Қазақ қаламгерлерінің балалары неге орыстілді?

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 3. 09. 2023
  • Ұлтымыздың ұлы тұлғалары, бар саналы өмірін қазаққа қалтқысыз қызмет етуге арнаған қабырғалы қаламгерлеріміздің ұрпақтары қазақша сөйлемейді. Қазақтың, қазақ тілінің трагедиясы осы. #otkir #қазақ #өткір #қазақтілі #ақын #жазушы #ұлт

Komentáře • 125

  • @user-we5gd5fv5z
    @user-we5gd5fv5z Před 10 měsíci +52

    Бізде орысша оқып, орыстармен бірге өстік, бір-ақ, Қазақ тілімді-Ана тілімді ешқашан ұмытқан жоқпын, сатқан жоқпын ! Әр нәрсені сылтаулатуға болады, қазақша сөйлейім десе, ешкім кедерге жасамас еді ! Тәрбие отбасынан басталады !

    • @otkir
      @otkir  Před 10 měsíci +6

      Дұрыс айтасыз!

  • @user-tw7bs3yc6w
    @user-tw7bs3yc6w Před 10 měsíci +41

    Сонда біз кімді үлгі тұтып жүрміз .бәрін орыстан көреміз басқаны кінәлаимыз бәріне өзіміз кінәліміз .қазақ.

  • @aidynoljaev1305
    @aidynoljaev1305 Před 10 měsíci +27

    Мұхтар аға Мағауин , Үмбетбай аға Уайдин , Кабдеш аға Жұмаділов , Төлен аға Әбдіков , Төлеген аға Айбергенов , Баққожа аға Мұқай ,
    Жақсылық аға Түменбай , Молдахмет аға Қаназ , Сағат аға Әшімбаев, Кәдірбек аға Сегізбаев , Болатбек аға Қыдырбеков , Серік аға Әбдірайымұлы , Жақау аға Дәуренбеков ,
    Дидахмет аға Әшімхан сіздер НАҒЫЗ ҚАЗАҚСЫЗДАР !!!.
    Советтік Империяның Заманына қарамастан , Алматыдағы бар жоғы екі ғана қазақ мектебіне балаларыңызды , қаланың бір шетінен , екінші шетіне тасысаңыз да , әйтеуір ҚАЗАҚ ТІЛІ мен ҚАЗАҚИ ТӘРБИЕ берген сіздерге ҮЛКЕН АЛҒЫС айтамыз , БАСЫМЫЗДЫ ИЕМІЗ !!! .
    Ал , Н.А.Ның тұсында да , қазіргі кезде де балаларын ҚАНАУШЫ , ОТАРЛАУШЫ РЕСЕЙДІҢ тілінде сөйлетіп , ӨЗ АНА ТІЛІН меңсіңбеген , қақпаған ұрпағын
    Орысқұл мәңгүрт десе реңжиді .
    Реңжісендер де , өкпелесендер де бұл ШЫНДЫҚ !!!
    Бұлай кете берсе , немере , шөберелерің де , ертең СІБІРдің ЧУКЧАСЫНА ұқсап ,
    Түрін азият , аты жөнің ОРУСи болып , орысқа МӘҢГІЛІККЕ ҚҰЛ боларсыңдар !!!.
    Бірақ , намысы бар Қазақ ондайға жол бермейді , қатесін түзелтеді , деп ойлаймын !.
    (Күллі -зейнет. Рақым қызы. Алматы).

  • @user-by9dg6ql6i
    @user-by9dg6ql6i Před 10 měsíci +17

    Әкелерінің жазғанын түсінбесе еңбектері зая кеткен екен. Аянышты.

  • @user-qf7hb4fp1l
    @user-qf7hb4fp1l Před 10 měsíci +26

    Сонда өздері жазған кітаптарын балалары оқымаған болды ғой. Патриоттық от басынан басталады, сөз жоқ.

  • @haetchrfr1364
    @haetchrfr1364 Před 10 měsíci +30

    Заманға жала жаппай тәрбиелесе, балалары қазаққа қызмет етер еді ғой. Бұл жазушылардың ортасындағы өз арам саясаттары.

  • @user-cf5oi7df2l
    @user-cf5oi7df2l Před 10 měsíci +8

    Өте өкінішті жағдай кәзір сол мәңгүрттер қазақ тіліне қарсы шығып жатыр

  • @bakytbekkalshabekov6711
    @bakytbekkalshabekov6711 Před 10 měsíci +11

    Ойландыратын жақсы әңгіме,қазақ деп соққан жүрегіңнен сол.

  • @user-uq6sy6ip9m
    @user-uq6sy6ip9m Před 10 měsíci +30

    Неше тіл білседе өз ұлтын, өз тілін сыйлаған қазақ ол нағыз қазақ, ал өз ана тілінде екі сөздің басын қоса алмаған ол жәй түсініксіз

  • @user-di8ye3pn6i
    @user-di8ye3pn6i Před 10 měsíci +27

    ӨЗДЕРІ ҚАЗАҚ БОЛА ТҰРА АНА ТІЛІН БІЛМЕЙ, ШЕТ ТІЛДЕРІН БІЛУЛЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕНСІНБЕУЛЕРІ. ОСЫ АЙТЫЛҒАН АДАМДАР СОНДАЙ АДАМДАР.

  • @redminote197
    @redminote197 Před 10 měsíci +12

    Дұрыс айтасыз.Өте жақсы өткір мәселе.

  • @user-ef1lv8ex8r
    @user-ef1lv8ex8r Před 10 měsíci +22

    Саясат дегені сылтау, кәзіргі кездеде егеменді алғаннан кейінде орысша ағылшынша оқытып Жатқандар жеткілікті, тіпті көбейіп кеткен.

  • @user-kw4oq6ff5i
    @user-kw4oq6ff5i Před 10 měsíci +8

    Мемлекеттің ,іс қағазы қазақтың жазуымен болса орыс түгілі орыстың мысығыда қазақ мәнерімен миаулайды

  • @ssts5982
    @ssts5982 Před 10 měsíci +26

    Көптеген жазушылар үшін Қазақ тілі - нан табу мен халық арасында беделді болудың жолы болған. Шын халықшыл болса, намыстары болса балаларын қазақша сөйлетер еді.
    Оларға орыс тілі мансап тілі болып табылған. Деректі фильмдерді көріп отырсан балалары орысша сайрап, қазақша ілеспе аудармашы қазақшалап отырады. Патша заманыңда орыстардың "игілері" орыс тілінен жерініп, өз ара французша сөйлескен. Біздің қазақ игілері мен атқамінерлері қазақшаны ауылдың тілі, колхозники, ауылбайские деп менсінбегендерін айқын көрсетіп тұр.
    Бізде қай атақты жазушының ұрпағы Қазақша біледі деген қиын болар.😢

  • @omaromarov1996
    @omaromarov1996 Před 10 měsíci +16

    Өзіміз орыс тілінде сөйлеп, қазақ тілінде сөйлеуге ынталары жоқ не деген сұмдық, өз тіліңде сөйле, басқа тілде сөйлегендерді маңгүрт деп ойлаймын. Аллаһ тағала жар болсын қазақ еліне.

  • @aly3067
    @aly3067 Před 10 měsíci +15

    Өз әкелерінің жазғанын баласы ана тілінде оқи алмаса, өкінішті, қасрет, сонда ол кісілер қазақ тілінің болашағы жоқ деп ойлағанғой,

  • @user-lf9sy9vm9c
    @user-lf9sy9vm9c Před 10 měsíci +21

    Сен өзіңнің Ана тіліңді сыйламасаң, сені кім сыйлайды?!
    Өзінің Ана тілін білмеген адам - Ол шіріген жұмыртқа! Шіріген жұмыртқаны лақтырып тастайды.

  • @user-bh4dh1xy3s
    @user-bh4dh1xy3s Před 10 měsíci +13

    Рахмет!.Дұрыс айтасыз.

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 Před 10 měsíci +7

    Қадыр Мырзәлі орыс келінінен туылған бір немересін 128-қазақ мектебіне әкеліп жүретін.. Шерхан Мұртазаның қызы Алма қазақшаны жап-жақсы біледі, ал ұлы Батылжанның қазақшасы нашар деп еститінбіз. Иәә, өте өкінішті!!

  • @user-pv6sb3wg3o
    @user-pv6sb3wg3o Před 10 měsíci +25

    Дұрыс айтасыз. Әзілхан мен Әбдіжәмілдер қазақ керемет деп мақтап алып балаларын орысша оқытатыны қызық ақ.

  • @user-xm6pu1cl1o
    @user-xm6pu1cl1o Před 10 měsíci +17

    Отаршылдардың бір ойшылы айтқан екен, бұлардың әсіресе қыздарын орысша оқытсақ, ұрпағы өздігінен орыстанады деген екен! Өйткені бала тәрбиесі, Ана қолында ғой, сондықтан АНА ТІЛІ дейміз?!

  • @user-nr1kp3im1n
    @user-nr1kp3im1n Před 10 měsíci +5

    Қазақша Сөйлемейтіндерді Сауатсыз Мәңгүрт Деуге Болады Қазақ Тілің Ол Сенің Абыройыңмен Мақтанышың Қазақ Тілі Жасасын.

  • @user-yl4ls8kh2b
    @user-yl4ls8kh2b Před 10 měsíci +10

    Сондықтан қазақ тілінің бас көтере алмай тұрғанын басқадан не биліктет көрудің жөні жоқ. Қазақтың әр шаңырағында ұрпақтар қазақша сөйлесе еліміз қазақ тілді болар еді. Әттең, әттең... Әрине білімі жетсе басқа қанша тілді меңгерсе де өз еріктері ғой.

  • @user-tb3oc9ft3v
    @user-tb3oc9ft3v Před 10 měsíci +25

    Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев док.фильм көргенмін.
    Немересімен орысша сөйлеп тұрғанын көргенен кейін, маған өзіме бүртұрлі болып қалды.
    Осы кісілер қалай қазақ халықты ұлттық патриоттық тәрбиеге үйретеді?

    • @otkir
      @otkir  Před 10 měsíci +5

      Ақынымыз ба, батырымыз да орыс тілінің жанашыры сияқты ма қалай өзі?

    • @user-mo3fv8je3o
      @user-mo3fv8je3o Před 10 měsíci

      Менім миым жетпеиді өздері акын жазушы болып ұрпактары н орысша окытқан акын жазушы батыр деген ұлттын жүрегі емеспе осыған қарағанда бұл кісілер шын нагызакын батыремес ардак

    • @user-rx4lf8ue8w
      @user-rx4lf8ue8w Před 6 měsíci

      Бәрінің тұғыры жоқ. Бойында талабы болса, нан табуға жұмсаған. Қазақты түп тамырынан қалай ажыратқан? Қорқыныш пен сатқындықты бойына сіңірген.

  • @esettleuhanov161
    @esettleuhanov161 Před 10 měsíci +10

    Қазақтың болашағына сенбегендер басқа тілде оқиды

  • @user-ih3xq4ye3l
    @user-ih3xq4ye3l Před 10 měsíci +9

    Мінбеге шығып "тілім, тілім!" дееееп жүрегі "тілім" болған жазушылар үйіне келіп, бала шаға , немерелерімен орысша сөйлеседі дееееп естігенбіз... 😂😅

  • @user-hx2tq5ch2l
    @user-hx2tq5ch2l Před 10 měsíci +12

    Ол сатқындық.
    😢😮😢

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 Před 10 měsíci +8

    Құдай, табиғат балаға келгенде демалады, әкеге берген талантты балағада үйіп-төгіп бере салмайтын сияқты...

  • @user-sh1vq9hf5f
    @user-sh1vq9hf5f Před 10 měsíci +3

    Тек казакша соилеит!н кун келд!гои,АГАИЫН,ТУМАЛАСТАР.КАЗАКСТАНДА ТУРАМЫЗГОИ.

  • @batirhanbatirhan5914
    @batirhanbatirhan5914 Před 10 měsíci +4

    Шәмші Қалдаяқовтың ұлы да Шымкентте әкесінің атына ашылған аллея жиынында қазақша сөйлей алмады.Жүрегің ауырады,бетке тұтар ағаларымыздың бала-шағасы өз тілінде сөйлемейтінін көргенде.😢

  • @seisenbekimahanbet4745
    @seisenbekimahanbet4745 Před 10 měsíci +6

    Естуімше жапондар 12 жасқа дейін балаларын тек өз ана тілінде сөйлеуге, білім алүға үйретеді екен Солай ана тілінде ойысанасы дамйды...

  • @user-hj4di1qz3m
    @user-hj4di1qz3m Před 10 měsíci +15

    Ои Казагмаи каитеин каимагмздн бари ашган сасыган болдау 😢

  • @askhatzhumanaliyev2768
    @askhatzhumanaliyev2768 Před 10 měsíci +9

    Сыртта қазақты тәрбиелеп,үйлерінде орыс тәрбиелеп отырған ба.Бұлардын алдындағылар шетінен орыс айел алды .Тілдері қазақша сөйлеген мен жүректері орысша ұрып тұрған екенда.Бір сұқыбаттан естіп едім қазақ тілі көтеріп жатқандар үйлерінде бала шаға,немерелерімен орысша сөйлеседі деп рас екен ғой.Бір кем дүние ай.

  • @user-gp1nm7cj1k
    @user-gp1nm7cj1k Před 10 měsíci +17

    Мырзатай Жолдасбеков жайлы док.фильм көргенмін.Немересімен орысша сөйлесіп бара жатыр.Ал, өзі қазақтың ұлттық құндылықтары жайлы айтқанда...
    Сондай ғой енді бәрі...

    • @otkir
      @otkir  Před 10 měsíci +4

      Сұмдық 😨

  • @user-sp1mx1pm3i
    @user-sp1mx1pm3i Před 10 měsíci +4

    Ільяс Есенберлиннің ұлы Қозы-Көрпеш Есенберлин туралы айтпай кетті ғой, оны бір кездері Шерхан Мұртаза "сені әкеңнің әруағы атсын",- деп қарғаған еді.

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 Před 10 měsíci +5

    Кім білсін, мектеп тапшылығынан гөрі, балаларын орысша сауатты болса,қазақшасыз-ақ мемлекеттік үлкен мансап иесі, шенеунік болады деп ойлаған болар армандаған шығар! Олар да пенде болды ғой және үлкен таланттардың пенделігі де ҮЛКЕН болатынын өмір көрсетіп жүргендей.
    .

  • @bayanbaihavdaan1697
    @bayanbaihavdaan1697 Před 10 měsíci +6

    Олар кезінде орысқа жағатсып жүріп ақын, жазушы болғандар ғой. Қазақта сөз бар емеспе алдыңғы арба қалай жүрсе соңғы арба солай жүреді деген.

  • @user-ir5wm8ok8y
    @user-ir5wm8ok8y Před 10 měsíci +8

    Менің әкем 55 жылдары ҚАЗПИ де өқыған, абден қорлық корген орысшаны більмегендыктен. Содан торт баласында Қазалыдағы жалғыз оріс мектебіне берып бізді өқытты. Заман сондай болды. Ал енды егемендыны алдық. 30 жыл зымырады. Мектеп қазақша болу керек дейміз. Өл аз. Коледж бен университет шындап кельгенде әлі оріс тільді. Неге? Өйткены кітап әлі өріс тілінде. Қазақша ақпарат, мәлімет табу өте қиін, бәрі өрісша. Улттық баспа ісі әлі дамымаған. Неге.? Ең бірінші тағайіндалған баспа сөз министр Қуаныш Султанов жаңа реформамен кележатқан жекеменшік БАҚ және баспа ісіне ҚҚС салығын салады, ал өкіметтің қолындағы БАҚ тан бул салықты алдырады. Екінші ақпарат және мәдениет министр Алтынбек Сарсенбаев 1997-1999 жылдары інісінің қолымен Қазақкітап мекемены жекешелендыреды, сонымен екі жылда 1560 кітап дукендерды қурдымға ушыратады. Баспагерлер нарықсіз қалады, жазушылар жалақысіз, ал өқырман одағы кітап дукенсіз қалады. Әлігі кунгешейін сіз 160 аудан орталықта және 27 моноқалаларымызда кітап дукендерды таппайсіз. Ушінші ақпарат министр Мухтар Қул-Мухаммед баспагерлерды мемтапсырысқа, сыбайласжемқорлық гостендерге отырғызды. Өнің АТАМУРА сы алға шықты. Бірақ нәтеже шамалы, коп жылдан беры сол мектеп өқулық тематикадан шықпай жур. Қазақ тіліміз, баспа сөз сол оқулықтің колемінен аспай жур. Одан тіліміз басқа сала, мамандарға аяқ баспай жур. Сонан ондай тіл, бишара контентымен кімге керек? Усініс пен тутыну жоқ нарықтің жоқтығынан. Сондықтан кітап тарату мәселесін шешу керек, 1560 кітап дукендерды қайтардан орніқтіру керек. Сонда ғана улкен сураныс пайда болады, өған мыңдаған микростартап баспагерлер усініс жасайтін болады барлық саладан. Қазақ тілі дуниежузілік мәдениет контентпен толы болады. Сонда ғана журт балаларын қазақ мектептерде өқытатын болады. Буны жасамасақ қур тек мектеп мәселены шеше алмайды.

    • @otkir
      @otkir  Před 10 měsíci +2

      Сұмдық екен.

  • @makekami2020
    @makekami2020 Před 10 měsíci +5

    ҚАЗАҚ ТІЛІН ОСЫЛАЙ БИІККЕ КӨТЕРІП ОТЫРСАҚ ҚАЙДА БАРАДЫ ,орыс тілді қазақтар шарбаққа топ-тобымен кіріп кеште болса намысы болса ҚАЗАҚҚА АЙНАЛАР.

  • @user-zt5qn3pd1x
    @user-zt5qn3pd1x Před 10 měsíci +4

    Қазақ тілін білмей өскені қалай анатілін білмеген ана сүтін ембеген жетім депті бауыржан момышұлы недейміз жетімдерғой олар.

  • @user-oi6rb7tp1z
    @user-oi6rb7tp1z Před 10 měsíci +4

    Мынаны естіп сұмдық жылағың келеді екен. Мына жазушылар қазақтың ұрпағвн тәрбиелей алмағаны өкінішті .өздері өткір тілді қазақтар бола тұрып,неге үйінде балаға қазақша сөйлмеген,үйретпеген деген ойға қалады екенсің. Бұлар сонда қазақтың болашағына сенбегенбе. Өздері қазақ қазақ деп жүріп,баласын қазақша оқытып ,тәрбиелей алмаса ол қандай қазақ болғаны сонда. Мыналардың ісін көргенде,сол орыс билеген заманда,балаңды қазақ мектепке бер деп,үй аралап қазақ мектепке бала жинап оқытқан ағалардан айналып кетпейсіңбе. Мыналар өздері жазушы бола тұрып,баласына бір ауыз сөз үйрете,оқыта алмаса,өзінің жазғаны кімге керек деп ойлады екен сонда. Ой,құдай ай.Осындайда адамдар болады екен ау. Құлдық қамыты өтіп кеткен қасқалар екен.

  • @batirhanbatirhan5914
    @batirhanbatirhan5914 Před 10 měsíci +2

    Қазіргі министрлікте,әкімшілікте отырғандардың көпшілігі өз тілімізде сөйлегісі келмейді.Ертерек қолға алмаса тағы да кеш қаламыз.

  • @user-lp8kd2ug4l
    @user-lp8kd2ug4l Před 10 měsíci +10

    Ғ. Қайырбековтың да баласы Бақытта орысшаның шебері

  • @user-ti2jw3js6z
    @user-ti2jw3js6z Před 10 měsíci +14

    Сөзі менің істерінің екі бөлек болған ғой,нағыз ұлтшыл батырларымыз жәй өзіміз сичқты қарапайым халық

  • @user-dg4ip5jv4p
    @user-dg4ip5jv4p Před 10 měsíci +4

    Алтыншы сыныпқа дейін басқа тілді оқытпау керек!

  • @user-zt5qn3pd1x
    @user-zt5qn3pd1x Před 10 měsíci +3

    Ана тілін менсінбесе алла жазаларын береді өздері білсін не дейміз.

  • @user-mz4lz5di1h
    @user-mz4lz5di1h Před 10 měsíci +8

    Әлі солай гои Қүлдық сана .

  • @user-mb3pp8zr5n
    @user-mb3pp8zr5n Před 8 měsíci +1

    Балалары қазақша сөйлемейтін ақын-жазушылардың жұбайлары орыстілді болғаны ғой.

  • @user-mb5ys1zg9f
    @user-mb5ys1zg9f Před 10 měsíci +7

    Неге олар басқа ұлтқа үйленген және балдары да басқа ұлтқа үйленіп жүр, сонда олар жазғанжа халық үшін жазады да, өз ұрпағына басқаша тәрбие берема? Қазақтың тұқымын бұзып тұр ғой, осынысы маған түсініксіз

  • @user-vr7zu4nl2q
    @user-vr7zu4nl2q Před 10 měsíci +10

    Сөз жок,жылагым келеді

  • @user-rm7ns4nn6l
    @user-rm7ns4nn6l Před 10 měsíci +2

    Е, е, ей қазақ смақтар ай, намыс жоқ, өзінің ана тілін менсінбейтін қазақтар әлі 50%.

  • @apa2208
    @apa2208 Před 8 měsíci

    Ия біз сонда кімдерді үлгі тұтқанбыз осы жазушылардың жазғандарын оқып өстік ғой ұрпағына дұрыс жол көрсете алмағаныма

  • @user-kw6lj9gn9n
    @user-kw6lj9gn9n Před 10 měsíci +14

    Əдебиетшілердің балалары өз əкелерінің шығармаларын оқи алмаса басқаларға не айтасың? 😊

    • @otkir
      @otkir  Před 10 měsíci +3

      “Ет сасыса тұз себесің, тұз сасыса не себесің?!” дегеннің кері ғой.

  • @user-pc4bf1ln2b
    @user-pc4bf1ln2b Před 10 měsíci +4

    Оте окиништи

  • @user-rx4lf8ue8w
    @user-rx4lf8ue8w Před 6 měsíci +1

    "... тіпті осы қазақ әдебиетшілерінің бірінші съезінде отырған адамдардың балалары түгел қазақша біле ме екен?... Мен түгел қазақша біледі деп айта алмаймын. Қане қайсыңыз айтасыздар, балаларымыз толық қазақша біледі деп? Ал сіздер қазақтың әдебиет тілін жасаймыз деп айтатын адамсыздар ғой! Сәкен Сейфуллин. Бұл бұдан жүз жыл бұрынғы проблема екен. ... Ақын-жазушыларды аяймын, не үшін соншама еңбектенді. Өз баласы оқымаса.

  • @user-pg5vn8mz2j
    @user-pg5vn8mz2j Před 10 měsíci +2

    Ауылдан келдік 72-73 жылдары қазақша оқып, институтқа түстік лекция тек орысша тілде тыңдадық, Алматыда 1 ақ қазақша мектеп болды, әркімді ала бермеді, ауылдан келген қойшылардың балдары мен таным арқылы ақын жазушылардың балдары оқыды. Мектеп алыс болды, ләж жоқ бердік орыс мектепке, бала бақша орысша болды,орыс тілін білмесең аштан өлесің деген саясат болды, 21 ші ғасырда әлі орысша сөйлеп орысша жазып, өз тілімізге толық ауысқан жоқпыз ғой, жоғары жақтағылар бірен саран өз тілімізде сөйлейтін, өз тілімізді түсінбейтін қазақтар бар әлі, тіл түгілі сол ақын жазушылардың балдары
    Орысқа үйленіп, орысқа тиіп , шет елге кетіп қап...

  • @user-pv7dj2zw7o
    @user-pv7dj2zw7o Před 10 měsíci +4

    Әрине мектепте емес отбасының басында🙁

  • @user-sh1vq9hf5f
    @user-sh1vq9hf5f Před 10 měsíci +4

    АНАУ-МЫНАУ ДЕП НЕГЕРЕК.БУН!Н БАР!УИНДЕ КОРГЕН ТАРБИЯ.ЗИЯЛЫ,АКЫН АДАМДАР СОНДА КАЗАКТЫН БОЛАШАГЫН ОИЛАМАГАНБА?БАЛАЛАРЫНЫН АНА-Т!Л!Н.БАСКА Т!ЛД!ЖОГАРЫ КОИГАН.

  • @Bopai3759
    @Bopai3759 Před 10 měsíci +12

    “Орыс тілін білсең, ғана, адам боласың” деп үйреткен😡 Өздері сонда кім болған🤔

  • @user-ej8mt4ue9j
    @user-ej8mt4ue9j Před 10 měsíci +3

    Өңшең сатқындар қалай осыдан кейін.қазақ өсіп өнеді

  • @user-vh9xd3li3c
    @user-vh9xd3li3c Před 6 měsíci

    Өте масқара

  • @muhammedqaiyr6658
    @muhammedqaiyr6658 Před 10 měsíci +4

    Иә бұл ағаларымыз Қазақ болғанмен олардың әйелдері бар оларды әлсіреткен дегендеріне көндірген сол әйелдері болар. Олардың әйелдері үйінде отырып басқарады , олар туралы сөз айтылған емес. Бағып-қағып тәрбие беретін де солар. Олар қандай отбасы , қандай ортаның адамдары екендерін білмейміз? Айналасы орыс , басқа ұлттар болса , олар орыс тіліне жатып алса , Заңда Қазақ тіліне деген заң әлсіз олақ болса , Ұлттық намыс жоқ болса олар енді әйел затының бәрінде дерлік ондай отанға деген Қазаққа деген Қазақ тіліне деген махаббаты болғанмен сол басқа ұлттар өшіруге тырысып жеңсе онда біздің елде Заңның және кейбір басшылар мен адамдардың ат үсті немқұрайлы қарайтындығы. Қазақ тіліне , Қазақ халқына деген сүйіспеншіліктің жоқтығы , Әр Қазағым жалғызым деген сөздің олқы болуынан. Болмаса жоқтығы мен немқұрайлы болуынан. Менің атым шапсын , сенің атың тұра тұрсын дегендей болады . Ата-бабамыз ұстаған Исламнан алшақтауымыз.
    Бәрінің баратын жері Құдай, Аллаһ тағаланың алды соны ескермей , ұмытқанымыздың белгісі . Дінің де Ата-бабамыз ұстаған, Ана тілі де , салт-дәстүрің де аманат оны ұмыттырған шайтан лағиннің орыс тілімен , Мұсылман емес халықпен амал жасауы. Адам баласының ең осал тұсын тапқан.

  • @user-pv7dj2zw7o
    @user-pv7dj2zw7o Před 10 měsíci +4

    🤦‍♀️қай тілде оқысада анасының тілі қайда????

  • @user-mb1bf3xs9n
    @user-mb1bf3xs9n Před 10 měsíci +5

    Еее , бұл жазушы, ақын дегендеріңде әртістердің бір атасы ғой. Ауырдың үсті - жеңілдің астында әрдеңені бір шимайлап жүріп күндерін өткізетін сабаздар ғой.

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Před 10 měsíci +1

      құлмұқаметов мұқтар журналист болып нұршалдан сұхбат алып,содан кейін өсті емес пе,жағынудың,жағудың жоғарғы сұрпын көрсеткенін теледидардан көріп едік,көпшік қойып мақтағанда енді сұмдық,мақтау сүйетін нұршалдың танауы желбіреп,көздері жылмаңдап, разы болып,анау сонда көзіне түскен,содан лауазым алып,қызмет жасай бастады,екі мыңыншы жылға дейін бе,сол уақтарда.
      Бұл жазу,сызу,сөйлеу жағында жүргендердің жерде қалғаны жоқ,үлкен-кіші бастық,чиновник біткенді жерге түсірмей мақтап,тұлға жасап,болмаса да,әсірелеп,ұйқасын келтіріп,жерлесі,руласы арқылы да бірін-бірі қолпаштап дарынсыз болсадағы,бөтенді кіргізбе араға,жолатпа, деп,содан барып таланттар шетте қалады не шет ел асып кетеді және ұлтшыл болып,ана тілінің жанашыры болып,езулерінен ақ көбік ағып зуылдайды да,үйдегі қатын-баласы орысша сөйлеп,қазақ тіліне шекесінен қарайды,екі жүзділіктің басы осында жатыр.

  • @user-zf1mc3eh4j
    @user-zf1mc3eh4j Před 9 měsíci

    Өте дұрыс айтасың.ДИНАРА ҚЫРЫҚБАЙҚЫЗЫНА да рахмет.Кімнің кім екенін ел білді

  • @user-xz8cx7bm9d
    @user-xz8cx7bm9d Před 10 měsíci +4

    Осал пенделер. Атак ушин жазушы болгандар.

  • @user-zy6xb3xo8w
    @user-zy6xb3xo8w Před 10 měsíci +1

    Мен қазір 76,сонда мен 20жыл тек оррысша окыдым. Бірақ қазақша оқыймын, сөйлеймң. Жаңыма бататыңы балар орыс тілді. Мен олармен қазақша сөйлесем орысша жауап береді.

  • @user-xt1rq9rl7i
    @user-xt1rq9rl7i Před 10 měsíci +3

    Сонда әкесінің шығармаларын оқымаған ба қазақша білмесе.

  • @user-ks5er3cx3i
    @user-ks5er3cx3i Před 10 měsíci +2

    орысқұлдар деген әне солар.

  • @user-vu1bn9yb1t
    @user-vu1bn9yb1t Před 10 měsíci +3

    Өскеменде 80 жылдары бір ғана интернат болды балмды апарғанда қойшының балаларын ғана аламыз деп алмай қойды.Каникулда ауылға жіберіп қазақша үйренеді.Сол кезде қайда болдың енді сайрап отырсың.

  • @user-gv6ir8dh8n
    @user-gv6ir8dh8n Před 10 měsíci +4

    Динара Қадырбайқызы, мақала жазбас алдын теманы толық зерттеу керек, марқұмдарға күйе жағуға болмайды !
    Марқұм Ақселеу ағаның балалары Совет дәуіріндегі Алматыдағы жалғыз қазақ мектебі 12 іні бітірген. Марқұм Әзілхан Нұршайықов атамыздың немерелері де, сол 12 қазақ мектебін бітірген. Қадырғаның кіші ұлы Ғазиз да, осы білім ордасының түлегі.
    Келесі жылы 12 мектеп гимназияға 100 жыл толады.
    Бұл мектепті Мұқағали Мақатаев, Шона Сымаханұлы, Сағи Жиенбаевтың, Жайсанбек Молдағалиевтың, Қайрат Жұмағалиевтың, Бексұлтан Нұржекевтың, Дүисенбек Қанатбаевтың, Фариза Оңғарсынованың, Рымғали Нұрғалидың ұл қыздары бітірген.

    • @aidynoljaev1305
      @aidynoljaev1305 Před 10 měsíci +3

      Біздерге дұрыс ақпарат берілмегендіктен
      қателіктеріміз үшін кешірім сұраймыз !

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Před 10 měsíci +2

      ​Дүйсенбек Қанатбаевтың дауысы керемет,қазақ радиосынан шығарма ма,өлең бе,оқығанын көріп сүйсінген едім,Әнуарбек Байжанбаев атамыздан кейінгі керемет дауыс екен деп,кейінгі жылдары мүлдем айтылмай кетті.

  • @user-qp2il6ol7h
    @user-qp2il6ol7h Před 7 měsíci +1

    Орыс империясынын мақсаты сол болды

  • @user-kw4oq6ff5i
    @user-kw4oq6ff5i Před 10 měsíci +3

    Өтірік тіл деп сайрамаңдар

  • @user-pm6rh4bi2r
    @user-pm6rh4bi2r Před 6 měsíci +1

    Ал Ескендір Хасанғалиев ше?Ұлы Біржанды жалғыз қазақ мектебіне(Алматы бойынша) таласып ,айқайласып жүріп қазақ мектебіне берген ғой.Міне қазақ тілін құрметтеу.Ал ұлы тәп-тәуір әнші,қазақ мәдениетіне үлес қосып жүр.Тіпті Дарико апай қазақшаға шорқақтау.болсада. Ал мыналар жазушылар көкірегін ұрғанда пәледей ,тірліктері анау істеп жүрген.Қазақи рухының жоқтығы ғой.

  • @user-lt8rs3bt5s
    @user-lt8rs3bt5s Před 10 měsíci +3

    Жазушылардың көпшілігі ақша және мансап үшін жазады өтірік патирот

  • @user-eo3cz8us4u
    @user-eo3cz8us4u Před 10 měsíci +3

    Бәрі де тек қана ата-аналарға байланысты! Алдымен ата-анаға және балдардың өзіне!

    • @user-tz2yx8kc2w
      @user-tz2yx8kc2w Před 4 měsíci

      Кул кыркыз калайсын 🏳️‍🌈🇰🇬🏳️‍🌈🇰🇬🏳️‍🌈

  • @user-zj8rc9rx9d
    @user-zj8rc9rx9d Před 10 měsíci +4

    Армысыңдар қадірлі қалың елім ҚАЗАҚ ҰЛТЫМ!!!
    Балық басынан шіриді демекші,
    ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ БОЛМЫСЫ ӨЗГЕРІП ОРЫСТАНЫП КЕТУІНЕ КІНӘЛІ ҮКІМЕТ БАСЫНДАҒЫ НАДАН ҚУЫРШАҚ ОРЫСҚҰЛДАНҒАН БИЛЕУШІ ТАП ӨКІЛДЕРІ !!!
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ ЗАҢЫН
    ӨЗГЕРТІП ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАҢАДАН ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК !!! ҮКІМЕТ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРҒАН АТҚАМІНЕР ШЕНЕУНІКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК
    БАСҚАРУДЫ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЕМЕС АНА ТІЛІ-- ҚАЗАҚША
    ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУІ ТИІС!!!
    ЕСЕКБАС ОРЫСҚҰЛДАНҒАН ЕКІЖҮЗДІ АР -- НАМЫСТАН БЕЗІНГЕН НАДАН ҚАЗАҚТАР!!!

  • @serikakytan9843
    @serikakytan9843 Před 9 měsíci

    Бұл осы әигілі адамдардың ұрпаққ алдындағы қаталік,ұлтқа жасаған қыианат.

  • @SuperKeeper
    @SuperKeeper Před 10 měsíci +1

    Қадір Мырзаәлидің баласының әйелі орыс, бірақ қазақша сөйлеп тұр сарнап. Олардың ұл мен қызы да қазақша сөйлейді. Бірақ ұлы сақалды болып кеткен...

  • @user-uo4fe8ws2n
    @user-uo4fe8ws2n Před 10 měsíci +3

    Бари. Отрик. Сылтау. Орысты. Жакмсы. Кореди. Коркак. Ана. Тилн. Жек. Кореди

  • @jordanmicheal7494
    @jordanmicheal7494 Před 10 měsíci +2

    САТҚЫНДАААААР...!!!!!!ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БƏРІН БІЛ ! ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ...деген емеспе ..бір данышпан .
    ЕКІ ЖҮЗДІЛЕР ҒОЙ ... ШЕН ШЕКПЕН ҮШІН...
    ҚАЗАҚТЫ ҚҰРЫТҚАН ..
    СОНЫҢ САЛДАРЫ ҒОЙ...
    БҮГІНГІДЕЙ ҮКІМЕТ...

  • @user-hy1lt1dl5e
    @user-hy1lt1dl5e Před 10 měsíci +2

    Айналып келгенде пікірлерді оқысам, орыстар қазақты түбірімен жою үшін мықтап тор құрған, шегендеулі, бар қазақ сол құрған орыс торынан шыға алмай жатырмыз......Ойлайсың соншалықты қазаққа түп тұқиянына жететін жауыздық жасауына не себеп болды екен деп. Алаш арыстарының өте намысқой ақылды болғанын көрген сталин грузиннен оқыған шықпаған соң «неге қазақ білімді», деп қызғаныштан ұлттың бәрін жоюды көздеген деп ойлаймын.
    Бұрын өткен батырларды білген. Не кінәміз болды жауыздықтарына. 3рет ашаршылық, 3 рет білімділерді қыру, 42 жыл Семейдегі халықты атом бомбасымен қыру, орыстар білген қазақтар тұратынын сонда сондада тыймаған, мектеп,
    балабақша түгел басқа тілде, осындай өрмекші торынан қалай шықсын ұлтымыз... Бізге тоқаебтан пайда жоқ ол шоқынды, қазақ ұлтына анандай қиындықтан кейін қайғысын бөлісе білетін, қазақ тілін жетік білетін, ұлтқа жанашыр мәдениетімізді салт дәстүрді, ұғынатын нағыз ұлтжанды алаштықтар секілді егемендігімізді қорғай алатын президент керек, онсыз егемендіктен айрылып қалуымыз кәдік, тоқай сияқты мәңгүртпен, оны аластау керек орнынан.

    • @aidynoljaev1305
      @aidynoljaev1305 Před 10 měsíci +1

      Меніңше ол жалғыз Алаш ардагерлерінің ғана емес , мәселе тым алыста жатқан сияқты . Петрдің заманының. өзінде , Батыстың басқыншыларының бүкіл солтүстік , оңтүстік Америкаларды , Африканы , Австралияны аралдары мен қоса колонияға айналдырғаны көрген Орекеңдер , Азияда жатқан ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ әлемінің Ұланғайыр жерін жаулауға кірісті . Кейін бұған Аждаһа елі қосылды . Араптар дінді еңгізу арқылы жаулады .
      Қысқасы МАССОНдық ЖҮЙЕНІ құрғандар , Азияның тең жартысын алып жатқан Түркі әлеміне кіретін елдерді осылай , бөлшектеп құртты .
      Ресейдің қатын патшасы , Николай патшалары , Қазақ жеріндегі , Мамырсудың (АЙ - ОҒЫЗдың (Аягуз)) бойындағы ТАС ЖАЗУЫ бар Түңгі Үкі
      (Тұңғұқұқ ) ақылгөй дананың , Естіеміс бабаларымыздың ТАСҚА жазылған ескерткіштерін қазып алып , Омбыға апарып зерттейміз деген сылтаумен , қазіргі Монголия , ежелгі Шығыс түркі жеріне апарып орнатып тастады .
      Бұлар негізінде ,
      Найман АЙ - ОҒЫЗдарының ұрпақтарынан тараған бай - БҰҚАның мекені болған ОрАлтай деп те , Барқытбел депте аталған Тарбығатай таулары еді .
      Осы Тарбығатай таулары , Қалбатау , Бұлантау ( Ақшатау) , Шұбартау , одан әрі Қазақтың Ұсақ Шоқы тауларымен астаса ҰЛЫТАУға дейінгі Сарыарқа даласы жатты . Қазіргі ТАҢСЫҚ , Ақтоғай жеріндегі лердің ежелгі жер атауы Қызыл ҚИЯТ деп аталған . Бұл жерде Найманның Қара Оғыздары тұрса , ал Бұлантау (Ақшатауда ) найманның АЙ - ОҒЫЗдары тұрды бұл екеуі де , Алып ер ТОҢҒАНЫҢ АЙ атты әйелінен туған ағайындастар еді .
      Ер Тоңға қайтыс болған соң , ұлы Оғыз ержеткенше елді осы АЙ қаған әйел басқарған .
      Оғыз қағаннан кезеңі түркі жұртының әлі толық бөлшектенбеген кезені еді .
      Жер мен судың аты
      сол анасы АЙ мен ұлы ОҒЫЗдың атымен аталған .
      Өзеннің атауы Өгіз (Оғыз ) ОКС )) еді .
      Ватикандықтардың тілінде Ө деген Ғ деген дыбыстар жоқ , сондықтан ОКС деп жазған .
      Кейінгі. зерттеушілер Сырдарияға ұқсас болған соң Әмударияны ОКС деген осы өзен шығар деп қате жазған . Әмударияны ағатын елдердің ешқайсы ежелгі тарихында ондай ОКС деген атау болған емес !.
      Тағы бір қызық тарихты айтайын :
      (Жалғасы бар )
      (О.К.Р Алматы).

    • @user-ct8he6zf3l
      @user-ct8he6zf3l Před 9 měsíci +1

      Касымжамарт Жемелович Токаев та жазушының баласы. 😀😀😀 Бирак оның өз әкесінің китаптарын казакша окыганына күмәним бар.

  • @user-ct8he6zf3l
    @user-ct8he6zf3l Před 9 měsíci

    Алматыда жалпы қазақ мектебінде оқитын, бирак ана тили орыс, казак тилин билмейтин казактар да жетеді. Казак мектебінде узилиске шыкканда кай тилде сөйлейді соны байкап караныздар.Мен олардың кейбіреулерімен, бирге окып, жумыстас та болғанмын. Таза кара орыстар.

  • @user-di8ye3pn6i
    @user-di8ye3pn6i Před 6 měsíci +1

    ӨЗ КІНӘЛАРЫН ЗАМАНҒА ЖАППАСЫН. СССР ҚҰЛАҒАЛЫ 32 ЖЫЛ ӨТТІ ҮЙРЕНЕТІН БОЛСА.

  • @user-wh2lb2oy3e
    @user-wh2lb2oy3e Před 5 měsíci

    Бұлар екіжүзді болғаны ғой.

  • @baglanbayakhmetov8922
    @baglanbayakhmetov8922 Před 10 měsíci +2

    Ұят масқара кім кінәлі

  • @user-gk6vz9sp4m
    @user-gk6vz9sp4m Před 7 měsíci

    ол тарбиеден ол жерге орыстын саясаты мен заны кинали

  • @user-dv4xv2px8e
    @user-dv4xv2px8e Před 10 měsíci +2

    Кім екеніңді , балаларыңа қарап білесің . Ең алдымен өзіңнен бастау керек . Қазақ болам деснң . Қазақшылығыңды өз От-басыңнан дұзету керек , басқаларға ұлгі болам десең . Ал олай болмаса , бос сандырақ , қырту екен , СҰРҚЫЯЛЫҚ , ЕКІ ЖҰЗДІК қөй...

  • @user-vg2yr3xn8i
    @user-vg2yr3xn8i Před 10 měsíci

    Казак тили 1 орында Агылшын тили 2 ши орында болуы керек орыс тили 10 15 ж керек болмай калады

  • @user-no2qj2sy3j
    @user-no2qj2sy3j Před 6 měsíci

    Каным Басыма шауып тур

  • @user-wf6qe8rd4r
    @user-wf6qe8rd4r Před 10 měsíci

    Мен 60-70 жылдары ауыл мектебінде оқыдым. Сол кезде, мысалы, облыс, аудан орталықтарында небарлығы бір қазақ мектебі болатын. Бізде таңдау болды ма сонда?

  • @QushtarQassiyet1230
    @QushtarQassiyet1230 Před 5 měsíci

    Мұхтар Шахановтың балалары Қазақ тіліне қандай екен?!

  • @user-qi4zy5oj7q
    @user-qi4zy5oj7q Před 5 měsíci

    Шерхан Мұртазаның қызымен сөйлесіп көрдіңіз бе өзіңіз. Әр қазақ Алма сияқты қазақ тілін меңгерсе, елімізде тіл мәселесі болмаған болар еді.

  • @user-zo5kd1iq5n
    @user-zo5kd1iq5n Před 10 měsíci +5

    Орысша оқығандар білімді болады, бүкіл қазақ зиялалары, әскерилер, ғарышкерлер бәрі орысша білім алғандар.

    • @user-tl7nq8ni6q
      @user-tl7nq8ni6q Před 10 měsíci +10

      Ия ғарышка итте үшкан,әскер министрінің турі мынау, байғұс кул орыстың артына кіріп онбайсын😅

    • @user-mz8cg1wz1c
      @user-mz8cg1wz1c Před 10 měsíci

      Шешеңнің нақ амыны жепсің қотақбас мал шешеңді сігеиін сенің қаи мал қотақбас шошқаның тілін біліп атақты болды көт сен шешеңді көтін сіктір сол шошқаға ақылды боласыңдар сонда

    • @haetchrfr1364
      @haetchrfr1364 Před 10 měsíci

      Орысша білім алған- орыс қатын алған- ұрпағы да орыс - қазақ жоқ - ноль.

    • @ernar8926
      @ernar8926 Před 10 měsíci +1

      Ай садаға кеткір мәңгүрт

    • @user-oi6rb7tp1z
      @user-oi6rb7tp1z Před 10 měsíci

      Қазақша оқысаң көштен қалам деген қазіргі заманға жүрмейді. Әуелі өзіңнің мемлекеттік тіліңді біл,одан қала берді басқа тілді интернеттенде үйреніп аласың қазіргі кезде. Өзіңнің тіліңді білмесең жоқ болып кететін сен боласың. Не қытай екеніңді,не бурият,не қалмақ,не саха екеніңді айыра алмай жүресің сосын.