Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен несие алған шаруалар бас көтерді

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 30. 07. 2024
  • БІЗДІҢ CZcams АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен несие алған шаруалар шу шығарды. Мал басын көбейтіп, шаруашылығын кеңейту үшін миллиондап кредит рәсімдегендер тіршілігіміз тұралады деп отыр. Себебі, серіктестік алдындағы қарыздарын мерзімінен бұрын қайтарса да мүліктері әлі кепілде тұр. Техника мен үйді кепілден шығару үшін өзге шаруалар борыштарын толық өтеуі тиіс екен. Бұл шартпен келіспейміз деген наразы топ тығырыққа тірелген.
    Ақтөбенің әр ауданынан келген бір топ шаруа несие серіктестігінің ғимаратына бүгін тағы жиналды. Барлығы мал көбейту үшін мемлекеттік бағдарламамен алған несиені мерзімінен бұрын жапқан. Соған қарамастан мүліктерін кепілден шығара алмай шырғалаңға түскен.
    ӘБУТӘЛІП ЖАСҰЛАН, шаруа қожалығының басшысы:
    - 23-тің декабрінде досрочно бәрін жаптым түгел. Содан бері машина бар еді залогта тұрған. Сонымен 24-тің де ортасынан асты әлі залогты ала алмай жүрміз. Қарайған шаруамыздан қалдырды. Қолымызды байлап отыр. Үкіметтен бізге өйтіп кредит бермей-ақ қойсын екіншіден.
    АЯН СЕЙТЕНОВ, шаруа қожалығының басшысы:
    - Кредитное товарищество солидарнный ответственность деген ережеде пункт бар. Олар сүйеніп отыр. Сіздер бір-біріңізге жауаптысыздар, төлемеген адамдар бар, солар толық төлемей сізге берілмейді деп. Оларға несие берер алдында бізді жинап мына адамға берейік пе бермейік пе деп ертең ол төлемей қалса сіз жауап бересіз деп бізден сұраған жоқ қой.
    Бұл талап қисынсыз дейді шағымданушылар. Қазір өзгелердің кесірінен жұмысымыз тұралады деп қынжылады. Себебі, шаруашылықты дамытып, мал басын көбейту үшін басқа кредит берілмейді. Ал, ортада делдал болған серіктестік төрағасы аграрлық корпорация алдында 200 миллион теңге қарыз екен.
    ОРЫНБАСАР ЫСҚАҚОВ, Несие серіктестігінің төрағасы:
    - Аграрный корпорацияға бізде линиямыз бар. Линия бойынша аграрный корпорация бізде екі залогдатель болады. Залогодержатель ол бірінші аграрный корпорация , екінші біз. Бізде общий кредитное товариществодан просрочкасы АКК-ның алдында бар. Басқа заемщиктерден. Содан енді АКК-да один за всех и все за одного деген солидарная ответственность бар. Содан біз шығара алмаймыз.
    Серіктестік басшысы мәселені шешудің жалғыз жолы ұжым болып сотқа шағымдану дейді. Яғни, мүлікті кепілден соттың шешімімен шығаруға болады.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Komentáře • 2

  • @user-qe2vi6ly8m
    @user-qe2vi6ly8m Před 20 dny

    Біздің Жаңа Қазақстан қайда? Все время какие то препятствия тем, кто честно работает, не пойму.

  • @user-vf8iz8rj8u
    @user-vf8iz8rj8u Před 20 dny

    БАНК ЕМЕС БАНДИТ ..