КІМГЕ ОРАЗА ҰСТАМАУҒА БОЛАДЫ

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 7. 04. 2021
  • Науқас адам оразада не істейді?
    Алла Тағала құлына тек күші жететін нәрсесін ғана міндеттейді. Өйткені Ұлы Жаратушы иеміз бізге ауырлық емес, жеңілдік қалайды. Сондықтан Алла ауырған адамға ораза тұтпауына рұқсат берген.
    Бұл жайында Құранда былай делінген: «Рамазан айы туғанын көрсеңдер ауыздарыңды бекітіңдер. Ал кім де кім, сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуына рұқсат) басқа күндері қаза етсін. Алла сендерге ауырлық емес, жеңілдіктілейді..!» Тағы бір аятта: «Өз-өздеріңді қауіп-қатерге итермелемеңдер», - дейді.
    Осы және басқа аяттарды негізге ала отырып ғалымдар: «науқас кісінің ораза тұтпауы кейде уәжіп, кейде мубах/рұқсат болады. Егер науқас кісінің ораза ұстауы өлімге алып келер болса, бұл адамның оразаұстамауы уәжіп (міндет). Ал егер ауыз бекітуі сырқатын арттырар болса немесе жазылуын баяулатар болса бұл жағдайда ораза ұстамауына рұқсат», - деп үкім шығарған. Ендеше, ораза ұстай алмайтындай сырқат болсаңыз сізге ораза ұстау парыз емес. Бірақ науқасыңыздан айығып, ауыз бекітуге шамаңыз келген кезде тұтпаған күндеріңізді қаза етіп өтейсіз. Бұл кәффарат (арасы үзілмей ұсталатын) өтеміне жатпайтындықтан, бөліп-бөліп тұтсаңыз болады. Ал, бұған да денсаулығыңыз жарамаса, онда оразаның әр күніне пидия төлейсіз. Пидия төлеуге де шамаңыз жетпесе, Алла мейрімді, кешірімді. Пендеге күші жетпейтін нәрсені міндеттемейді.

Komentáře • 32

  • @Chezee07
    @Chezee07 Před 3 lety +1

    Ассалаумағалайкум аққи

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Před 3 lety

      Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ

  • @user-ju3wg3qx7n
    @user-ju3wg3qx7n Před 3 lety +2

    Мен оразадамын.Бирак ыстыгым шыгып жатыр Не истесем болады

  • @user-kl6co4kf3k
    @user-kl6co4kf3k Před rokem +2

    Эпилепсия ауыргандарга ораза ұстауға болама

  • @user-no5zj5jz9f
    @user-no5zj5jz9f Před 2 měsíci

    Алло саламатсызба? Образа ,намазды туту керек,мен мектеп кабыргада,15 жасымдаораза устадым,сылтау айтпай ар кем оразамын тутканын намазын,жасырып журу керек.алла парыз екен.соны барлыгымыз.оку керек.тек наукам адамдар,округа,образа устауга,тиым салган.калган дене САУ адамдарга парыз.

  • @ruslanrus2957
    @ruslanrus2957 Před 3 lety +4

    Жумысым ауыр болса ораза устамаса болама??? Куныге жумыс

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Před 3 lety

      Діни сұрақтарды Fatua.kz
      Islam.kz сияқты сайттардан және инстаграмдағы instagram.com/almaty_fatua?igshid=1ioxkrd5ze5bh парақшасына қоя аласыз.
      Және android-қа осы программаны жазып сұрақ қойсаңыз болады: play.google.com/store/apps/details?id=kz.azan.askimam

  • @user-qm4oz2mh4k
    @user-qm4oz2mh4k Před 3 lety +2

    Менде Понкратит ораза устауга болама

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Před 3 lety +1

      Діни сұрақтарды Fatua.kz
      Islam.kz сияқты сайттардан және инстаграмдағы instagram.com/almaty_fatua?igshid=1ioxkrd5ze5bh парақшасына қоя аласыз.
      Және android-қа осы программаны жазып сұрақ қойсаңыз болады: play.google.com/store/apps/details?id=kz.azan.askimam

  • @user-sc9jt8kc8x
    @user-sc9jt8kc8x Před rokem

    Ал егер улкен даретен Кан кетсе уструга болама ораза?

  • @user-ur3yi5gr7k
    @user-ur3yi5gr7k Před 2 měsíci

    Тұмау кезде ұстауға болады ма жөтелім қатты болып тұр ұстаса болама

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Před 2 měsíci

      Мерт болуы, белгілі бір ағзаның зақымдануы, жаңа аурудың пайда болуы және аурудың асқыну қауіпі күшейгенде, сондай-ақ білікті әрі әділетті мұсылман дәрігердің кеңесімен ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Дерт өз жанына немесе қайсыбір ағзасына зақым болуынан қорықса, оразасын ашады деп бірауыздан пәтуа берілген. (Фәтәуаи Һиндия).
      Алла Тағала Құранда: «Науқастанып қалғандар және сапарда жүргендер басқа күндері ораза ұстап орнын толтырсын», - деген («Бақара» сүресі, 185-аят)
      Бірақ шалдыққан дерт ешқандай оразаға ешбір кедергі болмаса, ораза ұстай бересіз. Ораза бұл жағдайда қабыл болады және сауаптан құр қалмайсыз.
      Жоғарыдағы қай жағдай келеді, соған байланысты амал жасаңыз. Егер ораза ұстаған ауруды асқындырар болса, ораза ұстауға шама келетін уақытқа дейін ораза ұстамайсыз. Кейін Рамазан айы және айт күні біткеннен кейін ұсталмаған ораза күндерінің қазасын отейсіз (қанша күн ораза ұсталмаса, сонша күн ораза ұстау яғни).
      Ал егер ораза ұстап, барлығы жақсы болса, ұстай беріңіз. Алла жеңілдігін берсін

  • @kazakhhhordaaa4352
    @kazakhhhordaaa4352 Před 2 lety

    Сапарга шыгатын куны ауызды ашуга боладыма?

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Před 2 lety

      Жолаушының жолы жеңіл әрі қиындықсыз болса да, оған ораза ұстамауға және намазын қысқартып оқуға рұқсат етіледі. Сапарға шыққан адам ораза ұстаса да, ұстамаса да болады. Мүмкіндік болса, ұстағаны жақсырақ.
      Әнас ибн Малик (оған Алла разы болсын): «Біз Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге жиі сапарда болатынбыз. Ораза ұстаған адам ораза ұстамаған адамды, ал ораза ұстамаған адам ораза ұстаған адамды сөкпейтін», - деген (Бұхари).
      Ораза ұстағаннан кейін жолға шықса, оразаны бұзуға рұқсат берілмейді. Жолда оразасын ашып жіберсе, оның қазасын өтейді, бірақ кәфарат төлемейді. Жолға шықпай бұрын ауызын ашса, кәфарат беру керек болады.

    • @kazakhhhordaaa4352
      @kazakhhhordaaa4352 Před 2 lety

      @@IslamUagyz ертен танга таман шыгатын едим аша берсем боладыгой я? автобуста 4 сагаттык жол шай ишпесем басым ауыратын сиякты,60 кун карыз болмаймыгшой я

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Před 2 lety

      @@kazakhhhordaaa4352 сол күні оразаға ниет етпейсіз, ауызды бекітпейсіз. Кәдімгі оразасыз күн болады. Сосын Рамазан біткеннен кейін, айт біткеннен кейін қазасын өтейсіз.

    • @kazakhhhordaaa4352
      @kazakhhhordaaa4352 Před 2 lety

      @@IslamUagyz ракмет

  • @aluaduisenova3757
    @aluaduisenova3757 Před 2 lety

    Асказанда жара болса устамауға болама

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Před 2 lety

      Мерт болуы, белгілі бір ағзаның зақымдануы, жаңа аурудың пайда болуы және аурудың асқыну қауіпі күшейгенде, сондай-ақ білікті әрі әділетті мұсылман дәрігердің кеңесімен ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Дерт өз жанына немесе қайсыбір ағзасына зақым болуынан қорықса, оразасын ашады деп бірауыздан пәтуа берілген. (Фәтәуаи Һиндия).
      Алла Тағала Құранда: «Науқастанып қалғандар және сапарда жүргендер басқа күндері ораза ұстап орнын толтырсын», - деген («Бақара» сүресі, 185-аят)
      Жоғарыда айтылғанда ораза ұстай алмасаңыз, Рамазан айы бітіп қаза болған болған күнді өтейсіз (яғни ұсталмаған күнді ұстайсыз).
      Бірақ айт күнінде ораза ұстауға болмайды.

    • @AidynYsibali-pl4um
      @AidynYsibali-pl4um Před 2 měsíci

      Болмайды асқазанда жара болса медицинада рұқсат жок

  • @user-gm6tu1jd3s
    @user-gm6tu1jd3s Před 2 lety

    Менде денсаулыгым жок ораза устауга болады тосеке сиип коятын адамга

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Před 2 lety +1

      Егер сізде зәр шығыру жүйесі бұзылып, еріксіз зәр шығып отырса, бұл оразаға кедергі емес. Ораза ұстай беріңіз.

    • @user-ko2me6pc2o
      @user-ko2me6pc2o Před rokem

      Әдейі зәр шығармайтын шығарсыз .устай бересіз әрине

  • @ing.wintyy1703
    @ing.wintyy1703 Před 3 lety

    Асалаумагалкум Мен бугн білп турп жедім онда не болады

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Před 3 lety

      Уағалейкум әссәләм
      m.czcams.com/video/BQJF6EQKqA4/video.html

    • @user-co8lo7ip9m
      @user-co8lo7ip9m Před 3 lety

      Билип турып тамак жесен 40кун устайсын

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Před 3 lety

      @@user-co8lo7ip9m 40 емес 60 күн. czcams.com/video/BQJF6EQKqA4/video.html

    • @user-co8lo7ip9m
      @user-co8lo7ip9m Před 3 lety +1

      @@IslamUagyz Кешириниз кателесып кетыппын

    • @user-ko2me6pc2o
      @user-ko2me6pc2o Před rokem

      60 кун бойы .каза . Яғни 60 кун бойы. Устайсыз .

  • @user-wu4fw8pi4o
    @user-wu4fw8pi4o Před 3 lety

    Анемия болсаше

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Před 3 lety

      Діни сұрақтарды Fatua.kz
      Islam.kz сияқты сайттардан және инстаграмдағы instagram.com/almaty_fatua?igshid=1ioxkrd5ze5bh парақшасына қоя аласыз.
      Және android-қа осы программаны жазып сұрақ қойсаңыз болады: play.google.com/store/apps/details?id=kz.azan.askimam