Өскеменде жекеменшік балабақшаның тәрбиешілері мен ата-аналар шу шығарды

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 8. 09. 2024
  • БІЗДІҢ CZcams АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Өскеменде жекеменшік балабақшаның тәрбиешілері мен ата-аналар шу шығарды. Олар бөбекжай басшысы жұмыс кестесін қысқартып тастапты. Оған қоса мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлері еңбек демалысына шыға алмай, тиісті төлемдерін әлі толық алмай отыр. Еңбек инспекциясына шағым түсірген наразы топқа әріптесім микрофон ұсынды.
    Жекеменшік балабақшаның тәрбиешілері еңбек демалысына шыға алмай жүргендерін айтады. Себебі, тиісті төлем кей қызметкерге әлі берілмепті. Директор кеткелі мазамыз қашты деген шағымданушылар ақшамызды күтуден шаршадық деп отыр.
    НАДЕЖДА ЧУНИХИНА, балабақша тәрбиешісі:
    - Біз екі ай бойы еңбек демалысы мен денсаулық жәрдемақысын ала алмай жүрміз. Көбісінің еңбек демалысы аяқталып, қайта жұмысқа шығып жатыр. Кей қызметкерге демалыс төлемінің бір бөлігі маусым айында төленді. Бірақ ол жалақыдан да аз.
    Яғни, бөбекжайдың иесі педагогтардың санаты мен еңбек өтіліне сай айлықты өз қалауынша төлейтін болды дейді наразы топ. Оған қоса, кәсіпкер балабақшаның жұмыс уақытын да қысқартуды көздеп отыр екен. Бұл шешімге ата-аналар қарсы.
    АНГЕЛА МАЛЬЦЕВА, Өскемен қаласының тұрғыны:
    - Ата-аналар балабақшаның жұмыс күнінің екі сағатқа қысқарғанына, балабақшаның 8-ден 6-ға дейін жұмыс істейтініне қарсы. Өйткені балаларды қалдыратын және кешке алып кететін ешкім жоқ. Әрине, тәрбиешілер қауымы еңбекақыларын қысқартқан соң, басқа жұмыс іздеуге мәжбүр.
    Мәселенің мән-жайын анықтау үшін балабақша иесі Ольга Видоваға хабарластық. Ол қызметкерлерге төлемақыларын уақытында берілгенін айтып, сұхбат беруден бас тартты. Айтуынша, балабақшада бала саны аз. Сондай-ақ, мемлекет оған 80 миллион теңгеге жуық қарыз көрінеді. Ал қалалық білім бөлімі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ал, тәрбиешілер еңбек инспекциясына шағым түсірді.
    МАЛИКА ҚУАНДЫҚОВА, еңбек инспекторы:
    - 24-25 шілде аралығында «Лада» балабақшасының 12 қызметкер көлемінде біздің басқармамызға шағымданды. Қазіргі уақытта еңбек инспекциясы басқармасы қайта құру рәсімінен өтіп жатқандықтан бұл балабақшаға тексеріс ашу мүмкін болмай тұр. Бірақ бұл арыз қараусыз қалдырылмайды. Қайта құру рәсімі біткен соң, жоспардан тыс тексеру міндетті түрде ашылады.
    Айта кетейік, биыл еңбек инспекциясына өңірдегі білім саласына қатысты 25 шағым түскен
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Komentáře • 3