Жарапазан. Жарамазан 2021. Жар-Рамазан. Дәрібаевтар

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 11. 04. 2021
  • Каналға тіркеліңіз. whatsapp :+77013330028.
    Жарамазан «Жа-Рамазан», яғни арабша «рамазан келді» деген сөзден шыққан. Сонымен бірге жар, жарлау, жарғы, жар-жар деген сөздердің түрік-моңғол халықтарындағы түпкі мағынасы заң, салт, кәде-ырым деген ортақ мәнде кездесуі - бұл атаудың арғы тамыры тереңде екендігін білдіреді. Әр өңірде ЖАРАПАЗАН немесе ЖАРАМАЗАН деп айтады. Онда тұрған ағаттық жоқ. Дегенмен Жар - жариялауды білдіргендіктер Жар-Рамазан немесе қысқартылған түрде "Жарамазан" деп айтқан абзалырақ. Жарамазан - маусымдық-күнтізбелік ғұрып фольклорына жататын көп таралған байырғы жанр. Ахмет Байтұрсынұлы: «Жарамазан - рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарамазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар, сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарамазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады», - деп жазады. Жарамазан - қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп Жарапазан айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып, Жарапазаншыларды риза етіп жіберетін болған. Жарапазан мәтіні айтыла-айтыла әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мазмұн жағынан оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Ең алдымен, Жарапазаншы үйді, үй иесін мадақтаудан бастайды. Одан ислам дінінің шарттарын уағыздап, имандылыққа шақырып, өсиет айтады. Соңы бата берумен аяқталады. Әрине, айтушы өзінің қабілет-қарымына орай, жаттанды мәтіннің қаңқасын бұзбай өз ойынан да шумақтар қосып айта береді. Үй иесінің көрсеткен құрмет-сыйына қарай оның жомарттығын, шүлендігін марапаттап, алғыс-тілек те айтады. Кейде көңілден шықпағандарды қуақы тілмен келекелеп, әзіл-қалжыңға да айналдыратын сәттер болады. Жарапазанның негізгі мақсаты - ораза айында ел көңілін көтере жүріп, ислам дінін насихаттау, жұртты шариғатқа, иманға ұйыту, береке-бірлікке, ізгілікке шақырудан туған. Оған, әсіресе, жастар мен балалар белсенді ат салыса жүріп, өздері де үлгі-өнеге алған. Кеңестік дәуірдегі шектеулердің салдарынан ұмытыла бастаған Жарамазан ислам дінінің жандануына байланысты қайтадан салтқа еніп келеді. Жарамазан айтуға балалар да араласқан, олар, әрине, үлкендер шығарған өлеңдi жаттап айтатын болған.
  • Hudba

Komentáře •