Адай! Ер Шотанмен табысты ел!!!

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 22. 12. 2017
  • Халық батыры Шотан Назарұлы
    (1705-1786ж.ж.)
    Шотан 1705 жылы Әзіреттің Алатауының Қазығұртқа қараған беткейін жайлаған Адай ауылында дүниеге келген.
    Шотанның әкесі Назар - әрі би, әрі батыр ретінде халқының алдында үлкен беделге ие тұлға. Назар атақты Әйтеке бидің жиені және айрылмас досы болған Әбілқайыр ханның ақылдасар алқасына үнемі Назар басшылық жасап отырған кезінде жоңғарға қарсы қол бастап, талай жеңістерге жеткен.
    Шотан Назарұлы жоңғарға қарсы әуелі Адай жасағын басқарған, кейіннен он екі ата Байұлының бас сардары болған.
    Халық батыры Шотан Назарұлы есімі Әбілқайыр, Абылай заманының деректі құжаттарында, тарихи әңгімелерінде, жырлар мен әдебиетте бой көрсететін, халық жадында берік таңбаланған әруақты батырлардың ортасынан өшпестей орын алған.
    Оған Мәскеудегі Ресей сыртқы істер министрлігінің жанындағы дипломатиялық мұрағатта «Қазақ-жоңғар соғысы істері» деген бөліміндегі №11 папкадан көптеген мәліметтер табуға болады. Осы мұрағатта жоңғармен бастан аяқ соғысқа қатысқан қазақ батырларының мынадай тізімі бар: Әбілхайыр хан, Абылай хан, Нұралы хан, Ералы сұлтан, Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген, Шотан, Әбілпейіз, Әділ сұлтан, Жантай, Баян т.т
    Шотан Назарұлы алғашқы ерлігін 1723 жылғы Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қолының Қаратаудың Сығанақ асуында жоңғармен болған үлкен шайқасында көрсеткен. Қашаған ақын бұл жөнінде былай дейді:
    Әзіреттің Алатауындай,
    Қашпаған қара дауылдай,
    Шұбар да тұлпар астында,
    Өзі он сегіз жасында
    Топты жарып ер Шотан
    Кірді қырғын майданға.
    Міне осы кезден бастап Әбілхайырдың қолының ішіндегі жас бала жігіт Шотанның елге ерлігі белгілі бола бастады. 1728 жылы Ұлытау өңіріндегі Бұланты мен Білеуті өзендері арасындағы кең жазықта жоңғарлармен шешуші ұрыс болды. Осы шайқаста Шотан үлкен ерлік көрсетті, оның атағы Үш жүзге тарап кетті. 1730 жылдың Аңырақай шайқасындағы, 1739 жылғы, 1740 жылғы Сары-Арқадағы соғыстарда, 1747 жылғы Сыр бойындағы, 1752, 1753, 1754 жылдардағы жоңғарды жеңіліске ұшыратқан соғыстардың бәріне 1755 жылғы жоңғарлардан қазақ жерін түгелдей қайтарып алған соғыстарда асқан ерлік көрсеткен қазақ батырларының тізімінің ішінде Шотанның қатысқанын көреміз.
    1733 жылғы қытай деректерінде көрсетілген деп жазылған жоңғармен болған айтулы ұрыстарда Шотанның даңқы шықты.
    Әбілқайыр хан өлгеннен кейін Шотан жоңғармен болған ұрыстардың көбінде Кіші жүз қолын бастап келіп, өзінің асқан ерлігімен Абылай ханның да көңілінен шығып отырған.
    Шотанның өз тұсындағы саяси, халықтық қозғалыстың ең басты, ең ірі тұлғаларының бірі болғандығы анық.
    Кіші жүздің Адай тайпасы 1741-42 жылдардан бастап Мұғаджардан бері қарай Матай, Сам құмдарына қарай жылыстап қоныстарын кеңейте бастайды. Сөйтіп, батысқа қарайғы жерлерді Каспий жағасына дейін иеленуге бағыт ұстады.
    Ең бірінші жер қарағантопты бастап келген Шотан екендігін Мұрат Мөңкеұлының жыр шумақтарынан көруге болады.
    Жаңа қоныс - Маңғыстауға келгеннен кейін де Хиуа хандығымен талай рет соғыста жеңіске жеткен.
    1786 жылы орталық Үстіртте жасы үлкейіп, өз ажалынан өлген. Сисем-ата қауымында жерленген.
    Шотанның атағын Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет қайраткеері академик Әбіш Кекілбаевтың тарихи жазбаларынан да кездестіреміз: «Үркер», «Ұйқыдағы арудың оянуы», «Сыр десте», Бектұр Тілеуғалиевтің "Бас Сардар" тарихи-деректі повесінде, Сайын Назарбекұлының драмалық шығармашылығы мен үш томдық еңбектерінде, Светқали Нұржановтың "Хан кегі" поэмасында, Қаржаубай Рейімбайұлының "Ер Шотан" дастаны, Алшын Меңдалыұлының "Адай шежіресі", Сабит Әбішұлының "Өмір өрнектері", "Маңғыстау энциклопедиясы", Ысқақ Шәкіратұлының "Маңғыстау маңғаздары" кітабында, Бисембі Әріповтың "Ел тарихы және есімдегілер" атты кітаптарында, Дүйсенбі Әріповтың "Тұлғалар тағылымы" еңбегінде, Қажығали Мұхамбетқалиұлының "Тар кезең" романында, Анар Шамшадинованың "Ер Шотан" өлеңі, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналғал «Қазақ хандығы энциклопедиясында» халық батыры ретінде сипатталады.
    2005 жылы халық батыры Шотан Назарұлының 300 жылдық мерейтойы Қазақстан Республикасы көлемінде аталып өтті.
    Ақындар сайысында Шотан Назарұлы туралы жаңа өлеңдер шықты. «Ер Шотан» әні де осы кезде жарық көрді. Сөзін жазған жас ақын - Асылбек Жаңбырбай, мәтіні - Есенбай Құлиевтікі.

Komentáře • 28

  • @user-fq7ip6cz1w
    @user-fq7ip6cz1w Před rokem

    Арғарай өрісін таратаберіңдер
    Бәріміз
    Теңгри~
    Мұсұльман~
    Біз!

  • @nurlibekmahambetov6458
    @nurlibekmahambetov6458 Před rokem +1

    Аталарымыз мықты болғанғо.

  • @mukseit5411
    @mukseit5411 Před rokem

    Алланың нұры жаусын кәрі нағашыларыма

  • @user-fu4dk3ws5i
    @user-fu4dk3ws5i Před 3 lety +3

    Керемет бул кисилер казак ушин туылган батырлар.Казактар алга казакта батырлар коп болган

  • @user-rj7nm2gi8q
    @user-rj7nm2gi8q Před 5 lety +14

    Маңғыстауға бірінші болып бастап келген Шотан батырға бір ескерткіш салынбадау Ақтаудан

  • @bakitjankenjebekov2822
    @bakitjankenjebekov2822 Před 2 lety +2

    Жаныныз Жаннатта болгай,Аруакты Атам,"ЕрШотан"!.,"Асылда ердин баласы, Жауды корсе шыдамай,Козин салар кияга-ай,Аруакты ердин сойы един, Кешеги Орак пенен Мамайдай"!..,

  • @user-sl1qr4xv5t
    @user-sl1qr4xv5t Před 6 lety +8

    Сызге рахмет Ата коп жасаныз мен шотан жврымын

    • @jambulsh9719
      @jambulsh9719 Před 4 lety

      Мен Шегем Адаймын. Анам Жары адай

    • @adayff1257
      @adayff1257 Před 3 lety

      Мен інісі тастемір жарымын

  • @user-ik2dz3zg1n
    @user-ik2dz3zg1n Před 3 lety +2

    Рахмет агаларыма, урпак батырларын билу керек. Ендиги жумыс осы батырларды кино тисирип китапка енгизу керек. Орта жузбен улы жуздин батырлары айтыла береди ал киши дузди коп айтпайды

  • @user-tw3ze7du9l
    @user-tw3ze7du9l Před rokem

    Город Ақтау Маңғыстау 5живу 524кв Мыжыков Айтпай Бердігалиев Салам всех братан👏👏👍👍

    • @user-mq8wq8er5g
      @user-mq8wq8er5g Před 11 měsíci +1

      Қазақшаңшамалыекен?7 ұқазақшаларығңнашарлаужігіттербәріңорысмектебіндеоқығасыңдармақала й ?. . ц

  • @nurlibekmahambetov6458

    👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍

  • @user-mb6lh2zw8s
    @user-mb6lh2zw8s Před 6 lety +6

    автор узақ өмір кеш. көп рахмет сізге.

  • @kkfinancekek7319
    @kkfinancekek7319 Před 3 lety +2

    Паһ шіркін Иранда оқымысты Адай ағайындар көп екен

  • @user-ic7qn3xt4o
    @user-ic7qn3xt4o Před 3 lety +1

    Осы Нияз деген кісінің нөмірін беріңші шағатай әрпін түсінетін ӨТІНІШ.

  • @user-mb6lh2zw8s
    @user-mb6lh2zw8s Před 6 lety +7

    рахат косбармактын даусын сағынып калыппыз

    • @user-bc1hi5fe1c
      @user-bc1hi5fe1c Před 4 lety

      Біз наданбызҚай батырымыз қашан туды,қашан өлді білмейміз...ұят .намыстанам

  • @user-hb2yv9lx5f
    @user-hb2yv9lx5f Před 5 měsíci

    Шотан батырдың нағашысы Беріш Қаратоқай

  • @user-hu1oc8ev3f
    @user-hu1oc8ev3f Před 3 lety +1

    Alladan habar. ШОТАН БАТЫР jana jaye MONGOLIA. Akzer Alla Qajy Mekkeden Prezident OOH Akzer Bekzatova Nursultan Astana BATYR OOH БАТЫР

  • @user-hj3kj8nz8m
    @user-hj3kj8nz8m Před 4 lety +2

    Кино қашан шығады мен абайдың жар тастемірінен шыққанын құсары қаласы шоқпартоғай ауылынанмын киносын тездетіңдер

  • @user-fb8gu4pj6l
    @user-fb8gu4pj6l Před 4 lety +1

    Мынау нешінші жылы түсірілген

  • @user-zi3ul5rc8u
    @user-zi3ul5rc8u Před 3 lety +1

    Б

  • @Altynorda-fk4yw
    @Altynorda-fk4yw Před 3 lety +1

    Баска онирди билмеймин Батыс Казахстан онири баринде Арабша жазылган Кулпытас, Керегетам дегендей баринде 'Ж' деген арип колданылмайды. Озимде тан калам. Сибирь Кошим Хан баскада Казак Хандарынын жазган хаттарында, создер ешкандай "Ж" ариптерин кездестирмейсин. СОНЫ осы казирги жане бурынгы Казак создерин зерттеуге болмайма. Тарихшыларга жол ашыккой, олар политикамен айналыспайды.