«Өмір жолы». Мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 18. 09. 2018
  • Тұрар Рысқұлов - мемлекет қайраткері. Ол 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында дүниеге келген. Тұрардың өміржолына қатысты басқа дерек те бар. Қызы Сәуле Тұрарқызының айтуынша, жетімдік пен кедейлік қамытын ерте киіп, әділетсіздік көрген әкесі әдейі жасын 2 жылға үлкейтіп алғанын айтады. Яғни Тұрар 1896 жылы туған. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80 жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай, Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеге қамалған әкесі жалғыз ұлы Тұрарға өш алушылардың зияны тиер деп өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп, орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып, Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов - «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. Түрмеде әкесі баласына өткен өмірін айтады. Араға жылдар сала Тұрар әке әңгімесін досы Мұхтар Әуезовке айтады. Ұлы жазушы сол әңгімеден «Қараш-қараш оқиғасы» деген атақты туындысын жазып шығады. Осылай Тұрар әкесіне әңгімеден ескерткіш қояды.
    1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай, босатып жіберуге мәжбүр болады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды.
    1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады.
    1920 жылы 21 қаңтарда Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1924 жылы 4 ақпанда РКП(б) ОК шешіміне орай Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің құрамына қызметке жіберілді. Коминтерн атқару комитетінің Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғол Халық Республикасының аяғынан нық тұрған мемлекеттік ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ол Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызылбатыр) деп қоюды ұсынған Рысқұлов болатын.
    1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді.
    1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғарғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды.

Komentáře • 68

  • @user-mt8br9mh8g
    @user-mt8br9mh8g Před 4 lety +33

    Шерхан Муртазаның "Қызыл жебе" романы Тұрар Рысқұлов жайында. Керемет жазылған дүние

  • @user-ps6yg4kj5z
    @user-ps6yg4kj5z Před 3 lety +12

    Жайы жанәтта болсын! Бір адам бір адамға жақсылық жасауға жарамайды кейде, ал бұл тұлғаларымыз ұлты үшін бүкіл ел адамдарына талай жақсылығы тиген. Иманды болсын!🤲🏻

  • @user-fw6xo7ej2p
    @user-fw6xo7ej2p Před 3 lety +13

    Тұрар Рысқұлұлы жәні жәнәта БОЛСЫН Осындай қазақтар көп болсын халық үшін өмірін берген ҰЛЫ ТҰЛҒА басымды иеміз

  • @user-jn5qe7kh6y
    @user-jn5qe7kh6y Před 8 měsíci +2

    Шерхан Муртаза атамыздың Қызыл жебе романын. ""5"" томын оқып жатырмын өте керемет жазылған. дүние Тұрар Рысқұлов атамыздың өмір баяны өте аянышты сіздерге оқуға кеңес берем

  • @user-qc5te5sg4j
    @user-qc5te5sg4j Před 7 měsíci +1

    Әрбір қазақ Тұрар Рұсқұлов сияқты болса, қазақ әлемдегі ең мықты халық болар еді Алла қаласа. Елім жұртым деп қанша қазақты аман алып қалды. Бір туар азамат. Қазағымда осындай тұлғалар көп болсын. Әмин

  • @user-ce8iz5om4r
    @user-ce8iz5om4r Před 3 lety +6

    Керемет ұлы тұлға қазақ үшін өмірін сарп еткен азамат .

  • @user-wd5ss8lu3g
    @user-wd5ss8lu3g Před rokem +1

    Я, Турар атамызға рахмет, кедей шаруаларды коргап, байлардың быт шытын шығарып, феодалдык заманнан социализмге өтті. Алматы курлыс техникумы 1930 жылы ашылды. А. С. Т. Казирде Абай 10 тур. Көшпелі қазакты , отыркшылыкка, сауаттылықа үйретті.

  • @erdosturansak8133
    @erdosturansak8133 Před 4 lety +9

    Турар Рыскулов атамыз енбеги ушан тениз осындай адамдар ел баскарса екен

  • @user-kc1hh9sv1d
    @user-kc1hh9sv1d Před 8 měsíci +1

    Қызыл жебе-Тамұқ эпопеясында өте күшті суреттелген өмір жолы. Алашты сатпаған, бала кезінен түрмеде буыны қатып сол революция туралы естіп өскесін байларды жек көрген болу керек.

  • @user-rw3pb2dv9d
    @user-rw3pb2dv9d Před 3 lety +8

    Осыдан кейин калай ызаланбайсын мына аккулактарга

  • @danaonalbek4154
    @danaonalbek4154 Před 4 lety +6

    Жаны жәннәтта болсын

  • @user-dw2xu5vc4u
    @user-dw2xu5vc4u Před 3 lety +8

    Қазір Шерхан Мұртазаның жұлдыз көпір кітабын Тұрар Рысқұлов туралы 3 кітабын оқып жатырмын.Бәріне кеңес беремін.

    • @user-wj7ng7kt6x
      @user-wj7ng7kt6x Před 2 lety

      Кітаптың Ссылкасын жибересізбе өтінем

    • @user-ho7sc2ug5j
      @user-ho7sc2ug5j Před 2 lety +1

      Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе ,Жұлдыз көпір -қыл көпір ,жəне Тамұқ деген үш кітапбын оқып шықтым осы үшеуі де осы кісіге байланысты ,соңғы кітабы сол Тамұқ деген өте аянышты .

  • @user-hs7jx6hj8w
    @user-hs7jx6hj8w Před 2 lety +2

    Какая же несправедливая жизнь сколько он пережил и серовно выстойл и не сломался сильный води человек☹️

  • @user-qc5te5sg4j
    @user-qc5te5sg4j Před 7 měsíci +1

    Жүректері әрқашан қазақ деп соққан тұлғаларғой😢😢😢😢😢😢😢

  • @Armich91
    @Armich91 Před 2 lety +3

    Қандай мықты тұлғаларымыз болған😓😭

  • @OmkaNika
    @OmkaNika Před 2 lety +3

    Міне осылай ханмен термен қазақ жерін қорғап қалдырып кеткен. Ал,біздің жүрісіміз......

  • @user-hj2st7vm3o
    @user-hj2st7vm3o Před 3 měsíci

    Шерхан Муртаза атамыздың Қызыл жебе кітабын оқып бітірейін деп жатырмын. Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны өте керемет суреттелген. Қазақ зиялыларын репрессияға ұшыратпағанда біз қазыр Жапония, Корея мемлекеттеріндей дамыған елдер болар едік. 25 000 дай қазақ зиялыларын атқызып жіберген дейді ғой сол замандарда

  • @user-pp8gb6wi3y
    @user-pp8gb6wi3y Před 2 lety +2

    М. Тынышпаев қандай жігерлі адам.

  • @Elmirajantayeva58
    @Elmirajantayeva58 Před 6 měsíci +1

    Керемет мағлумат, музыка қоймаңдаршы тыңдауға музыка көп кедергі жасайды, миды ашытып жіберді.

  • @aruzhanadilkhankyzy6755
    @aruzhanadilkhankyzy6755 Před 4 lety +4

    👍👍👍

  • @nurlanalimjanov4452
    @nurlanalimjanov4452 Před 3 lety +7

    Друг моего продеда

  • @user-xc6ok3dz6h
    @user-xc6ok3dz6h Před 5 měsíci +1

    Сіздерге көп рахмеееет! Мектепте шығармашылық жұмыс болып отыр еді. Соған, Тұрар Рысқұлов туралы ақпарат жазып, видео жасайын ба деген едім. Бір жөні түзу видео таппай отырған едім, алдымнан осы түсті

  • @user-hs7jx6hj8w
    @user-hs7jx6hj8w Před 2 lety +2

    Казактын улы адамы Батыр

  • @user-mh5ux6nm9z
    @user-mh5ux6nm9z Před 3 lety +4

    😭керемет дайындаған екенсіздер, рақмет!

  • @user-pg6kq5ix1r
    @user-pg6kq5ix1r Před 3 lety +3

    Қазақтың шекарасы туралы Ленинмен 1920ж Әлихан. Б, Ахмет. Б. бекіткен.

    • @user-ds1vt5vj9h
      @user-ds1vt5vj9h Před 7 měsíci

      "Біздің Әлекеңмен (Әлихан Бөкейханов) екі сағат айтысуға жараған Ленинің де осал болмай тұр ау" депті дегенді бір жерден оқып едім

  • @user-fd2qe6sl3e
    @user-fd2qe6sl3e Před 3 lety +2

    Молодец

  • @user-wj7ng7kt6x
    @user-wj7ng7kt6x Před 2 lety +2

    8:58

  • @user-bg7rx5rr7m
    @user-bg7rx5rr7m Před 9 měsíci +1

    Мұқтар Әуезовтың Қараш қараш оқиғасы Тұрар Рысқұлов өмір баяны

    • @user-ds1vt5vj9h
      @user-ds1vt5vj9h Před 7 měsíci

      Иә,сондағы Бақтығұл образы - Тұрардың әкесі Рысқұл бейнесі ғой.

  • @user-se4yc2oh8h
    @user-se4yc2oh8h Před 2 lety

    Балалык шағы да жигиттик шағы да кандай ауыр болған

  • @user-jx6zu5yz6j
    @user-jx6zu5yz6j Před 2 lety

    😭😓😭😭😭😭😭

  • @eleven1098
    @eleven1098 Před 4 lety +3

    Турар Рысқұловты сиздпр түлкібас ауданында дуниеге келді дедіңңздер ал баска дереетерде ол талгар ауданында дуниеге крлди делинген. Кайсысы дұрыс??

    • @muslimkakz9569
      @muslimkakz9569 Před 4 lety +1

      Негізі Талғарда туған бірақ Түлкібаста өскен кішкентайынан солай дейд

    • @user-vk1ku3cg1d
      @user-vk1ku3cg1d Před 4 lety +2

      Талғарда туылған. Сол жақта өскен.

    • @user-du7kp1vt5v
      @user-du7kp1vt5v Před 4 lety +1

      Акеси тулкисттан болган болыспен келиспеи олар талгарга кошып кеттеди содан талгарга туылган

    • @user-wt1yk7mw9p
      @user-wt1yk7mw9p Před 2 lety +1

      Әкесі түлкібастікі өзі талғаида дүниеге кеген. Талғардыкі. Елі Дулат Шымырдан.

    • @marklenski9394
      @marklenski9394 Před 2 lety +2

      Талғар да туған, түлкібаста әкесі, ата бабалары тұрған, мен ұрпағы болам. Нағашы атам Оразбай Москвада Темерязевкада сабақ берген, қызы Роза Москвада туған, менің анам.

  • @user-wj7ng7kt6x
    @user-wj7ng7kt6x Před 2 lety

    28:57

  • @user-ko3xc9wz1n
    @user-ko3xc9wz1n Před 4 lety +1

    😪😪😪😪😪😪

  • @user-gw1sw8do5l
    @user-gw1sw8do5l Před 3 lety +2

    Тұрар рысқұлов 1944 ж қайтыс болған оны сталин атқызбай өзінде құпия ұстаған екен себебі алтын басты адам болған саясатта сталин ақыл сұрап пікірін санасып отырған ақылын алғанан кейін абақтыға қайта апартырып тастайды екен сталин өзі санасқан❤❤❤❤💗💗💗🧡🧡💚💙💜

    • @toka8787
      @toka8787 Před 3 lety +1

      Өтірік

    • @user-so5lr9mc2p
      @user-so5lr9mc2p Před 3 lety +1

      38 жылы атып тастады ғо

    • @user-id1ol3jh8x
      @user-id1ol3jh8x Před 2 lety

      Ол Мағжан жұмабаев сталин ақылдасқан Адам түрмеде 1944 жылға деиін қамап ыстап отырған

    • @user-th3ku3kc1h
      @user-th3ku3kc1h Před 10 měsíci

      Т.Рысқұлов Алаш Орданың үстінен тоқтаусыз Сталинге донос жазып,солардың түбіне жеткен адам. Сталиннің назарын тоқтаусыз жазған доностары арқылы Алаш Ордаға назарын аудартқан. Әсіресе А.Бөкейхановтың үстінен көп жазған. Билік пен мансап үшін бәріне баратын адам деседі.

    • @user-mu7mr6fp2g
      @user-mu7mr6fp2g Před 4 měsíci

      ​@@user-th3ku3kc1hқателесесіз алаш ордаға сатқындық жасамаған Сталин екеуі бір бірімен келіспей жүрген Тұрарды сол Сталинин айтқанымен ату жазасына кеседі

  • @biqeshaudiokitap
    @biqeshaudiokitap Před 4 lety +2

    Біртуар азаматтар ғой...

  • @user-mn7wh4qr8f
    @user-mn7wh4qr8f Před 3 měsíci

    Турар Ал

  • @user-uq9dw8dn4l
    @user-uq9dw8dn4l Před rokem

    Қайран қайсар баба! Руһың шат болғай😥

  • @user-nt8if2rr4e
    @user-nt8if2rr4e Před 5 lety +2

    👍👎👎

  • @user-jn5qe7kh6y
    @user-jn5qe7kh6y Před 8 měsíci +1

    Шерхан Муртаза атамыздың Қызыл жебе романын. ""5"" томын оқып жатырмын өте керемет жазылған. дүние Тұрар Рысқұлов атамыздың өмір баяны өте аянышты сіздерге оқуға кеңес берем

  • @user-jn5qe7kh6y
    @user-jn5qe7kh6y Před 8 měsíci

    Шерхан Муртаза атамыздың Қызыл жебе романын. ""5"" томын оқып жатырмын өте керемет жазылған. дүние Тұрар Рысқұлов атамыздың өмір баяны өте аянышты сіздерге оқуға кеңес берем

  • @user-jn5qe7kh6y
    @user-jn5qe7kh6y Před 8 měsíci

    Шерхан Муртаза атамыздың Қызыл жебе романын. ""5"" томын оқып жатырмын өте керемет жазылған. дүние Тұрар Рысқұлов атамыздың өмір баяны өте аянышты сіздерге оқуға кеңес берем

  • @user-jn5qe7kh6y
    @user-jn5qe7kh6y Před 8 měsíci

    Шерхан Муртаза атамыздың Қызыл жебе романын. ""5"" томын оқып жатырмын өте керемет жазылған. дүние Тұрар Рысқұлов атамыздың өмір баяны өте аянышты сіздерге оқуға кеңес берем

  • @user-jn5qe7kh6y
    @user-jn5qe7kh6y Před 8 měsíci

    Шерхан Муртаза атамыздың Қызыл жебе романын. ""5"" томын оқып жатырмын өте керемет жазылған. дүние Тұрар Рысқұлов атамыздың өмір баяны өте аянышты сіздерге оқуға кеңес берем

  • @user-jn5qe7kh6y
    @user-jn5qe7kh6y Před 8 měsíci

    Шерхан Муртаза атамыздың Қызыл жебе романын. ""5"" томын оқып жатырмын өте керемет жазылған. дүние Тұрар Рысқұлов атамыздың өмір баяны өте аянышты сіздерге оқуға кеңес берем