Хабар Жер (kaz)

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 28. 07. 2024
  • Жүргізуші: Өркен Жоямергенұлы
    Бағдарлама ұзақтығы: 30 минут
    Тілі: қазақша
    Қазақстанда ауылшаруашылығына қатысты тұңғыш бағдарлама ГАЛА ТВ продюсерлік орталығы арқылы жарыққа шықты. 11 жылдан бері «Хабар-жер» көрермендерге еліміздің ауыл шаруашылығында болып жатқан өзгерістер туралы ақпарат таратып келеді. Тақырыпты жоспарлап, телевизиялық сюжеттерді дайындау және жасау кезінде «Хабар-жер»-дің шығармашылық тобы жаңа PR-технологияларды пайдаланады. Бұл әдістерді журналистер «паблик-рилейшнз» бойынша шетелдік мамандардың қатысуымен өткен арнайы тренингтарда игерді. Бұл біршама салмақты артықшылықтар болып табылады, себебі бұл жағдайда деректер көрермендерге құрғақ ұсынылмай, материал жағымды сипатқа ие болады.
    2003 жылы «Хабар -- жер» ұжымын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық сектор мәселелерін шығармашылық жолмен көрсете білгендері үшін арнайы дипломмен марапаттады. Сондай-ақ 2003 жылы қазақстандық публицист Жарасқан Әбдірашов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Ал, 2006 жылы «Хабар-жер» агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан үлесі үшін және ауыл шаруашылығы тақырыбын объективті түрде ашып көрсеткені үшін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің дипломына ие болды.
    2006 жылы бағдарлама ұжымы ҚР Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды. 2007 жылы «Хабар-жер» редакциясы 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Және осы мерейтой құрметіне орай түсіру
    тобы еліміздің астықты аймақтарына автошеру жасады.
  • Zábava

Komentáře • 3