +20

    Жанар апай жарқыраған жұлдызғой. Концерттерді үйымдастырушы әпкесіне жалынды сәлем! Шығармашылық табыс тілеймін!

    • @kulipaongarova8542
      @kulipaongarova8542 Před 4 měsíci

      Ведущий очень грамотный,пазитивный и весёленький мужчина

    • @kulipaongarova8542
      @kulipaongarova8542 Před 4 měsíci

      👍👍👍👍👍

  • @user-ig5vy1dq1p
    @user-ig5vy1dq1p Před 3 lety +8

    Осы бағдарламаны асыға күттім ❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️

  • @user-hs1nm7fv7f
    @user-hs1nm7fv7f Před 3 lety +10

    Жанар апай ерекше жансіз зор денсаулық тілеймін

  • @user-bf1km6qc1e
    @user-bf1km6qc1e Před 3 lety +55

    Не деген қарапайым жан едіңіз Жанар ханым

  • @user-ep7el6tf1x
    @user-ep7el6tf1x Před 3 lety +3

    Аман рахмет мына бағдарлама үшін .Жанар керемет.

  • @perijakhip2048
    @perijakhip2048 Před 2 lety +9

    Қарапайым ерекше, ғажап адам. Аман болыңыз. Бақытты ана, бақытты әже болыңыз 🥰🥰🥰

  • @aigultobzhanova7433
    @aigultobzhanova7433 Před 3 lety +31

    Жанар апайды әкем сүйіп тыңдайтын...Мен де құрметтеймін..Өте ашық әйел..

  • @user-cm3il4em7p
    @user-cm3il4em7p Před 3 lety +21

    Жанар апайды жақсы көремін,құрмет тұтамын.Өзі қанша қиыншылық көрсе де,халықты өнерімен әрдайым тәнті етіп жүреді.Тұнып тұрған талант иесі ғой....Адамгершілігі де зор,қарапайым.

  • @baianb6130
    @baianb6130 Před rokem +4

    Керемет жанар Айжанова

  • @user-su1cs4wm2r
    @user-su1cs4wm2r Před 8 měsíci

    👍👍керемет жаксы ангиме болды 👍👍Казактын онерли кызынын жасы узак болсын!👏👏

  • @user-mu7rj3wf7e
    @user-mu7rj3wf7e Před 2 lety +1

    Жанар Аижанова сізди жаксы коремин онеринизге кызыгамын немерлерим сизге уксаса деп тилемин мыкты ден саулык тилемин бир туір кызың Бакытты болсын жумыста табыс тилемин

  • @user-kk5ir9mt2q
    @user-kk5ir9mt2q Před 5 měsíci

    Жанар апай керемет !!! Өте салмақты, мәдениетті, керемет жан

  • @user-sh7ok3bs8q
    @user-sh7ok3bs8q Před 5 měsíci

    Марқұм сол інісі менің парталасым болды. Бір сыныпта, бір партада отырдық. Жаны жәннатта болсын.

  • @user-wy3zu6kg1d
    @user-wy3zu6kg1d Před rokem +3

    Қазақтың екінші Әмина Өмірзақовасы!

  • @alimashbegenova8196
    @alimashbegenova8196 Před 5 měsíci

    Жанар Апай өте керемет жан, өзім осы кісінің өнеріне бас ием❤

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e Před 6 měsíci +1

    1989- жылы Науырызда Алматыла алаңда концерт болған. Сонда Бахыт Самединова, Бахтияр Тайлақбаев ән айтқаны есімде. Сонда жап- жас қыз сыңғырлаған дауысымен таң қалдырған. Содан бері естен кетпейді! Құтты болсын еңбегін елеген атағы!

  • @amina-adim
    @amina-adim Před 3 lety +12

    Аттың құлағында ойнаған қыз парапланнан қорққаны болмады.) Керемет әсер алатын едіңіз ұшқанда. 7 минут қана ұшатын уақыт. Бірақ есте қалатын әсер керемет.

  • @user-tp9hr1xy3k
    @user-tp9hr1xy3k Před 3 lety +8

    Жанар өткен бағдарламаларды көріп қатты дайындалып келген. Алдын ала қандай сұрақтар қоятынын сезіп соған өзінің зеректімен тапқырлығымен келесі ұяшықтарға өтіп отырды. Аман сізге бұл бағдарламаны әртүрлі етіп түрлендіріп отыру керек. Әйтпесе бір сарынды өтіп жатыр. Ақылым емес кеңесім

  • @samalzhubanalina4973
    @samalzhubanalina4973 Před 3 lety +10

    Жаксы керемет сухбат болды 👍👍👍

  • @user-mg6kw7he2p
    @user-mg6kw7he2p Před 5 měsíci +1

    Құтты болсын🎉
    Өте позитивті жан❤

  • @malikazhan84
    @malikazhan84 Před 2 lety +1

    Жанар апай, оте керемет, ашык жане дана ханым ❤️🌹🌹🌹

  • @user-qc3ww7ju3b
    @user-qc3ww7ju3b Před 3 lety +5

    Керемет дауыс Алла озi колдасын

  • @raushankasimbekova5088
    @raushankasimbekova5088 Před 2 lety +2

    Еңбегіңіз бағаланып алған атағыңыз құтты болсын сіге жаман жазған кісілер қателескен шыар мен сізді қазақтың қайсар намысты қыздары деп түсінемін бұрынғы қазіргі обрздарыңыз керемет заманауй ағыммен жастармен жұмыс жасап дами білдіңіз Алла берекесін берсін еңбегіңіздің рахатын көріңіз

  • @user-pj8yg8qe9e
    @user-pj8yg8qe9e Před 3 lety +7

    Дәл осындай мәні мағанасы бар передачалар көп болса екен.Өзіме Жанар ханым қатты ұнайды өте жан жақты тәрбиелі қазақтың қызы.Аман баурфма көп көп рахмет!

  • @user-il6gu6zs4i
    @user-il6gu6zs4i Před 3 lety +15

    Жанарда адамилық қасиет басым.жақсы сұзбат болды

  • @user-go5vp1lb2x
    @user-go5vp1lb2x Před 3 lety +8

    Жанардың әнін даусын есту керек еді. Ашық мінезді нағыз қазақтың қызы. Керемет!

  • @nazymturekulova3936
    @nazymturekulova3936 Před 3 lety +11

    Өте керемет сұқбат болған.

  • @user-ug3dl5yr2m
    @user-ug3dl5yr2m Před 3 lety +3

    Оте керемет адам. Талантты анши, мыкты актриса, мейиримди ана, адал жар. Жаксы корип кеттим. Енбегиниз жаңа берсин.

  • @samalbelgibaeva6902
    @samalbelgibaeva6902 Před 3 lety +16

    Барлык онер адамдарда киын саттери болган екен, омир деген кандай киын...

  • @user-to7tx5fi7i
    @user-to7tx5fi7i Před 3 lety +7

    Керемет екен👍👍👍 Жанар апамды мүлдем білмейді екенмін

  • @user-jx9hp9pr5r
    @user-jx9hp9pr5r Před 3 lety +14

    Уййй жынды Аман, давлениеси котерилип кетсе кайтесин курсын

  • @user-fc2ml6vy7c
    @user-fc2ml6vy7c Před 3 lety +4

    Жанар,привет вы молодцы, в роли свекрови, по больше таких роли

  • @kusny1986
    @kusny1986 Před 3 lety +4

    Аман сіз керемет журналисіз. Алакөлден сәлем

  • @user-rr7to5qv6m
    @user-rr7to5qv6m Před 5 měsíci +1

    ❤❤❤❤❤керемет

  • @user-bp5qo2wq1j
    @user-bp5qo2wq1j Před 3 lety +8

    Кутіп едім ЖАНАР АЙЖАНОВАНЫ

  • @user-mj3ds5hu8c
    @user-mj3ds5hu8c Před 5 měsíci

    Жанар жарайсын!

  • @janarnazin3230
    @janarnazin3230 Před 3 lety +4

    Жанар апай оте керемет кысы сызды жаксы коремын

  • @nuriyadanbai474
    @nuriyadanbai474 Před 3 lety +17

    Быр жылап, алдым!!! Аман болыныз Жанар апай🌹🌹🌹🌹

  • @ainurmustapina4703
    @ainurmustapina4703 Před rokem +1

    Кызым болса осы Жанар татемиздей болганын калар едим😄😄😄. Созге шешен, керемет анши, козкызыгарлык пысык адеми жан.

  • @user-jd5ug5bt5i
    @user-jd5ug5bt5i Před 3 lety +6

    Өте қарапайым молодец. 👍

  • @user-sl9xb3yk6p
    @user-sl9xb3yk6p Před 3 lety +12

    Жанар апамен сұхбаттасу бөлек әңгіме го Керемет жан👍

  • @user-gg7jy6dm3d
    @user-gg7jy6dm3d Před rokem +1

    Оте тамаша! Жанар халыктын суйыкты кызы.

  • @maralerkinkyzy3835
    @maralerkinkyzy3835 Před 3 lety +5

    өте керемет Жан

  • @user-ud8jg7tf8z
    @user-ud8jg7tf8z Před 2 lety +1

    Жанар Айжанова, талантливая ,разносторонняя,

  • @user-fi6rh1il8m
    @user-fi6rh1il8m Před 3 lety +4

    Марапатыңыз құтты болсын! Сіз қандай марапат болса да лайықтысыз

  • @user-wl2fu2bn8v
    @user-wl2fu2bn8v Před 4 měsíci

    Казактын каймагы го чиркин Жанар эже талантыңызга таазим

  • @user-wc9ty6uk5b
    @user-wc9ty6uk5b Před 3 lety +6

    Оой Жанар сиздин ангимелериниз маган катты унады.Озиниз меним курдасым екенсиз.Балалык шагыныз маган катты уксайды екен. Бирак мен атка сонгы рет жиырма жасымда минген екенмин.Менде аткада,ешеккеде жайдак дейдигой жаланаш емес жайдак минип шабатынмын.Оншен ербаллармен жарысатынмын,кокпар тартып ойнайтынбыз. Сол ланги,асык ойнайтынмын.Акем кендир жиптен он шакты ланги жасап беретин.Кызыык екен ангимениз.Менде балалык шагымды коргендей болдым. Онериниз орлей берсин.Сизге айел бакытын тилеймин!

  • @user-id2gq8qy9e
    @user-id2gq8qy9e Před 11 měsíci +1

    Ой на конец то получила награду Жанар ,я за неё рада .

  • @user-py8xn5xg3u
    @user-py8xn5xg3u Před 2 lety

    Мыкты айел киыншылыкка мойымаган
    Енбегин жемисин коре бер алиде