Оразкүл Асанғазы - Ел болсақ екен деген азаматтар атқа қоныңдар! (1992 жыл)

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 12. 10. 2018
  • Жамбыл облысы Шу ауданы Ақтөбе колхозында дүниеге келген.
    1969 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би селосындағы қазақ орта мектеп-интернатын бітірген.
    1973 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, оны үздік бітірген. Институтта оқып жүрген кезінде Лениндік степендиат атанып, факультетте комсомол комитетінің хатшысы болды, сол кезде партия қатарына өтті.
    Еңбек жолын 1973 жылы Шымкент облысы Сарыағаш ауданы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметтен бастаған.
    1979-1982 жж. - К. Маркс атындағы орта мектептің директоры.
    1982-1985 жж. - Сарыағаш қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы № 10 мектеп-интернаттың директоры.
    1985 ж-Алғабас аудандық партия комитетінің хатшысы.
    1987 ж. - аудандық партия комитетінің екінші хатшысы.
    1988 ж. - халық депутаттары Алғабас аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрайымы болып сайланды.
    1990-1992 жж. - идеология бөлімінің меңгерушісі, халық депутаттары облыстық Кеңесінің тіл, мәдениет және ұлтаралық қатынастар бөлімінің бастығы.
    1992-1993 жж. - Сарыағаш ауданының әкімі.
    1993-1995 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
    1995 ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
    1995-1996 жж. - Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі.
    1997 ж. - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
    1998-2006 жж. - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары.
    2006-2012 жж. - Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы.
    2012 жылғы ҚР Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымының депутаты болды.
    «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі.
    «Құрмет» орденімен, «Еңбектегі Ерлігі үшін», «Белсенді қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған, «Қазақ КСР оқу ісінің үздігі» белгісі, Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының және Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы» атақтары бар.

Komentáře • 8

  • @Ma1990_3
    @Ma1990_3 Před 2 lety +1

    Па шіркін! Осындай жігерлі қазақ қыз келіншектері билікте отырса, баяғыда бәрі тәртіпке келер еді.
    Олардың орнына артын жалайтындар көбейді, мәңгүрттер, ездер, қуыс кеуделер қаптап кетті.
    Өз боқ қарыны жақын болды, өзім ішіп, өзім тышсам болды дейтіндер қаптады. Сөйтіп, жағымпаздар заманы орнады, ол тіпті қанына қатты сіңіп кетті, мақсаттары, жатып ішер ас болса!

  • @user-xg7vl7qu5h
    @user-xg7vl7qu5h Před 2 měsíci

    Мықты! Маргарэт Тэтчерден кем болдайды! Оразкүл апа , мықты сөздер!

  • @bolatabdulmalik5713
    @bolatabdulmalik5713 Před 3 lety +4

    Алла разы болсын МашАлла керемет айтып айтып тастады

  • @user-kb2bv5tz4p
    @user-kb2bv5tz4p Před 2 lety +4

    Нағыз патриот 👍👍

  • @dr.abilkasimkizi5868
    @dr.abilkasimkizi5868 Před 2 lety +1

    Недеген батырлық✊

  • @Ma1990_3
    @Ma1990_3 Před 2 lety +1

    Осы видионы тығып қойған ба?
    Неге көпшілік көрмей жатыр!

  • @honeymr.latenight5714
    @honeymr.latenight5714 Před 2 lety +1

    Osyndai kisiler qalmady