Жадыра: Жапонияда өткен 14 жыл / Ләйлә Сұлтанқызы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 28. 06. 2023
  • 1. Қазақстанның болашағын дамыту үшін жастар не істеу керек?
    2. Еліміздің жарқын болашағы үшін өзіңіз қалай үлес қосып жатырсыз?
    3. Және қалай үлес қосқан жөн?
    Осы сұрақтарға жауап беріп, пікір қалдырған оқырмандар арасынан 3 жанға әжесінің қызынан “Жақын Жапония” кітабын сыйлаймын. Басқа желілерден оқыңыз:
    Instagram: / sultankyzy
    Tiktok: / laila_sultankyzy
    Facebook: / lsultankyzy
    Серіктестік бойынша:
    api.whatsapp.com/send?phone=77073751010
    #ЛәйләСұлтанқызы # #

Komentáře • 257

  • @shadiarbeisenqul8393
    @shadiarbeisenqul8393 Před rokem +49

    Ләйлә ханым,ата әжесін эфирге шақырсаңыз,тұнған шежіре сияқты
    Бала бұл болашақ әлем деп ойлайтындарыңыз лайк басыңыздар🥰

  • @user-hh4qi9ld4k
    @user-hh4qi9ld4k Před rokem +111

    Жаны нәзік, күлкісі сыңғыр,ерке қылықты, білікті көрікті қазақтың сұлу да заманауи қызы. Жан жақты, көп елді көрген, көп тілді білген елін сүйген тілін ұмытпаған осындай аруларымыз көп болсыншы.

  • @enlik003
    @enlik003 Před rokem +86

    Басында көріп отырып не деген қарапайым деп өзімше менсінбей отырған едім.... Шет елде тұрып қазақ халқының тарихын, әдебиетін біліп, оқып , сонымен қоса бірнеше тіл үйреніп жүргеніне қарап таң қалып, тамсанып қалдым. Алла жолыңды ашық қылсын! Әрбір адам үлгі алса екен.

  • @bay5655
    @bay5655 Před rokem +108

    Бұл қызды қазақтың мен деген мықты жігітінің біреуі алып қалса жақсы болар еді!!! Деңгейі шамалас, көз қарасы дүние танымы нанымы теңдес! Жадыра десе дегендей керемет жан екен!!! Бақытты болсын, бағы жанып теңін тапсын!!! ❤❤❤

    • @user-gj5ch4gl5s
      @user-gj5ch4gl5s Před 6 měsíci

      Керемет қыз ақылды күлкісі шынайы қазақ еліне министр болса ғой болашақта

    • @user-in9sg3rs4q
      @user-in9sg3rs4q Před 5 měsíci

      Бақытты болсын!

  • @user-pg7jx1uc8m
    @user-pg7jx1uc8m Před rokem +29

    Қазақтің білімді, тәрбиелі қызы. Осындай қыздарымыз шіркін-ай көпболсай. Моңғолияда туып, әжесінің тәрбиесінде болған қызымыз екен. Моңғол жері климаты өте қатал. Қысы суық, жазы ыстық,құрғақ болып келеді. Мен 70 жылдарында Совет армиясы қатарында әскери борышымды Монголияада атқарғанмын. Жапония халықың мәдениеті және тұрмыс-салты, әдебиеті мен тарихы қызықтырады. Мені таңдандырғаны қазақтың кішкентай қызының қайсарлығы, батылдығы ,білімге деген құштарлығы. Өзіңе лайықты жар тапсын. Өркенің өсін. Ақ жол қызым. Ләйлә Сұлтанқызы Сізге көп рахмет . Осындай сұхбаттар аңыз көп болғай. Сәттілік тілеймін.

  • @user-zw7wy5gn3u
    @user-zw7wy5gn3u Před rokem +33

    Жадыра ханым,қандай керемет жадсыз,ұлтымыздың мақташы болуға лайықты, 1000 жігіттің арманы,100жігіттің ардағы, нағыз патриот, ер жігіттің,елім деген қазақ азаматтың --жан жары болуға әбден лайықтысыз....
    Әттең-ай........

  • @khanymutekeshova9428
    @khanymutekeshova9428 Před rokem +52

    Біздің ауылда айтатын: Мінезі Қамырдан қыл суырғандай екен
    Бақыты ашылсын! Теңін тапсын! ❤❤❤

    • @shakerbanumyrzakhanova6321
      @shakerbanumyrzakhanova6321 Před rokem +2

      Біздің жақты"сары майдан қыл суырғандай сөйлейді"деп айтады...

  • @Storylar
    @Storylar Před rokem +45

    Ата әжеңізге ата анаңызға мың алғыс осындай тәлім тәрбие берген.Аллаға мың шүкір .

  • @user-hy3bt6cq6b
    @user-hy3bt6cq6b Před rokem +27

    Рахаттана отырып тыңдадым, енді жақвндарыммен бөлісіп жатырмын, үяда не көрсең... дегендей, Жадыраның ұстанымдары ұнады, Ләйлә Сұлтанқызының мәнді сұрақтарының арқасында Жапон халқы туралы керемет мағлұматтар алдық, жасым 57 ге келсе де тіл уйренуге, кітап оқуға ынтам артты, осындай сұхбаттарды Ләйлә Сұлтанқызынан асыға күтеміз, зор алғыс сіздерге 👏👍🙏🌹

  • @user-ul2yz6qe8i
    @user-ul2yz6qe8i Před rokem +35

    Жадыра қандай жанұяға барса да ,силы , ақылымен бақытты қылады.иә Алла мына қызды бақытты ете гөр.

  • @user-ko3qp8qf3c
    @user-ko3qp8qf3c Před rokem +24

    Жадыра, сіздің тұрмыс құрғаныңызға күә боламыз деген үміттеміз! Сіздей ұл қыздарымыз көп болса, еліміздің болашағы жарқын болады!

  • @selfdevelopment4686
    @selfdevelopment4686 Před rokem +39

    Болашақ Қазақстанды дамыту үшін:
    1. Әрбір қазақ азаматы өз ұлтының салт-дәстүрін, тарихын, әдебі мен әдебиетін біліп, оны ұғыну қажет.
    2. Әр отбасы өз баласына қоғамға қажетті тәрбиені үйрету қажет.
    3. Сол тәрбиемен өскен бала енді өз икигайын тауып, білім жолына түсуі қажет.

  • @seva31819
    @seva31819 Před rokem +43

    Жапондағы сіз көрген жолда, көлікте кітап оқу үлгісі, бізде де Алматыда болған. 70-80 жылдары болған, аялдамада, автобус-троллейбуста қазақтың жігіттері-қыздары шұқшиып кітап оқып тұратын. Мен басқа қаладан келіп Алматының осы зиялылығына қызығатынмын...

  • @user-rz5cg9iv6h
    @user-rz5cg9iv6h Před rokem +16

    Қандай билимди қыз байсалды, и ақылы коп Алла разы болсын Нағыз мықты қыз

  • @user-hw7bi2tw1p
    @user-hw7bi2tw1p Před rokem +49

    Кітапты өте аз оқыдым дегеніне сүйсініп тұрмын, ма ша алла, құшақтасып амандаспайды дегені қандай күшті, нағыз тәрбие деп ойлайм, тек жақын ата ананмен, балаларынмен, туған бауырларыңмен ғана құшақтап амандасса, мен осы қызға тәнтімін

  • @user-lm8sq7bs5z
    @user-lm8sq7bs5z Před rokem +32

    Есіміне сай, жадырап тұратын қыз екен.Жарайсың!

  • @seva31819
    @seva31819 Před rokem +20

    Жадыра қызыммен танысып едім, осындай сұхбаттардан кейін жақсы тани бастадым. Өте дұрыс тірлікті жақсы насихаттайды. Ау, қазақтың жайсаңдары, мына алтын қыздан ұлың да қызың да үлгі алыңдар.

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Před 11 měsíci

      Не деген парасат,жап-жас деп айта алмайсың,білімге құштарлық,көрегендік,
      ақыл-парасат,халқына деген махаббаты,Алаш ардақтылары аңсап кеткен,Алаш зиялылары ның бүгінгі ізі,тұяғы,алтын асығы ғой,міне,нағыз қазақ,жан-тәніменен ұлтын сүю,ұлтына деген адалдығы,сүйіспеншілігі,елінің,
      халқының болашағын ойлаған талпынысы,үлгі аларлық,керемет жан екен,жаны жайсаң,жүрегі кең,ақ адал нағыз қазақтың мен деген бетке ұстар қызы екен,найман-керей бұтағы болып тұр ғой,ата-әжесі,ата-анасы ұлағатты жандар екендігінің дәлелі,ұрпағына саналы тәрбие беріп,жадына ұлт жандылықты сіңіре білген,не деген көреген жандар,тәрбие тал бесіктен деп текке айтылмаса керек,риза болдым,рахымет.

  • @takhmina07
    @takhmina07 Před 11 měsíci +5

    Ерекше адаммен керемет сұхбат болды! Қазақстанды дамыту үшін әр адам өзінен бастау керек дамуды. Біз, өкінішке орай, биліктен күтеміз бәрін, солар бізге міндетті, жағдайымызды жасасын деп отырамыз. Жапондықтар сияқты керісінше “мен не істей аламын, елге қандай пайда әкелсем екен” деген ұранмен өмір сүрсек Қазақстанның дамитыны сөзсіз! P.s. сұхбат барысында бір кітапқа тапсырыс беріп үлгердім)

  • @user-ix2jr1hk9i
    @user-ix2jr1hk9i Před rokem +15

    Тамаша кездесу Жадыра керемет !
    Көркіне ақылы сай азаматша .Менің елімнің болашағында осындай қыздарымыз көп болса екен.

  • @user-ko3qp8qf3c
    @user-ko3qp8qf3c Před rokem +24

    Керемет қыз! Ұрпағымызды дұрыс тәрбиелейтін ана болады. Адал жарын кездестіріп, бақытты отбасының ұйытқысы болуына тілектеспін!❤

  • @user-ko3qp8qf3c
    @user-ko3qp8qf3c Před rokem +7

    Ойларыңыз керемет! Елімізге еңгізетіні де көп екен. Бірігіп, жұмыла жұмыс жасау керек. Қандай көмек керек? Сұрақтарыңызға жауап: 1) Өзіміз отбасымызбен жұмыс жасаймыз, тазалықты сақтап, үнемдеуді дұрыс көреміз. Бар білімімізді іске асыруға талпынамыз. Жастарды елімізге пайдалы іс жасауға тәрбиелейміз. Салауатты өмір салтын ұстанамыз. Жалпы, Жадыра қатарлы ұл қызымыз бар.

  • @user-cf9wu1yi5c
    @user-cf9wu1yi5c Před rokem +33

    Кандай қылықты, ақылды әдемі қыз. Рахмет осындай сұхбатқа

  • @user-jr9uc1ri3d
    @user-jr9uc1ri3d Před rokem +9

    Керемет сұқбат екен. Бұл жап - жас қыздан үйренеріміз көп екен. Артықша ақша кетірмеген шинеуниктері туралы айтты

  • @Mobile8876
    @Mobile8876 Před rokem +12

    Саламатсызба.Менің жасым 11 де.Мен де әжемнің қызымын.Мен де кітап оқығанды жақсы көремін.Бірақ сізге ұқсап өте көп кітап оқып көрмеппін.Жақын Жапония кітабынызды оқығым келіп тұр.Сіздің Жапония туралы айқандарынызды естіп Жапонияға барғым кеп кетті.Мен де сіз сияқты Жапониядан оқып келіп,Қазақстанның дамуына үлес қосқым келеді.МАҒАН КІТАБЫНЫЗДЫҢ БІРЕУІН БЕРІНІЗШІ

  • @user-bh2vx9er1c
    @user-bh2vx9er1c Před rokem +8

    Коптен бери коремин Жадыраны
    Анасы аркылы сырттай танып, тамсана карайтын болдым😊❤

  • @user-rz4eh7mk3c
    @user-rz4eh7mk3c Před rokem +15

    Өте керемет👏 Қыздарымыз тек білімді,инабатты,қылықты болсын. Өзім 3 қыз өсіріп отырмын Аллаға шүкір. Қыз бала білімді болған өте маңызды деп білемін. Жасым 32де ағылшын,жапон тіліне қатты қызығатынмын,бәрі кеш деп ойлап келдім,енді ойым өздеріп көп мотивация алдым. Көп рахмет👏

  • @Jshsjddhdge
    @Jshsjddhdge Před rokem +9

    Керемет сұхбат. 1. Жастар сауатты, білімге құштар, мәдениетті болуы керек. 2.Өз басым дәл қазіргі уақытта тек ҚР демографиясына үлес қосып отырған декреттегі анамын. 3. Қоғамда: кітап оқу, өнертапқыштық, салауатты өмір мәдениетін қалыптастыру керек деп ойлаймын.

  • @balnuralhanova6463
    @balnuralhanova6463 Před rokem +23

    Айтып отырғандары жақсы. Жақсы жағын алып отыр,жарайсың. Кәрі көбейіп, жастар азайып барады деген ол өзекті мәселе негізінде, осындай шет елдік ақпараттар теледидардан көбірек беріліп, біздің халық бала дүниеге әкелгеніне қуанып, соның дұрыс екенін біліп мемлекетке бір пайдасы тигеніне қуанғаны дұрыс. (Сапалы бала дүниеге келсе типтен жақсы). Бізде көбінесе "шұбырып неге туа бересің"- деп жаман айтады. Өмірге ұрпақ әкелу жауапкершілігі мол. 5жыл болды армандап жүргеніме. Хош, айтайын дегенім жапонияның жақсы жағын көріп жүрміз,бір жағынан ішіндегін айтпайтын адамды пасық адам дейміз ғой, жапонияны сондай адам сияқты көрдім. Көбінесе өздерін ғана ойлайды ма сондай. Қазақстанға келгісі келеді бірақта қазақтар жапонша білмейді дейді. Олар келу үшін біз жапонша үйрену керек емес, олар қазақша үйрену керек. Ия бізге әкелер жаңалықтары көп шығар, бірақ біздің елден тапқан ақшаны өз еліне алып кетеді. Артық айтсам, ойымды жеткізе алмасам кешірім сұраймын.

  • @user-hm8fl2rh5p
    @user-hm8fl2rh5p Před rokem +7

    Керемет Жадыра,Керемет сұхбат болды, не деген тағылымы мол әңгіме
    Ләйлә Сұлтанқызы тамаша тапқансыз осындай өзі әдемі өзі сыпайы қызды

  • @fighting4709
    @fighting4709 Před rokem +5

    Болашақ Қазакстанды дамыту үшін әрбір Қазақстандыққа тым болмаса 1-2 рет тегін шет елге шығуға мүмкіндік беретін бағдарлама ойлап табар едім. Онсызда қаншама ақша игерілмей, тиімсіз жұмсалып, желініп кетіп жатыр. Осындай бағдарлама болса әр бір Қазақстандық шет елді көріп, ой өрісін кеңейтіп, елімізге жақсы жағын алып, өз елін бағалауды үйренетін еді деп ойлаймын 😊😊😊

  • @aigerim_bauyrzhanqyzy
    @aigerim_bauyrzhanqyzy Před rokem +10

    1. Қазақстанның болашағын дамыту үшін меніңше әрбір азамат өзін дамыту керек, тоқтаусыз дамып отыру керек: рухани, материалдық, білімін шыңдап заманға сай болып үздіксіз дамып отырса Қазақстанның болашағы да жарқын болады.
    2. Еліміздің жарқын болашағы үшін менің қосып жатқан үлесім- бұл менің отбасым, балаларым, өзімнің саламда мықты маман болу. Отбасы құндылықтарын сақтап, балаларыма жақсы тәрбие, білім беру.
    3. Әр азамат өзінен бастаса, өмір қарапайым нәрселерден құралады. Отбасына қамқор болса, әкелер балаларын тастама, адамдар бір-біріне мейірімді болса, балалар сапалы білім алса, парақорлық жойылса, мемлекет пен халық арасында диалог болса бір бірін тыңдаса, көшеде құлап жатқан, жылап жатқан адамға аянышты көзбен қарап, көмектесуге тырысса болғаны қоғам өзгерсе мемлекет гүлденеді. Ал қоғам бұл - біз. Мен, сіз, біз, олар. Қоғам өзгеру үшін әркім өзінен бастауы керек деп ойлаймын.

  • @user-jo3gn7px1h
    @user-jo3gn7px1h Před rokem +17

    Жадыра қыз атына заты сай екен, ашық жарқын 😊
    Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ, текті отбасын құру деп білемін.

  • @gulnar2679
    @gulnar2679 Před rokem +27

    Бізде тоқал алғыштарды , үкіметке жұмысқа алмау керек.
    Жапонның тәлім тәрбиесі дұрыс

  • @user-jj6et7jr5l
    @user-jj6et7jr5l Před rokem +11

    Керемет сұхбат!Жас болса да үлгі аларлықтай парасатты жан екен,осындай жастарымыз көбейе берсін!🤲👍👍👍❤️

  • @dinaratalip8930
    @dinaratalip8930 Před rokem +13

    Отбасында өсіріп отырған ұл қыздарымызға жақсы тәрбие беруден бастасақ. Мұғалім ретінде оқушыларымызға жақсы бағыт беру. Өсуміз үшін бір бірімізді қолдап сүрінсе қуанып емес демеу беріп аяққа тұруға көмек беріп отыру керек деп ойлаймын. Бізде завод фабрикаларды көбейтуге күш салуымыз керек деп ойлаймын.

  • @balkiyanurseitova1951
    @balkiyanurseitova1951 Před rokem +12

    Оте керемет сухбат.
    Умница. Хорошо воспитанная, грамотная, красивая девушка.👍🏻👍🏻👍🏻👏👏👏👏

  • @user-vo9bg3pl4k
    @user-vo9bg3pl4k Před rokem +8

    Білім алуды тәрбиеші менұстаздардан бастау керек.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы деген.Ұстаз білімді болмай ұрпақ білімді болмайды.

  • @user-rh5pi2xi1v
    @user-rh5pi2xi1v Před rokem +20

    Кандай кушты кыз,иманды,тарбиелы ,биязы ,былымды,акконыл кыз❤

  • @user-pu4ib4ec5f
    @user-pu4ib4ec5f Před rokem +8

    Менің де қыздарым да осы Жадыра сияқты білімді, ақылды, беделді, көзіашық, көкірегі ояу болса екен.

  • @user-su6jg6lp4m
    @user-su6jg6lp4m Před rokem +12

    Сұхбат өте керемет маған қатты ұнады нағыз матифация.Елдің дамуы үшін ұлтты тәрбиелеп білімді қоса беру керекпіз ұрпаққа.Жер көлеміне байланысты елімізді туризмнің отанына айналдыру керек деп есептеймін,туризмнің арқасында қызмет көрсету салалары,мәдениетіміз өркендеп,саяси эканомикамыз өсіп экологиялық мәселелерді шешу жолдарын алға қояр едік.Техникамен технологияның отаны болу үшін Алаш Идеясынан артық идея жоқ елдің дамуымен қоса өз мәдениетімізді сақтап қалу жолыда қарастырылған.Неге осы уақытқа дейін мемлекетіміз неге дамымады деп айталмаймын,себебі олай айтуға менің қақым жоқ,себебі еліміздің дамуы үшін өз үлесімді қосқан жан емеспін,әйтпесе еліміз жастарға деп "Болашақ" бағдарламасын жасады,одан басқа жастарға елімізде мүмкіндіктер жаратсада,мен оны пайдаланбаппын,бірақ әлі жаспын өз мүмкіндіктерімді қалт жібермеймей пайдаланамын.Уақытымды тиімді жұмсайтын боламын,дамуды өзімнен бастаймын.Сұхбат үшін Л.Сұлтанқызына және Жадыра ханымға алғыс білдіремін.

  • @user-lr2by4mt2r
    @user-lr2by4mt2r Před 11 měsíci +2

    Ләйлә ханым даусыңыз қандай жағымды, сұқпаттарыңыз керемет. 👏👏👏Қандай сауатты, әдемі қыз. Қазаққа уйретері көп екені көрініп тұр. 🙏🌷🌷🌷

  • @user-ov3dm5vt4g
    @user-ov3dm5vt4g Před rokem +8

    Жадыра, өте жайдарлы кыз екен! Арманың орындала берсін. Бакытты бол!!!

  • @user-tk6yh5el3b
    @user-tk6yh5el3b Před 3 měsíci

    Әжесі,таза қазақи,тәрбиені,сіңіріп өсірген екен,барған жерін,бақытты қылатын,қыз,аузын ашса көмейі,көрініп тұрған,таза,текті,адал қыз,Ләйләдә,жақсы,мағналы сұрақ бере алатын,журналист,екеуінеде,тіл,көз,тасқа,сосын,көп күле бермей,сөйлеңіз,қызым...

  • @user-iu8hf3rn9v
    @user-iu8hf3rn9v Před rokem +1

    Ләйла ханым не деген күшті бұл сұхбаттан көөп нәрсе алуға болады және білімге деген құштарлық,ажырасу жайлы өте күшті айтылған,осындай сұхбаттар керек ақ,сіздей журналисттер көп болсын,аман болыңыз,бар болыңыз,Ләйла ханым жолдасыңыз жайлы,өзіңіз жайлы жаман пікір жазса мән бермеңіз,нағыз қазақ әйелі сіздей ақ болсын.Осындай пікірлеріңіз көп болсын,сіз сияқты,Жадыра сияқты батыр қыздарымыз көп болсын.

    • @user-cd5sk3yh1y
      @user-cd5sk3yh1y Před rokem +1

      Әрине.,бұл Қазақстандық қыз емес..Монголиядан ол кісілер өмірге бейім ,кәсіпке де қиналмайды кіріп кетуге

  • @yersinay7435
    @yersinay7435 Před rokem +6

    Сұқпат өте тартымды болды. Бұл Жадрамен болған бірінші сұбхат емес. Өте ақылды, ақжарқын қыз, бірақ киген киімі өзінің жасын үлкейтіп көрсетеді. Мына сұбхатты көрген жастарға үлкен мотивация берді. Зейнеткер болсам да менің өзім еліме қазір қандай пайда әкелсем екен деп ойланып қалдым. Қазақ тілін дамытуға белсенділек араласуым керек сияқты. Жапондардан үйренеріміз көп екен. Мен " Сигун" деген кітапты оқып, сол маған қатты әсер еткен еді.

  • @Bahytt498
    @Bahytt498 Před rokem +17

    ҚазаҚтада.*ҮӘДЕМ ҮӘДЕ* деген бар еді.. Орекең талай жыл теперіш көрсетіп -адамдар көз қарасы көп нәрсеге қарай өзгерді. Алайда үәдесіне берік жастар әліде бар. Қазақ өлген жоқ, өлмейді. Тек тамырына нәр керек

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Před 11 měsíci +1

      Уәдем-уәде,-деп айтқан, сөзге берік болу, ата-бабамыздан қалған қағида,соны жоғалтпағанымыз абзал.
      Сөз бердім,- дейді,айтқан сөзінде тұрмауды ар санаған,тұрақсыздыққа,
      сатқындыққа теңеген,қол алысып,уәде еткен,сөзге тұрған,сөздің қадірін білген ата-баба ұрпағымыз.

  • @muzl_game1804
    @muzl_game1804 Před 11 měsíci +2

    Неткен шынайылық 👏😘
    Біздің адамдарға көбіне шынайылық жетіспейді,кісілік басым,әсіресе бизнесте өнерде ел алдында жүрген қыздарымыз, әйел қауымы шіркін осындай қарапайым болса,өкінішке орай бізде харизма деген сөз бар,онысы кейде нахрапом берет дегендей болып кетеді

  • @user-cc5ip8ni2d
    @user-cc5ip8ni2d Před rokem +7

    Алла бағыңызды ашсын❤ еліміз үшін дәл қазіргі үлесім балаларыма жақсы тәрбие беру олардың білім алуына жағдай жасау ❤ өзім де білім алуды тоқтатпай алға жүру

  • @user-em4my2ze7r
    @user-em4my2ze7r Před 11 měsíci +1

    Жадыра деген жәйдары,инабатты, ибалы, оқымысты,мәдениеті биік қыз екен. Жаныңды жадыратыыып жіберетін әңгімесі керемет. Неткен керемет қыз!!!!!!❤❤❤❤❤❤ Аллаһым бағын ашқан. Ата әжесіне, әке анасына мың алғыс, мықты тәрбиелеген, дұрыс жол көрсеткен.
    Ләйлә да қатты ұнайды. Үздік жүргізушілердің бірі. Әдемілігіне ақылы, ұстамдылығы сай. Киім кию үлгісі де өте жарасымды. Ашық шашық жүргенін көрмеппін

  • @akbaralievnaa
    @akbaralievnaa Před rokem +6

    Әркім өзінен бастаған дұрыс ❤өзімді дамытып жүрмін,мен өзгерсем жақсы жағына әлемде өзгереді❤️🤲🏻
    Ешкімді кінәламай, жеңіл өмір сүру керек❤ кітап оқығанды өте жақсы көремін😻

  • @user-rb6fp3xq7k
    @user-rb6fp3xq7k Před rokem

    Қазақстанның болашағына қандай үлес қосып жүрсіз?
    Осы сұраққа жауабым: Бастауыш сынып мұғалімі ретінде "білімнің іргетасы-бастауышта" деген ұстаныммен әр оқушының білімді болуына үлес қосып жүрмін.
    Жадыраның сұхбатынан кейін көптеген жаңа жоспарлар құрып алдым.
    Жаңа оқу жылында басқаша жұмыс жоспарларым пайда болды.
    Қандай керемет!
    Ләйла, сізге көп Рахмет!

  • @assemgubaidullina1757
    @assemgubaidullina1757 Před rokem +3

    Сәлеметсіздер ме, сұхбат өте тартымды болды, көп рақмет!
    Қазақ елінің дамуы үшін мен қазақтардың санын көбейтіп, 3 ұл-қыз тәрбиелеп отырмын.Кішкентай балаларыма ата-әжесінен бастап, отбасымызбен адамгершілік және ұлттық құндылықтар құйып өсіруге тырысып жатырмыз.Балаларым гаджет қарамайды, ауылда таза ауада көп ойнап, спортқа қатысып шынығып, күн сайын тек ертегі айтумен ұйықтап, көп қыдырып, ел-жерді танып өсіп жатыр.
    Және ертеңнен бастап 6 жылғы бала күтімі бойынша демалыстан шығып, Атырау қаласында жаңадан ашылатын отбасылық дукенінде кітап және көркемсурет бөлімінде креативті менеджер ретінде жаңа ұрпақтың және өз замандастарымның білімді, озық ойлы болуы үшін ерекше балалар әдебиетін,отандық "Отбасы хрестоматиясы" баспасынан шығатын керемет қиссалар мен дастандарды, "Steppe & world” баспасынан шығатын озық әлемдік балалар әдебиетінің қазақша нұсқаларын , "мАзмұндама", "Атамұра", "Алматыкітап" баспаларының үздік қазақ және әлемдік әдебиетін сатып, кең насихаттауға жұмысқа шыққалы отырмын.Сіздің де кітабыңызды бұқара халыққа таныстырсам деген ой келіп отыр.Еңбекьеріңізге сәттілік тілеймін! Кітабыңызды жеңіп алсам екен😊

  • @kamshatabdikhalyk6497
    @kamshatabdikhalyk6497 Před rokem +17

    Бірінші, елімізді дамыту үшін әрбір Қазақстандық өзіне жауапкершілік алғаны жөн. Жауапкершілік болмағандықтан ажырасудың көптігі рас, ол ерлі-зайыптыларға әсер етпегенмен ортадағы балаға әсер етеді. Жауапкершілік те тәрбимен келетін сезім. Әр ата-ана баласына сен өмірге жәй келген жоқсың, ұлы мақсатың бар! Өз ісіңді тап, еліңе адал бол десе біраз жүктен арылар ма едік… Сұқбат барысында Жадыра ханымның айтқаны есімде қалды:-Жапонияда демалыс күні баласын ойын-сауық орталығына емес, кітапханаға апарады-дегені ой салды. Өзімнің ана ретінде қателігімді көрдім😒Баланы жастайынан ойын-сауыққа тәрбиелейді екенмін. Ия онсыз болмас дейміз. Алайда айына 2 рет міндетті түрде кітапханаға апарамын деп шештім…
    Екіншіден, Қазақстанның болашағы үшін не істеп жатырмын? 30 жасымда өзім үшін жаңа мамандық бренд дизайнды меңгердім. Клиенттерге логотип, брендинг жасап жүріп ұққаным-дизайнға , өнерге деген көзқарас төмен деңгейде екендігі. Құнсыз деп есептейді. Осы мәселені оңды жаққа бұру үшін блогымда графикалық дизайн жайлы айтамын әрі басқаларға үйретемін✅ Қазақша дизайн жайында кітаптар жоқтың қасы, сол бағытта кітап шығару ойымда бар))
    Үшіншіден, қандай үлес қосамын? Ме анамын, балаларыма еліне, адамзатқа қалай пайдалы болуы жайында тәрбие, білім бере аламын. Өз ісін тауып тұлға болуына кқмектесін. Осы арқылы хотябы үшеу болса да саналы ұрпақ тәрбиелеймін!
    Сұқбат үшін рахмет, кітап оқуға деген махаббатымды қайта оятты❤️

  • @user-zk1bp3oj8e
    @user-zk1bp3oj8e Před rokem +12

    Өте жақсы сұхбат. Әрбір қазақ көрсе екен. Ләйлә сіңліме рахмет

  • @user-kp1gd7wt8p
    @user-kp1gd7wt8p Před rokem +11

    1. Қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан біз жастар, еліміздің алға шығып дамуы үшін ең бірінші тәрбие, білім болуы қажет. Жан- жақты өзін ізденіп, дамыту арқылы бір іс игеріп ұлтына пайда тигізе алады.
    2. Ал, енді өзіме келер болсам, қазірше білім алып, тіл үйреніп дамыту деңгейінде жүрмін. Егер тіл үйреніп, біреуге үйрете алсам, бұл кішентай болсын елге берген пайдам деп білемін.
    3. Жалпы, елге пайда тигізер адамдар біз өзімізбіз. Волонтерлік деген қазір тегін көмек қолын созу бар. Білімі бар ма, мектеп оқушыларына, тіпті үйренгісі келетін адамға бар білетінін үйретсін. Дәрігер ауру адамға көмегін берсін деген сияқты.
    Білім алудан жалықпайық, ұлтқа қызмет ететін жандардан болайық, сонда өзімізде бақытты болып, еліміз көркейеді 💫

  • @user-dp5gn8rh1f
    @user-dp5gn8rh1f Před rokem +8

    Алла разы болсын Маша Аллах ❤ керемет Лайла Султанкызы сизден инсайт алып журем оте керемет жансыз Аллам екы дуниенин бакытын сыйласын ❤

  • @lauratakperova3306
    @lauratakperova3306 Před rokem +7

    Өте ақылды қыз. Сұхбат керемет ұнады.

  • @user-dp4ds3jp7y
    @user-dp4ds3jp7y Před rokem +15

    Қазақстанның болашағын білімді жастар дамытады. Қазір білімді жастар өте көп.

  • @user-vq7tc4mx5s
    @user-vq7tc4mx5s Před 5 měsíci

    Қазақстанның дамуына кайдзен тәртібі сиякты мыкты тәртип керек ен бирнши,шетелдерден билим алған жастар елге келип кызмет ету керек, сизден уйренермиз көп екен Жадыра синлим, ең бастысы әйел бакытын,ана бакытын тилеимин ❤❤❤❤ Казактын инабатты ибалы билимди кызы аман болсын

  • @akbaralievnaa
    @akbaralievnaa Před rokem +8

    Ләйлә ханым керемет сұхбат үшін алғыс❤

  • @zhadyrasaparbaeva4743
    @zhadyrasaparbaeva4743 Před rokem +4

    Қазақстанның болашағын дамыту үшін ең бірінщі, тіл-қазақ тілі болуы керек деп ойлаймын.Тіл бар жерде мәдениет,әдет-ғұрып сақталады деп ойлаймын!

  • @aigerim_musa
    @aigerim_musa Před rokem +8

    Білімге күш салу керек! Қарапайымдылыққа үйрену, тың ойлар көп жастардың кәзіргі.

  • @user-zu2jj9fn4d
    @user-zu2jj9fn4d Před rokem +12

    Жарқын болашағымыз үшін,
    отбасы құндылықтарды насихаттау міз керек. Әйел кiсiлердiң психологиялық сауаттылық тарымен, денсаулықтарымен, энергияларын мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек. Ана бақытты болса, ұлт баласының отанға деген сүйіспеншілігi артып тәнi мен жаны сау болар еді

  • @user-mw9il7wm1e
    @user-mw9il7wm1e Před rokem +25

    Это ведь здорово вначале знать свой родной язык в совершенстве, тут и стеснятся не стоит что орыс тылын нашар сойлесындер это не такая проблема .,....вот со стороны приятно слушать Вас обоих, удачи и успеха вам❤

  • @Altyngul_S
    @Altyngul_S Před rokem +8

    Алла разы болсын, жолыныз ашык болсын

  • @gazizabaktybaeva
    @gazizabaktybaeva Před rokem +5

    Жадыраның сұқпатынын кітап туралы айтқан жерлін баларыма, тыңдаттым. Болашақ тек білімдінің қолында. Жастарға соны ұғындыру керек.

  • @user-ud1hq8ct4c
    @user-ud1hq8ct4c Před rokem +4

    Керемет,суйлошуп отургун эле келет,рахмат жакшы маек учун.

  • @aishazhbenova7831
    @aishazhbenova7831 Před rokem

    Жаным кітап оқығанды жақсы көреді, бырақ жапон халқына және Жадыра ханымға қарағанда аз оқимыз. Биыл Астана делегациясын кездестім, олар Жапон елінен тәжірибе алмасып келе жатыр екен, соның бірі 1 сыныпқа жеке кітапхананың ашылуы биыл 1 қыркүйекте. Сондықтан осы нәрсе бірінші балалардан басталса ол елге, болашаққа үлкен үлес, менде осы бағытта өз үлесімді жасап келе жатырмын. Рахмет өте қызықты, керекті сұхбатқа. Өзім отбасы, балалар болашағы өте маңызды, өйткені өзім 4 бала тәрбиелеп, өсіріп келем Жақында қызым құрбысы отбасымен Жапония еліне барып келді деп бөлісті, өйткені әкелері жапон тілін еркін меңгерген. Сондықтан қазыр бірінші орында этно нация жапондардан үйренетін нәрсе көп😊

  • @bayan-nur
    @bayan-nur Před rokem +7

    Қандай сүйкімді, күшті қыз 😊

  • @user-hk1cc5sx3u
    @user-hk1cc5sx3u Před rokem +1

    Жадырап сондай тәнті болып отырмын керемет өте нәзік тамаша қыз тыңлай бергің келеді

  • @user-qw6kd1iw4g
    @user-qw6kd1iw4g Před rokem +3

    Оте корикти,билимди кыз екен.Кулкиси сондай жарасымды.

  • @shadiarbeisenqul8393
    @shadiarbeisenqul8393 Před rokem +11

    Түркістанға келін болуға қалай қарайды,немерелеріміз осындай қыздан тәрбие алса шіркін❤

    • @user-tj1eg5to7n
      @user-tj1eg5to7n Před 11 měsíci

      Бірақ Түркістанда келінді адам құрлы көрмейді ғой.Таннан кешке дейін бітпейтін үйдің тірлігі.Ал бұл қыздын жолы дамып жетістікке жету

    • @user-fo6og6fi6w
      @user-fo6og6fi6w Před 4 měsíci

      Сенин туркистанын бул кызды 1 айда мияу кылып жибере,аула сыпыр,ата ененнин уйкыдан турганын кутип тур,есик алдыгда,сэлем салу ушин,уйден ешкайда шыгуга болмайды,деген сиякты.​@@user-tj1eg5to7n

  • @g.a8260
    @g.a8260 Před rokem +5

    КеремптЖадыра. КызАман болАлла куш куат берсинКудай колдасын

  • @enliknurkul7854
    @enliknurkul7854 Před rokem +4

    Миды жасарту үшін-кітап оқу мен есептер шығару деген жақсы кеңес. Кітап- болашаққа салынған инвестиция дегені де

  • @fakiyaduisenova9366
    @fakiyaduisenova9366 Před 5 měsíci

    Жадыра керемет қыз екен қазақтың маңдайына осындай келін тап келсе білімді көрікті.Қызым елге қайт тұрмыс құр.Бақытты бол жаным.Ләйля қызым сағанда мың алғыс от басың аман сау болсын.🙋🤲🤲🤲💓🌹🌹🌹🌹🌹

  • @user-hh8qq9wr5f
    @user-hh8qq9wr5f Před 11 měsíci +2

    Жадыра сіңілім, бағыңыз жансын, бақытты болыңыз!❤❤❤👍👍👍

  • @user-yd9yn1mg8k
    @user-yd9yn1mg8k Před 11 měsíci +3

    Болашағы жарқын болсын .
    Тіл көзден сақтасын .
    🤝👍

  • @Vokk-tl8yl
    @Vokk-tl8yl Před 4 měsíci

    Жапон халқынан үйреніміз көп, бәрі бірақта әркімнің өз қолында ғой.Жазира сіздің еңбегіңіз бізше айтқанда "Тамшыдан теңіз пайда болады"Елге өз жұртыңызға жасаған жақсылығыңыз алдыңыздан шықсын.Бақытты болыңыз,әжеңізге бас иеміз және де тағы да мың алғыс.

  • @elmiraserikovna1386
    @elmiraserikovna1386 Před rokem +1

    Барлық сұхбатын көрдім әртүрлі әсер алдым керемет қатты қызықтым әрбір қызымыз сіздей болсын Жадыра❤❤❤

  • @user-zh2sr2gh2k
    @user-zh2sr2gh2k Před rokem +2

    Ең бірінші білімге құштар болу керек телефонға тәуелді болмай кітап оқуға тәуелді болу керек себебі еңбектеген баладан қартайған қарттарға дейін телефонға байланып қалған сондықтан кітапқа білімге құштар болу керек және тіл үйрену. Ұстаздық жолда қызмет атқарамын оқушыларды білім нәрімен сусындатып, білім мен тәрбие беріп, елдің дамуы үшін әр адам кішкене болсада үлес қосу керек ең бастысы өз тілінде сөйлеу ана тілін жетік білу сол кезде дамимыз

  • @user-hm8gg5cm7q
    @user-hm8gg5cm7q Před rokem +4

    Жарайсын жадра оте билимди

  • @user-mr2wx8vn6z
    @user-mr2wx8vn6z Před rokem +7

    Жастар білімді, көзі ашық, жан жақты болу керек.
    Мен сол жастардың төртеуін тәрбиелеп жатырмын. Алла бұйыртса тәрбиелеп отырған балаларым елдің азаматы, азаматшалары болса екен.
    Жастар мәдениетті, білімді болса еліміз ары қарай дами береді деген сенімдемін.

  • @user-zi5et8kx3v
    @user-zi5et8kx3v Před rokem +4

    СҰХБАТ ӨТЕ ҰНАДЫ. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕ БІЛІМ АЛЫП ӨЗІҢ СИЯҚТЫ ОЙЛАЙТЫН АЗАМАТТАРЫМЫЗ КӨП БОЛСЫН. БІЗ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫМЫЗ. БАЛАЛАРЫМДЫ БІЛІМ ЖОЛЫНДА ТӘЖІРИБЕ ЖИНАП ЕЛІНЕ АДАЛ ИМАНДЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕГІМ КЕЛЕДІ. БІЗ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАМЫЗ. ТӨРТ ТҮЛІК МАЛДЫҢ ӨЗІН БАҚҚАН АДАМ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ЗЕРТТЕП БІЛГЕНМЕН ТЕҢ . МАЛДЫҚ ӨЗІН БАҚҚАН ОЛ ҮЛКЕН ҒЫЛЫМ БІЛІМ.

  • @user-bh2vx9er1c
    @user-bh2vx9er1c Před rokem +3

    Ар адам суйикти исин дамытып ..уздиксиз гылым,билиммен айналысса.....Ар озинин айналасына улкен укыптылыкпен,жауапкершиликпен караса😊Ар адам оз инен бастаса..😊Елин,жерин шексиз суйсе.....тарихын билуге ,курметтеуге умтылса
    Иман биринши орында болса
    Ширкин ....баска дамыган елдер сиякты оркендесе😊🎉

  • @kati-ra17us07en
    @kati-ra17us07en Před rokem +3

    Өте тамаша сұхбат болды .Алла разы болсын .

  • @makpalrakymet5186
    @makpalrakymet5186 Před rokem +2

    Еліміз даму үшін жастар үздіксіз білім алу керек қара жұмысқа болсада шетелге шығу керек
    Мен бизнес жасап қазір бастамасын жасап жатырмын қазіргі қазақ жағдайын ойлап сапалы болсада киімдерді арзандау сатып шын ниетпен

  • @shakerbanumyrzakhanova6321

    Осындай қыздарды көбірек сұхбатқа шақырыңыз Ләйлә,тұнып тұрған тәлім-тәрбие,парасат,Ұлтқа деген адалдық көріп тұрмын...

  • @user-xv6kq5pz3c
    @user-xv6kq5pz3c Před 11 měsíci +1

    Тамаша айтасын бирак жапониянын саясаты мадениетт уте жогары гой жанеде биздеги мадениет кишкене тумен

  • @kati-ra17us07en
    @kati-ra17us07en Před rokem +4

    Үлесім бес балам бар енді соларды елге қызмет етсе деп жүрміз.

  • @aiymgulizimberdieva1137
    @aiymgulizimberdieva1137 Před rokem +4

    Қайырлы күн өте керемет сұхбат болды

  • @user-hj2fo4xt1b
    @user-hj2fo4xt1b Před 2 měsíci

    Керемет пайдалы сұхбат, өзге ұлттан үйренеріміз көп екен

  • @user-mt7lx6em3o
    @user-mt7lx6em3o Před 11 měsíci

    Бірінші ,жалқаулықтан арылу керек, білімд,і өз тілін ардақтап таза сөйлеу керек,ұлттық рухы мықты ұлтжанды,салт -дәстүрімізді бағалайтын,дәріптейтін азамат болу керек.

  • @zhanbota_zhandoskyzy
    @zhanbota_zhandoskyzy Před 10 měsíci

    Өте пайдалы керемет көп нәрсе үйрену керек екен көп нәрседен арылу керек екен бізге

  • @s-bai
    @s-bai Před rokem +4

    Өте керемет 🤘сұхбат

  • @user-mw1bh6gt4y
    @user-mw1bh6gt4y Před rokem +3

    Ма ша Аллаһ сондай сүйкімді қыз, майысып күлгені қылықты)))

  • @user-xc2tt7go8i
    @user-xc2tt7go8i Před rokem

    Осындай білімді,тәрбиелі, ұлт тілін таза білетін,ұлтым деп соққан жүрегіі таза жас қыздар мен жігіттермен сұхбаттар беріп тұрсаңыздар жиі осылай.

  • @Useful13541
    @Useful13541 Před rokem +2

    Жауаптарым:
    1) Қазақстан - сұхбатта айтылғандай байлығы мол, орналасқан орны да қолайлы, жанға жайлы жер. Болашақта даму үшін өз “плюстарымызды” алға шығару маңызды:
    Ең алғаш, өз байлығымызды өзіміз игеріп, экспорттап, өндірісті көркейтуді жастар, біздер, қолға алуымыз;
    Алла жаратқан біздегі көркемдікті, ойлаңызшы, бүкіл әлемдегі әдеміліктер бізге жиналған, Алматы (Швейцария), Батыстағы құмды өлке (Сахара), Түркістан (рухани астана), Астана (Дубай),өзгелерге паш етуіміз;
    Спортшы, әнші, биші - талант, жұлдыздарымыз Қазақстанды танытып, атын шығаруымыз;
    Ғалым, дәрігер, мұғалім, қандай мамандық иесі болмасын, жаңашылдыққа ұмтылып, патриот болып, өз ісінің шебері болуымыз;
    2) Мен Қазақстанға келіп ем алып, жанға дауа табуы үшін, табиғи жаңалықтармен медицинаны гүлдендіру үшін өз мамандығымды игерудемін;
    Қазақ тілін бетке ұстап, жаңа деңгейде жаңғырту үшін пайдалы ақпаратпен кішігірім блог жүргізудемін;
    Және жаңа тілдерді үйреніп асуларды бағындыратын қадамымды нықтаудамын;
    Волонтер болып, қолын созып, көмек сұраған жанға демеу болудамын;
    3) Міржақып атамыз айтқандай “Оян, қазақ!”. Өзгені кінәламай, өзімізден бастап, қиындық болса да сүрінбей, жалқауланбай, бірігіп, қазақтың атын шығару. Жақын Жапониядан жақсысын алсақ, қазағымыз да бай, бақуатты болмақ🤍
    P.s. Ин ша Алла, мына жазылған дүниені 3 жылдан соң саралағанда, “Жарайсыңдар құрдастарым және өзім!” деп айтатын күнде болайын.

  • @user-bz1ty7py9x
    @user-bz1ty7py9x Před rokem +1

    Өте керемет сұхбат дұрыс қазақ тілін білген дурыс жан жақты болғанда өте дұрыс 🙌🙌

  • @janalykakikatuly1360
    @janalykakikatuly1360 Před rokem +2

    Жарайсың қарындас, бақытты бол

  • @Bahytt498
    @Bahytt498 Před rokem +1

    Біз аналар балаларды тазалыққа отбасында шегелеп беріп, қоқысын қайда жүрседе шәшпәуды үйретү керекпіз. Мен балаларымды, кішкентай жиенімді тастама жерге, сумкаңа сал деп үйретем. Тәртіп отбасынан басталады. Көшеде қоқыс салғыш Алматыда көлемі кішкентай,шелектейғана оған/ қазақ өрнегін салған/ қоқыс симай шәшіледі. Сол оюға кеткен ақшаны шіркін көлеміне жіберсе