Қаңтардан кейін халықта қорқыныш пайда болды - Бекжан Тұрыс

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 24. 07. 2024
  • Біздің бүгінгі кейіпкеріміз - актер Бекжан Тұрыс. Ұлттық тәрбиені өнер арқылы насихаттап жүрген, біреуге ұнайын деп өтіріу көлгірсімейтін азаматпен руханият жайлы сөйлескің келе береді.
    Сұхбатта актер қазақы тәлімге құрылған қойылымдарын мемлекеттік телеарналарын керек етпей лақтырып тастағанын, театрлар да қолдамағанын айтып ашынды.
    Діннің қаруға айналуы, адасқан жастар, қаңтар оқиғасынан кейінгі әділетсіздіктер, қара басының қамын күйттеген өнер өкілдері мен жазушылар, кино туралы сөйлестік. Мархабат!
    00:00 Анонс
    01:00 Сұхбатқа сирек шығу, көпсөзділік жайлы
    02:57 Жастар дін ұстаздарын фанатизм деңгейінде тыңдайды. Дұрысы қайсы?
    05:22 «Дінді қаруға айналдырып алдық»
    08:00 Қаңтар. «Әуежай ісімен сотталғандарға әділетсіздік жасалды»
    09:40 «Қаңтардан кейін халық қатты қорқып қалды»
    11:58 Бекжан Тұрысты билік неге естімейді?
    13:43 «Қаңтарда екі жазушының ғана үні шықты, зиялы солар»
    16:06 «Билік бізді сынай алады, біз неге оларды сынай алмаймыз?»
    17:07 Қай депутат жақсы жұмыс істеп жатыр?
    20:55 Бекжан Тұрыстың бенефисі. Неге ұлттық тәрбие туралы қойылымды телеарналар мен театрлар қабылдамады?
    26:01 «Жастар ойына келгенін істеп жатыр»
    27:42 «Ардан аттадық»- қазіргі қазақ кинолары туралы
    31:30 Біздің билікке ұлттық идеология керек пе?
    37:03 Жетімнен қыз алма. Неге олай ?
    39:45 Балалар үйі жайында
    41:17 «Үлкен қызметте істейтіндер әке-шешесін қарттар үйіне өткізді»
    42:57 Тоқаевқа кеңес
    #БекжанТұрыс #AbayLive

Komentáře • 200

  • @user-ej4rd2uf2m
    @user-ej4rd2uf2m Před 11 měsíci +69

    Қазақтың адал Ұлы.аман болыңыз

  • @user-je1kw9ll8i
    @user-je1kw9ll8i Před 11 měsíci +62

    Бекжан әр қазақ менің жалғызым деп жүрген азамат.Әттең тонның келтесе ай...

  • @zhunisbekakmoldayev4746
    @zhunisbekakmoldayev4746 Před 11 měsíci +25

    Бекжан шындықты бетке айтатын мінезің нағыз жігіт - азаматтық.
    Әттең қазақтың ұлдары алаш арыстарындай неге батыл емес, дүние қуған дүниеқоңыз, ұсақ болып кетті.
    Шындықты айтпасақ, өтірікпен болашақ жасай алмаймыз....көкірегі ашық ел деген азаматтар көбейіп, қазақ мемлекеті аяғынан тік тұрса деген арман.

  • @user-uw2vi1lg9h
    @user-uw2vi1lg9h Před 11 měsíci +31

    Қазақ өнеріндегі бетке ұстар өнер қайраткері жүз жасағын

  • @user-hu1vn1ye2q
    @user-hu1vn1ye2q Před 11 měsíci +28

    Бекжан өте тамаша сухбат бердің. Тыңдар қулақ болса , орынды айтылды. Мен Бекжанды сонау 90 жылдардан білемін. Сол кездерде өнерге , Дулыға , Асылбек , Жалғас , Бекжан секілді жастар жарқ етіп шықты. Міне солар әлі кунге дейін , өнердің таза жолында келе жатыр. Аман болыңдар!

  • @user-cx2wo5vd1h
    @user-cx2wo5vd1h Před 11 měsíci +44

    Құлағымның құрышын қандыратын әнгіме болды. Абайға рахмет.

  • @user-ru5ye5yq9b
    @user-ru5ye5yq9b Před 11 měsíci +31

    Бекжан, Айналайын, көп жаса! Айтарың көп Азаматсың, аман бол, сенен үлгі алатын қазағым да көп болсын.

  • @user-or8xj2fy8e
    @user-or8xj2fy8e Před 11 měsíci +26

    Тыңдап жұргізушіге де Бекжан ағаға да рақмет. Сөз əдебі, елге жанашарлық, бəрі үйлесім тауып тұр.

  • @user-hp4sw3bo6k
    @user-hp4sw3bo6k Před 11 měsíci +40

    Жақсы адамның сөзін тыңдай бергің келеді ❤

  • @gulmyraboranbaeva8046
    @gulmyraboranbaeva8046 Před 11 měsíci +17

    Бекжанды сыйламайтвн құрметтемейтін қазақ жоқ шығар дкп ойлаймын.

  • @user-be1mp6ge2t
    @user-be1mp6ge2t Před 11 měsíci +28

    Бекжан өзіңіздей санасы жоғары , көзі ашық ер азаматтар көбейсін

    • @tim1t112
      @tim1t112 Před 11 měsíci +2

      Өкінішті, осындай текті азаматты телеарналар бағаламайтыны, осындай адамға қазақ қазір зәру. Адам іздеп жүрмін... Бекжан сондай азамат, керемет бай тілі бар, терең ойы бар, айтары бар. Нұрлан имамды көрсете бергенше, Бекжан сияқты азаматты тыңдаған көп пайда әкелер еді. Қолда барда, алтынның қадірі жоқ, ертең өкініп қалмайық, кезінде Ақселеу Сейдімбек ағамызды бағалай алмадық, қандай терең қазыналы адам еді. Шоулардан қоғам шаршады, терең ойлы, тағлымы мол бағдарламалар керек.

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Před 11 měsíci +1

      ​Жәнібек(Кәрменов) ән салады,Ақселеу тамсанады,-деп рахаттанып тыңдаушы едік, қайталанбас қандай тұлғалар еді,Жәнібектің үні,ән салысы,домбыра шертісі қандай,ондай тума талант жоқ,ілуде бір туатын пенде, бәрі ерте кетіп қалды,адам іздейтін хәлге жеттік,өңкей адасқан тобыр,сауатсыз болып барады,отыз жыл жын-жыпыр 99-ағымды кіргізді келіп,нұршал көзі алақтап,толерантность деп,ал енді арылатын кез келді,бұлай кете берсе,ауған,сирия,пәкстан,ирак т.б.орта ғасырдың дүмшесіне айналады.

  • @user-re3py5hs9r
    @user-re3py5hs9r Před 11 měsíci +22

    Мықты сұқпат болды .✊✊✊ Жас өтер адамдарына ұстаз болуы керекқой

  • @user-dj9xr2ux7v
    @user-dj9xr2ux7v Před 11 měsíci +11

    Бекжан Тұрыс замандасымыз кешегі өткен қазыналы қарттарымыздың сарқыты , қазақтың қара сөзінің қаймағын шығара қазақылықтың қамы үшін ғибратты әңгіме - сұхбат жасады !!! Бекжан Тұрыстың айтары мол , әлі де көп сұхбат жасап қазақтың келешегіне керек көп дүниелерді алып қалу керек !!! Алла тіл - көзден сақтасын , отбасыңыз аман. болсын !!! Қазақ қоғамының көрнекті қайраткері болып , келер ұрпаққа айтар ойларыңызды , насихаты мол әңгімелеріңізді жазып қалдырсаңыз керемет құнды дүние болар еді !!!

  • @Adai_1987.
    @Adai_1987. Před 11 měsíci +16

    Дұрыс айтасыз әлі-ақ келеді жастар. Қазақтың қаны мықты ғой! Қазақ жеті атасыз, қыз алмайды, келеді ғой жаңа ұрпақ, өзгереді. Керемет сұхбат болды.

    • @user-ws9nk2np5f
      @user-ws9nk2np5f Před 11 měsíci +2

      КАЗАКТЫН УЛТТЫК КЙИМИНЕ ЖЕТЕР КЙИМ ЖОК,ОНЕРЛЕРИ,КАНДАЙЖАРАСЫДЫ,АР СЕЗОНГА БАЙЛАНЫСТЫ УЛГИЛЕРИ БАР!!! УЛДАРГАДА КЫЗДАРГАДА.

  • @user-to6eg3dd6q
    @user-to6eg3dd6q Před 11 měsíci +8

    Бекжан ағамызды үнсіз тыңдап,көп нәрсеге қорытынды шығарып алдым, рахмет!

  • @user-qo6bu9fq6q
    @user-qo6bu9fq6q Před 11 měsíci +14

    Батыр аға рақмет сізге

  • @user-ut6ws6wv4b
    @user-ut6ws6wv4b Před 11 měsíci +20

    Терең ойлы адамнан осылай терең сүбелі сөздер шығады. Бекжан ағамызды өз басым сол үшін жақсы көрем. Бірақ бір әттең айы біздің қоғамда осындай сөз ұстаған тұлғалар, көп жағдайда дін мәселесінде тілдерін тістеп қалады. Соның кесірінен қазір жастар көрінгенді ұстаз тұтып, көрінгеннің идеология илеуінде жүр. Қоғамды аврамдық діндердің дәуіріне қарай кері сүйремей, діндердің идеология екенін ашық айтатын уақыт болды. Түрлі діндер - түрлі дәуірде өз миссияларын атқарып болған идеология. Дінсіз де адам құдайсыз қалмайды. Дінсіз де адам ар-ұждансыз қалмайды. Ар-ұждан діннен ғана тумайды. Ар-ұждан, адамгершілік, жақсы тәрбие көрген саналы адамнан туады. Адамзат жүрегіндегі құдайларын құлшылық үйлеріне қуып шыққан сәттен бастап, адамзат түрлі идеологиялардың жетегінде кетті. Сол идеологиялар үшін тарихта сұмдық қырғындар қалдырды. Адам дінге емес, адам санаға мұқтаж екенін түсінетін уақыт болды. Дінде ұлт болмайды, дінде жамағат ғана болады. Діндердің түбі ұлтсыздандыруға апаратынын көз қарақты адамдар түсініп болды. Жаттың идеологиясымен ұлттық мемлекет құру мүмкін емес. Ұлттық дүние танымнан құралған идеологиямен ғана ұлттық мемлекет құруға болады. Орта ғасырлық аврамдық идеологияларды тіршілік дәптерінен сызып тастайтын уақыт болды. Біреулер айтуы мүмкін, сол идеология арқылы БАӘ, Катар, Кувейт, Сауд Арабия жақсы дамып жатыр деп. Иә, өйткені ол идеология олардың қанына сіңген ұлттық идеологиясы. Ол идеология олардың тарихи мұрасы. Ол идеология олардың мәдениеті, салт-дәстүрі, ұлттық дүние танымдары. Ал сол идеологияны өздеріне сіңірген Ауғанстан, Иран, Ирак, Сирия, Мысыр қазір не болды? Бұл елдер сол құмдағы арабтардан бұрын өркениет құрған халықтар болатын.

    • @dastan96777
      @dastan96777 Před 11 měsíci

      Өте жақсы сұхбат. Дінді тану туралы қазақтың нанымын жақсы түсіндірді. Білімді, зиялы азамат, қазаққа жаны ашитын азаматтың бірі.

  • @user-kv5kt8jh9q
    @user-kv5kt8jh9q Před 11 měsíci +6

    Бекжан мырза, өмірге өзіндік көзқарасы бар, ұстанымы , иманы мен жүрегінде жылуы мол азамат! Аллатағалам ғұмырын ұзақ қылып , халыққа берері мол болсын деп тілеймін!🙏🤲👍👆

  • @user-ot8ih6fz2y
    @user-ot8ih6fz2y Před 11 měsíci +5

    Тыңдай бергің келеді нағыз рухы мыкты ұлт жанды азамат

  • @user-gf1kn9ex7k
    @user-gf1kn9ex7k Před 11 měsíci +14

    Аман болыңыз Бекжан аға! Өте керемет сұхбат. Әр уақвтта үн қосып жүрсіз еститін құлақ болса. Шынымен де қазір идиологиялық,рухани тәрбиесі бар дүние мүлде көрсетілмейді осыны кейде әдейі істеп жатқан секелді.... Осы Тәуелзіздікке дейін рухани да ұлттық та идиологиялық та тәрбиеміз мықты болдыма деп те ойлайсың........

  • @user-nm9fg3ew2q
    @user-nm9fg3ew2q Před 11 měsíci +6

    Керемет кісі.

  • @user-jh9gu6he1t
    @user-jh9gu6he1t Před 11 měsíci +6

    Бекжан ағаның әр сөзінен рухани азық аласың! Аман болыңыз, аға!

  • @user-ns4ke5nb3y
    @user-ns4ke5nb3y Před 11 měsíci +5

    жасық болмадық қансырап қалдық өз қазағымыз өзімізді атқаны жанға батты

  • @user-jw2sf2yh5f
    @user-jw2sf2yh5f Před 11 měsíci +17

    Рахмет, дұрыс айтып отырсыз, Ата-баба алдында қарызымыз көп, қазақы салт, дәстүрге оралмай оңбаймыз, аруақтың қарғысына ұшыраған ұлтпыз, әрбір саналы алам түсінуі керек, енді біз Арапта, Орыста бола алмаймыз, әр халықтың салт-дәстүрі өзіне, ол оның ұлтық діні, дәстүрі біз әлі соны түсінбей жүрміз?.

    • @user-ws9nk2np5f
      @user-ws9nk2np5f Před 11 měsíci +2

      САНАЛЫ АДАМ ДЕГИСИ КЕЛГЕНАУ...

  • @user-dy2tu4du4j
    @user-dy2tu4du4j Před 11 měsíci +18

    Өте тамаша сұхбат болды! Бекжан аман жүр, өте дұрыс жауап бердің!

    • @user-xg2bw7dz3h
      @user-xg2bw7dz3h Před 11 měsíci +2

      Оте дурыс аитасыз ултка кызмет етпеймыз жастар дынге бой бурып барады сакал койып шолак шалбар киып

    • @Ddaravatarra
      @Ddaravatarra Před 10 měsíci

      ​@@user-xg2bw7dz3h бул клоун д¡нш¡л меш¡т согып журген , не боларын б¡лмей журген .

    • @agtfmh5v2qp
      @agtfmh5v2qp Před 4 měsíci

      Дінмен жүргендер адал қызмет етіп жатыр.Адал асты тек дінмен жүргендер шығарады.Қазақ құриды егерде Ислам дінімен жүрмесе.Қаншама қырғын сол дінсіздіктен.Сақал деп қорқатындар,Абайда т.б сақал болды.Көселер болмаған ата-бабамызда.

  • @user-yi7zt7oh1m
    @user-yi7zt7oh1m Před 11 měsíci +8

    Кандай керемет сұқбат болды. Бекжан Тұрыс қазіргі қоғамда ьолып жатқан келеңсіздік туралы айтып отыр.

  • @user-jj6mj7tm6x
    @user-jj6mj7tm6x Před 11 měsíci +7

    Аман жүр Аға ✊🔥🔥🔥🔥

  • @user-dv6oh4qf4y
    @user-dv6oh4qf4y Před 11 měsíci +12

    Дұрыс айтады дінді фанатизм ететіндер көбейді қазақ екенімізді ұмытпау керек араб болудың қажеті жоқ қазақша айта бер дұға тілектеріңді

  • @user-bf9kr3vb8e
    @user-bf9kr3vb8e Před 11 měsíci +11

    Өте керемет.мың жаса. Бекжан.күніге бір рет шығып тұрсаишы

  • @ivaniva4006
    @ivaniva4006 Před 11 měsíci +17

    Оксфорд университетінің түлегі, Ұлыбритания премьер-министрі лауазымында қызмет атқарған Маргарет Тетчер.
    Мемлекеттің басты құндылығы қазба байлықтары емес, мемлекеттің басты құндылығы оның азаматтары, ал мемлекеттің басты міндеті өз азаматтарының құлпырып өркендеуіне жағдай жасауы ғана.

  • @user-iy2gm5ge3c
    @user-iy2gm5ge3c Před 11 měsíci +4

    Керемет..

  • @user-eg3qd6vx9p
    @user-eg3qd6vx9p Před 11 měsíci +6

    Аман болыңыз Аға.

  • @amank1975
    @amank1975 Před 11 měsíci +25

    Осындай ағалармен замандас болғанның өзі бір ғанибет.

    • @talshynabdesheva4731
      @talshynabdesheva4731 Před 10 měsíci +1

      Жақсыменен сөйлессең көңілің өседі-дегендей жақсы әңгіме болды.Рақмет!!!
      Ы.Алтынсарин "Біз надан боп қойғанбыз иектегі сақалды"-деп дұрыс айтқан.Жан-жақтан қазақ еліне тор құрылып, оның болашағын құртуға жұмыс жүруде.Соған біздің аңқау жастарымыз еріп бара жатқаны өте өкінішті. Түптің түбінде елдің жойылуына өздері үлес қосып жүргенін сезбейтін жастардың көздері қашан ашылады?
      Ел аман,.жұрт тынышта қыздар, әйелдер жүр қап- қара киім киім жамандық шақырып.
      Надан сорлылар.

  • @user-oz5up9ll4t
    @user-oz5up9ll4t Před 11 měsíci +4

    Ассаламу Алейкум Баке аман есен сау саламатты болыңіз

  • @Asyl_alshyn
    @Asyl_alshyn Před 11 měsíci +8

    Аға керемет айттыңыз👍👏🤝

  • @user-me2show
    @user-me2show Před 11 měsíci +2

    Алга Қазақстан

  • @user-us3fr6nq6f
    @user-us3fr6nq6f Před 11 měsíci +4

    Арна құтты болсын
    Абай бауырым
    Биікте самғай бер 👍👍👍👍

  • @user-ex6id6rh3y
    @user-ex6id6rh3y Před 11 měsíci +3

    Аман жүріңіз,

  • @ulzhalgasmukanova2132
    @ulzhalgasmukanova2132 Před 11 měsíci +7

    Ақын жазушылар көп шығушы еді. Көрмей жүрміз. Рухани әңгімелерді сағындық.

  • @user-sw5df2pg2r
    @user-sw5df2pg2r Před 11 měsíci +2

    Бекжан Турыс сизге коп Рахмет Ия дурыс аитып отырсыз

  • @user-cn4ww2my3o
    @user-cn4ww2my3o Před 11 měsíci +2

    Керемет әсер алдым, рахмет Бекжан аға шынайы, тутымды әңгімеңізге, осындай білімді таза талантты кісілер ден көбірек сұхбат болса екен 👍👍

  • @user-di5nq4kr9u
    @user-di5nq4kr9u Před 11 měsíci +6

    бекжан ага оте керемет жан омири узак болсын тектитулга гои коргенкоз агамыз

  • @nazarserikbayev
    @nazarserikbayev Před 11 měsíci +13

    Алтын ағатайым , аман болыңыз !
    Жасай беріңіз , құрметіңіз халқыңыздың алдында арта берсін .
    Құрмет тұтамын , жақсылық тілеймін өзіңізге .

  • @user-hp3pk6cr9p
    @user-hp3pk6cr9p Před 11 měsíci +8

    ӘРИНЕ ДҰРЫС АЙТАСЫЗ !!!

  • @usenalimbek8056
    @usenalimbek8056 Před 11 měsíci +3

    халықтың үнін Айта беріңіз, Азаматтық пікір білдіріп, өз ойыңызды Ашық, Анық айтып, сын Айтсаңыз, халық сізбен бірге!

  • @ulzhalgasmukanova2132
    @ulzhalgasmukanova2132 Před 11 měsíci +6

    Аман болыңыз❤

    • @user-lc7jk1xk4y
      @user-lc7jk1xk4y Před 11 měsíci

      Бекжан балам,
      нағыз қазақтың азаматысың.
      Бежанның сұқбтынан ерекше әсер аласын.
      Аман жүр.

  • @muratakylbekov3083
    @muratakylbekov3083 Před 11 měsíci +5

    Бекжан құрдас жарайсың сенің айтканынды шірік билік естиді

    • @user-ws9nk2np5f
      @user-ws9nk2np5f Před 11 měsíci

      КАЗАК,КАЗАК БОЛЫП ТУЫЛДЫНБА,КАЗАК БОП КАЛЫУЫН КЕРЕК!

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Před 11 měsíci

      Шатадан не ойнастан туғандай,өз қазағынан жерініп,дөйдаладағы арабтың сандырағын жаттап,тыңдап,бас ұрып,басымен кететіндер бас еркі жоқ,ерік-жігерден жұрдай,айдағанға жүретін,алдағанға көнетін мал іспеттес,өз сана сезімі жоқ,түйсігі төмен,еліктегіш,ергіш адасқандар.

  • @user-ol3js2kg7s
    @user-ol3js2kg7s Před 11 měsíci +1

    Бекжан Тұрыс ағамыз арлы азамат қой.. Алла ұзақ ғұмыр берсін! Қазір шынымен де арлылар азайып тұрған заманда осындай кісілерге қазақ қоғамы өте зәру, дүниенің емес ар-ұяттың өлшемімен өмір сүру де үлкен ерлік деп санап едім.. Ия бізге дәл қазір қазақ ұлтын жарыққа жетелейтін рухани ұстаздар жетіспей жатқан сияқты.. Алла Өзі жар болсын қазаққа..

  • @user-pz1sj1dc5h
    @user-pz1sj1dc5h Před 6 měsíci

    АЛЛА Тағала жарылқасын баршамызды амандық берсін баршамызға

  • @user-dv6oh4qf4y
    @user-dv6oh4qf4y Před 11 měsíci +11

    Дін ұстаудың жолы осы деп адаспау керек оның қазір түр түрі көбейіп кетті

  • @user-cs4so7oz6y
    @user-cs4so7oz6y Před 11 měsíci +1

    Құрметті Абай мырза, бауырым! Салихалы сұхбат үшін көп рахмет, тұшымды тамаша әңгіме болды!
    Белгілі Алаштанушы Елдос Тоқтарбай бауырымызды интервьюге шақырыңызшы! 🙏😘

  • @user-ye4lo7ch4c
    @user-ye4lo7ch4c Před 11 měsíci +6

    Отан ел үшін шыққан халықты қорқақ деуге болмаид.Батыр деу керек халықты.

  • @user-kn3nl9ek9t
    @user-kn3nl9ek9t Před 6 měsíci

    Әдемі,керемет сұқбат болды.Алар іліміміз көбеймін!

  • @user-iq5sj6pz3j
    @user-iq5sj6pz3j Před 10 měsíci

    Тамаша Беке аман болыңыз .Алла қолдасын.

  • @user-gk3ir5yi2m
    @user-gk3ir5yi2m Před 10 měsíci

    Бекжан дұрыс айтасыз, көп сөзбен емес іспен көрсету керек. Керемет сұқбат болды

  • @mariaevanova923
    @mariaevanova923 Před 11 měsíci +1

    Бекжан ага 👏👍😍🌺

  • @NurzhanErmagambetov
    @NurzhanErmagambetov Před 11 měsíci +6

    😮Ой, Баке қанша уақыт керек, олар не спортсменба бабына келетін, осы сөздеріне келіспеймін !

  • @user-gw1zu2hs2k
    @user-gw1zu2hs2k Před 11 měsíci +1

    Нағыз талантты адам

  • @user-yz6iu4hi9c
    @user-yz6iu4hi9c Před 10 měsíci

    Рахмет аман болыңыз

  • @Mahambet2022
    @Mahambet2022 Před 11 měsíci +1

    мына кісі дұрыс айтады !азаматтық міндетті адамгершілікпен атқару керек!

  • @trs______k7
    @trs______k7 Před 11 měsíci +7

    бұндай қазақ, ер адам, атақты адам, қаңтар туралы ойы дұрыс, қаңтар туралы айтатын, қорықпайтын адам бар ма?

  • @zhanserik5974
    @zhanserik5974 Před 10 měsíci

    Өте керемет сұқбат

  • @serikkazy
    @serikkazy Před 11 měsíci +7

    Осып-осып айтты. Бірақ жоғары жақ естігісі келмейді (((

  • @user-yc7zp7qp8k
    @user-yc7zp7qp8k Před 11 měsíci +14

    Халықтың үндемегені жемқорларға жақсы қолайлы,оның ішінде сотта,прокурор да бар олардын бәрі бай қазір сыбайлас.

  • @user-dv6oh4qf4y
    @user-dv6oh4qf4y Před 11 měsíci +13

    Билік тыңдамайды айтқанмен зиялымыз деп жүргендер қорқады өз қамын ойлайды

  • @user-bi6ob8rq4c
    @user-bi6ob8rq4c Před 11 měsíci

    Айналайын.бекжан.еститин.кулак.болса.кандай.онегели.осиетти.маглуматтар.анин.айтсаншы ширкин.омир.жасын.узак.болсын.алланын.шапагатына болене.бер.

  • @janarbaisemisova4000
    @janarbaisemisova4000 Před 7 měsíci

    Керемет сұхбат😂

  • @ivaniva4006
    @ivaniva4006 Před 11 měsíci +7

    АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон:
    Сөз бостандығынсыз біз бәріміз үнсіз жігерсіз бауыздауға арналған қой секілдіміз.

  • @user-tf2lq6tw5u
    @user-tf2lq6tw5u Před 11 měsíci

    Өте жақсы сұқбат.рақмет.аман болыныздар.

  • @user-yv8se1vo6c
    @user-yv8se1vo6c Před 11 měsíci

    Қазіргі кезде Бегжан тәрізді мықты актерлар саусақпен санаулы өкінішке орай....

  • @user-ng9xm1pm9n
    @user-ng9xm1pm9n Před 11 měsíci

    Абыз ақсақал болатын албан бауырым аман жүрші.Бұрынғы қарияларды көргендей болам.Керемет.Дін уағызынан құлақ шаршады.Жақсы сұқпат рахмет.

  • @user-io4ik9pb5n
    @user-io4ik9pb5n Před 11 měsíci

    Бекжан ағамыз өте саналы адам.

  • @user-cx7dd9ob5s
    @user-cx7dd9ob5s Před 11 měsíci +1

    Өте дұрыс айтасыз.

  • @user-zx4nb6gb9g
    @user-zx4nb6gb9g Před 2 měsíci

    Бір туар Бекжанымыз ғой

  • @baiboranbel1968
    @baiboranbel1968 Před 11 měsíci +3

    Ендігі Халыққа Ақылын Айтып Жөн сілтер Азаматтар Өздерің Боларсыздар Бекжан мырза Совет Сасыған Кәрі Қақпастардан Жөн білер Пенде Қалған жоқ сяқты Халық сеніп Төбесін көріп жүрген Анау Тоқтар Әубәкіров Талғат Мұсабаев тар ма Қазақ халқының Қыруға Ресейден Әскери шақыртып жүрген Немесе Алжас Амарович Соломоновтар ма Бекболат тар мен Асқарлар ма Бір Шал кетсе Екіншісі Шалдың Туфлин жалға Даяр тұрған Анау Мырзатай Қуаныштар туралы Айтудың өзі Ұят Ақсақал деп

  • @user-fz5um5ih1o
    @user-fz5um5ih1o Před 11 měsíci

    Керемет

  • @user-ik4wx6vd3g
    @user-ik4wx6vd3g Před 11 měsíci

    Өте жақсы кiсi

  • @user-iz1mf5sn6i
    @user-iz1mf5sn6i Před 11 měsíci

    Азаматтық ұстанымы мықты екен.

  • @user-sp5xm2fz7i
    @user-sp5xm2fz7i Před 11 měsíci +2

    Бекжан Тұрыс халық ешкімнен қорықпайды. Қателеспе.

  • @user-kt2kp8dn3e
    @user-kt2kp8dn3e Před 11 měsíci +1

    Кантарда жазыксыз адамдарды урып, согып ойларына келгенін жасап,олтирип, зорлық зомбылық жасап кинасиз жок каншама жазыксыз адамдарды сотталды Али сотталып жатыр ,каншама отбасылар балаларынан,акелеринен,кыздарынан айрылып калды,сол олип,сотталып жаткандарга карапайым халык ешкандай көмек көрсете алмай отырмыз,

  • @azizberden1187
    @azizberden1187 Před 4 měsíci

    Бекжан ағаның инста парақшасын арагідік оқып тұрамын,өте керемет жазады, көп оқитындығы, өз-өзімен көп сөйлесетіндігі көрінеді. Бірнеше мәрте көріп те қалғанмын, қарапайым кісі, көзі төмен салып жүреді. Бауырмал, құшақтап алады...
    Әкемтеатрдағы "Қара" қойылымындағы рөлін Бекжан аға ойнамайды, өзі қалай бар, солай шыға салатындай әсер береді...

  • @user-wq8yr3is5g
    @user-wq8yr3is5g Před 11 měsíci

    Ой бір дұрыс адам ау,Бекжан Тұрыс аға,тек тыңдайтын құлақ жоқ қой жоғары жақта.

  • @user-et4ky3im2e
    @user-et4ky3im2e Před 11 měsíci +1

    Ассалаума олеикум қазақ елі бар болыңдар өсіп көбеиіңдер Бекжан құрдасым қазақтын азаматы Ұлылардың артынан ерген қазақ ұлты үшін жүрегін жүлып беретін азамат Осы Бекжанын құрдасымның телф кім біледі білсе жазып жіберсе екен өтініш Тілші бала

  • @Bibizar67
    @Bibizar67 Před 11 měsíci +2

    Жүректе болу керек иман,намаздамын деп мақтанадығой фанатиктер,үкімет тарапынан тексеру керек осы жұма намазға жиналатын дарды ,балашағаға шейін мешітке жиналады ,одан да білым, ғылым оқу керек ,,,,,,,,

    • @Ddaravatarra
      @Ddaravatarra Před 10 měsíci

      Бул актёр-чик меш¡т согып жатыр сендерге , - енектер¡нд¡ укалап отырындар - деп .

    • @Kazakstan217
      @Kazakstan217 Před 10 měsíci

      👍

  • @Play-gz7er
    @Play-gz7er Před 9 měsíci +1

    Онер адамдарын Мемлекет Алаканына салып курмет корсету керек!?Мерейтойын жаса,китабын шыгар,орден,медальинди Бер,Уйсиз,куйсиз 100 деген китап шыгарган азаматын кайыршы болып кангырып жур!? Ол не ушин Желтоксанды баскарады,Жана Озенде куйди,Кантарда ортенип Жанды Ким ушин не ушин Ол Омир суреди!? Патриот па,Улишыл ма,.!? Не ушин оларды багалай алмаса Укимет жумысын аткара алмай отыр!? Онда Онын кереги не!? Жауып тастау керек!?

  • @user-fj1bg6bq8z
    @user-fj1bg6bq8z Před 11 měsíci +8

    Дұрыс адам

  • @user-jx2pc9xf5k
    @user-jx2pc9xf5k Před 11 měsíci

    👏🏻👏🏻👏🏻🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-rf8mh7wx7c
    @user-rf8mh7wx7c Před 11 měsíci +2

    Қазаның жолы жіңішке, әруақтың орны биікте...

  • @nureke6931
    @nureke6931 Před 11 měsíci

    Әттеген-ай! Ағамызды қолдамаған басты арнамыз "QAZAQSTAN" ұлттық арнасы үшін өте ұят. Кешке екі сағат Түрік сериялын бергенше мүмкіндік берсе болмас па?!🤔

  • @user-qh8vc5ui4i
    @user-qh8vc5ui4i Před 11 měsíci +1

    шынында да қаңтарда жүрегінде түгі бар нағыз батыр жігіттер шығып наразылықтарын білдірді бірақ та қолында билігі бар басшылар басында миы жоқ жүрегінде қазақи мейрімі рухы жоқ менттер немесе күшіктер или шакалдар қазақтың мен деген жігіттерін ұрып соғып қамап қинап әуселесін басып қойды ,былайша айтқанда сындырып тастады жасық қылып тастады

  • @dosantegieldos9799
    @dosantegieldos9799 Před 11 měsíci

    Жарайсың аға жазықсызды жазалауда тоқай мен назарбай

  • @user-ej6dw7wp5r
    @user-ej6dw7wp5r Před 11 měsíci

    Сұхбаттасудан ұққаным-қазақ халқы, елі неге көсегесі көгеріп, әділетті мемлекет бола алмай жүргеніміэдің себебі- біздің жалпы қазақ ұлты жетім қалған ұлт екенбіз.Көрінгені бізді басады, таптайды, қолжаулық қылады, олай емес, осылай деп үйреткісі келеді....

  • @user-kv9fd6xm5r
    @user-kv9fd6xm5r Před 11 měsíci +1

    Казак тамакты тойып iшпей уйсiз куйсiз жургенде одан артык не коркыныш . Ашуга булыгып журген адам ешкашан корыкпайды . Бiрлiк жок .Коп тукрсе кол болады .

  • @abayarepov4475
    @abayarepov4475 Před 11 měsíci +3

    БiЛІКТЕГІЛЕР ЭiГІЛЕМБЕК СҰМДЫҒЫН ЖАНҒА, АЛДЫРМiТЫН ЭДЕМi ТҮЛКІЛЕРҒОЙ, ІСТЕГЕН ІСТЕРІ КҮЛКІЛІҒОЙ

  • @user-kd3qm5we3s
    @user-kd3qm5we3s Před 11 měsíci +11

    Кеше көшеде өтіп бара жатсам екі жас келіншек балаларымен кетіп бара жатыр.Өздері басынан аяғына дейін оранып алған.Тіпті қала берді балаларын да солай оранып қойған.Ал осы дұрыс па?Көшеде осылай жүр.Жастар осыған електейді бұзылады.Бұл қайда апарып соғады?Адам баласы жасыңда ойнап күлген дұрыс қой.

    • @Ddaravatarra
      @Ddaravatarra Před 10 měsíci

      Шоу-бизнест¡ исламистер контролирует , пипецслужбамен б¡рге . Бул шоу-бизнестег¡ бездардын бар¡ ислам рекламщиктер¡ , а так их не крутят , не пропагандирует по телику . Осылардын громко пафосына - ооо алах-блях-хуйлях- деген халык сен¡п жур . Ислам сплошной сикыр , мен оны 100 % далелдеп бере алам , ойткен¡ сол сикыршылардан азап шег¡п келе жатырмын . Олар оздер¡н¡н сикыр-микырларын б¡ресе аллахтын асер¡не , б¡ресе жын-шайтаннын напдениес¡ тел¡п халыкты алдайды . Анау бала-шагасымен капка оранып сомпендеп журген¡н бар¡ зомбилар , под энергетически воздействием , за это в мечет-медресе сидит колдунов боготворят эти все зомбии .

  • @user-fj1bg6bq8z
    @user-fj1bg6bq8z Před 11 měsíci +1

    Ассалаумағалайкум

  • @Mahambet2022
    @Mahambet2022 Před 11 měsíci

    Бізге ұлыт азаттығы керек!себебі бізді билеп отырғандар орыс әлемінің өкілі, қазақтың қамын жемейды, олар бұйрық орындаушылар!

  • @user-um6dw9tr2q
    @user-um6dw9tr2q Před 11 měsíci

    Дін жайында діни білімі бар адамға сұрақ қою керек қой..

  • @a-New_films2023
    @a-New_films2023 Před 11 měsíci

    біз дінді ұстаймызба ұстамаймызба деген шеңбер сзып оны ми ауруына шалдыққан қой құсап айланып жүргенде еліңе кімдер кіріп құндылығыңды топырағыңды меншіктеніп жатқанын шын білмейсіңдерме алде шынымен түс әлемінде тербеліп жүрсіңдерме айналайындар, офистен қаладан шығыңқырап завод құрлыс мұнай бар жерге берып бір күн көріңдерейші онда кімдер жұр не степ жұр кім бишік ұстап жүр кім құл болып жүр неге сыртқа шықпай әдемі безендірген бөлмеде ғана өмір сүресіңдер

  • @qwertyuasdfgh7729
    @qwertyuasdfgh7729 Před 11 měsíci

    "Үн қатып жүр" дейді. Бұған дейін де үн қатып жүргендер көп болды, олардың көбінің сөздері дұрыс сөздер! Ал, не болды, айтылды, қалды. Бұлардікі де сол.