Әлемдік мега-жұлдыздарға әуен жазып жүрген қазақстандық мұғалім жайлы білесіз бе?

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 6. 09. 2024
  • БІЗДІҢ CZcams АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Абай облысында биология пәнінің мұғалімі шетелдің әйгілі әншілеріне әуен жазып жүр. Сабақтан тыс уақытта оранжировка жазумен айналысатын Ерқанат Садухановтың музыка саласында есімі танымалдыққа ие. Себебі, мектепте ұстаздық қызмет ететін 27 жастағы жігіт әлемдегі мега-жұлдыздардың әндерін әрлеп берген. Жаңа туындылар шығарып, көпшілікті таңқалдырып жүрген педагог кәсіби музыкаға қалай келді? Қазір ол қандай әншілермен жұмыс істеп жатыр? Жас талантпен өңірдегі әріптесім тілдесіп келді.
    Ерқанат Садуханов Абай ауданы Қарауыл ауылында биология пәнінің мұғалімі. Жас маман өзі түлеп ұшқан мектепке жұмысқа орналасқанына да бір жылдан асқан. Алайда педагог оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай бос уақытында оранжировка жазумен айналысады.
    27 жастағы ұстаз жастайынан музыкаға әуестенгенін айтады. Арнайы білімі болмаса да Ерқанат он жылдан бері осы сүйікті ісімен үйде де түзде де айналысып келеді. Айтуынша оранжировка жасауды өзі үйренген. Eraholic лақап атымен танымал музыкант алғашында отандық өнерпаздардың әндерін әрлеп, кейін ТМД мен шетелдік жұлдыздардың көзіне түскен.
    ЕРҚАНАТ САДУХАНОВ, музыкант:
    - Осы ақырғы бір-екі жыл Қазақстандық әншілерден бөлек АҚШ-тық Лейт Джей, бразилиялық Анита, британдық Дуа Липа деген үлкен-үлкен әртістермен жұмыс жасадым. Осы ақырғы Дуа Липаның «элужн» деген әннің көрсеткіштеріне келе кетсек британияда ол қазір альбом өзі бірінші орында тұр. Одан бөлек 47 мемлекетте бірінші орында тұр.
    Әлемге әйгілі әнші Дуа Липаның жаңа альбомына музыка жазған жас талант соңғы жылдары ұсыныс көп түсетінін жеткізді. Мәселен, мектеп мұғалімі қазір испаниялық мега-жұлдыз Розалиямен бірге жұмыс істеп жатыр екен.
    ЕРҚАНАТ САДУХАНОВ, музыкант:
    - Иә, Розалия атты испан тілінде айтатын әлемге әйгілі әнші. Сол кісі менің әлеуметтік желіге салып отырған жұмысымды байқап, сол жұмысыма жауап қайтарып ұсынысын жасады. Бірге жұмыс жасап көрейік деп. Уже жанрдың жаңағы бағытын анықтап, қазір сол жұмысты жасап жатырмыз.
    Ерқанат соңғы туындым реггетон стилінде жазылады. Мақсатым осы жанрды Қазақстанға әкелу дейді.
    ЕРҚАНАТ САДУХАНОВ, музыкант:
    - Жанр реггетон деп аталады. Ол реггетон деген жанр Қазақстанда әншілер көп қолданбайтын, көп тыңдалмайтын да жанр өкінішке орай. Бірақ әлем бойынша рейтіңгі өте мықты. Енді Сіз топ чарт дейді ғой әндердің первая десятка ол реггетон жанрындағы өлеңдер. Сол жанрда мен осы Қазақстанда орысша айтқанда популяризиовать хочу дамытып, осы Қазақстанға әкелгім келеді.
    Өзге де шетелдің танымал әнші, рэперлерімен келіссөздер жүргізіп жатқан педагог музыкаға хобби ретінде қарайтынын жеткізді. Ал негізгі жұмысым ұстаздық қызмет атқарып, білім саласына еңбек сіңіру деп отыр.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Komentáře • 25

  • @user-sy1uu8gh2b
    @user-sy1uu8gh2b Před měsícem +4

    Керемет. Жарайсың. Құтты болсын. Алла қолдасын ҚАЗАҒЫМДЫ.

  • @user-cd1rw8mq8f
    @user-cd1rw8mq8f Před měsícem +4

    Тамаша керемет!Қазақтың мықты азаматтары жасасын.

  • @user-wl8oe7wx5d
    @user-wl8oe7wx5d Před měsícem +2

    Жұмысың табысты болсын! Әлемде шырқалатын музыкаларды көптеп жазып, әйгілі қазақ жігіттерінің бірі болуыңды тілеймін

  • @bekzattogjanov1073
    @bekzattogjanov1073 Před měsícem +2

    Өте керемет. Бағың жана берсін тек

  • @howareyou1674
    @howareyou1674 Před měsícem +3

    Круто

  • @danarue6733
    @danarue6733 Před měsícem +3

    Молодец

  • @user-rl4iw7wl2l
    @user-rl4iw7wl2l Před měsícem

    Жарайсың

  • @user-kv9sw2hs3g
    @user-kv9sw2hs3g Před měsícem +2

    Керемет!

  • @user-os6gv8ip5i
    @user-os6gv8ip5i Před měsícem +5

    Қазақта жын аз еді

    • @user-rb1pz3pp6b
      @user-rb1pz3pp6b Před měsícem

      Қойшы.....
      Оның жынға не қатысы бар?
      Танымал бола берсін қазақ..
      Басқасын реттей берейік..
      Ағайын туыс,жекжатарыңды,таға жұртыңды,өз жұртыңды,қайын жұртыңды реттей берші......

    • @Nurman-kg6lw
      @Nurman-kg6lw Před měsícem +1

      Бәрін жынға теңей берудің керегі не? Жын сенде бар. Музыканың жынға қатысы жоқ.

    • @Rider0324
      @Rider0324 Před měsícem

      надандыкка жол жок

    • @batyrbekkk2874
      @batyrbekkk2874 Před měsícem

      Надан болсан бир озин болш,баскаларды да надан кылмай.

  • @saulearynova2539
    @saulearynova2539 Před měsícem

    🎉азамат! Бұл тек бастамасы болсын

  • @user-rd8ym7pv8n
    @user-rd8ym7pv8n Před měsícem +1

    Біздің қазақ бірін бірі көре бермейдіғой.

  • @RrasaamMkrrmzhzh
    @RrasaamMkrrmzhzh Před měsícem +1

    Енді налог сплып тастамасын. Біздің үкімет.

  • @user-dq1ko7nn3y
    @user-dq1ko7nn3y Před měsícem +2

    100 Лайк менен

  • @user-hs2sw5ho9o
    @user-hs2sw5ho9o Před měsícem

    Базар жок Dua Lipa га ан жазып журсе,енди Иманбек сиякты алемдик жулдыздармен жумыс жасап кетсе жаксыго👏👏🔥

  • @user-fz9bi9xn2h
    @user-fz9bi9xn2h Před měsícem +1

    Каникулда окушыны кайдан тапты?

  • @user-dk9jy4zl7i
    @user-dk9jy4zl7i Před měsícem +5

    НЕГЕ, БҰЛ- БАЛА, ДИМАШПЕН ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ ЕКЕН. ТАЛАНТЫ БОЛСА.

    • @Nazsisen1983
      @Nazsisen1983 Před měsícem +1

      Жанры басқа болып тұр ғой

  • @user-oe4ky8gd9h
    @user-oe4ky8gd9h Před měsícem

    Өтірік

  • @user-yk3ke4oh9m
    @user-yk3ke4oh9m Před měsícem

    Боқтан өзгенің бәрің жаңалық дей береді екенсіндер😅😅😅😅

    • @Medetbek1995
      @Medetbek1995 Před měsícem

      Сенің балаң сондай болса өліп таратар едің я видеосын,